tgindex
🇰🇿HISTORY🇰🇿

🇰🇿HISTORY🇰🇿

Статистика
@Otuken89Музыкаказахский

Канал авторы: мен Уразов Ержан Берікұлы, педстаж-16 жыл (ҰБТ-ға дайындаудан да 16 жыл), педагог-зерттеушімін.Жұмыс орным: Орал қаласы, Abyroi school Oral, 1-филиал Qazaq history+World history+Music+News

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
14 авг.
Постов за неделю
9
Всего постов
26
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Музыка
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
416
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
35
26 постов
Вовлечённость
8,4%
к подписчикам
Постов в день
1,3
всего 26
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
27
1/48двое суток
30
1/72трое суток
33

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Ұстаздарға қатысты ақпарат

  • без подписи

  • 14 авг.28из Otuken89

    1946 жылдың 14 тамызында ВКП/б/ Орталық Комитетінің "Звезда" және "Ленинград" журналдары туралы қаулысы жарияланды.Қаулыда осы басылымдардағы М.Зощенко мее А.Ахматованың туындылары тұрпайы әлеуметшілдік сын тұрғысынан талданып, түкке алғысыз етілді.Әдебиет пен өнерге партиялық басшылық қатайтыла түсті.

  • без подписи

  • без подписи

  • 13 авг.30из Otuken89

    1961 жылдың 13 тамызында Герман Демократиялық Республикасы Бранденбург қақпасын жауып, Берлиннің шығыс бөлігі мен батыс бөлігінің арасындағы демаркациялық белгілер орнатылып, "Берлин қабырғасы" аталып кеткен дуал тұрғызылды.

  • 12 авг.381из Otuken89

    1865 жылдың 12 тамызында ағылшын хирургы Джозеф Листер операция барысында саймандарды дезинфекциялауға, қол жууға алғаш рет карбол қышқылын /фенол/ пайдаланды.Осыдан кейін-ақ хирургиялық операциялардан қайтыс болатын адамдар саны екі есеге кеміп шыға келген.

  • 12 авг.331из Otuken89

    1851 жылдың 12 тамызында американдық өнертапқыш Исаак Меррит Зингер тігін машинасына патент алды.Негізгі жаңалығы - аяқ педалін орнатып, ісмердің екі қолын босатқаны.Зингер машинасы қазақ даласына да әжептәуір тараған.

  • 12 авг.331из Otuken89

    1748 жылдың 12 тамызында Барақ сұлтан /Орта жүз сұлтандарының бірі, Әлихан Бөкейханның арғы атасы/ Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтірді.Төле би Барақ сұлтанды ақтап шешім шығарғанына қарамастан, Әбілқайыр жақтастары Барақ сұлтанды екі жылдан кейін өлтірген.

  • 10 авг.411из Otuken89

    1941 жылдың 11 тамызында Черчилль мен Рузвельт Ньюфаулендтегі траверстің әскери кемесінде кездесіп Атлантика хартиясына қол қойды.14 тамызда жарияланған ол құжатта соғыстан кейін көзделген территориялық өзгерістер баяндалған, әрі екі елдің алдағы кезде адам құқын қорғау ісін баяндауды жүргізуге бекінгені мәлімделген.

  • 10 авг.381из gylym_jogary_bilim

    ⏩ТАМЫЗ ҰБТ-СЫ БАСТАЛАДЫ Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 14 тамызға дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 30 мыңнан астам өтініш қабылданды. ҰБТ-ға қатысушылардың 65%-ы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде,  100 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. Өткізудің бірінші күні 6,7 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырады. Тамыз ҰБТ-сына биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері, қандастар (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері), шетелде орта білім алған түлектер, шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер, басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ сондай-ақ алдыңғы оқу жылында шекті балл жинамаған және ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылданған тұлғалар қатысады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⏩НАЧАЛОСЬ АВГУСТОВСКОЕ ЕНТ Сегодня стартовало августовское ЕНТ, которое продлится до 14 августа. На участие в тестировании было принято более 30 тысячи заявлений. 65% сдающих ЕНТ изъявили желание пройти тестирование на казахском языке, 35% – на русском, 100 человек – на английском языке. В первый день проведения ЕНТ сдают более 6,7 тыс. человек. В августовском ЕНТ принимают участие выпускники школ и колледжей текущего года и прошлых лет, кандасы (лица казахской национальности, не являющиеся гражданами Республики Казахстан), выпускники организаций среднего образования, обучавшиеся за рубежом, студенты, желающие перевестись с творческих образовательных программ на другие направления подготовки, с других образовательных программ на педагогические направления, а также лица зачисленные в вузы на платной основе, не набравшие пороговые баллы в предыдущем учебном году. 🔗 Подробнее: gov.kz

  • без подписи

  • 10 авг.381из Otuken89

    1921 жылдың 10 тамызында Канаданың Кампобелло аралында демалып жатқан Франклин Делано Рузвельттің аяғы полиомелит ауруынан біржола семіп /жансызданып/ қалды.Көп ұзамай, ерік-жігерінің арқасында әйелі Элеонора Рузвельтттің /БҰҰ-ны құруды ұсынушылардың бірі/ көмегімен Рузвельт қоғамдық қызметке қайта оралып, табыстарға жетті.1932 жылы АҚШ президенті болып сайланды.Рузвельт - АҚШ президенті қызметін қатарынан төрт мерзім атқарған жалғыз адам.

  • 10 авг.301из Otuken89

    1793 жылдың 10 тамызында Парижде Лувр музейі ашылды.

  • 10 авг.331из Otuken89

    1792 жылдың 10 тамызында көтеріліске шыққан париждіктер корольдің Тюильри сарайына шабуыл жасады.Француз революциясы жаңа кезеңге аяқ басты.

  • 10 авг.351из Otuken89

    1675 жылдың 10 тамызында Гринвич обсерваториясының негізі қаланды.Гринвич арқылы әзелгі (нольдік) меридиан өтетін болып белгіленген, Гринвич уақыты - әлемдік уақыт саналады.

  • 10 авг.361из Otuken89

    1539 жылдың 10 тамызында Франция королі Франциск І елде мемлекеттік тіл енгізді.Мұнан былай ресми құжаттардың бәрі де латын тілінде емес, французша толтырылатын болды.

  • без подписи

  • 9 авг.411из Otuken89

    1910 жылдың 9 тамызында Чикаго тұрғыны Альва Фишер /Alva John Fisher/ электрлі кіржуғыш машинаға патент алды.Оған дейінгі кіржуғыш машиналар қолмен бұралатын.

  • 8 авг.491из Otuken89

    117 жылдың 8 тамызында Үндістанға жорыққа шыққан жерінде Рим императоры Траян өлді."Қарадан шығып хан болған" /асырап алынған бала/ император.Халықтың әл-ауқатына көп көңіл бөліп, салық саясатын жетілдірген, хал-күйі нашарларға қарасатын қор құрған.Сол кездің өзінде алиментті енгізген.