ПАРТИЯ BAYTAQ - Экология
СтатистикаПартия «Байтақ»: новости, экология, реформы, участие граждан Казахстана. «Байтақ» партиясы: жаңалықтар, экология, реформалар, азаматтық қатысу.
- Последний пост
- 8 авг.
- Последнее чтение
- 14 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 24
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 119
- 1/48двое суток
- 136
- 1/72трое суток
- 147
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
🌿 ЭКО-КЕРУЕН АЛМАТЫДА! Бүгін Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қалалық филиалы Эко-керуенді және партия төрағасы Азаматхан Әміртаевты қарсы алуда! Бұл — жай ғана сапар емес. Бұл — елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, таза ауа мен таза болашақ идеясын дәріптеуге бағытталған қозғалыс. 🚲 Біз — экологиялық таза көлікті қолдаймыз. 🌱 Біз — таза Алматыны қолдаймыз. 💚 Біз — табиғат пен адам денсаулығын бірінші орынға қоятын Қазақстанды қолдаймыз! Жасыл болашақ жолдан басталады. Ал өзгеріс — әрқайсымыздан басталады! #Байтақ #BAYTAQ #ЭкоКеруен #АзаматханӘміртаев #ТазаАлматы
«BAYTAQ» керуені – Жамбыл облысы, Тараз қаласында! Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының «Байтақ керуені: Арал – Астана» республикалық үгіт-насихат керуені өз бағытын жалғастырып, Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласына келіп жетті. Керуен аясында партия өкілдері тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, экологиялық қауіпсіздік, таза қоршаған орта және тұрақты даму мәселелері бойынша ашық пікір алмасты. Бірге – жасыл болашаққа! Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясын қолдаңыз! #байтақ #baytaq #экология #жамбыл #тараз
Дебатта жасылдар намысын қорғаған Аслан Байзаханов екінші кезеңде мықты ел болу үшін өз шешіміне жауап беретін мықты маман дайындау керек екенін қадап айтты. Ол партияның сайлауалды бағдарламасында білім саласын жетілдіретін бірнеше ұсыныс барын атап өтті. #байтақ #экология #табиғат #ғылым #Жасылдар
СЫР ЕЛІНІҢ АҚ БАТАСЫ — «БАЙТАҚҚА» ЗОР СЕНІМ! «Арал – Астана» бағытымен жолға шыққан «BAYTAQ» керуені Сырдың бас қаласы — Қызылордада үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде! Көшеде, қоғамдық орындарда халыққа партияның сайлауалды бағдарламасы мен арнайы брошюраларын тарату барысында ерекше сәт орын алды. Қызылорда қаласының ақсақалы партия белсенділеріне ақ батасын беріп, елдің экологиясы мен табиғатын қорғау жолындағы ісімізге ақ жол тіледі. «Атадан бата алған азбайды» демекші, ақсақалдарымыздың ыстық ықыласы мен ақ батасы — партиямызға деген халықтың зор сенімі мен қолдауының көрінісі! Таза ауа, сапалы су және жасыл болашақ үшін бізбен бірге болыңыздар! Сайлауда №3 — «Байтақ» жасылдар партиясына дауыс беріңіздер! #байтақ #baytaq #greenparty #экология #Қызылорда
«BAYTAQ» керуені – Қызылорда қаласында! «Байтақ» жасылдар партиясының «Арал – Астана» үгіт-насихат керуені бүгін тарихи әрі көрікті Қызылорда шаһарына келіп жетті. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев пен Құрылтай депутаттығына кандидаттар Сыр бойының тұрғындарымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, еліміздің экологиялық болашағы туралы ой бөлісті. Туған жердің табиғатын аялау – бәрімізге ортақ міндет! Таза ауа, таза су және жасыл болашақ үшін бірге қадам басайық. #байтақ #baytaq #greenparty #экология #Қызылорда
«Байтақ» партиясының төрағасы трендте! #байтақ #табиғат #greenparty #экология #тренд
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Нұргүл Қадырбаева кім? Өмірлік ұстанымы қандай? Мақсаты не? Жақынырақ танысыңыз. #Байтақ #Baytaq #көпбалалыана #экология #жасылдар
📺 Ұлттық теледебат – 2026 2026 жылғы 29 шілде күні сағат 19:25-те «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында саяси партиялар арасындағы Ұлттық теледебат тікелей эфирде өтеді. 🔹 Елдегі 7 саяси партияның өкілдері бір алаңда бас қосып, сайлауалды бағдарламалары мен Қазақстанның болашағына қатысты ұстанымдарын таныстырады. 📲 Теледебат барысында көрермендердің әлеуметтік желілер арқылы жолдаған сұрақтарын қабылдайтын арнайы байланыс орталығы жұмыс істейді. 🌿 Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы бұл маңызды пікірсайыс алаңында өз бағдарламасын ұсынып, экология, халықтың өмір сапасы, таза су, таза ауа, таза жер және еліміздің тұрақты дамуына қатысты нақты ұстанымдарын таныстырады. ✅ Тікелей эфирді жіберіп алмаңыздар! 📅 29 шілде 🕢 19:25 📺 «Qazaqstan» телеарнасы және арнаның ресми әлеуметтік желідегі парақшалары. «Байтақ» – Таза су. Таза ауа. Таза жер. 💧🌿🌍 #байтақ #baytaq #greenparty #экология #сайлау
Председатель партии «Байтақ» встретился с коллективом предприятия «Астана орманы» Председатель Казахстанской партии зелёных «Байтақ» Азаматхан Амиртаев встретился с коллективом предприятия «Астана орманы», которое играет важную роль в сохранении экологического благополучия столицы, очищая воздух и защищая город от пыльных бурь. Встреча прошла в зелёном поясе Астаны, на природе. Выбор места был неслучайным: для партии «Байтақ» зелёная экономика и экология — это не просто идеи, а реальные дела и ежедневный труд людей, которые заботятся об окружающей среде. В ходе встречи Азаматхан Амиртаев представил предвыборную программу партии и рассказал о её ключевых направлениях. Среди них — обеспечение населения чистым воздухом, качественной питьевой водой и безопасными продуктами питания, проведение экологического аудита крупных предприятий, а также развитие солнечной и ветровой энергетики.
«Байтақ» партиясының төрағасы «Астана орманы» кәсіпорнының ұжымымен кездесті Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев елордамыздың ауасын тазартып, шаңды дауылдан қорғап тұрған «Астана орманы» кәсіпорнының ұжымымен жүздесті. Кездесу арнайы Астананың жасыл белдеуінде, табиғат құшағында өтті. Себебі біз үшін «жасыл экономика» мен экология – күнделікті атқарылып жатқан нақты іс пен адал еңбектің көрінісі.
2030 жылға қарай суымыздың 15%-ынан айырылуымыз мүмкін... Біз бұған дайынбыз ба? Азаматхан Әміртаев халықпен бірге маңызды мәселелерді талқылауда. #Байтақ #Baytaq #Greenparty #Экология #Сайлау
«Байтақ» партиясының эко-марафоны күймен көмкерілді! Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Ұлттық Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған үгіт-насихат науқаны ерекше форматта өтті. Партия ұйымдастырған эко-марафон барысында домбыраның сүйемелдеуімен «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» сынды халқымыздың төл өнері — қуатты күйлері нақышына келтіріле орындалды. «Біз экологияны қорғаумен қатар, ұлттық құндылықтарымыз бен рухани мұрамызды дәріптеуге де ерекше мән береміз», — деп атап өтті партия төрағасы Азаматхан Әміртаев. Ұлттық мұрамызды ұлықтап, жасыл болашақты бірге құрайық! #Байтақ #Baytaq #Greenparty #Экология #Сайлау
без подписи
Партия «Байтақ» начала агитационную кампанию с экологического марафона Казахстанская партия зелёных «Байтақ» дала старт своей агитационной кампании перед выборами депутатов Курултая, организовав экологический марафон. Мероприятие прошло в 7:00 утра в Триатлон-парке Астаны. В марафоне приняли участие более 200 человек — члены партии, кандидаты, активисты и сторонники экологических инициатив. По словам организаторов, утреннее время было выбрано не случайно: именно в эти часы транспортный поток минимален, а воздух наиболее чистый. Экологический марафон открыл председатель партии Азаматхан Амиртаев. Участники преодолели дистанцию в 2,5 километра. #Байтақ #Baytaq #Greenparty #Экология #Сайлау
без подписи
без подписи
без подписи
«Байтақ» партиясы үгіт-насихат науқанын эко-марафонмен бастады Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Құрылтай депутаттары сайлауына арналған үгіт-насихат науқанын эко-марафонмен бастады. Іс-шара таңғы сағат 7:00-де Астанадағы Триатлон саябағында өтті. Марафонға 200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында партия мүшелері, кандидаттар, белсенділер және экологиялық бастамаларды қолдаушылар болды. #Байтақ #Baytaq #Greenparty #Экология #Сайлау
В Астане открыт Республиканский предвыборный штаб Казахстанской партии зеленых «Байтақ» 23 июля в Астане экологическая партия «Байтақ» официально открыла Республиканский предвыборный штаб и провела его первое заседание. В мероприятии, прошедшем в гибридном формате, приняли участие представители всех областных штабов, а также штабов Астаны, Алматы и Шымкента, подключившиеся в онлайн-режиме. На заседании также присутствовали представители средств массовой информации.
без подписи