tgindex
𝗧𝗼𝗹𝗶𝗯 𝗮𝗹-𝗔𝘇𝗵𝗮𝗿𝗶

𝗧𝗼𝗹𝗶𝗯 𝗮𝗹-𝗔𝘇𝗵𝗮𝗿𝗶

Статистика
@Tolib_eказахский

Пайдалы жазбалармен бөлісуге тырысамын.

Последний пост
27 июл.
Последнее чтение
13 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
217
0 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
217
20 постов
Вовлечённость
100,0%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
3
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
74
1/48двое суток
84
1/72трое суток
91

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • видео или голосовое, без подписи

  • Екі жылдан кейін қайта келіп зиярат еттім. Студенттік күндер бір сағынышпен еске түсті. Алла сол күндердің берекесін нәсіп еткеніне шүкір.

  • 0-ден бастап Құранды жүзінен дұрыс оқып үйренгісі келетін ер азаматтарға арналған онлайн Құран курсы. Толық ақпарат +7 777 043 8191

  • 6 июл.1 15735

    0-ден бастап Құранды жүзінен дұрыс оқып үйренгісі келетін ер азаматтарға арналған онлайн Құран курсы. Толық ақпарат +7 777 043 8191

  • 3 июл.13861из kuanysh_malik

    Осы орайда жан жарымa ерекше алғысымды білдіргім келеді. Себебі YouTube арнамдағы барлық видеоларды өңдеп, Instagram парақшамды жүргізіп, менің дамуыма үлкен үлесін қосып келеді. Әрдайым қолдап, жігер беріп: «Сіз ертең үлкен ұстаз боласыз, сіз оқыңыз, бала-шағаға мен қараймын» деп демеуін аямайды. Тіпті: «Маған көйлек алып бергенше, кітап алыңыз. Біз әлі студентпіз» деп, дүниелік нәрседен бұрын ілімге басымдық беруге шақырып, барынша қолдау көрсетеді. Мұндай түсіністік пен қолдау — үлкен нығмет. Алла Тағала разы болып, отбасыма береке нәсіп етсін. Жақсылықтың бәрі — Алланың қалауымен.

  • 2 июл.1424из Tolib_e

    Мұхаммед пайғамбар (ﷺ) айтты: «Кімде-кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он мәрте салауат етеді, одан он күнәсін өшіреді әрі оның дәрежесін он есеге көтереді». 📚Мишкәт

  • 23 июн.1395из meraserlan

    Бүгін Мысырдағы қазақ шәкірттермен Шейхул-ислам Бурһануддин әл-Марғинәнидің (Алла Тағала ол кісіні рақымына бөлесін) «әл-Һидая» еңбегінің ғибадат бөлімін аяқтадық.

  • видео или голосовое, без подписи

  • Әлхамдулиллаһ, 3-курсты аман-есен тәмамдадық. Артымызда еңбек пен ізденіске толы бір белес қалды. Алла тағала алған білімімізді пайдалы етіп, келесі оқу жылына жетуді нәсіп етсін!

  • Пайғамбарымыз ﷺ ибн Мәсғуд жайылы: Кім Құранды дәл түскен күйіндей оқуды қаласа, оны Ибн Умм Абдтың қырағатымен оқысын. Абдуллаһ ибн Мәсғуд (р.а.) – Куфа мектебінің қалыптасуына себепші болған ұлы сахаба. Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) өз халифалығы кезінде оны Куфаға ұстаз әрі қазы етіп жібереді. Сол кезде Куфа халқына хат жазып: «قَدْ آثَرْتُكُمْ بِعَبْدِ اللهِ عَلَى نَفْسِي» «Абдуллаһ ибн Мәсғудтың өз қасымда болғанын қалар едім. Алайда оны өзімнен артық көріп, сендердің игіліктерің үшін сендерге жібердім», – дейді. Абдуллаһ ибн Мәсғуд (р.а.) – Пайғамбарымыз ﷺ: Құранды төрт кісіден үйреніңдер», – деп мақтаған сахабалардың бірі. Ол Куфада ілім үйретіп, кейіннен Куфалық фиқһ мектебінің негізін қалады. Тіпті, белгілі бір тұрғыдан алғанда, оны Ханафи мәзһабының рухани негізін қалаушылардың бірі деуге болады. Себебі Имам Әбу Ханифаның ілім тізбегі Куфа ғалымдары арқылы Абдуллаһ ибн Мәсғудқа (р.а.) барып тіреледі. 📖التفسير و المفسرون

  • Имам Мәлік өзінің Әл-Муатта еңбегінде: Абдуллаһ ибн Омар «Бақара» сүресін жаттап меңгеруге сегіз жыл уақыт жұмсағанын келтіреді.

  • كدنا نصبح فيلسوفا😁

  • Бір жыл алдын әпшем осылай жазған екен. Сіздерде осылай армандарыңызды жазып жүріңіздер! Орындалып қалар🤲🏻

  • 31 мая16152из khankeldi_sardar

    Қыз баласының білім талап ету үшін бір қаладан екінші қалаға махрамсыз сапарға шығуына бола ма? Өзінің қаласынан сапар мөлшеріндегі қашықтыққа махрамсыз шығуы — үлкен күнәлардың бірі. Ол сол сапарының бүкіл уақытында күнәһар болып есептеледі. Мысалы, сапары екі сағатқа созылса, сол екі сағат бойы күнә істеп жатқан болып саналады. Ал егер Аллаһ сақтасын, сол жолда бір бәле-жалаға ұшырап қайтыс болса, Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы шығып, күнәнің үстінде қайтыс болған болады. Сол секілді оқу орнынан өз үйіне қарай қайтып келе жатқан сапарында да күнәһар болып есептеледі. Ғалымдарымыз былай деген: «Аллаһқа бойсұну үшін, сол құлшылыққа күнә арқылы жетпек болу — қандай жаман нәрсе!» Бұл — шайтанның алдауы. Ол адамға: «Бастысы мақсатың білім алу ғой», – деп сыбырлайды. «Аллаһқа бойсұнуға күнә арқылы жетуге болмайды.» «Мақсатыңның дұрыс болуы харам жолды халал қылмайды. Мақсат тек оған апаратын жол дұрыс әрі шариғатқа сай болғанда ғана құлшылық болып есептеледі.» (Мысалы, мешіт салуды ниет етсең де, оның ақшасын ұрлықпен, өсіммен немесе басқа да арам жолмен табу саған адал болып есептелмейді.) Тура сол секілді, мақсатың білім алып, кейін дінге қызмет ету болса да, оған жету үшін шариғат тыйым салған жолмен жүруге болмайды. Бұл дәл ұрлық жасап, кейін сол ұрлаған малды садақаға берген адамға ұқсайды. Сол сияқты махрамсыз сапарға шығып күнәға батып алып, кейін: «Аллаһ үшін білім алып жатырмын», – деу надандықтың шегі. Сондай-ақ осы іске көмектескендердің бәрі де күнәға ортақ болады. Мысалы, отбасы қыз баласына махрамсыз сапарға шығуға рұқсат берсе немесе біреу оған махрамсыз сапар шегуге болады деп пәтуа берсе, олардың барлығы осы күнәдан өз үлестерін алады. Ұстазымыз Шейх Абдуссалам Шаннар (حفظه الله تعالى)

  • Құрбан айт қабыл болсын баршамызға🤲🏻♥️

  • видео или голосовое, без подписи

  • Емтиханға дайындалу сәтінен✨

  • Жаңа рилс салдым.Инстаграмм парақша қарап кетіңіз

  • 7 мая1652из khankeldi_sardar

    (Африканың Сибауайһы) атанған Саиди Фаузи Кунати حفظه الله-тың Имам Ибн Хишам әл-Ансари رَحِمَهُ اللهُ-тың «شرح قطر الندى وبل الصدى» кітабына жасаған шархының алғашқы сабағының сілтемесі. Бұл дәрісте шейх кітаптың мәтініне кіріспес бұрын, Имам Ибн Хишамның өмірі, ғылыми дәрежесі және «Қотр ән-Нада» кітабының ерекшелігі жайлы өте құнды кіріспе жасайды. Дәріс көптеген пайдалар мен маңызды ғылыми ескертулерге толы. Шейх бұл сабақта: — не үшін кітапты бастамас бұрын осындай ғылыми кіріспе жасау қажет екенін; — кейбір «Шарх Халид», «Шарх Факихи» және Шанауани хашиясының кей нұсқаларында Имам Ибн Хишамның аты мен куниясына қатысты кеткен қателіктерді; — Имам Ибн Хишамның ансарлардан болған Хазраж тайпасына қатысын; — алғашында шафиғи мәзһабында болып, кейін ханбали мәзһабын ұстанғанын әрі (Мухтасар әл-Хирақиды) жаттағанын; — туған және қайтыс болған уақытын әрі ғұмырдағы берекенің әсерін; — оның кейбір ұстаздарын және әсіресе Әбу Хайяннан қатты әсер алғанын; — нахв ілімінде имамдық дәрежесіне жеткенін; — ең мықты еңбектерін; — нахв ғалымдарының арасындағы «Ибн Хишам» куниясымен танылған тұлғаларды; — «قطر الندى وبل الصدى» атауындағы әдеби әрі бәләғаттық нәзіктіктерді; — «Муғни әл-Ләбиб» кітабының атауына байланысты Дамаминидің айтқан сөздерін; — (Қотр ән-Нада) атауындағы сөздердің мағыналары мен астарлы ишараларын; — бұл кітаптың қай деңгейдегі студенттерге арналғанын; — кітаптағы мәселелердің «Әлфиядағы» мәселелермен салыстырғандағы орнын; — Ибн Хишамның тарауларды қандай тәртіппен орналастырғанын; — «Қотр ән-Надаға» жазылған ең маңызды үш шархты; — Имам Ибн Хишамның шархының ерекшелігі мен не үшін басқа шархтардан бұрын оқылуы керек екенін; — Факихи мен ЬИсами шархтарының айырмашылықтарын; — Азһар ғалымдарының ілім алу әдісін; — қолжазбалармен жұмыс істеудің пайдаларын; — (Қотр ән-Наданы) оқу барысында қолданылатын маңызды хашиялар мен тақрирларды; — мағриб ғалымдарының кітап жазудағы әдісін және Ибн Ашурдың ерекшелігін; — «Қотр» мәселелерін ең жақсы талдаған хашияны; — Шейх Әбу Мұса мен Мустафа Имранның ілім түсіндірудегі әдісін; — ілім жолындағы сабыр жайлы насихаттарды; — ілім оқытудың ең дұрыс жолын; — Факихи мен ЬИсами шархтарына жазылған ең мықты хашияларды және тағы да көптеген терең ғылыми мәселелерді қозғайды. Имам Ибн Хишам әл-Ансари رَحِمَهُ اللهُ-тың «قطر الندى وبل الصدى» кітабын біз осы уақытқа дейін шынымен ғылыми түрде оқып жүрдік пе, әлде тек мәтіннің сыртқы қабатымен ғана шектеліп жүрдік пе — мұны осы дәрісті тыңдап өздеріңіз салыстырып көріңіздер. Азһар ғалымдарының мәтіннің әрбір ғибарасына қалай мән беретінін, бір ғана сөйлемнің астынан қаншама нәзік мағына мен ғылыми қағида шығаратынын көрген кезде, классикалық мәтіндердің қалай оқылатынын шынайы түсіне бастайсыздар. Ендеше, осы дәрістен азық алып, кітаптың негізгі мәтініне кіруге дайындалыңыздар. Алла Тағала шейхымызға ұзақ ғұмыр, берекелі ілім нәсіп етіп, бізді сол ілімнен шынайы түрде пайдаланушылардан қылсын.

  • видео или голосовое, без подписи

𝗧𝗼𝗹𝗶𝗯 𝗮𝗹-𝗔𝘇𝗵𝗮𝗿𝗶 — tgindex