tgindex
JAQ.OrtCom.kz
@JAQortcomkzказахский

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) ресми арнасы Официальный канал Центра по борьбе с дезинформацией СЦК при Президенте Республики Казахстан @AntiFakeCenterBot

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
12 авг.
Постов за неделю
8
Всего постов
26
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
1 530
+10 за 5 дн.
Сутки
+2
+0,13%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
789
24 постов
Вовлечённость
51,6%
к подписчикам
Постов в день
1,1
всего 26
Упоминаний
18
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
239
1/48двое суток
273
1/72трое суток
295

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 14 авг.2 065516

    без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • ‼️ В социальных сетях распространяется информация о якобы передаче учета автошкол и регистрации учебных групп, а также приема экзаменов на получение права управления транспортными средствами частным организациям. Данная информация не соответствует действительности. По информации, предоставленной Центру Министерством внутренних дел РК, передача функции приема экзаменов на получение права управления транспортными средствами частным организациям не рассматривается. Учет автошкол и регистрация учебных групп остаются также государственными функциями. Согласно статье 77 Закона Республики Казахстан «О дорожном движении», данные функции осуществляются через государственную информационную систему «Автошкола», которая находится на балансе МВД. 🔈 Центр по борьбе с дезинформацией призывает граждан руководствоваться официальной информацией и не распространять неподтвержденные сведения, способные ввести граждан в заблуждение.

  • ‼️ Әлеуметтік желілерде авто-мектептерді есепке алу және оқу топтарын тіркеу, сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығын алуға арналған емтихандарды қабылдау функциялары жеке ұйымдарға беріледі деген ақпарат таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталыққа берген ақпаратына сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығын алуға арналған емтихандарды қабылдау функциясын жеке ұйымдарға беру мәселесі қарастырылмайды. Авто-мектептерді есепке алу және оқу топтарын тіркеу мемлекеттік функциялар болып қала береді. Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңының 77-бабына сәйкес, аталған функциялар ІІМ балансындағы «Автомектеп» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 🔈 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды ресми ақпаратты басшылыққа алуға және жұртшылықты жаңылыстыруы мүмкін расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырады.

  • 🔎 Сводка официальных опровержений за период с 1 по 11 августа 2026 года.   ➡️ Фейк: Полная остановка КТК и прекращение транспортировки нефти.   Официальное разъяснение Министерства энергетики РК:   Прием нефти и заполнение резервуаров продолжаются. Мощности приема КТК составляют до 100 тыс. тонн нефти в сутки.   Комментарий JAQ.OrtCom: В ложных сообщениях используется чувствительная тема стабильности нефтяного экспорта Казахстана. Временная приостановка отдельных операций КТК представляется как полное прекращение транспортировки нефти. Такая подмена фактических обстоятельств способна усиливать тревожность аудитории и формировать искаженное представление о ситуации с экспортом.   ➡️ Фейк: Дополнительные выплаты медицинским работникам за каждого привитого ребенка.   Официальное разъяснение Министерства здравоохранения РК:   Вакцинация входит в должностные обязанности врачей и среднего медицинского персонала. Размер заработной платы медицинских работников не зависит от количества привитых детей. Отдельные выплаты или бонусы за каждого вакцинированного ребенка не предусмотрены.   Комментарий JAQ.OrtCom: В подобных сообщениях создается представление о финансовой заинтересованности медицинских работников в проведении вакцинации. Такая подача смещает акцент с медицинских показаний и профилактической цели вакцинации на предполагаемую личную выгоду специалистов, что может снижать доверие к медицинским работникам и формировать негативное отношение к вакцинации.   ➡️ Фейк: Жестокое обращение с пациентами психиатрической больницы в Алматинской области.   Официальное разъяснение Министерства здравоохранения РК:   По результатам комплексной проверки сведения о применении к пациентам физических ограничений, лекарственных препаратов в качестве меры воздействия и иных действий, унижающих достоинство пациентов, подтверждения не нашли.   Комментарий JAQ.OrtCom: В данном случае используется эмоционально чувствительная тема — предполагаемые нарушения прав пациентов. При этом описываемые события относятся к периоду почти 18-летней давности и не сопровождались документальными или официальными подтверждениями. Распространение подобных утверждений как установленного факта может формировать негативное восприятие медицинского учреждения без достаточных оснований.   ➡️ Фейк: Появление тигрицы из резервата «Иле-Балхаш» в окрестностях города Балхаш.   Официальное разъяснение Министерства экологии и природных ресурсов РК: Распространяемое изображение не имеет отношения к выпущенному животному и имеет признаки возможной генерации с использованием технологий искусственного интеллекта. Специалисты круглосуточно отслеживают местонахождение и состояние тигрицы с помощью GPS/GSM-ошейника.   Комментарий JAQ.OrtCom: В сообщении используется визуальная манипуляция с применением технологий искусственного интеллекта: сгенерированное изображение представляется как фотография реального животного в районе Балхаша. Использование искусственно созданного визуального подтверждения усиливает убедительность ложного сообщения и может провоцировать тревожную реакцию аудитории на программу восстановления популяции тигров.   📎 Дополнительно: ➡️ JAQ.OrtCom разоблачил волну дипфейков с участием иностранных знаменитостей. Подробнее - в публикации JAQ.OrtCom. В материалах использовались изображения и видеозаписи известных иностранных публичных лиц, измененные с применением технологий искусственного интеллекта. Подобные материалы создают ложное впечатление о причастности известных людей к определенным заявлениям или событиям.

  • 🔎 2026 жылғы 1–11 тамыз аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.   ➡️ Фейк: Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысының толық тоқтауы және мұнай тасымалдаудың тоқтатылуы.   ҚР Энергетика министрлігінің ресми түсіндірмесі:   Мұнайды қабылдау және резервуарларды толтыру жұмыстары жалғасуда. КҚК-ның мұнай қабылдау қуаты тәулігіне 100 мың тоннаға дейін жетеді.   JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Жалған хабарламаларда Қазақстанның мұнай экспортының тұрақтылығына қатысты сезімтал тақырып пайдаланылған. КҚК-ның жұмысының жекелеген операцияларының уақытша тоқтатылуы мұнай тасымалдаудың толық тоқтатылуы ретінде көрсетіледі. Нақты жағдайлардың осылайша бұрмалануы аудиторияның алаңдаушылығын күшейтіп, мұнай экспортының жағдайы туралы қате түсінік қалыптастыруы мүмкін.   ➡️ Фейк: Екпе (вакцина) салдырған әр бала үшін медицина қызметкерлеріне қосымша төлем жасалады.   ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми түсіндірмесі: Екпе салу дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне кіреді. Медицина қызметкерлерінің жалақы мөлшері вакцина алған балалардың санына байланысты емес. Екпе салған әр бала үшін жеке төлемдер немесе бонустар қарастырылмаған.   JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай хабарламаларда медицина қызметкерлерінің екпе салуға қаржылық тұрғыдан мүдделі екені туралы түсінік қалыптастырылады. Ақпаратты осылай ұсыну вакцинацияның медициналық көрсетілімдері мен профилактикалық мақсатына емес, мамандардың жеке пайдасына назар аударуға әкеледі. Бұл медицина қызметкерлеріне деген сенімнің төмендеуіне және вакцинацияға теріс көзқарастың қалыптасуына ықпал етуі мүмкін.   ➡️ Фейк: Алматы облысындағы психиатриялық ауруханада пациенттерге қатыгездік көрсетілген.   ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми түсіндірмесі:   Кешенді тексеру нәтижелері бойынша пациенттерге физикалық шектеу шараларын қолдану, дәрілік препараттарды ықпал ету құралы ретінде пайдалану және пациенттердің қадір-қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттер туралы мәліметтер расталған жоқ.   JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда пациенттердің құқықтарының бұзылуы туралы болжамға негізделген, эмоциялық тұрғыдан сезімтал тақырып қолданылған. Сонымен қатар сипатталған оқиғалардың шамамен 18 жыл бұрын болғанын және құжаттық немесе ресми растаудың жоқтығын ескеру қажет. Мұндай мәлімдемелерді анықталған факт ретінде тарату – жеткілікті негізсіз медициналық мекеме туралы теріс пікір қалыптастыруы мүмкін.   ➡️ Фейк: «Іле-Балқаш» резерватының жолбарыс ұрғашысы Балқаш қаласының маңында пайда болды.   ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми түсіндірмесі:   Таратылып жатқан суреттің жіберілген жануарға қатысы жоқ және онда жасанды интеллект технологиялары арқылы генерацияланған белгілер бар. Мамандар GPS/GSM құрылғысының көмегімен жолбарыс ұрғашысының орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы бақылауда.   JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл хабарламада жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы визуалды манипуляция жасалған: нейрожелі көмегімен жасалған сурет Балқаш маңындағы нақты жануардың фотосы ретінде ұсынылған. Мұндай жасанды визуалды «дәлелді» қолдану жалған ақпараттың сенімділігін арттырып, аудитория арасында жолбарыстар популяциясын қалпына келтіру бағдарламасына қатысты негізсіз алаңдаушылық тудыруы мүмкін.   📎 Қосымша: ➡️ JAQ.OrtCom шетелдік танымал тұлғалардың қатысуымен тараған дипфейктер толқынын әшкереледі.   Толығырақ - JAQ.OrtCom жарияланымында.   Материалдарда жасанды интеллект технологияларының көмегімен өзгертілген шетелдік танымал тұлғалардың суреттері мен видеолары пайдаланылған. Мұндай материалдар танымал адамдардың белгілі бір мәлімдемелерге немесе оқиғаларға қатысы бар деген жалған түсінік қалыптастырады.

  • ‼️ В социальных сетях фиксируется распространение ложной информации, в который анонимный автор, ссылаясь якобы на личные воспоминания, датируемые 2008 годом, заявляет о применении в отношении пациентов психиатрической больнице в пос. Актас физических ограничений, препаратов в качестве наказания и других унижающих достоинств действий. Минздрав РК провел официальную проверку. Согласно акту о результатах проверки №127 от 7 августа 2026 года, сведения о применении к пациентам физических ограничений, лекарственных препаратов в качестве меры воздействия и иных действий, унижающих достоинство пациентов, своего подтверждения не нашли. Центр по борьбе с дезинформацией напоминает, что для уточнения информации, подачи жалобы или решения других вопросов в Казахстане действует сервис «Е-Өтініш», через который граждане могут направить официальное обращение в соответствующий государственный орган и получить ответ в установленном порядке. Распространение неактуальной, непроверенной или манипулятивной информации вместо обращения по официальным каналам может вводить население в заблуждение и, в зависимости от содержания и обстоятельств распространения, быть предметом правовых отношений.

  • ‼️ Әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың таралуы тіркелуде. Онда анонимді автор 2008 жылға қатысты жеке естеліктеріне сілтеме жасай отырып, Ақтас кентіндегі психиатриялық ауруханада пациенттерге физикалық шектеу шаралары қолданылғанын, дәрілік препараттар жазалау құралы ретінде пайдаланылғанын, сондай-ақ олардың қадір-қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттер жасалғанын мәлімдейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми тексеру жүргізді. 2026 жылғы 7 тамыздағы №127 тексеру нәтижелері туралы актіге сәйкес, пациенттерге физикалық шектеу шараларын қолдану, дәрілік препараттарды ықпал ету шарасы ретінде пайдалану және олардың қадір-қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттер жасау туралы мәліметтер расталмады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпаратты нақтылау, шағым беру немесе өзге де мәселелерді шешу үшін Қазақстанда «Е-Өтініш» сервисі жұмыс істейтінін еске салады. Аталған сервис арқылы азаматтар тиісті мемлекеттік органға ресми өтініш жолдап, заңнамада белгіленген тәртіппен жауап ала алады. Ресми арналар арқылы жүгінудің орнына өзектілігін жоғалтқан, тексерілмеген немесе манипуляциялық сипаттағы ақпаратты тарату қоғамды жаңылыстыруы мүмкін және оның мазмұны мен таралу мән-жайларына қарай құқықтық қатынастардың нысанасына айналуы ықтимал.

  • 8 авг.1 473718

    ​​⚡️ Центр по борьбе с дезинформацией предупреждает об очередной волне фейков. Центр по борьбе с дезинформацией продолжает фиксировать целенаправленное распространение в социальных сетях поддельных заявлений, пресс-релизов, фото- и видеоматериалов, созданных с использованием изображений первых руководителей государственных органов и ЦИК РК. Обращаем ваше мнение, что вся официальная информация, касающаяся избирательного процесса, публикуется исключительно на официальных ресурсах Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан (сайт, Телеграм-канал). Ранее Центр предупреждал о формировании злоумышленниками массивов фото- и видеоматериалов с изображениями публичных лиц, которые могут использоваться для последующего распространения дезинформации. По выявленным фактам распространения ложной информации Генеральной прокуратурой Республики Казахстан ведется расследование. Все случаи создания и распространения поддельных материалов фиксируются правоохранительными органами. ‼️ Центр призывает граждан не пересылать и не публиковать сообщения, аудио- и видеозаписи, достоверность которых не подтверждена официальными источниками. Лица, причастные к созданию и распространению противоправного контента, будут установлены и привлечены к ответственности в соответствии с законодательством Республики Казахстан. 📌 Доверяйте только информации, полученной из официальных источников. Фото и видео материалы можно проверить на специализированных сервисах. Несколько секунд, потраченных на проверку сообщения, могут уберечь от распространения недостоверного контента и связанных с этим правовых последствий.

  • ​​⚡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы кезекті фейктер толқыны туралы ескертеді. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен ҚР ОСК басшылығының бейнелері пайдаланылған жалған мәлімдемелердің, баспасөз хабарламаларының, фото- және бейнематериалдардың мақсатты түрде таратылып жатқанын тіркеуді жалғастыруда. Назар аударамыз: сайлау процесіне қатысты барлық ресми ақпарат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми ресурстарында (веб-сайтта, Telegram-арнасында) ғана жарияланады. Бұған дейін Орталық қаскүнемдер кейіннен жалған ақпарат тарату үшін пайдалануы мүмкін жария тұлғалардың бейнелері бар фото- және бейнематериалдардың үлкен көлемін жинақтап жатқаны туралы ескерткен болатын. Анықталған жалған ақпарат тарату фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тергеп-тексеру жүргізуде. Жалған материалдарды жасау және тарату жағдайларының барлығы құқық қорғау органдарымен тіркелуде. ‼️ Орталық азаматтарды шынайылығы ресми дереккөздер арқылы расталмаған хабарламаларды, аудио- және бейнежазбаларды қайта жібермеуге және жарияламауға шақырады. Құқыққа қайшы контентті жасауға және таратуға қатысы бар тұлғалар анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. 📌 Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алған жағдайда ғана сеніңіз. Фото- және бейнематериалдардың түпнұсқалығын арнайы сервистер арқылы тексеруге болады. Хабарламаны тексеруге жұмсалған бірнеше секунд шынайы емес контенттің таралуына және соған байланысты құқықтық салдарға жол бермеуге мүмкіндік береді.

  • 6 авг.1 6791124

    🎥 JAQ.OrtCom подготовил видеоразбор новой волны дипфейков, в которых используются изображения и голоса зарубежных знаменитостей

  • 🎥 JAQ.OrtCom шетелдік танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысы пайдаланылған дипфейктердің жаңа толқынына арналған бейнеталдау дайындады

  • 6 авг.1 530815

    ⚠️ JAQ.OrtCom фиксирует очередную волну распространения дипфейков с использованием изображений и голосов иностранных артистов, спортсменов и других известных личностей.   В подобных роликах от их имени распространяются ложные заявления об обвинении РК якобы в ужесточении миграционного режима, а также используются приемы информационной манипуляции, не имеющей ничего общего с действительностью и являющейся частью целенаправленных информационных вбросов.   Основная цель подобных информационных атак заключается в искусственном формировании негативного образа Казахстана и соседних государств, а также вовлечении пользователей социальных сетей в дальнейшее распространение ложной информации.   Центр призывает граждан сохранять критическое мышление, не доверять эмоциональным видеороликам без проверки источника и не становиться соучастниками распространения ложной и провокационной информации.   В открытом доступе также существуют специализированные сервисы, позволяющие проводить первичную проверку фото-, аудио- и видеоматериалов на признаки генерации с использованием искусственного интеллекта. Среди наиболее известных - Hive AI Moderation, Undetectable AI, RealityGuard от Sensity AI и др., которые анализируют цифровой контент на возможные следы синтетической обработки.   ‼️ Помните, что любой фейк живет ровно столько, сколько на него реагируют и распространяют в сети. Не дайте дезинформации стать вирусной, проверяйте факты, доверяйте только официальным источникам и сообщайте о подозрительном контенте.

  • ⚠️ JAQ.OrtCom шетелдік әртістердің, спортшылардың және басқа да танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысын пайдалану арқылы жасалған дипфейктердің таралуының кезекті толқынын тіркеп отыр. Бейнероликтерде Қазақстан Республикасын көші-қон режимін күшейтті деген жалған айыптаулар таратылады, сондай-ақ шындыққа еш қатысы жоқ және әдейі ұйымдастырылған ақпараттық арандатулардың бір бөлігі болып табылатын ақпараттық манипуляция тәсілдері қолданылады. Мұндай ақпараттық шабуылдардың негізгі мақсаты – Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің жағымсыз бейнесін жасанды түрде қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратты одан әрі таратуға тарту. Орталық азаматтарды сыни ойлауды сақтауға, ақпарат көзі тексерілмеген эмоциялық бейнероликтерге сенбеуге және жалған әрі арандатушылық сипаттағы ақпаратты таратуға жол бермеуге шақырады. Ашық қолжетімділікте фото-, аудио- және бейнематериалдарды жасанды интеллект көмегімен генерациялау белгілеріне бастапқы тексеруден өткізуге мүмкіндік беретін мамандандырылған сервистер де бар. Олардың ішінде ең танымалдары – Hive AI Moderation, Undetectable AI, Sensity AI компаниясының RealityGuard сервисі және т.б. Бұл платформалар цифрлық контентті синтетикалық өңдеудің ықтимал белгілеріне талдау жүргізеді. ‼️ Есіңізде болсын: кез келген фейк адамдар назар аударып, желіде таратқанға дейін ғана өмір сүреді. Жалған ақпараттың кеңінен таралуына жол бермеңіз – деректерді тексеріңіз, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіз және күмән тудыратын контент туралы хабарлаңыз.

  • 5 авг.2 6801119

    ⚠️ Центр по борьбе с дезинформацией продолжает мониторинг информационного пространства в период подготовки к выборам депутатов Курултая.   По мере приближения дня голосования в социальных сетях традиционно увеличивается количество публикаций, ставящих под сомнение организацию выборов. Как показывает практика, многие подобные сообщения повторяются практически в каждую избирательную кампанию. Их цель - не столько информировать граждан, сколько сформировать сомнения в работе избирательной системы.   Разбираем наиболее распространенные ложные утверждения.   Миф 1. «Иногородние студенты не смогут проголосовать из-за летних каникул».   Факт. Законодательством предусмотрен механизм голосования по месту временного пребывания. Совместно с вузами проводится уточнение фактического местонахождения студентов, после чего они включаются в списки избирателей по месту пребывания. Такая работа продолжается на протяжении всей избирательной кампании.   Миф 2. «Работники предприятий с непрерывным производством и жители вахтовых поселков не смогут проголосовать».   Факт. Для таких случаев законодательством предусмотрено создание избирательных участков непосредственно на предприятиях с непрерывным производством и в вахтовых поселках. Решения принимаются территориальными избирательными комиссиями с учетом конкретных условий.   Миф 3. «По одному открепительному удостоверению можно проголосовать несколько раз».   Факт. Это исключено. Каждое удостоверение имеет индивидуальный номер, выдается однократно по письменному заявлению с предъявлением документа, удостоверяющего личность, а сведения о его выдаче фиксируются в списках избирателей. Повторная выдача или восстановление утраченного удостоверения законодательством не допускаются.   Миф 4. «Онлайн-сервисы проверки избирателей могут быть использованы для изменения данных».   Факт. Государственные информационные системы проходят дополнительный мониторинг и защиту в период избирательной кампании. Принимаются необходимые меры по обеспечению устойчивой работы цифровой инфраструктуры и противодействию внешним киберугрозам.   Миф 5. «Избирательные бюллетени можно легко подделать».   Факт. Избирательные бюллетени имеют установленные законодательством элементы полиграфической защиты. Каждый бюллетень подписывается членом участковой комиссии, а бюллетени, не соответствующие установленным требованиям, признаются недействительными.   Миф 6. «Списки избирателей не обновляются и содержат массовые ошибки».   Факт. Списки формируются местными исполнительными органами и регулярно актуализируются. Граждане могут заранее проверить свои данные через портал электронного правительства или обратиться в колл-центры, работающие во всех регионах страны. Каждое обращение рассматривается в установленном порядке.   Миф 7. «Выборы проходят без международного наблюдения».   Факт. В избирательной кампании участвуют международные наблюдатели от иностранных государств и международных организаций. Их аккредитация осуществляется Центральной избирательной комиссией в соответствии с законодательством Республики Казахстан.   ————   ‼️ По мере приближения дня голосования подобные утверждения могут появляться вновь - в новых публикациях, видеороликах или сообщениях в социальных сетях. Поэтому рекомендуем проверять информацию по официальным источникам и не делать выводов на основании отдельных публикаций или сообщений анонимных аккаунтов.   🔎 Центр по борьбе с дезинформацией продолжит мониторинг информационного пространства и своевременно публиковать проверенную информацию по вопросам избирательной кампании.

  • 5 авг.732814

    ⚠️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық кезеңінде ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізуді жалғастыруда.   Дауыс беру күні жақындаған сайын әлеуметтік желілерде сайлауды әділ ұйымдастыруға күмән келтіретін жарияланымдар санының арта түсетіні белгілі. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай ақпараттың көпшілігі әрбір сайлау науқаны кезінде қайталанып отырады. Мақсат – азаматтарды ақпараттандыру емес, сайлау жүйесінің жұмысына қатысты теріс пікір қалыптастыру.   Ең жиі таралатын жалған мәлімдемелерді талдап көрейік.   1-миф. «Басқа қалада оқитын студенттер жазғы демалысқа байланысты дауыс бере алмайды».   Факт: Заңнамада уақытша жүрген жері бойынша дауыс беру тетігі қарастырылған. Жоғары оқу орындарымен бірлесіп студенттердің нақты тұрып жатқан жері анықталады, содан кейін олар осы мекенжай бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Бұл жұмыс бүкіл сайлау науқаны барысында жүргізіледі.   2-миф. «Үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орындарының қызметкерлері мен вахталық кенттердің тұрғындары дауыс бере алмайды».   Факт: Мұндай жағдайлар үшін заңнамада үздіксіз өндіріс орындарында және вахталық кенттерде сайлау учаскелерін құру көзделген. Шешімдерді қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, аумақтық сайлау комиссиялары қабылдайды.   3-миф. «Бір есептен шығару куәлігі арқылы бірнеше рет дауыс беруге болады».   Факт: Бұған заң жүзінде жол берілмейді. Әрбір куәліктің бірегей нөмірі болады. Ол жеке басты куәландыратын құжат пен жазбаша өтініш негізінде тек бір рет қана беріледі, ал оның берілгені туралы мәлімет сайлаушылар тізімінде тіркеледі. Заңнамада куәлікті қайта беру немесе жоғалған нұсқасын қалпына келтіру көзделмеген.   4-миф. «Сайлаушыларды тексеруге арналған онлайн-сервистерді деректерді өзгерту үшін пайдалануға болады».   Факт: Сайлау науқаны кезеңінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бақылау мен қорғау шаралары барынша күшейтіледі. Цифрлық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және сыртқы киберқауіптерге қарсы іс-қимыл жасау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.   5-миф. «Сайлау бюллетеньдерін қолдан оңай жасауға болады».   Факт: Сайлау бюллетеньдерінде заңнамада белгіленген арнайы полиграфиялық қорғаныс элементтері болады. Әрбір бюллетеньге учаскелік комиссия мүшелері қол қояды. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.   6-миф. «Сайлаушылар тізімдері жаңартылмайды және онда көптеген қателіктер кездеседі».   Факт: Сайлаушылар тізімін жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады және ол тұрақты түрде өңделіп отырады. Азаматтар өз деректерін алдын ала «Электрондық үкімет» порталы арқылы тексере алады немесе еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейтін колл-орталықтарға хабарласуына болады. Әрбір өтініш белгіленген тәртіппен қаралады.   7-миф. «Сайлау халықаралық байқаушылардың қатысуынсыз, бақылауынсыз өтеді».   Факт: Сайлау науқанына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысады. Оларды аккредиттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. ———— ‼️ Дауыс беру күні жақындаған сайын мұндай мәлімдемелер жаңа жарияланымдарда, бейнероликтерде немесе әлеуметтік желілердегі жазбаларда қайта пайда болуы мүмкін. Сондықтан ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеруді және жекелеген жарияланымдар мен анонимді аккаунттардың хабарламалары негізінде қорытынды жасамауды ұсынамыз.   🔎 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізуді жалғастырады және сайлау науқанына қатысты мәселелер бойынша тексерілген ақпаратты дер кезінде жариялап отырады.

  • 4 авг.35352из GenPr

    Информация для СМИ В отдельных масс-медиа 4 августа 2026 года опубликован пресс-релиз Генеральной прокуратуры о результатах проверки и выявленных нарушениях в деятельности политической партии «Әділет». Данная информация является заведомо ложной, подобного рода сообщения Генеральная прокуратура не размещала, проверку не проводила. По факту распространения заведомо ложной информации начато досудебное расследование по п.3 ч.2 ст.274 Уголовного кодекса Республики Казахстан. Обращаем внимание, что в силу законов «О масс-медиа» и «Об онлайн-платформах и онлайн-рекламе» журналисты, пользователи онлайн-платформ обязаны проверять достоверность информации и не распространять её, если она ложная и противоправная. В этой связи, Генеральная прокуратура призывает соблюдать законодательство, не распространять ложную и противоправную информацию, доверять только официальным сообщениям Генеральной прокуратуры, размещаемой на ведомственном интернет - ресурсе. 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

  • 4 авг.32941из GenPr

    БАҚ үшін ақпарат 2026 жылғы 4 тамызда жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында «Әділет» саяси партиясының қызметіндегі тексеру нәтижелері мен анықталған бұзушылықтар туралы Бас прокуратураның баспасөз хабарламасы жарияланды. Бұл көрінеу жалған ақпарат болып табылады, Бас прокуратура мұндай сипаттағы хабарламаны жарияламаған, тексеру жүргізбеген. Көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. «Масс-медиа туралы» және «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңдарына сәйкес журналистер мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар ақпараттың анықтығын тексеруге және ол жалған әрі құқыққа қайшы болған жағдайда оны таратпауға міндетті. Осыған байланысты Бас прокуратура заңнаманы сақтауға, жалған және құқыққа қайшы ақпарат таратпауға, ведомстволық интернет-ресурста орналастырылған Бас прокуратураның тек ресми хабарламаларына сенуге шақырады. 🌐 https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП