Asaiyn Baikhanov
СтатистикаАсайын Қуандықұлы Байханов Павлодар облысының әкімі Асаин Куандыкович Байханов Аким Павлодарской области
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 14 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 110
- 1/48двое суток
- 126
- 1/72трое суток
- 135
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Успен ауданында болып, шаруалардың орақ науқанына дайындық жұмыстарымен таныстым. 251 мың га алқаптағы жұмыстарға 3,6 мың тоннадан астам жанар-жағармай бөлінді. Мал азығын дайындау да қарқынды жүруде: 48,6 мың тонна шөп шабылып, 17,1 мың тонна пішендеме дайындалды. Қуантатыны – жергілікті шаруалар болашақты ойлап жұмыс істеуде. Қызылағаш ауылындағы «Болаттар» ЖШС 250 га жерге тамшылатып суару жүйесін енгізуде. Алдағы уақытта аумақты 650 га дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі – 1 млрд теңге. Осы тәжірибені зерттеп, дәстүрлі суаруға мүмкіндік жоқ аудандарда қолдану мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым. Ауыл халқына қолайлы жағдай жасауды жалғастырудамыз. Биыл ауданда 6 шақырымға жуық жол жаңартылады. Таволжан ауылында 1971 жылы салынған мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Келесі жылға Успенка ауылындағы Милевский к. 3 шақырымын және 4 бұрылыс жолды асфальттау жобаларын пысықтауды тапсырдым. Бұл аудан орталығындағы асфальтталған жолдардың үлесін 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді. Успен ауданының даму мүмкіндігі зор. Біздің міндетіміз – ауыл халқы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, қолайлы орта жасау. ___ Побывал в Успенском районе, который уже готовится к уборочной кампании. Для проведения работ на 251 тыс. га посевных площадей выделено более 3,6 тыс. тонн ГСМ. Активно идет кормозаготовка: уже скошено 48,6 тыс. тонн сена и заготовлено 17,1 тыс. тонн сенажа. Радует, что местные сельхозпроизводители думают на перспективу. В с. Кызылагаш ТОО «Болаттар» внедряет капельное орошение на 250 га, с планами увеличения до 650 га. Объем инвестиций - 1 млрд теңге. Поручил изучить этот опыт и рассмотреть возможность его внедрения в районах, где нет условий для традиционного орошения. Мы продолжаем создавать комфортные условия для сельчан. В этом году в районе обновляем почти 6 км дорог. В с. Таволжан капитально ремонтируем школу 1971 года постройки. На следующий год поручил проработать проекты по асфальтированию 3 км ул. Милевского и 4 переулков с. Успенка. Это позволит довести долю асфальтированных дорог райцентра до 100%. Успенский район имеет потенциал для роста. Наша задача - создавать для людей новые возможности и комфортные условия для жизни.
Кеше Павлодар қаласының №1 ауруханасына барып, ауқымды жаңғыртудың 1-кезеңі аяқталғаннан кейінгі жұмысымен таныстым. Аурухана 1956 жылдан бері жұмыс істеп келеді, бүгінде заман талабына сай заманауи медициналық кешенге айналды. Модернизацияның негізгі нәтижелерінің бірі – бірегей «гибридті операциялық бөлменің» іске қосылуы. Заманауи жабдық дәрігерлерге операция барысында болып жатқан жағдайды тікелей бақылап, күрделі нейрохирургиялық және тамырлық оталарды дәлірек жасауға мүмкіндік береді. Жалпы, аурухананы реконструкциялауға және жабдықтауға республикалық және облыстық бюджеттерден 12,3 млрд теңге бағытталды. 1319 жаңа медициналық жабдық, оның ішінде 7-буындағы ангиограф орнатылды. Алайда бұл жұмыстың басты нәтижесі миллиардтармен немесе жабдық санымен емес, пациенттердің сенімімен және Павлодарда сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігімен өлшенеді. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Қазір реконструкцияның 2-кезеңінің жобасы әзірленуде. 15 қыркүйекке дейін жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін түзетуді аяқтауды тапсырдым. Одан кейін қаржыландыру және жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. ___ Вчера посетил городскую больницу №1 Павлодара после завершения 1-го этапа масштабной реконструкции. Больница работает с 1956 года, и сегодня это современный медицинский комплекс, отвечающий требованиям времени. Один из основных результатов модернизации – появление уникальной «гибридной операционной». Современное оборудование помогает врачам видеть происходящее непосредственно во время операции и точнее проводить сложные нейрохирургические и сосудистые вмешательства. Всего на реконструкцию и оснащение больницы из республиканского и областного бюджетов направлено 12,3 млрд тенге. Установлено 1319 единиц нового оборудования, в том числе ангиограф 7-го поколения. Но главный результат этой работы измеряется не миллиардами и числом оборудования, а доверием пациентов и возможностью получить качественную медицинскую помощь здесь, в Павлодаре. Мы продолжим эту работу. Сейчас готовится проект 2-го этапа реконструкции. Поручил до 15 сентября завершить его корректировку для прохождения госэкспертизы. После этого планируем финансирование и реализацию проекта.
Бүгін ұлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай Абай күнін атап өтудеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Абай мұрасы – ұлттың рухани өзегі, қоғамды біріктіретін, болашаққа нық сеніммен қарауға жол ашатын құндылықтардың сарқылмас қайнар көзі. Абайдың адамзат үшін әрдайым өзекті болып қала беретін ұстанымдары бар. Ол білімге ұмтылуға, адал еңбек етуге, әділетті болуға, өз ісіңе жауапкершілікпен қарауға және елдің ертеңі үшін жауапты болуға үндеді. Ұлы ақынның мұрасы уақыт өткен сайын мәнін жоғалтпай, бүгін де әрқайсымызбен сырласып, ойымызға ой қосып келеді. «Қара сөздер» – өмірімнің әр кезеңінде қайта-қайта оралатын, әр оқыған сайын маңызды сауалдарға жауап, тағылымды ой мен рухани демеу табатын қастерлі кітаптарымның бірі. Баршаңызға ұлы ақынның шығармаларына жиі үңіліп, оның әрбір сөзіне ой жүгіртіп, тағылымын күнделікті өміріміз бен ісімізге арқау етуді тілеймін. Абайдың даналығы бізді жақсы болуға, жауапкершілікті сезінуге, білімге ұмтылуға және туған елдің игілігі жолында адал еңбек етуге жетелей берсін. Абайдың сөзі – ұлттың рухани үні, ойы – ұрпаққа аманат. ___ Сегодня мы отмечаем 181-летие со дня рождения великого Абая - мыслителя, поэта и просветителя. Как отмечает Глава государства Касым-Жомарт Токаев, наследие Абая - это духовная основа нации и неиссякаемый источник ценностей, которые объединяют общество и помогают уверенно смотреть в будущее. Абай говорил о том, что остается важным для человека во все времена: стремлении к знаниям, честном труде, справедливости, ответственности за свои поступки и за будущее своей страны. Наследие поэта не устаревает и продолжает говорить с каждым из нас. «Қара сөздер» - книга, к которой я не раз возвращался на разных этапах своей жизни и всегда находил в ней ответы на важные вопросы, мудрые мысли и поддержку. В День Абая хочется пожелать всем чаще обращаться к его произведениям, размышлять над его словами и воплощать их смысл в своих делах. Пусть мудрость Абая помогает нам становиться лучше, быть ответственнее, стремиться к знаниям и с любовью трудиться на благо родной страны. Абайдың сөзі – ұлттың рухани үні, ойы – ұрпаққа аманат.
Ertis Promenade төрінде өткен Retro фестивалі шын мәнінде қызуы мен қуанышы қатар өрілген, әуені мен әсері жүректерге жеткен ерекше кеш болды! Мыңдаған павлодарлықтар мен қала қонақтары сүйікті әндерге қосылып, бірге ән шырқап, би билеп, мерекенің қайталанбас атмосферасын бірге сезінді. Осы жарқын кештің ажарлы да әсерлі сәттерін бірге жасаған баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын! Павлодардың осындай тағылымы мен тағаты мол, көңілге қуаныш, жүрекке жылу сыйлайтын жарқын мәдени шаралардың ордасына айналып келе жатқанына шынайы қуаныштымын! ____ На Ретро фестивале на Ertis Promenade было по-настоящему жарко, весело и музыкально! Тысячи павлодарцев и гостей города вместе пели любимые хиты, танцевали и просто наслаждались атмосферой большого праздника. Спасибо всем, кто стал частью этого вечера! Рад, что Павлодар продолжает оставаться центром таких ярких и интересных событий, которые объединяют людей и создают настроение!
Екібастұзға барып, абаттандыру, инфрақұрылымды жаңғырту,жылыту маусымына дайындық және тұрғын үй құрылысы жұмыстарының барысын тексердім. Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын жалғастырудамыз.Биыл 50 балалар және 10 спорт алаңын салу көзделген. Бүгінде 20 футбол алаңының 17-сі дайын.Сонымен қатар жолдарды жөндеу, білім беру ұйымдарының аумақтарын абаттандыру және жеке сектор көшелері қарқынды жаңғыртылуда. Жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аудардым. Биыл жалпы ұзындығы 4,2 км болатын 4 жылу магистралі жаңғыртылуда. 2023 жылдан бері іске асырылып жатқан жобаларды қоса алғанда, жалпы ұзындығы 18,5 км магистральдық желілері жаңартылып, 152,1 км құбыр жөнделеді. Сондай-ақ 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен таныстым. Құрылыс сапасы мен мерзімінің сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу үдерісін жеделдету жолдарын пысықтауды тапсырдым. Сапар барысында «Горводоканал» МКК-ның №1 сорғы станциясын араладым. 2026–2027 жылдары мұнда «ЭКСЖ» ұлттық жобасы аясында қайта жаңғырту жұмыстары басталып, қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі артады. ___ Посетил Экибастуз, проверил работы по благоустройству и обновлению инфраструктуры, подготовке к отопительному сезону и строительству жилья. Мы продолжаем создавать комфортную городскую среду. В этом году обустроим 50 детских и 10 спортивных площадок, уже готовы 17 из 20 футбольных полей. Активно ремонтируем дороги, обновляем территории объектов образования и улицы частного сектора. Особое внимание уделил подготовке к отопительному сезону. В этом году реконструируются 4 тепломагистрали протяженностью 4,2 км. С учетом проектов, реализуемых с 2023 года, будет обновлено 18,5 км магистральных теплосетей и отремонтировано 152,1 км трубопроводов. Также осмотрел строительство 60-квартирного дома. Поручил обеспечить качество и соблюдение сроков, а также детально проанализировать систему распределения жилья среди очередников МИО и проработать возможность ускорения этого процесса. Еще одним объектом стала насосная станция №1 ГКП «Горводоканал». В 2026–2027 годах здесь начнется реконструкция в рамках нацпроекта «МЭКС», что позволит повысить надежность системы водоснабжения города.
Май ауданында болдым. Мыс концентратын өндіру бойынша салынып жатқан "Демеу Көк-Тас" ЖШС байыту фабрикасына бардым. Келесі айда мұнда ірі мыс концентратын өндіру фабрикасының алғашқы іске қосылуы жоспарланған. Нәтижесінде 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті бюджетке жыл сайын шамамен 300 млн теңге түседі. Бұл қаражат Май ауданы ауылдарындағы жолдарды жөндеуге, абаттандыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Сондай-ақ «Ақжар Өндіріс» ЖШС-нің суармалы алқабында болдым. Биыл мұнда 2 мың га астам аумаққа дәнді дақылдар, көкөніс, картоп және күнбағыс егілген. Тағы 4 мың га астам аумақты көпжылдық шөптер алып жатыр. Суармалы егіншілікті дамытып, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану аса маңызды. Саты ауылында тәулігіне 20 адам қабылдайтын жаңа медициналық пункттің құрылысымен таныстым. Ол тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады. Құрылыс қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Барлық жобалар ауданға нақты нәтиже беруі тиіс: жаңа жұмыс орындары, экономиканың өсуі және халықтың өмір сүру сапасының жақсаруы. ____ Побывал в Майском районе. Посетил строящуюся обогатительную фабрику ТОО «Демеу Көк-Тас» по производству медного концентрата. Здесь в следующем месяце запланирован первый запуск крупной фабрики по производству медного концентрата. Будут созданы почти 400 новых рабочих мест, что обеспечит нам ежегодное поступление порядка 300 млн тенге в местный бюджет. Эти средства будут направляться на развитие сел Майского района: ремонт дорог, благоустройство и иную социальную инфраструктуру. Также посетил орошаемый участок ТОО «Ақжар Өндіріс». В этом году здесь на площади более 2 тыс. га выращивают зерновые, овощи, картофель и подсолнечник, еще свыше 4 тыс. га занимают многолетние травы. Важно и дальше развивать орошаемое земледелие и эффективно использовать сельхозугодья. В с. Саты ознакомился со строительством нового медпункта на 20 посещений в сутки, который повысит доступность медпомощи для жителей. Завершить его планируется в сентябре. Все реализуемые проекты должны давать конкретный результат для района - новые рабочие места, рост экономики и улучшение качества жизни населения.
без подписи
без подписи
без подписи
Жақында Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатыстым. Аймағымыз үшін мұндай кездесулердің орны ерекше. Бізді көршілес Ресеймен 700 км астам ортақ шекара, арналы Ертіс және жылдар бойы жалғасқан өзара серіктестік байланыстырады. Форумның пленарлық отырысында өңіріміздің экономикалық және өнеркәсіптік әлеуетін таныстырдым. Бүгінде Қазақстандағы алюминийдің 100%, көмірдің 60%, ферроқорытпаның 58% және электр энергиясының 40% Павлодар облысында өндіріледі. Бұл – еліміздің өндірістік қуаты мен өңіріміздің стратегиялық маңызын айқын көрсететін көрсеткіштер. Павлодар делегациясы форум сессияларында өнеркәсіп, көлік, білім беру және жастар саясаты салаларындағы маңызды бастамаларды талқылауға белсене атсалысты. Осындай кездесулер өзара сенімді нығайтып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ортақ мүддеге негізделген әріптестік нақты жобаларға ұласып, өңірлеріміздің дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына қызмет етеді. ___ На днях принял участие в XXII Форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и России в Омске с участием Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева и Президента Российской Федерации Владимира Путина. Для Павлодарской области такие встречи имеют особое значение. Нас с соседними российскими регионами объединяют более 700 км общей границы, Иртыш и многолетнее партнерство. На пленарном заседании представил экономический и промышленный потенциал нашей области, где сегодня производится 100% отечественного алюминия, 60% угля, 58% ферросплавов и 40% электроэнергии Казахстана. Павлодарская делегация также приняла активное участие в панельных сессиях форума, где обсуждались вопросы промышленной кооперации, транспорта, логистики, образования и молодежной политики. Уверен, такие встречи не только укрепляют добрососедские отношения, но и становятся отправной точкой для новых общих проектов. Через доверие, открытый диалог и совместную работу рождаются конкретные идеи, которые затем становятся реальными результатами во благо наших регионов и их жителей.
Құрметті жерлестер! Қымбатты павлодарлықтар! Сіздерді шын жүректен Қала күнімен құттықтаймын! Павлодар – қайсар рухы мен ерекше келбеті үйлескен, жүрегі кең, еңбексүйгіш әрі елжанды азаматтар мекен еткен қасиетті қала. Сондықтан да оның жыл өткен сайын ажарланып, тұрғындар үшін жайлы әрі көркейген шаһарға айналуы мен үшін аса маңызды. Бүгінде Павлодар қарқынды дамып келеді. Соңғы үш жыл ішінде қалада 200 шақырымға жуық жол жаңартылып, 300 аула абаттандырылды, 700-ден астам балалар және спорт алаңы салынды, жаңа жылу магистральдары пайдалануға берілді, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 1000-нан астам пәтер табысталды, сондай-ақ екі заманауи мектеп пен жаңа балабақша ашылды. Бұл жетістіктердің барлығы – қала тұрғындарының, кәсіпкерлердің және мемлекеттің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алда да Павлодарды бұдан да биік белестер мен игі бастамалар күтіп тұрғанына, туған қаламыздың жетістіктері әлі талай мәрте мақтанышымызға айналатынына сенімдімін. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық пен шаттық тілеймін! Ал сүйікті Павлодарымыздың мерейі үстем болып, өсіп-өркендей беруіне тілектеспін! Туған күніңмен, Павлодар! ___ Уважаемые земляки! Дорогие павлодарцы! От всей души поздравляю вас с Днем города! Павлодар - это город с сильным характером и особой атмосферой, где живут неравнодушные, искренние и трудолюбивые люди. Именно поэтому для меня важно, чтобы с каждым годом он становился еще красивее и комфортнее. Сегодня Павлодар уверенно развивается. За последние три года в городе обновлено почти 200 км дорог, благоустроено 300 дворов, обустроено более 700 спортивных и детских площадок, построены новые тепловые магистрали, приобретено свыше 1000 квартир для очередников, открыты две современные школы и новый детский сад. Все эти достижения стали возможны благодаря совместному труду жителей, бизнеса и государства. Уверен, впереди нас ждет еще больше добрых перемен и новых поводов гордиться нашим родным городом. Желаю вам крепкого здоровья, мира, благополучия и семейного счастья, а нашему любимому Павлодару - дальнейшего процветания! С днем рождения, Павлодар!
Мен үшін Ұлы Отан соғысының ардагері Сергей Николаевич Выжутовичті ғасырлық мерейтойымен жүзбе-жүз құттықтау үлкен мәртебе болды. Сергей Николаевич – тағдыры тағылымға толы, рухы мұқалмаған жан. Ол – бізге бейбіт өмір сыйлаған жеңімпаз ұрпақтың өкілі. Майданның отты жылдарын бастан өткеріп, Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Соғыстан кейінгі өмірін әскери қызметке, одан кейін Павлодар облысының өркендеуіне арнады. Осындай асыл азаматпен жүздескен сайын оның өмірге құштарлығына, парасатына, қайсар рухына еріксіз сүйсінесің. Өкінішке қарай, уақыт өз дегенін алады. Жыл өткен сайын сол сұрапыл соғыстың көзімен көрген куәгерлері арамыздан азайып барады. Бүгінде облысымызда Ұлы Отан соғысының небәрі төрт ардагері ғана қалды. Сондықтан олардың әрқайсысына алғыс айтып, естеліктерін қастерлеу – бәріміз үшін аманат. Сергей Николаевичке ерен ерлігі мен елге сіңірген адал еңбегі үшін шынайы ризашылығымды білдіріп, зор денсаулық, жан жылуы, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледім. Ғасыр жасаған мерейтойыңыз құтты болсын, қадірлі Сергей Николаевич! __ Для меня была большая честь лично поздравить со 100-летним юбилеем ветерана Великой Отечественной войны Сергея Николаевича Выжутовича. Сергей Николаевич - человек удивительной судьбы и несгибаемой силы духа, представитель поколения победителей, которое подарило нам мирное небо. За его плечами: фронтовые дороги, Великая Победа, годы военной службы и десятилетия честного труда на благо Павлодарской области. Общаясь с Сергеем Николаевичем, невозможно не восхищаться его жизнелюбием, мудростью и внутренней силой. К сожалению, время неумолимо, и с каждым годом рядом с нами становится все меньше живых свидетелей тех героических событий. Сегодня в нашей области осталось всего четыре ветерана Великой Отечественной войны. Поэтому особенно важно успеть сказать каждому из них самые искренние слова благодарности, сохранить их воспоминания. От всей души поблагодарил ветерана за героизм и достойный жизненный путь. Пожелал ему крепкого здоровья, душевного тепла, благополучия и долгих лет жизни. С вековым юбилеем, Сергей Николаевич!
Кеше Баянауылда маңызды оқиға өтті – заманауи Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» визит-орталығы өз есігін айқара ашты. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асқан өңірдің туристік әлеуетін арттырудағы маңызды қадам. 740 шаршы метрлік жаңа кешен озық цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы қонақтарды Баянауылдың көркем табиғатымен, бай тарихы және мәдени мұрасымен таныстыратын жаңа нысанға айналатынына сенімдімін. Сондай-ақ өлкетанушы Алтынбек Құрмановтың «Көне Көктау оттары» кітабының таныстырылымына қатысып, ауданның жаңартылған кіреберіс стеласымен танысып, Bayanaul FEST фестиваліне қатыстық. Соңғы жылдары Сабындыкөл мен Жасыбай жағалаулары абаттандырылып, жаңа туристік нысандар іске қосылды. Соның нәтижесінде ішкі туризм 27%-ға, шетелдік туристер легі 25%-ға артты. Биыл Баянауылға келетін туристер саны 300 мыңға жетеді деп күтілуде. Баянауыл – Сарыарқаның сұлу інжу-маржаны. Оның туристік әлеуетін одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. ___ Вчера в Баянауле произошло знаковое событие - мы открыли современный визит-центр Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры». Это новый этап в развитии туристической инфраструктуры региона, реализованный в рамках системной работы по поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева. Уверен, что комплекс площадью 740 кв. метров станет новой точкой притяжения. Благодаря современным цифровым решениям и технологиям искусственного интеллекта туристы смогут познакомиться с уникальной природой, историей и культурным наследием края. В этот же день посетил презентацию книги краеведа Алтынбека Курманова «Огни древнего Коктау», ознакомился с обновленной въездной стелой района и вместе с жителями и гостями Баянаула принял участие в фестивале Bayanaul FEST. За последние годы в Баянауле благоустроены пляжи озер Сабындыколь и Жасыбай, созданы новые объекты и сервисы. Результат уже заметен: внутренний туризм вырос на 27%, въездной на 25%. В этом году ожидаем увеличение туристического потока до 300 тысяч человек. Мы продолжим развивать Баянаул - жемчужину туризма Казахстана.
Құрметті металлургтер, ардақты сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен металлургия кешенін Қазақстанның индустриялық дамуының берік тірегі ретінде ерекше атап келеді. Павлодар облысы үшін металлургия – экономиканың маңызды саласы ғана емес, еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Өңірімізде еліміздің жетекші металлургиялық кәсіпорындары – «Қазақстан алюминийі» АҚ, Қазақстан электролиз зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты, KSP Steel және басқа да өндіріс орындары табысты жұмыс істеуде. Бұл салада 21 мыңнан астам жерлесіміз еңбек етеді. Павлодар облысында Қазақстандағы глинозем мен алюминийдің басым бөлігі, сондай-ақ ферроқорытпаның жартысынан астамы өндіріледі. Осы жетістіктердің барлығы – өз ісіне адал, қажырлы еңбегімен ел қуатын арттырып жүрген металлургтердің маңдай терінің жемісі. Саланың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін. Барша металлургтерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толайым табыс және жаңа жетістіктер тілеймін! Мерекелеріңізбен! ___ Уважаемые металлурги, ветераны отрасли! Сердечно поздравляю с профессиональным праздником - Днем металлурга! Глава государства Касым-Жомарт Токаев неоднократно подчеркивал, что горно-металлургический комплекс является «надежной опорой индустриального каркаса Казахстана». Для Павлодарской области металлургия - один из ключевых драйверов экономики и символ трудовой доблести. Именно в нашей области работают флагманы отечественной металлургии: АО «Алюминий Казахстана», Казахстанский электролизный завод, Аксуский завод ферросплавов, KSP Steel и другие предприятия. В отрасли трудятся более 21 тысячи жителей региона. Здесь производится практически весь казахстанский глинозем и алюминий, а также свыше половины отечественных ферросплавов. За этими достижениями стоят настоящие профессионалы, чей тяжелый, самоотверженный труд укрепляют промышленный потенциал страны. Особая благодарность ветеранам отрасли, заложившим прочный фундамент отечественной металлургии. Желаю всем металлургам крепкого здоровья, благополучия, успехов. С праздником!
Ақсу өңірдің маңызды өнеркәсіп орталықтарының бірі болып қала береді. Өндірісті дамытумен қатар, тұрғындарға жайлы әрі заманауи орта қалыптастыру да басты назарда. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басым бағыттардың бірі. Жұмыс сапары барысында жаңа бассейннің құрылысымен таныстым. Қазір нысанда бассейннің негізгі бөлігін орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ұзындығы 1,5 шақырым болатын магистральдық жылу желісі жаңғыртылуда. Оның 400 метрі ескі құбырлардан тазартылды. Қалалық жаңа саябақтың құрылыс алаңына да бардым. Нысанның дайындығы 40 пайызды құрайды. Жоба аясында қоғамдық дәретханалар, фудкорт, ит серуендету алаңы, мемориалдық аймақ және автоматты суару жүйесі қарастырылған. Бұл саябақ тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналады деп сенемін. Ақсуға келгенде металлургтерді кәсіби мерекесімен, ал қала тұрғындарын қаланың 65 жылдығымен құттықтадым. Өңір мен елдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға үлес қосып жүрген еңбек адамдарына марапат табыстау – мен үшін үлкен мәртебе. ____ Аксу всегда был и остается одним из ключевых промышленных центров региона. При этом наряду с развитием производства для нас не менее важно создавать современную и комфортную городскую среду. Именно этому уделяет особое внимание Глава государства Касым-Жомарт Токаев. Во время рабочего выезда проверил ход строительства нового бассейна, где сейчас ведется монтаж чаши. Продолжается и реконструкция магистральной теплотрассы: обновят 1,5 км сетей, из которых уже демонтировано 400 метров старых труб. Также посетил стройплощадку нового городского парка. Его готовность составляет 40%. Проект включает общественные туалеты, фудкорт, площадку для выгула собак, мемориальную зону и систему автоматического полива. Это пространство должно стать по-настоящему удобным и востребованным для жителей. И, конечно, находясь в Аксу, не мог не поздравить металлургов с профессиональным праздником, а жителей города - с его 65-летием. Для меня было большой честью вручить награды людям, чей ежедневный труд укрепляет промышленный потенциал региона и всей страны.
Біз шыбын-шіркейге қарсы жүргізілген ең ауқымды маусымдық науқандардың бірінің қорытындысын шығардық. Биыл әуе арқылы 172 мың га аумақ өңделіп, облыстың 67 елді мекенінде күнделікті тосқауылдық жұмыстар жүргізілді. Ертіс өзенінің 3 200 шақырымдық учаскесі, оның ішінде күрделі әрі шалғай аймақтар толық қамтылды. Барлық жұмыстар ғылыми сүйемелдеумен атқарылып, жоғары тиімділікке қол жеткізілді. Жұмысымыздың басты көрсеткіші – халықтың пікірі. Егер 2021 жылы шыбын-шіркейге қатысты 3 мыңнан астам шағым тіркелсе, биылғы маусымда небәрі 32 шағым түсті. Оның өзі маусым басталар алдындағы көктемгі өтпелі кезеңде ғана тіркелген. Бірнеше ай бойы осы маңызды міндетті атқаруға атсалысқан ғалымдар мен барлық мамандарға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Қазірдің өзінде келесі маусымға дайындықты бастап, биылғы нәтижелерді саралап, ұсыныстарды ескере отырып, шыбын-шіркейге қарсы күрес тиімділігін одан әрі арттырамыз. ____ Мы подвели итоги одной из самых масштабных сезонных кампаний по борьбе с гнусом. В этом году авиаобработками охвачено 172 тыс. га, ежедневная барьерная обработка проводилась в 67 населенных пунктах области. Особое внимание уделили Иртышу: работы выполнены на протяжении 3 200 км реки, включая наиболее сложные и удаленные участки. Все мероприятия проходили под постоянным научным сопровождением, что позволило оперативно корректировать тактику и добиться высокой эффективности. Главный показатель нашей работы - мнение жителей. Если в 2021 году поступило более 3 тыс. жалоб на гнус, то в этом сезоне - всего 32, причем все они были зафиксированы ранней весной, в межсезонье. Благодарю ученых и всех специалистов, которые на протяжении нескольких месяцев работали над этой задачей. Благодаря вашему профессионализму нам удалось добиться хорошего результата. На этом работа не заканчивается. Уже сейчас начинаем подготовку к следующему сезону. Проанализируем итоги кампании, учтем предложения специалистов и жителей, чтобы сделать защиту от гнуса еще более эффективной.
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! Сіздерді Ақсу қаласының 65 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Осы жылдар ішінде Ақсу еліміздің жетекші индустриялық орталықтарының біріне айналды. Мұнда миллиондаған киловатт-сағат электр энергиясы өндіріліп, ферроқорытпа өнімдері шығарылып, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Қалаға 1961 жылы мәртебе берілгеннен кейін оның қарқынды дамуына энергетика мен металлургия салалары негіз болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қуатты өңірлер – елдің тұрақты дамуының негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Бүгінде Ақсу осы қағиданы нақты істерімен дәлелдеп, экономикалық өсім мен инвестициялық белсенділіктің үлгісін көрсетіп келеді. Соңғы жылдары қаланың дамуына жүздеген миллиард теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылым жаңартылып, қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда. Ақсудың ең басты байлығы – оның тұрғындары. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында қала тұрақты дамып келеді. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, амандық және жаңа жетістіктер тілеймін! Мерейтойың құтты болсын, Ақсу! ___ Уважаемые жители города Аксу! Сердечно поздравляю вас с 65-летием города! За эти годы Аксу стал одним из ведущих индустриальных центров страны. Здесь вырабатываются миллионы киловатт-часов электроэнергии, выпускаются ферросплавы, реализуются масштабные проекты. Именно развитие энергетики и металлургии стало основой роста после получения им статуса города в 1961 году. Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев неоднократно подчеркивал, что сильные регионы являются основой устойчивого развития страны. Аксу сегодня уверенно подтверждает этот принцип, демонстрируя экономический рост и инвестиционную активность. Только за последние годы в его развитие привлечены сотни миллиардов тенге инвестиций. Сегодня здесь строятся жилые дома, социальные объекты, обновляется инфраструктура, благоустраиваются общественные пространства. Главное богатство Аксу - его жители. Именно благодаря вашему труду и ответственности город уверенно движется вперед. Желаю всем крепкого здоровья, счастья, благополучия и новых успехов. С юбилеем, Аксу!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән береді. Біздің міндетіміз – осы тапсырмаларды тиянақты жүзеге асыру. Бүгін қаладағы төрт әлеуметтік нысанды араладым. Музыкалық колледжде ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оны жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мұнда 300-ден астам дарынды жас білім алады. Олар өңір мерейін асқақтатып жүр. Сондықтан олардың дамуына қолайлы жағдай жасау маңызды. Сондай-ақ олимпиадалық резервтің мектеп-интернаты мен колледжіне бардым. Мұнда 337 оқушы мен студенттің 221-і 197 орындық жатақханада тұрады. Осыған байланысты жаңа мектеп, жатақхана және заманауи спорт инфрақұрылымын салу жобасын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек, Ақпараттық технологиялар колледжі жатақханасының жаңарту жұмыстарын тексеріп, қорында 1 миллионнан астам құжат сақталған облыстық мұрағаттың күрделі жөндеуден өткен ғимаратын араладым. Бұл нысандардың әрқайсысы – өңірдің болашағына салынған маңызды инвестиция. Сондықтан жұмыстардың жоғары сапамен әрі уақтылы орындалуы басты талаптың бірі. __ Президент страны Касым-Жомарт Токаев уделяет особое внимание развитию социальной инфраструктуры. Наша задача - воплощать эти поручения в конкретных проектах. Посетил 4 соцобъекта областного центра. В музыкальном колледже продолжается масштабная реконструкция, завершить ее планируем до нового учебного года. Здесь обучаются более 300 талантливых воспитанников, которые прославляют регион далеко за его пределами и должны иметь все необходимое для учебы и творчества. Особое внимание уделил школе-интернату и колледжу олимпийского резерва. 221 из 337 учащихся и студентов данных учреждений проживает в общежитиях, рассчитанных на 197 мест. Поэтому принято решение разработать проект строительства новой школы с общежитием и современной спортивной инфраструктурой. Также проверил реконструкцию общежития Колледжа информационных технологий и посетил капитально отремонтированный Государственный архив области, фонд хранения которого составляет более 1 млн документов. Каждый из этих объектов - инвестиции в будущее региона. Главное требование - высокое качество работ и строгое соблюдение сроков.
Бүгін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Баянауылда өткен «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатыстым. Президент табиғатқа жанашырлықпен қарау бір реттік науқан емес, әрбір азаматтың күнделікті мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан мұндай экологиялық бастамалар қоршаған ортаны сақтауға деген ортақ мақсат жолында тұрғындарды біріктіреді. Еріктілермен, жастармен, қоғам белсенділерімен және жергілікті тұрғындармен бірге бұлақтың аумағын тазалап, оның айналасын абаттандырдық. Жыл басынан бері Павлодар облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 18 бұлақ тазартылып, шамамен 80 тонна қоқыс шығарылды. Туған өлкеміздің табиғатын сақтауға өз еңбегімен және жанашырлығымен үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Таза қоршаған орта – бәріміздің ортақ ісіміз әрі келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. ___ Сегодня вместе с министром водных ресурсов и ирригации Нуржаном Нуржигитовым принял участие в экологической акции «Мөлдір бұлақ» в Баянауле, которая проходит в рамках общенациональной инициативы Главы государства Касым-Жомарта Токаева «Таза Қазақстан». Президент неоднократно подчеркивал, что бережное отношение к природе должно стать не разовой акцией, а повседневной культурой каждого гражданина. Именно поэтому такие экологические инициативы объединяют жителей вокруг общей цели - сохранения окружающей среды. Вместе с волонтерами, молодежью, общественниками и жителями очистили территорию родника и благоустроили прилегающую территорию. С начала года в рамках акции «Мөлдір бұлақ» в Павлодарской области очищены 18 родников, вывезено около 80 тонн мусора. Благодарю всех, кто своим трудом и неравнодушием вносит вклад в сохранение природы нашего края. Чистая окружающая среда - это наше общее дело и ответственность перед будущими поколениями.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмыс сапарының екінші күні инфрақұрылымды дамытуға және алдағы жылыту маусымына дайындыққа негізделді. Нұрлыбек Машбекұлын Қазақстан электролиз зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысымен, «Достық» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен, жылу желілерін жаңғырту жұмыстарымен, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысының және әуежайдың ұшу-қону жолағын жаңғырту барысымен таныстырдым. Бұл жобалар өңірдің дамуы үшін маңызды. Біз инженерлік және көлік инфрақұрылымын жүйелі түрде жаңғыртып, жаңа тұрғын үйлер салып, инвестициялар тартуға және экономиканың одан әрі өсуіне қолайлы жағдай жасаудамыз. Жұмыс сапарының қорытындысы жылыту маусымына дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте шығарылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, күзгі-қысқы кезеңнен тұрақты әрі іркіліссіз өту – негізгі міндеттердің бірі. Президент пен Үкіметтің барлық тапсырмалары менің жеке бақылауымда. Біздің міндетіміз – жобаларды уақтылы аяқтап, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. ___ Во второй день рабочей поездки Первого заместителя Премьер-министра РК Нурлыбека Налибаева основное внимание уделили развитию инфраструктуры и подготовке к предстоящему отопительному сезону. Ознакомил Нурлыбека Машбековича с работой Казахстанского электролизного и Павлодарского нефтехимического заводов, строительством жилья в мкр «Достық», модернизацией тепловых сетей, ходом строительства моста через Иртыш и реконструкцией взлетно-посадочной полосы аэропорта. Каждый из этих проектов важен для развития региона. Мы последовательно модернизируем инженерную и транспортную инфраструктуру, строим новое жилье, создаем условия для привлечения инвестиций и дальнейшего роста экономики. Итоги рабочего визита подвели на совещании по вопросам подготовки к отопительному сезону. По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева надежное прохождение осенне-зимнего периода остается одной из ключевых задач. Все поручения Президента страны и Правительства находятся на моем личном контроле. Наша задача - завершить все проекты в установленные сроки и создать комфортные условия для жителей.