tgindex
Ізгі амалдар✨🌕🌎

Ізгі амалдар✨🌕🌎

Статистика
@Aby_hanifa_1казахский

🕋✨

Последний пост
10 авг.
Последнее чтение
14 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
24
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
734
0 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
110
24 постов
Вовлечённость
15,0%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 24
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
34
1/48двое суток
38
1/72трое суток
42

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 10 авг.391из si7irab

    «Приобретите привычку говорить со Всевышним Аллахом. Сядьте в уединении и подумайте о том, что Аллах вас видит. Расскажите Ему обо всем, что вас тревожит, обо всем, о чем вы размышляете. Об ошибках, совершенных в прошлом. О трудностях в настоящем. О ваших надеждах, о том, чего желаете достичь в будущем. Расскажите обо всем подробно и попросите у Него наставления и помощи… Это не только поможет вам успокоить душу, но и создаст некую связь между вами и вашим Господом, إن شاء الله». — Мухаммад ибн Адам Аль-Кавсари, حفظه الله

  • 10 авг.37из si7irab

    Человек живёт в этом мире так, как будто предопределения нет, и он абсолютно свободен в своём выборе — мы же всё равно не знаем, что именно Всевышний Аллах знает о нас и пожелал для нас. Но мы знаем, чего должны и чего не должны делать, у нас есть ясное руководство в виде Шариата, и за наши слова и поступки мы будем спрошены. Тот факт, что Всевышний Аллах до создания мира, до создания нас уже всё знал о нас и пожелал всё, что с нами произойдёт, никак не снимает с нас ответственности за нашу жизнь. Потому что мы осознаём свою волю и свой выбор, мы не ощущаем никакого принуждения. И знаем, что за свой выбор будем отвечать в Судный день. [«100 вопросов и ответов по вероучению Ислама», стр. 88]

  • 10 авг.33из aikrasotaa

    без подписи

  • 9 авг.391из ab1lovv

    Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Ей, балам! Қолыңнан келгенше дәретті күйде ұйықта. Өйткені кімге өлім дәретті күйінде жетсе, оған шәһидтік дәрежесі беріледі». (Тәбаррани, Муғжам ус-Сағир)

  • Дүниедегі ең үлкен тілектердің бірі – «уайым-қайғыдан құтылу». Ал ақыреттегі ең үлкен тілектердің бірі – «күнәлардың кешірілуі». Ал бұл екі игілік те Пайғамбарға ﷺ салауат айту арқылы кепілдендірілген: «Сонда уайым-қайғыңнан арыласың және күнәң кешіріледі». Оған салауат айтыңыздар!https://t.me/Aby_hanifa_1

  • "Күнә істегенге салауат ем. Қиындыққа түскенге салауат - үміт. Қиындыққа түскенге салауат - құтылу жолы". — Маймун Зубайр Егер сіз өміріңіздің бей-берекет болып жатқанын сезсеңіз, салауатты жиі айтып, жақсартуға тырысыңыз: اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَىٰ سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَىٰ آلِهِ وَصَحْبِهِ وَسَلّ.https://t.me/Aby_hanifa_1

  • ⏺ 1- формула ☝🏻Егер кімде кім осы дұғаны айтып, кейін тілек тілесе, Аллаһ Тағала оның дұғасын қабыл етеді. ©️ хадисті имам Тирмизи, имам Ахмад, Насаи, әл-Хаким жеткізген [сахих] 🤲🏻Юнус пайғамбардың дұғасы: ✅Оқылуы: “ Лә иләһә иллә әнтә субхәәнәкә иннии кунту минәз-заалимин” ✅Мағынасы: - “Иә, Аллаһ! Сенен басқа тәңір жоқ, Сен кемшіліктен пәксің! Шынында, мен өзіме зұлымдық етушілерден болдым” ⏺ 2 - формула ✏Хадис шәрифтерде былай делінген: 🔹«Кімде-кім Уақиға сүресін әр түні бір рет оқуды әдетке айналдырса, өмірінде кедейлік көрмейді.» 🔹«Уақиға сүресі – бай болу сүресі. Оны оқыңдар және әйелдеріңе, балаларыңа үйретіңдер.» Ибн Мәсғұд р.а көздерін ашып былай деді: 🔹«Отбасыма Уақиға сүресін қалдырамын. Бұл сүрені оқып жүрген адам мүлдем кедейлік көрмейді.» ⏺ 3 - формула ✅Салауат айту: ☝🏻хадис шәрифте былай баяндалады: «Дұға еткен адам Пайғамбарға салауат айтпайынша, дұғасы перделі болады (мақсатына жетпейді)». ☝🏻Үбәй бин Қағб (р.а.) Хазіреті Пайғамбардан: «Уа, Расулаллаһ! Мен саған көп салауат айтамын. Қанша айтқаным дұрыс екен?» - деп сұрадым. «Қалағаныңша айт» - деді. «Дұғаларымның төрттен бірін салауатқа арнасам бола ма?» - деп сұрадым. «Қалағаныңша арна. Бірақ, одан да көбірек айтсаң сен үшін қайырлы болмақ» - деді. «Олай болса дұғамның жартысын салауатқа арнайын» - дедім. «Қалауың білсін. Бірақ одан да көп істесең сен үшін қайырлы болмақ» - деді. Мен тағы да: «Олай болса, үштен екісі жеткілікті ме?» - деп сұрадым. «Қалағаныңша. Бірақ көбейтсең сен үшін жақсы» - деді. «Ал, дұғаға арнаған уақытымның бәрінде саған салауат айтсам қайтеді?» - дегенде: «Онда Алла барлық қиыншылықтарыңды жойып, күнәларыңды кешіреді» - деді (Тирмизи, Қиямет 23). ✅Салауат пен сәлем айту Хазіреті Пайғамбарымызбен(ﷺ) арамызды жақындатады. Сондықтан салауат үнемі тілімізде болсын!

  • 17 июл.944из aisha_shamatkyzy

    Уа, Алла! Маған өзім армандағаннан да көркемін, күткенімнен де артығын, дұғаларымда сұрағанымнан да қайырлысын нәсіп ете гөр. Кейде жүрек бір нәрсені қатты қалайды. Адам сол тілегін өз бақыты деп ойлайды. Бірақ жүректің неге мұқтаж екенін де, қай нәрсенің шын мәнінде қайырлы екенін де Сен ғана толық білесің. Сондықтан, уа, Раббым, менің шектеулі қалауыммен емес, Өзіңнің шексіз іліміңмен тағдырымды көркем ете гөр. Мен сұрағанымды емес, маған жақсы болғанын бер. Мен күткен жолды емес, мені Саған жақындататын жолды нәсіп ет. Кешіккен дұғаларымның артында үлкен бір хикмет барын сезіндір. Болмай қалған нәрселердің де мені бір жамандықтан қорғағанын ұқтыр. Жүрегім қаламаған тағдырдың өзінде Сенің мейірімің жасырын тұрғанына сендіре гөр. Маған келген нығметті шүкірмен қабылдайтын, кеткен нәрсені сабырмен шығарып салатын, ал болашағымды толықтай Саған тапсыра алатын жүрек нәсіп ет. Уа, Алла, өмірімді мен ойлағандай емес, Сен разы болатындай көркем ет. Дұғаларымды өзім күткен түрде емес, мен үшін ең қайырлы түрде қабыл ет. Маған сондай бір жақсылық нәсіп етші: келген кезде өткендегі барлық көз жасымның, күткен күндерімнің, сабыр еткен сәттерімнің бекер болмағанын түсінейін. Өйткені Сен құлыңа оның тілегенінен де артығын, ойлағанынан да көркемін, күткенінен де қайырлысын беруге толық Құдіреттісің! #дұға@aisha_shamatkyzy

  • 🌊 теңізден терең не? ~ Жан. Тегінде адамның жүрек сырын шеттің ұғуы мүмкін нәрсе емес қой. Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер мен сырдың көлеңкесі, сәулесі ғана шықпақ. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім. ~ Күнә. Теңізден терең, таудан зор күнә қылып болса да, ол бала табуға міндетті. Ізгі тілек үшін істелген күнәні Жасаған кешпес пе екен? Жоқ, Құданың рақметі мол, ол кешеді. Тәңір кешер-ау, бірақ адам кешер ме? ~ Әйел жаны. Теңіз терең емес, әйелдің жаны терең. Жеті қабат жер астындағы нәрсені білуге мүмкін, бірақ әйел жанының мінезін білуге мүмкін емес. Бір қарасаң, әйел – бала, күйерін білмей отпен ойнайды. Әйел – ердің тәңірісі, жарата да алады, жоқ қыла да алады, сүйдіре де алады, күйдіре де алады. Әйел – ердің құлы, табанының астында топырақ болады, ердің көлеңкесіне айналады, өзі жоқ болады. Әйелдің аруағы басса, ер күйеді, жанады. Бірақ өзінің жеке бір адам екендігін ұмытпайды, жоймайды. Ердің аруағы басса, әйел адамдықтан шығып, жоққа айналады. Есінен айырылады. Тілі байланады. Әсіресе әйел бұзық жанды болмаса. Ол уақытта мұндай әйелдің ердің көнгіш күңі болуында еш дау жоқ. 🤩 Мағжан Жұмабаев, «Шолпанның күнәсі»

  • «Алланы шын мәнінде жақсы көретін құл Оның Хабибіне (Сүйіктісіне — Пайғамбарымызға) бағынады. Ал Пайғамбарға бағынған құлды Алла Тағала жақсы көреді. Мұндай жолдан (ұстанымнан) ұзақ қалғандар үшін «Аллаға деген сүйіспеншілік» құрғақ уәж (бос сөз) болудан басқа ешқандай мағына білдірмейді.»

  • 25 МАУСЫМ – АШУРА! Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ашура күні ораза ұстау арқылы мен Алланың өткен жылғы күнәларын өшіруін үміт етемін». (Муслим). Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) былай деген: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ашура күні мен Рамазан айында ораза ұстауға соншалықты құштар болғанын көрген емеспін». (Әл-Бұхари). «Ең төменгі деңгей – тек Ашура күні ораза ұстау. Келесі деңгей – Ашура күні және одан бұрынғы күні ораза ұстау. Ал ең жоғары деңгей – Мухаррамның 9, 10 (Ашура) және 11-ші күндері ораза ұстау. Алла жақсырақ біледі». Қараңыз: Фатхул-Бари, 4-том, 246-бет. Бұл үш күн 24, 25 және 26 маусымға келеді. Кімде-кім үш күннің бәрін ораза ұстай алмаса, екі күн ораза ұстасын. Егер бұл әлі де тым көп болса, онда кем дегенде бір күн — Ашура күні.

  • 23 июн.1193из ruqya_kz

    ҮЙДЕ АЯТ ӘЛ-КУРСИДІ ОҚЫҢЫЗДАР✅ Яхья ибн Ма'ин былай деген: «Түнде үйіме кіргенімде, аят әл-Курсиді үйіме және отбасыма [қорған үшін] бес рет оқитынмын. Бірде оқып отырғанымда, бір нәрсе маған: «Мұны тағы қанша рет оқымақшысын? Сенен басқа ешкім дұрыс оқи алмайтындай?» - деді. Мен: «Көріп тұрмын, саған ұнамай тұрған сияқты ғой? Алламен ант етемін, мен бұған міндетті түрде тағыда қосамын», - дедім. Содан бері мен оны түнде елу-алпыс рет оқитын болдым». 📖 Сияру Аълам ән-Нубала *** ЧИТАЙТЕ В ДОМЕ АЯТ АЛЬ-КУРСИ✅ Яхья ибн Маи’н говорил: «Когда я ночью заходил в свой дом, я пять раз читал аят аль-Курси над своим домом и своей семьёй. И вот однажды, когда я читал, вдруг нечто заговорило со мной: «Сколько можно это читать? Будто никто, кроме тебя, не умеет читать как следует?» Я сказал: «Вижу, это тебе неприятно? Клянусь Аллахом, я непременно прибавлю тебе этого». И с тех пор я стал читать его за ночь по пятьдесят–шестьдесят раз». 📖 Сияру А’лям ан-Нубаля https://t.me/ruqya_kz

  • Күн сайын әр мұсылман өз-өзіне төмендегі сұрақтарды қойып, жүрегін, ниетін, амалын тексеріп отырғаны дұрыс. Бұл рухани өсудің, тақуалықтың және Алланы еске алудың маңызды тәсілі: 1. Бүгінгі күнім Аллаһ разылығы үшін өтті ме? – Істерім, сөздерім, ойларым Алланы разы қылатын нәрселер болды ма? 2. Бес уақыт намазымды ықыласпен, уақытында оқыдым ба? – Жүрегіммен сезініп оқыдым ба, әлде жай ғана орындап шықтым ба? 3. Құран оқыдым ба немесе тыңдадым ба? – Алланың сөзімен күнімді нұрландырдым ба? 4. Біреуге жақсылық жасадым ба? – Кем дегенде бір адамның көңілін көтердім бе, көмектестім бе? 5. Күнәларыма тәубе еттім бе? – Қателігімді мойындап, Алладан кешірім сұрадым ба? 6. Алланы қаншалықты еске алдым (зікір)? – Жүрегімде Аллаға деген махаббат пен қорқыныш бар ма? 7. Уақытымды неге жұмсадым? – Бос нәрселерге, әлеуметтік желіге емес, пайдалы амалдарға бөлдім бе? 8. Ата-анама, жақындарыма қандай қарым-қатынас жасадым? – Жақсы сөз айтып, көңілдерін таба алдым ба? 9. Ықыласым кім үшін болды Алла үшін бе, әлде адамдар үшін бе? – Істерім риямен (көрсету үшін) жасалған жоқ па? 10. Егер бүгін менің соңғы күнім болса, Жаратушыма қандай халде барар едім? – Қабірге дайынмын ба? Бұл сұрақтарды күнделікті кешке қойып, қысқа ғана жауап беріп, соған сәйкес келесі күнге ниет түзеп бастау жүректі тірі ұстаудың үлкен амалы.

  • 18 июн.116из ImanKuanyshqyzy

    "Мое образование стоит $300,000. Сейчас я расскажу вам его суть абсолютно бесплатно. 1. Спите. Не надо читать всякие посты от коучей и нутрициологов о том, "как oптимизировать вашу рутину отхода ко сну с помощью моего эффективного протокола в 14 шагов". Просто ложитесь спать. В одно и то же время каждый день. Закройте глаза и отдыхайте. Вот и все. Это знание составляет примерно $40,000 от всего моего образования. 2. Пейте воду, когда испытываете жажду. Не щелочную воду. Не водородную воду. Не надо покупать навороченную воду за бешеные деньги. Пейте обычную воду. На вашей кухне. Из стакана. Эти знания составляют примерно $60,000 в области биохимии и физиологии. Решение проблемы - вода. Очищенная фильтром, если нужно. 3. Ешьте настоящую еду. Если ваша еда выросла из земли, и вы можете распознать её без чтения этикетки, значит её можно есть. 4 года медунивера плюс 3 года резидентуры - это главный вывод, к которому я пришла. Ешьте выращенное. Желательно своими руками. 4. Двигайтесь. Прогулка считается - всегда считалась - эффективным средством. За все годы обучения самое лучшее мое назначение было таким: "выйдите на улицу и пройдитесь хотя бы 10 минут." 5. Проводите время на улице. Солнечный свет бесплатен. Свежий воздух тоже. Это окажет моментальное воздействие на ваше настроение, сон, циркадные ритмы и уровень витД. И все это бесплатно, главное усилие - открыть входную дверь и сделать шаг. 6. Дышите. И следите за дыханием. Дышите медленно. Сделайте три вдоха и выдоха. Ваша нервная система отреагирует на это гораздо быстрее, чем на любые назначаемые вам лекарства, и опять же - это бесплатно. 7. Общайтесь с другими людьми. Не через экран, а лично. Лицом к лицу. Одиночество является таким же риском для здоровья, как курение. Но лечение простое - беседа с кем-то, кто знает, как вас зовут. Опять же - это бесплатно. 8. Управляйте своим стрессом. Не надо пытаться убрать стресс полностью из своей жизни, потому что это невозможно. Признавайте наличие стресса и делайте маленькие шаги по решению проблемы, по одному в день, вместо того, чтобы притворяться, что стресса нет, пока ваше тело страдает. Вот и всё - восемь шагов, которые можно начать выполнять прямо сейчас. Ни для одного из них не нужно рецепта, не нужно платного членства где-то, подписки на что-то, не нужно сдавать анализы и не нужно дожидаться визита к врачу через 4 месяца. Врачи проводят 10 лет, обучаясь правильному лечению людей. Эти самые эффективные средства не стоят абсолютно никаких денег. Поэтому их никто не назначает". (Один амерский врач)

  • 14 июн.12233из bas_qadam

    Көп адам зікірді бір мақсат үшін айтады. Бірі ризық үшін, бірі денсаулық үшін, бірі отбасы, бала-шаға, неке немесе басқа бір арманы үшін. Және бұл қате емес. Бірақ жүректің ең биік дәрежесі зікірді ештеңе үшін емес, тек Аллаһ үшін айту. Бір күні жүрегіңнен: Уа, Раббым! Мен Сені тек мұқтаж болғаным үшін емес, Сен Раббым болғаның үшін еске аламын. Менің зікірімнің мақсаты Сенің разылығың деген сөз шықса… Міне, сол кезде бәрі өзгереді. Себебі Аллаһ Тағала құлының жүрегіне қарайды. Сонда Ол: Құлымның қанша мұңы, қанша арманы, қанша шешілмеген мәселесі болса да, ол бәрін ысырып қойып, Мені ғана таңдады. Ол Мені тек Мен үшін еске алып жатыр дейді. Ал кім Аллаһты бәрінен жоғары қойса, Аллаһ та оны адамдардың арасынан ерекше қылады. Сенің зікірің енді жай ғана тілдің қайталауы болмайды. Ол Раббыңның алдында ерекше құлшылыққа айналады. Сен сұраған нәрселер ғана емес, тіпті сұрамаған жақсылықтар да саған қарай жол тартады. Сен білмейтін бәле-жалалардан қорғаладысың. Сезбейтін қауіптердің алды алынады. Ойыңа да келмеген есіктер ашылады. Кейде Аллаһ саған сұрағаныңды бермес бұрын, саған зиян болатын нәрселерді жолыңнан алып тастайды. Ал сен оның бәрін байқамай да қалуың мүмкін. Сондықтан зікірді тек нәтиже үшін емес, тек нығмет үшін емес, тек мәселелер шешілсін деп емес, ең алдымен Аллаһты жақсы көргенің үшін айт. Өйткені Аллаһтың Өзін тапқан адам, ақырында бәрін табады. Ал дүниені іздеп Аллаһқа келген адам, қалағанын алуы мүмкін. Бірақ Аллаһтың разылығын іздеп келген адамға, кейде бүкіл дүние өзі келеді. Сен тек Оны таңда. Қалғанын Ол Өзі реттейді… 🤍

  • Өлім… Расында Алла Елшісі (с.а.с) бізге өлімді көп еске алуды өсиет етті. «Ләззаттарды кетіруші өлімді көп еске алыңдар» Және еске алудың арнайы бір уақытын тағайындаған жоқ. Мәселен, күніне бір рет, аптасына үш рет, айына он рет еске алыңдар деген секілді. Ол істі өз еркімізге қалдырды. Әркім өз иман дәрежесіне сай өлімді еске алады. Біреу өлімді тек жаназада еске алады. Екіншісі науқасты зиярат қылғанда, басқасы уағыз‐насихат тыңдағанда және т.б. Сахаба Омардың ұлы Абдулла сүйікті Пайғамбарымыздың «Дүниеде бөтен адамдай немесе жолаушы секілді бол» деген сөзіне қосымша былай деген: «Таң атса кешті күтпе, кеш батса таңды күтпе!» Яғни, істейтін істі дәл қазір жаса, ертең өмір сүретіңіне кім кепіл? Қарап тұрсақ ізгі жандар өлімді ешқашан ұмытпайтын болған. Сахаба Абу әд‐Дарда: «Өлім оны күтіп тұр, оның болса дүниеден үміті бар. Өзі бейқам, бірақ одан ешкім бейқам емес. Ауыз толтырып күледі, бірақ Алла оған разы ма жоқ па білмейді! Міне осындай адам менің күлкімді келтіреді» деген. Сахаба Абу Зар: «Сендерге өзімнің қатты мұқтаж болатын күнім жайлы хабар берейін бе? Ол алғашқы қабірге түсетін күнім» деген. Сахаба Абу Хурайраның қасынан мәйтті алып бара жатқан болса, оған: «алға жүр, біз де түбі сенің артынан барамыз» дейтін. Уасіғтың ұлы Мұхаммедтен «таңды қалай аттырдың», деп сұрағанда ол: Күнде ақыретке бір қадам жақындаған адам таңын қалай аттырады деп ойлайсың», деп жауап қататын еді. Мұсылмандардың патшасы Абдулазіздың ұлы Омар арнайы ғалымдарды жинап алып, олармен бірге ақыретті еске алып, құдды бір алдарында жаназа тұрғандай өксіп жылайтын болған. Міне, ізгілер өлім мен ақыретті ешқашан ұмытпаған. Себебі осы екеуі арқылы адам есін жиып, түзу жолмен жүре бастайды. Олжас Ханафин “Ілімге ғашық адам” 2024 жыл.

  • без подписи

  • ЯСИН СҮРЕСІН ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Әр нәрсенің жүрегі бар, Құранның жүрегі Ясин сүресі. Кім Ясин сүресін оқыса, Алла Тағала оған Құранды он мәрте хатым еткендей сауап жазады.» Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ясин – Құранның жүрегі», – деп бұл сүрені «Қалбүл-Құран» деп атаған. Хужжатүл-Ислам Имам Ғазали (рах.) былай деген: «Бұл атаудың бір хикметі мынада: бұл сүреде хашр және нашр (адамдардың қайта тіріліп, амалдарына қарай жиналуы) ең әсерлі әрі әдемі түрде баяндалған. Ал хашр мен нашрға иман келтіру – иманның жүрегі секілді.» Яғни жүрек тіршіліктің қайнар көзі болғаны сияқты, Ясин сүресі де дінімізде маңызды рухани қозғаушы ретінде қарастырылып, Құранның жүрегі деп аталған. Сондай-ақ, бұл хикметке байланысты пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл сүрені қайтыс болғалы жатқан адамға оқу жөнінде әмір еткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Оны (Ясинді) қайтыс болғандарыңыздың жанында оқыңыздар», – деген. Мұндағы «қайтыс болған» дегеннен өлгелі жатқан адамдар меңзелген делінген. Басқа бір хадисте: «Ясин сүресі қайтыс болған адамның бас жағында оқылса, Алла оған жеңілдік береді», – деп айтылған. Осы себептен қабірге зиярат жасағанда да Ясин сүресін оқу сауапты. Тағы бір хадисте: «Кімде-кім анасының немесе әкесінің, яки екеуінің де қабіріне әр жұма барғанда Ясин сүресін оқыса, әрбір әрпіне мол кешірім беріледі», – делінген. Осыған байланысты басқа да хадистер бар: «Құранның жүрегі Ясин сүресі. Кім оны Алланың разылығын көздеп оқыса, Алла оны кешіреді. Марқұмдарыңызға оны оқыңыздар.» «Кім Алланың разылығын үміт етіп, түнде Ясин сүресін оқыса, сол түні оның күнәлары кешіріледі.»

  • без подписи

  • 🤩Адам бір амалды бастаса болғаны, кішкентай бір істі болсын Аллаһ үшін, дұға етіп, тәуекел етіп, әрі қарай қалай басқа да керемет амалдарға көшіп кеткенін байқамай қалады ғой, шабыттанып, тоймай, Оған әртүрлі жолдармен құлшылық етуден раханттанып. Енді бұл жердегі әдемі бір сыр бар.🌸 Ол сыр-әлгі бір амалды жасап, Аллаһқа кішкене болсын ықыласыңызды білдіргендегі Аллаһтың сізге одан да көп жақсылықпен жауап беріп, келесі амалдарға көшіріп, Өзімен, Өзіне қызмет етумен айналыстырып қойғаны. Құлшылықты сіз жасап жатқан жоқсыз, зікір, салауатты сіз айтып тұрған жоқсыз, сіз ниеттеніп жақсылықтарға кірісіп жатқан жоқсыз. Бұның бәрін Аллаһ жасатып жатыр. Аллаһтың сізге Жауабы🤍 «Менің құлым Мені қандай деп ойласа, Мен сондаймын, ол қай жерде Мені есіне алса, сол жерде Мен онымен біргемін. Егер ол Мені іштей есіне алса, Мен де оны іштей есіме аламын, ал егер ол Мені басқа адамдардың арасында еске алса, Мен оны одан да жақсы адамдардың арасында есіме аламын. Егер Менің құлым маған бір сүйем жақындаса, Мен оған шынтақтай жерге жақындаймын, егер ол Маған шынтақтай жақындаса, Мен оған сажындай жақындаймын, ал егер ол Маған қарай қадам жасаса, Мен оған қарай жүгіремін!» (Бұхари, Муслим). #ихсан 🤍Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек