- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 13 авг.
- Постов за неделю
- 5
- Всего постов
- 24
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 502
- 1/48двое суток
- 575
- 1/72трое суток
- 620
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
без подписи
🏴 Anthony vs Andres 🇩🇰 @GOALCELONA
🚨 Фернандо Идальго мен Серхио Диас, Хулианның агенттері, бүгін таңертең «Атлетиконың» спорттық базасына келді. ❌ Алайда олардың арасында кездесу болғаны туралы ешқандай растау жоқ. 🙂 Ал Хулиан мен Симеоне болса, бір-бірімен бейресми түрде сөйлескен. 🗞 Карлос Монфорт @GOALCELONA
Жозе Моуриньо 2026 жылы шығарылған Netflix құжатты фильмінде ең көп айтқан тақырыптары – Месси туралы. Сами Хедира да, Моуриньо да мачта алдында Мессиге қарсы дайындық жайлы сұхбат берді: Хедира: Бапкер бізге «Барселонаға» қарсы ойындарға дайындық кезінде «Барселона» туралы 2 минут, ал Месси жайлы 40 минут сөйлейтін еді. Моуриньо: Бұл мен үшін қорқынышты түсім еді. Оны тоқтату үшін не істеуіміз керек? Мауриньо тіпті, Месси үшін тактиканы өзгертуге мәжбүр болғанын, кейбір ойындарда Пепе немесе Серхио Рамос сынлы ойыншыларды тірецші жартылай қорғаушы ретінде қойғанын айтты. Қызық, ә? @GOALCELONA
✅ Кунде бүгінгі жаттығуға келді. ✅@GOALCELONA
без подписи
Фликтің ойындағы құрама енді қалыптасқан секілді «Барселона» осы жолы Фликтің ыңғайына қарай трансферлік саясатты жүргізді. Энтони Гордон және Кәрім Адейеми ресми түрде «Барселона» ойыншысы атанса, жақын күндері Родри һәм Жоау Канселу ресми «Барселона» ойыншысы атанады деп күтілуде, Альварездің сагасы әлі жалғасуда. Трансферлер жайлы айтайын. «Барселонаның» осы жаздағы басты мақсаты – Хулиан Альварез деген әңгімелер жүр. Меніңше, қазір «Барселонаға» Альварез емес, Альварезге «Барселона» қажет боп қалған секілді. Себебі «Барселонаның» соңғы жылдарындағы ең үздік жазғы трансферлік терезе қазір болып жатыр. Басындағы тақырыпқа қосарым: Флик нағыз неміс бапкері. Неміс бапкерлерінің басты талабы: гегенпрессинг, Агрессивті прессинг. Ал соңғы екі трансфер Фликке керекті профилді шабуылшылар. Гордон АПЛ матчтарында орта есеппен 2.2 рет допты қайтарып алады. Бұл статистика Фликтің футболында еселенеді деген үміттеміз. Ал Кәрімнің статистикасына көз жүгіртсек, орта есеппен әр матчта 1.6 рет допты қайтарып алады. Бұл көрсеткіштер еселенеді. Оған күмән келтірмеймін, себебі Фликтің футболындағы жарқын жұлдыз Ямалдың статистикасына зер салсақ Ла Лигадағы әр матчтағы допты тартып алу көрсеткіші 3.5. Бұл дегеніміз тұтастай команда бір мүддеге ойнайды деген сөз. Допты жоғалтып алған соң, бірден қарқынды прессинг жасайды. Ал командадан кетеді деп күтілетін футболшылар жайлы айтсақ: Араухо – Ливерпуль сапына ауысады, бұл туралы футбол әлеміндегі үздік инсайдер Фабрицио Романо жазды. Ферран Торрес – «ПСЖ» ойыншысы атануға жақын. Бұл туралы әлеу желілерде шу болып жатыр. Бұл екі футболшыны бір зат байланыстырады – негізгі командадағы ең басты «антиқаһармандар». Иә екі футболшы жоғары деңгейдегі ойыншы. Бірақ екі ойыншы да «өз потенциалын аша алмай кеткен ойыншы» есебінде кетіп жатыр. Араухо – Фликтің «Барселонасындағы» басты антиқаһарман деуге болады. Торрес болса, өз позициясындағы конкуренциядан жеңіліп, форвард атанды. Иә, ішкі чемпионатта 33 матчта 16 гол деген жаман көрсеткіш болып көрінбеуі мүмкін. Бірақ сенің командаңда Ямал, Рафинья, Ольмо, Педри және тағы бвсқа шебер ойыншылар болса, сен кем дегенде 24-25 голдан соғуың керек. Алтын Доп иегері Родри «Барселона» ойыншысы атануға жақын. Бұл трансфер «Барселона» үшін ең үздік трансфер болуы ықтимал. Родридің келуі бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді, олар: қорғаныс, жартылай қорғаныс және креатив. «Барселонаның» басты мәселесі – қорғаныс. Ал Родри өте мобильді футболшы. Қорғанысқа түсіп, допты жүргізетін ойыншы. Қажет болса, шабуылға қолғабыс жасап, гол да соға алатын футболшы. Бұны Чемпиондар Лигасының финалында көргенбіз. Альварездің сагасы әлі жалғасуда. Менің көзіме бұл ойыншы «Барселонаға» қатты керек емес секілді көрінеді. Иә, керемет футболшы, бірақ қазір оның функциясын атқарып беретін футболшылар бар. Бұлай дегенім – мүлде керек емес дегенім емес. Қалай болғанда да, бұл жазғы трансферлік терезе – соңғы жылдардағы ең жүйелі трансферлік терезе болып жатыр. Клуб басшылығы Фликтің футболына жақсы бейімделіп алғанын көрсетіп отыр. Егер біз күткен трансферлер толық жүзеге асып, жаңа ойыншылар күткендей деңгейде өнер көрсетсе, келесі маусымда требл үшін күресетін «Барселонаны» көруіміз әбден мүмкін. Авторлық мақаланың авторы: БАҒДАТ ӨМІРЗАҚҰЛЫ
🔵🔴 «БАРСЕЛОНА» ҮШІН ЖАҢА ТАРАУ БАСТАЛДЫ Жалпы, келесі маусым «Барселона» үшін жаңа тарау болады деп ойлаймын. Бәрін қарапайым тілмен түсіндіріп өтейін. Былтыр ойыншыларды тіркей алмай жүрген клубтың биыл осындай трансферлер жасап жатқаны көпшілікті таңғалдырды.…
🔵🔴 «БАРСЕЛОНА» ҮШІН ЖАҢА ТАРАУ БАСТАЛДЫ Жалпы, келесі маусым «Барселона» үшін жаңа тарау болады деп ойлаймын. Бәрін қарапайым тілмен түсіндіріп өтейін. Былтыр ойыншыларды тіркей алмай жүрген клубтың биыл осындай трансферлер жасап жатқаны көпшілікті таңғалдырды. Бірақ бұл ойыншылардың әрқайсысының артында белгілі бір жоспар бар. Ал сол жоспардың басты адамы — Ханси Флик. ⚡ ҚАПТАЛДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ Фликтің бірінші назар аударған жері — қапталдар. Өткен маусымда Ольмо мен Ферминнің вингер болып ойнауына тура келді. Рафинья жарақатпен көп әуреленді, ал Рэшфордтың ойыны тұрақты болмады. Сондықтан Гордон мен Адейемидің келуі кездейсоқ емес. Гордон — прессинг үшін, Адейеми — жылдамдық үшін. Ал 18 жастағы Бисиву — болашаққа жасалған қадам. Яғни Фликке қазір ең керегі — жылдамдық, физика және қарсыласқа тұрақты қысым жасау. 🌟ФЛИК ЖАСТАРҒА ДА СЕНЕДІ Фликтің тағы бір ерекшелігі — жас ойыншыларға мүмкіндік беруден қорықпайды. Оның көбірек сенім артып жүрген ойыншыларының арасында Альваро Кортес, Хамза және Хави Эспарт бар. Хамзаға негізгі командада өзін көрсетуге мүмкіндік беріліп жатыр. Кортес те қорғаныстағы болашағы бар ойыншы ретінде қарастырылуда. Ал Хави Эспарт — Фликтің ұзақ мерзімді жоспарына кіретін жастардың бірі. Ең маңыздысы — Флик үшін ойыншының жасы емес, оның жүйеге қаншалықты сәйкес келетіні. 🎯 ЕҢ ҮЛКЕН МӘСЕЛЕ — ТОҒЫЗДЫҚ Қапталдар күшейтіліп жатқанымен, «Барселонаның» ең үлкен мәселесі басқа жерде. Ол — Тоғыздық позициясы. Левандовский клубтан кетті. Ал Ферран Торрес ПСЖ сапына ауысады. Демек, «Барселонаға» жаңа негізгі шабуылшы керек. Клубтың басты мақсаты — 🇦🇷Хулиан Альварес. Оның Фликке ұнайтынын түсіну қиын емес. Альварес прессинг жасайды, допсыз қозғалысы жақсы, комбинацияға қатысады және ең бастысы — шабуылды өзі аяқтай алады. Бірақ бір мәселе бар: «Атлетико Мадрид» оны «Барселонаға» жібергісі келмейді. Сондықтан бұл трансфер барған сайын қиындап барады. Флик болса бұған да дайын. Маусымалды кезеңде Хамзаға мүмкіндік беріп, оның мүмкіндіктерін көріп жатыр. Хамзаның физикасы жақсы, әуедегі доптарға таласады, баспен ойнай алады және шабуылды аяқтауда жаман емес. Бірақ шынын айтқанда, «Барселонаға» тәжірибелі 9-дық бәрібір керек. Себебі енді Левандовский жоқ, Ферран да жоқ. Ал үлкен мақсаттары бар командаға тек талантты емес, қысым кезінде жауапкершілік ала алатын шабуылшы қажет. Сондықтан Альварес трансфері іске аспаса, Деку мен Флик басқа нұсқаға көшеді. 🧠 НЕГЕ РОДРИ? Жартылай қорғаныстағы жағдайға қарасақ, мұнда да мәселе бар. Де Йонгтың жарақаты, тұрақсыз Гави, деңгейі төмендеген Касадо және ауыр жарақаттан кейін енді ғана оралған Берналь. Осының бәрі Педриге түсетін жүктемені көбейтеді. Сондықтан Родри керек деген ойдың өзі түсінікті. Ол Педримен Испания құрамасында бірге ойнайды. Бір-бірін түсінеді. Бірақ ең маңыздысы — Родри командаға баланс береді. Ол қорғаныстың алдында ойнап, допты бақылауға көмектеседі және Педриге еркіндік береді. Родридің алдында ойнаған Педри — «Барселона» үшін мүлдем басқа деңгей болуы мүмкін. Оның үстіне Родри Кубарсиге де көмектесе алады. 🛡️ ҚОРҒАНЫС ӘЛІ ДЕ ТОЛЫҚ ШЕШІЛГЕН ЖОҚ «Барселонаның» қорғаныс мәселесі әлі толық шешілген жоқ. Араухоның «Ливерпульге» кетуі бұл позициядағы сұрақтарды көбейтті. Дегенмен Флик қазіргі қолда бар ойыншыларға сеніп отыр. Жерар Мартин мен Кубарси маңызды рөл атқарады. Қосалқы нұсқа ретінде Кристенсен мен Альваро Кортес бар. Ал Эрик Гарсия да қорғанысқа көмектесе алады. Оның бірнеше позицияда ойнай алуы Флик үшін үлкен артықшылық. Яғни қорғаушы мәселесі толық жабылған жоқ. Бірақ Флик алдымен қолындағы ойыншыларға мүмкіндік беріп көргісі келеді. 🔄 КОМАНДА ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫП ЖАТЫР Фликке керек емес ойыншылар біртіндеп командадан кетіп жатыр. Араухо — «Ливерпульде», Тер Штеген — «Аякста». Ал Касадо мен Рунидің болашағы әлі белгісіз. Канселу болса «Барселонаға» қайта оралу мүмкіндігін күтіп жүр. 🔥 ФЛИК ҚАНДАЙ «БАРСЕЛОНА» ҚҰРЫП ЖАТЫР? Меніңше, келесі маусымдағы «Барселонаның» басты қаруы — прессинг. Қапталда жылдам ойыншылар, доп жоғалған кезде бірден жасалатын қысым, допты қайтарып алған кезде жылдам шабуыл.
🦸 Жоан Гарсия жаттығуға оралды. @GOALCELONA
📝 "«Барселонаның» 26/27 маусымына арналған тактикасы және трансферлік терезедегі жағдайлар туралы мақала" ⚔ 26/27 маусымына арналған тактика жайлы: 🇩🇪 Каталондық клубты үшінші маусым қатарынан баптап отырған неміс маманы Ханси Флик бұл маусымда жылдам шабуылдар…
📝 "«Барселонаның» 26/27 маусымына арналған тактикасы және трансферлік терезедегі жағдайлар туралы мақала" ⚔ 26/27 маусымына арналған тактика жайлы: 🇩🇪 Каталондық клубты үшінші маусым қатарынан баптап отырған неміс маманы Ханси Флик бұл маусымда жылдам шабуылдар мен жоғары қысымдағы прессингке леп қойып отыр. Қорғаныс тым жоғары ойнамайтн болады, бірақ бұл дегеніміз біз өткен маусымдарға қарағанда мүлде басқа футбол көреміз деген сөз емес. Біз бұл маусымда Ханси Фликтің өткен екі маусымда жіберген қателіктерін түзете отырып жасаған және жаңартылған тактикасын көретініміз айдан анық. 🆕 Трансферлік терезедегі жағдайлар жайлы: 🏴 🇩🇪 Энтони Гордон мен Карим Адейемидің клубқа қосылуы: Фликтің жаңа тактикасына сай келетін жылдам әрі жоғары деңгейде қысым көрсете алатын Гордон шабуыл шебіне қосылған үлкен серпін болмақ. Ал Адейемиге келетін болсақ, бұл жігіттің жылдамдығы жайлы аңыз құрап айтуға болады. Қапталдағы шабуылдарды өткір ететін нағыз ойыншы - Адейеми. Гордон мен Адейеми «Барселонаның» шабуыл шебіне үлкен жылдамдық беретіні бәрімізді қуантады. 🇪🇸 Ферран Торресстің клубтан кетуі: Көптен бері айтылып жүрген сыбыс енді шындыққа айналғандай. Ферран тұрақты ойын тәжірибесін іздеп ПСЖ-ға кетпек. Бірде жанкүйерлердің жүйкесіне тиіп, бірде керемет голдарымен қуантатын акуланың Каталондық клубтағы дәуірі аяқталған сияқты. Сонымен қатар, оның кетуі клубтың қаржылық жағдайына жеңілдік әкеледі. 🇺🇾 Рональд Араухоның жалға кетуі: Көптеген хейттің астына қалған Араухо енді мерсисайдтық «Ливерпульге» ауысады. Енді біреулер оның маңызды матчтарда қызыл қағаз алғандарын ескере отырып, оның кеткеніне қуанса, енді біреулер оның әлі де Каталондық клубта қорғанысқа қосымша дем бере алатынын айтып отыр. 🇪🇸 Бұл трансферлік терезедегі басты жаңалықтардың бірі – Родри «Барсада»?! Әлемнің үздік тірек жартылай қорғаушыларының бірі Родри өзін Каталондық клубтан көргісі келеді. Егер бұл трансфер жүзеге асса, «Барселонаның» жартылай қорғанысы тас қамалдай берік болады. Сонымен қатар, тәжірибелі, ойынды оқи алатын ойыншының қатарға қосылуы арқылы клубтағы жас түлектер де одан үлгі алар еді. Біз Испания ұлттық құрамасында көрген жартылай қорғаныстағы Педри - Родри жұбын енді «Барсада» көруіміз мүмкін.
без подписи
🇪🇸 «Барсаны» жақсы көру — келісімшарт емес, тағдыр! «Барселона» — жай ғана футбол клубы емес. Ол — миллиондардың қуанышы мен көз жасы, тұтас бір ұлттың намысы мен тарихы. Бұл клубқа келген кез келген футболшы миллиондаған еуро жалақыны немесе атақты ғана алмайды, ол жүрекке өмірлік жүк арқалайды. Сол себепті де, Ферран Торрестің "«Барса» маған деген сүйіспеншілігін көрсетуі керек" деген сөзі әрбір нағыз куленің (клуб жанкүйерінің) жүрегіне біздей қадалды. Шын сүйіспеншілік талап етілмейді, Ферран. Ол дәлелденеді. Жүрекпен сүюдің не екенін осы клубтың топырағын басқан нағыз алыптардан сұрау керек еді... Войцех Щенсны: Футболмен қоштасып, тыныш өмірге аяқ басқанда, «Барсаның» шақыруын естіді. Ол сүйікті клубының қынжылған сәтінде "жоқ" дей алмады. Себебі жүрек — шақыруға емес, көмекке ұмтылады. Дани Ольмо: Бұл оның бала күнгі асыл арманы еді. Ол өзінің туған үйіне оралды. Тіпті клубтың қаржылық тығырығынан кесірінен бір ай бойы алаңға шыға алмай, тіркеусіз қалса да, үнсіз күтті. Себебі шынайы махаббат кез келген сынаққа шыдайды. Роберт Левандовски: Барлық жүлдені ұтып, тыныш қана жеңіс құшып отырған праймдағы «Баварияны» тастап, қиындыққа батқан «Барсаға» келді. Ол мұны тәуекел емес, "клубты қайта көтеру — менің борышым" деп қабылдады. Рафинья: Өткен сәтсіз маусымнан соң оны бәрі қаралады, басқа клубтар миллиондаған қаржы ұсынды. Бірақ ол қашты ма? Жоқ. Ол қалды, түнде де, күндіз де тер төкті, көз жасын төгіп жүріп өзін дәлелдеді. Бүгін ол — әлемнің ең үздіктердің бірі. Ол махаббатты сөзбен емес, алаңдағы әрбір метрін жұлып жеумен дәлелдеді. Жерар Пике: Клубтың демі тарылғанда, өзінің миллиондаған жалақысынан бас тартты. Ол «Барсадан» басқа жейдеде ойнауды ар санап, әлі де биікте тұрғанда мансабын біржола аяқтады. Себебі оның бойында каталониялық қан тасып жатыр еді. Андрес Иньеста: Клуб оған "өмірлік келісімшарт" ұсынды. Бірақ данышпан Андрес өзінің бұрынғыдай пайда келтіре алмайтынын сезгенде, Еуропаның ешбір клубына ауыспады. Ол: "Мен «Барсама» қарсы ешқашан ойнамаймын" — деді де, қиырға кетті. Жүректі жылатпаудың жолы осы еді. Карлес Пуйоль: Еуропаның бай азулылары алдына миллиардтарды тосса да, көзін де сатпады. Ол осы клубта туды, осы клубтың капитаны болып, осы жерде мансабын аяқтады. Ол үшін «Барсаның» эмблемасы — өмірінің мағынасы еді. Лионель Месси: Әлемнің ең ұлы футболшысы өзінің жалақысын екі есе азайтуға, тегін дерлік ойнауға дайын еді. Оның бұл клубтан көз жасымен кетуі — сүйіспеншіліктің жоқтығынан емес, тағдырдың қаталдығынан болды. Ол жүрегін осы стадионда қалдырып кетті. Ферран, қарашы... Бұл тұлғалардың ешқайсысы клубтан "маған сүйіспеншілік көрсет" деп сұраған жоқ. Керісінше, клуб басына күн туғанда, соңғы деміне дейін бәрін беруге дайын болды. «Барселона» саған сенді. Сені ауыр кезеңдеріңде де, құлдыраған сәттеріңде де алаңға шығарды, қорғады, мүмкіндік берді. Мәселе — клубтың сені жақсы көрмегенінде емес. Мәселе — сенің клубтың саған берген шексіз мүмкіндігін, осы киелі жейденің салмағын сезінбегеніңде. «Барсада» сүйіспеншілікті сұрап алмайды. «Барсада» сүйіспеншілікті алаңда жан бере жүріп, тер төгіп, жүрегіңді қалдыру арқылы ғана жеңіп аласың. Клуб саған не береді деп күтпе, сен осы ұлы тарихқа не қоса алдың — соны ойла. ✍️ Каталондық Агент @GOALCELONA
✔️🇫🇷 Луис Рохо: Ферран Торрес париждік клубқа ИӘ деп жауап берді. «ПСЖ» «Барселонаға» шамамен 50 миллион евро төлейді. 🗣️ Келіссөздер Деку мен Луис Кампос арасында қатаң құпия түрде жүргізілді. Қос тарап келісімдң алдағы бірнеше күнде аяқтауға жақын. Қазір клубтар трансфердің соңғы сомасын, сондай-ақ, бонустарды талқылап жатыр. ‼️ «Барса» Ферранмен кездесуге мұқтаж емес, себебі ойыншының айналасындағы адамдар оның француздық клубқа ауысқысы келетінін жариялаған. 🚨 Ферран қазірдің өзінде «ПСЖ-мен» келісімге келді. Ол төрт жылдық келісімшартқа қол қояды, енді тек екі клуб арасындағы келіссөздерді аяқтау ғана қалды. Қос тараптар Ферранның «Барсадағы» жаттығуларына қатыстырмау үшін, сәрсенбіге дейін мәмілені аяқтауға ниетті. ✅@fcb_qazaq
🚨✅ Жерар Ромеро: Осы аптада Ферран Торрес Ханси Фликке телефон соғып, клубтан кетіп, Париждік клубтың сапына қосылғысы келетінін айтқан. ✅@fcb_qazaq
🤔 Қызық? Энтони Гордон бүгін таңертең клуб кеңсесіне келді. Алайда әзірге оның суреттерде, жаттығуда немесе клуб базасының ішінде жүргені байқалған жоқ. @GOALCELONA
😭 Ферран Торрес осыларды негізгі құрам үшін таласта жеңе аламын деп ойлайды @GOALCELONA
😂 Ламин, Жерар Ромероның инстаграмдағы Деконың Мадридте Альварес үшін жүрген постына лүпіл басып қойыпты. @GOALCELONA