tgindex
𝐉𝐞𝐤𝐞 𝐤𝐢𝐭𝐚𝐩𝐡𝐚𝐧𝐚 📚

𝐉𝐞𝐤𝐞 𝐤𝐢𝐭𝐚𝐩𝐡𝐚𝐧𝐚 📚

Статистика
@JekeKitaphanaaказахский

Кітаптан алған ойларымды осы каналға бөлісемін

Последний пост
8 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
18
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
15 авг.
Подписчики
159
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
103
18 постов
Вовлечённость
64,8%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 18
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
48
1/48двое суток
55
1/72трое суток
59

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 8 авг.37из erlanmataibaev

    Ин шәә Аллаһ Ертеңге жоспар құрып қойдым!!! Бірақ таңда оянбай қалсам ше? Оған жоспар құрмадым ғой…

  • без подписи

  • 5 авг.52из rahy1

    Бүгін өмірімде өзіме үлкен сабақ болған бір оқиғаға куә болдым. Жұмыс істеп жүргенімде бір құс дәл көз алдымнан ұшып бара жатып, кенет жан тапсырды. Сол сәтте күллі жаратылыстың ақыры бар екенін тағы бір мәрте терең сезіндім. ﴿كُلُّ مَنْ عَلَيْهَا فَانٍ ۝ وَيَبْقَىٰ وَجْهُ رَبِّكَ ذُو الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ﴾ «Жер бетіндегі барлық нәрсе жоқ болады. Ұлылық пен құрмет Иесі болған Раббыңның ғана Заты мәңгі қалады.» (әр-Рахман сүресі, 26–27 аяттар) Адам баласы күнделікті тіршіліктің қамымен жүріп, өлімді алыстағы нәрседей қабылдап кетеді. Алайда өлімнің ескертуі тек адам арқылы ғана емес, Алланың кез келген жаратылысы арқылы да келуі мүмкін. Бүгінгі көргенім маған: «Бұл дүниеде ешкім мәңгі емес. Кезек бір күні міндетті түрде бізге де келеді» деген ақиқатты тағы бір еске салды. Уа, Алла! Бізге өлім келмей тұрып тәубе етуді, Өзіңе лайықты құлшылық жасауды және Өзің разы болатын күйде жан тапсыруды нәсіп ете гөр.

  • без подписи

  • без подписи

  • Әлидің режимі

  • Бұл режимде Әли толықтай мешіт-медресесінде тұрады. Мұнда тек жатын орын мен Құран жаттайтын бөлмеде болады. Барлық уақыт Құран жаттауға, қайталауға және ұстазға тапсыруға арналған. Телефон қолданылмайды, күн тәртібі қатаң режиммен ұйымдастырылған.

  • Алланың қалауымен шәкіртіміз Әли медресе жүйесі бойынша телефонын толықтай өткізіп, күн тәртібі мен уақыты минутына дейін жоспарланған арнайы режиммен Құран жаттауын бастады. Алдымызға қойған мақсатымыз – Алла қаласа, 30-ыншы параны толықтай 15 күннің ішінде жаттап, тапсыру. Алла Тағала уақытын берекелі етіп, жаттауын жеңілдетсін, ілімін арттырып, Құранның қызметшілерінен етсін. Әмин.

  • 26 июл.72из hanafiit

    Тіпті кіші күнәлардың өзін азсынушы болма. Бәлкім, дәл қазір сенің басыңнан өтіп жатқан қиындықтар, сол бір кіші күнәлардың себебінен шығар… ©️Имам әл-Ғазали (рахимаһулла)

  • без подписи

  • кітапханама жаңа еңбектер қосылды +24

  • 10 июн.224из hanafiit

    Әлеуметтік желіге кірсең, кеше ғана орамалымен насихат айтып жүрген, ұят пен ибаның үлгісі болған кейбір қыздардың орамалын шешіп жатқанын көресің. Сондай сәтте жүрекке бір мұң ұялайды… Өйткені біз орамалды жай ғана киім деп көрмейміз. Ол — Алланың әміріне мойынсұнудың белгісі. Ол — пенде мен Раббысының арасындағы сыр. Ол — жүректегі иманның сыртқы көрінісі. Бірақ біз адамдардың жүрегінде не болып жатқанын білмейміз. Қанша көз жасы төгілді, қанша сынақтан өтті, қанша ішкі күрес болды — оны бір Алла ғана біледі. Сондықтан оларды жазғыруға да, үстінен үкім шығаруға да асықпайық. Бәлкім, бүгін орамалын шешкен қарындасымыздың жүрегі қазірдің өзінде оны сағынып жүрген шығар. Бәлкім, әр айнаға қараған сайын бұрынғы күндерін есіне алатын шығар. Бәлкім, түннің бір уақытында: «Уа, Раббым! Мені қайтадан Өзіңе қайтаршы…» деп көз жасын төгіп жүрген шығар. Біз адамдардың бүгінгі қалпын ғана көреміз. Ал Алла олардың жүрегіндегі сағынышты, өкінішті және қайта оралуға деген үмітті де көреді. Сондықтан қарындастарымыз үшін дұға етейік. «Уа, Алла! Оларды тура жолға қайта сал, жүректерін иманмен нұрландыр, орамалдарын бұрынғысынан да абыройлы етіп қайта кигіз» деп тілейік. Өйткені хидаяттың есігі жабылған жоқ. Тәубенің есігі де жабылған жоқ. Бүгін алыстаған жан ертең Аллаға бәрімізден жақын болуы мүмкін. Қаншама адам күнәнің түбінен көтеріліп, тура жолға түсті. Қаншама жан адасып барып, кейін Раббысын бұрынғыдан да қатты сүйді. Сондықтан ешкімнен үміт үзбейміз. Уа, қарындасым! Егер бұл сөздер саған жетсе, білгін: Аллаға қайтаратын жол әлі де ашық. Сенің орамалың сені күтіп тұр. Сенің сәждең сені күтіп тұр. Ең бастысы — сені Раббыңның мейірімі күтіп тұр. Қайтып кел. Өйткені Аллаға қарай жасалған бір қадамға, Алла Тағала пендесіне мейірімімен одан да жақын болады. Алла Тағала барлық мұсылман қыздарға истиқамат нәсіп етіп, жүректерін дінінде бекем етсін. Әмин.

  • бұйыртса ертен

  • үлкен кісілерге бүгін кешкі 8 де орталық мешіт сыныбында

  • қосымша құран жаттау немесе намаз оқып үйренгісі келетіндерге жеке уақыт қоямыз

  • Әлхамдулиллаһ, Аягөз мешітіндегі сабақтарға дайындық басталды. Бұйыртса, ертеңнен бастап балаларға арналған «Имани жаз» сабақтарын бастаймыз. Үлкендерге арналған кешкі дәрістердің уақыты мен орны қосымша хабарланады.

  • бір қуанып жатқанымыз бар енді

  • без подписи