YESSENOV UNIVERSITY
СтатистикаСобытия в сфере образования и ВУЗов
- Последний пост
- 29 июл.
- Последнее чтение
- ещё не заходили
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- русский
- Категория
- Образование
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 368
- 1/48двое суток
- 421
- 1/72трое суток
- 454
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
📣28 шілде күні Yessenov University базасында Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын ілгерілетуге арналған республикалық ғылыми-сараптамалық іс-шара өтті🇰🇿 Кездесу барысында Конституция қағидаттарын насихаттау, құқықтық мәдениетті дамыту, заң үстемдігін нығайту және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шара аясында Маңғыстау облысы ПД Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция подполковнигі Сейітхасан Ақәділ Азызбекұлы «Миранда ережесі» тақырыбында баяндама жасап, азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктеріне тоқталды. Сондай-ақ Yessenov University-дің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Ренат Нұрлыбекұлы Шайхаденов «Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің бастауы» тақырыбында баяндама ұсынып, Ата Заңның қоғам дамуы мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөліне назар аударды. Шараға профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен сарапшылар қатысып, Конституция құндылықтарын қоғамда кеңінен дәріптеу және осы бағыттағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. _________________________ 📣28 июля на базе Yessenov University состоялось республиканское научно-экспертное мероприятие, посвященное продвижению ценностей Конституции Республики Казахстан🇰🇿 В ходе встречи участники обсудили вопросы популяризации конституционных принципов, развития правовой культуры, укрепления верховенства закона и повышения гражданской ответственности. С докладом на тему «Правило Миранды» выступил старший следователь по особо важным делам Следственного управления ДП Мангистауской области, подполковник полиции Сейтхасан Акадил Азызбекулы. О роли Конституции в развитии общества и укреплении правового государства рассказал руководитель антикоррупционной комплаенс-службы Yessenov University Ренат Нурлыбекович Шайхаденов, представив доклад на тему «Новая Конституция — начало нового этапа». В мероприятии приняли участие профессорско-преподавательский состав, молодые ученые и эксперты, выразив готовность к дальнейшему сотрудничеству в деле популяризации конституционных ценностей и укрепления правовой культуры в обществе. #yessenovuniversity
📣Yessenov University-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясында «Маңғыстау облысы кен орындарының мұнай қабаттарындағы парафинді шөгінділердің түзілу процестерін зерттеу» ғылыми жобасы іске асырылуда. Жоба мұнай қабаттарының мұнай беру коэффициентін арттыруға және асфальт-шайырлы-парафинді шөгінділердің түзілуінің алдын алудың тиімді технологияларын әзірлеуге бағытталған🛢️ Зерттеу барысында қабат мұнайы кешенді түрде талданып, температуралық өзгерістердің әсері зерттелуде, сондай-ақ керн материалында эксперименттер жүргізіліп, тиімді химиялық реагенттер іріктелуде. Алғашқы кезеңде Өзен кен орны мұнайының ерекшеліктері зерттеліп, парафиндердің түзілу механизмдері мен негізгі температуралық сипаттамалары анықталды. Жобаға университеттің жас ғалымдары мен докторанттары белсенді қатысуда. Қазіргі таңда зерттеу нәтижелері бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми басылымдарында екі мақала және Scopus деректер базасында индекстелетін халықаралық журналда бір ғылыми мақала жарияланып, мұнай-газ саласына арналған инновациялық технологияларды әзірлеуге берік ғылыми негіз қалыптастырылды🇰🇿 _________________________________ 📣В Yessenov University в рамках грантового финансирования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализуется научный проект «Исследование процессов образования парафиновых отложений в нефтяных пластах месторождений Мангистауской области». Его цель — разработка эффективных технологий предупреждения образования асфальтосмолопарафиновых отложений и повышение нефтеотдачи пластов🛢️ В ходе проекта проводятся комплексные исследования пластовой нефти, изучается влияние температурных изменений, выполняются эксперименты на керновом материале и подбираются эффективные химические реагенты. На первом этапе уже получены новые научные данные о механизмах образования парафиновых отложений на месторождении Узень, которые станут основой для дальнейших технологических разработок. В реализации проекта активно участвуют молодые ученые и докторанты университета. По результатам исследований уже опубликованы две статьи в научных изданиях, рекомендованных Министерством науки и высшего образования РК, а также одна статья в международном журнале, индексируемом в базе Scopus, что подтверждает научную значимость проекта и его вклад в развитие нефтегазовой отрасли Казахстана🇰🇿 https://youtu.be/JT12gQifsZc?si=zD3AMXBPFrWnAnph #yessenovuniversity
без подписи
Сіздерді еліміздің мақтанышы, Тәуелсіз Қазақстанның символы – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!🇰🇿 Астана – тұрақты дамудың, жаңашылдықтың, білім мен ғылымның, бірлік пен жасампаздықтың ордасы. Елордамыздың қарқынды дамуы – мемлекетіміздің жарқын болашағының айқын көрінісі. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс және еліміздің өркендеуі жолындағы игі істеріңізге сәттілік тілейміз! ____________________ От всей души поздравляем вас с Днем столицы Республики Казахстан!🇰🇿 Астана — символ независимости, единства и динамичного развития нашей страны, город новых возможностей, образования, науки и инноваций. Желаем вам крепкого здоровья, благополучия, новых достижений и успехов во всех начинаниях. Пусть наша столица и дальше вдохновляет на созидание, а Казахстан процветает и уверенно движется вперед! #yessenovuniversity
без подписи
📣Білім беру гранты конкурсына құжат қабылдау басталады!📑 Құрметті талапкерлер! Егер сіз ақылы бөлімге түсуді жоспарласаңыз, құжаттарыңызды 20 маусымнан бастап жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы тапсыра аласыз. Ал мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысатын талапкерлер өтініштерін 13–20 шілде аралығында тапсырады. Дәл осы кезеңде мамандық пен жоғары оқу орнын таңдау жүзеге асырылады. Құжаттарды кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы өткізуге болады. 📅Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. 📄Грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімімен танысып, құжаттарыңызды алдын ала дайындауды ұсынамыз. Қабылдау, шығармашылық және арнайы емтихандар, білім беру бағдарламалары немесе басқа да сұрақтар бойынша Yessenov University қабылдау комиссиясына хабарласуға болады. Сәттілік тілейміз! _______________________________ 📣Стартует прием документов для участия в конкурсе образовательных грантов!📑 Уважаемые абитуриенты! Если вы планируете поступать на платной основе, подать документы в приемную комиссию вуза можно с 20 июня. Если вы участвуете в конкурсе на государственный образовательный грант, заявления принимаются с 13 по 20 июля. В этот период абитуриенты выбирают образовательную программу и вуз. Подать документы на конкурс можно через приемную комиссию любого высшего учебного заведения. 📅Список обладателей образовательных грантов будет опубликован до 10 августа. 📄Ознакомьтесь с перечнем необходимых документов и подготовьте их заранее. По вопросам поступления, творческих и специальных экзаменов, образовательных программ и условий обучения обращайтесь в приемную комиссию Yessenov University. Желаем удачи и успешного поступления! #yessenovuniversity
без подписи
🎓26 маусым күні Yessenov University-де өткен Yessenov Graduation 2026 салтанатты диплом табыстау рәсімі 5 мыңнан астам адамды біріктірді. Yessenov Stadium аумағында ашық аспан астында халықаралық заманауи форматта ұйымдастырылған шарада 1665 жас маманға жоғары білім туралы диплом табысталды. Биыл 89 түлек оқуын үздік аяқтап, 250 жас магистр дәрежесін иеленді, ал 2 ізденуші PhD докторы атанды. Бүгінде Yessenov University – халықаралық деңгейде мойындалған, өңірдің дамуына үлес қосатын білікті мамандар даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Түлектерімізге ақ жол, жарқын болашақ тілейміз! _______________________________ 🎓26 июня Yessenov University состоялась торжественная церемония Yessenov Graduation 2026, объединившая более 5 тысяч участников. На территории Yessenov Stadium в современном международном формате под открытым небом дипломы о высшем образовании получили 1665 молодых специалистов. В этом году 89 выпускников окончили университет с отличием, 250 получили степень магистра, а двум соискателям была присуждена степень PhD. Сегодня Yessenov University — это современный университет международного уровня, готовящий высококвалифицированных специалистов для развития региона и страны. Поздравляем наших выпускников и желаем им успешного профессионального пути! #yessenovuniversity
без подписи
📣10 маусым күні Yessenov University-де Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген Біріккен Ұлттар Ұйымы делегациясының ресми кездесуі өтті. Делегация құрамында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча бастаған БҰҰ агенттіктерінің өкілдері, сондай-ақ ЮНИСЕФ, БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), ЮНФПА, Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ), БҰҰ Әйелдер құрылымы, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) және БҰҰ жүйесіне кіретін өзге де ұйымдардың басшылары мен мамандары болды🇺🇳 Сапардың негізгі мақсаты – университет базасында құрылған UNICEF Hub қызметімен және өңірде жүзеге асырылып жатқан «ЮНИСЕФ Жастары» бағдарламасының нәтижелерімен танысу болды. Кездесу барысында қонақтарға UNICEF Zhastary платформасының мүмкіндіктері, жастардың волонтерлік және қоғамдық бастамаларға қатысу тәжірибесі, сондай-ақ жас көшбасшылар жүзеге асырып жатқан жобалар таныстырылды. Іс-шара барысында ЮНИСЕФ пен Yessenov University арасындағы серіктестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Еске сала кетейік, 2026 жылдың ақпан айында тараптар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, университет аумағында жастарға арналған заманауи кеңістік – UNICEF Hub ашылған болатын. Бүгінде хаб білім беру бағдарламаларын, волонтерлік бастамаларды және көшбасшылық қабілеттерді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыратын маңызды орталыққа айналды. БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча өз сөзінде халықаралық ұйымдардың, білім беру мекемелерінің және жастардың күш-жігерін біріктіретін осындай бастамалар өңірлердің тұрақты дамуына негіз болатынын атап өтті. Сондай-ақ ол университетпен серіктестіктің маңыздылығына тоқталып, жергілікті деңгейде жүзеге асырылатын жобалар жаһандық өзгерістердің негізін қалайтынын жеткізді. Кездесу қорытындысы жастардың әлеуетін дамытуға бағытталған инвестициялардың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап, ЮНИСЕФ пен Yessenov University арасындағы ынтымақтастық Маңғыстау жастары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын көрсетті. ____________________________ 📣10 июня Yessenov University посетила делегация Организации Объединённых Наций в рамках рабочей поездки в Мангистаускую область. В состав делегации вошли представители агентств ООН во главе с Постоянным координатором ООН в Казахстане Саранго Раднарагча, а также руководители и представители ЮНИСЕФ, ПРООН, ЮНФПА, Международной организации по миграции, структуры «ООН-женщины», Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН (ФАО) и других организаций системы ООН🇺🇳 Основной целью визита стало знакомство с деятельностью UNICEF Hub, созданного на базе университета, а также результатами реализации программы «ЮНИСЕФ Жастары» в регионе. В ходе встречи гостям были представлены возможности платформы UNICEF Zhastary, опыт участия молодежи в волонтерских и общественных инициативах, а также проекты, реализуемые молодыми лидерами. Особое внимание было уделено развитию партнерства между ЮНИСЕФ и Yessenov University. Напомним, что в феврале 2026 года между сторонами был подписан Меморандум о сотрудничестве, а на территории университета открылся UNICEF Hub — современное пространство для молодежи, где реализуются образовательные программы, волонтерские инициативы и проекты по развитию лидерских навыков. Сегодня хаб является площадкой для объединения активной молодежи Мангистауской области и реализации совместных инициатив. По словам Постоянного координатора ООН в Казахстане Саранго Раднарагча, именно такие проекты способствуют устойчивому развитию регионов, объединяя усилия международных организаций, образовательных учреждений и молодежи. Она подчеркнула важность сотрудничества с университетом, отметив, что локальные инициативы становятся основой для глобальных изменений. Визит делегации подтвердил значимость инвестиций в развитие молодежного потенциала и показал, что сотрудничество ЮНИСЕФ и Yessenov University открывает новые возможности для молодых людей Мангистауской области, позволяя им становиться активными участниками позитивных изменений как на региональном, так и на международном уровне. #yessenovuniversity
📣4 маусым күні Yessenov University-де Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультеті мен Yandex Qazaqstan серіктестігінде ұйымдастырылған «Yandex Qazaqstan – IT Әңгіме» іс-шарасы өтті🖥️ Кездесу барысында ТМД елдеріндегі Yandex Maps API дамыту жөніндегі директоры Асылхан Баймағанбетов пен Yandex Maps API Product Manager-і Абай Сериков IT саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи технологиялар, цифрлық өнімдерді дамыту және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Іс-шара аясында қатысушылар спикерлермен еркін форматта пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, нетворкинг ұйымдастырылып, студенттер мен жас мамандар кәсіби байланыстарын кеңейту мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында өткен викторинаға қатысушылар белсенділік танытып, жеңімпаздарға «Алиса» смарт-станциялары сыйға тартылды. Аталған іс-шара студенттер мен жас мамандарға IT индустриясының өзекті бағыттарымен танысуға, саланың жетекші мамандарынан тәжірибе алуға және кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашуға септігін тигізді🛜 _________________________ 📣4 июня в Yessenov University состоялось мероприятие «Yandex Qazaqstan – IT Әңгіме», организованное факультетом компьютерных наук и искусственного интеллекта совместно с Yandex Qazaqstan🖥️ В рамках встречи директор по развитию Yandex Maps API в странах СНГ Асылхан Баймаганбетов и Product Manager Yandex Maps API Абай Сериков поделились своим профессиональным опытом, рассказали о современных технологиях, развитии цифровых продуктов и возможностях карьерного роста в IT-сфере. Участники мероприятия смогли пообщаться со спикерами в открытом формате, задать интересующие вопросы и получить практические рекомендации. Кроме того, в ходе нетворкинг-сессии студенты и молодые специалисты получили возможность расширить круг профессиональных контактов. Особый интерес вызвала викторина, проведённая в рамках встречи. Самые активные участники получили в подарок умные станции «Алиса». Мероприятие стало полезной площадкой для знакомства с актуальными тенденциями IT-индустрии, обмена опытом с ведущими экспертами отрасли и поиска новых возможностей для профессионального развития🛜 #yessenovuniversity
🇰🇿Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тәуелсіздігін, ұлттық бірегейлігін және елдік мұраттарын айқындайтын қасиетті құндылықтар. Олар өткенімізді құрметтеуге, бүгінімізді бағалауға және болашағымызға сеніммен қарауға үндейді. Жастарға сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруді басты міндеттердің бірі санайтын Yessenov University үшін отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік және ұлттық құндылықтарға құрмет көрсету ерекше маңызға ие. Мемлекеттік рәміздеріміз еліміздің бірлігі мен тұтастығының, тұрақтылығы мен өркендеуінің нышаны ретінде әрдайым биікте желбірей берсін! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке және еліміздің игілігі жолындағы толағай табыстар тілейміз! Мереке құтты болсын! __________________________ 🇰🇿Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляем вас с Днём государственных символов Республики Казахстан! Государственный Флаг, Герб и Гимн являются священными символами независимости нашей страны, её единства, истории и национальных ценностей. Они олицетворяют преемственность поколений, любовь к Родине и стремление к созиданию во имя будущего Казахстана. Для Yessenov University, который видит своей миссией подготовку образованных, ответственных и инициативных граждан, особое значение имеют патриотизм, уважение к государственным символам и сохранение национальных ценностей. Пусть государственные символы Республики Казахстан всегда остаются источником гордости, вдохновения и уверенности в завтрашнем дне, а наша страна продолжает уверенно двигаться по пути развития и процветания. Желаем всем крепкого здоровья, благополучия, мира и новых достижений на благо нашей Родины! #yessenovuniversity
🔰 Ғылым – қоғам игілігіне: қазақстандық ғалым күн энергиясымен теңіз суын тұщыландыру жүйесін әзірлеп жатыр ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым – қоғам игілігіне» атты айдары аясында қазақстандық ғалымдардың ғылыми жобалары туралы бейнематериалдар топтамасын жалғастырады. Қазақстан Республикасының ғылымды дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және төмен көміртекті экономикаға көшу жөніндегі стратегиялық міндеттерін іске асыру шеңберінде Yessenov University-де сутегі технологиялары, жаңартылатын энергия көздері және орнықты энергетика бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер белсенді жүргізіледі. Аталған бағыттағы маңызды ғылыми жұмыстарды университеттің жас ғалымы, PhD докторы, «Энергетика» кафедрасының меңгерушісі Дінмұхамбет Баимбетов жүзеге асырып жатыр. Зерттеу жұмыстары жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, теңіз суын тұщыландыру технологияларын жетілдіру, сондай-ақ энергетика секторын декарбонизациялау мәселелерін қамтиды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔰 Наука – во благо общества: казахстанский ученый разрабатывает систему опреснения морской воды на солнечной энергии Министерство науки и высшего образования РК продолжает серию видеоматериалов о научных проектах казахстанских ученых в рамках рубрики «Наука – во благо общества». В рамках реализации стратегических задач Республики Казахстан по развитию науки, укреплению энергетической безопасности и переходу к низкоуглеродной экономике в Yessenov University активно проводятся научные исследования в области водородных технологий, возобновляемых источников энергии и устойчивой энергетики. Важные научные исследования в данном направлении осуществляет молодой ученый университета – PhD доктор, заведующий кафедрой «Энергетика» Динмухамбет Баимбетов. Исследовательские работы включают вопросы использования возобновляемых источников энергии, совершенствования технологий опреснения морской воды, а также декарбонизации энергетического сектора. 🔗 Подробнее: gov.kz
📣Құрметті отандастар! Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — мейірім мен жанашырлықты, бірлік пен ізгілікті дәріптейтін, адам баласын рухани тазалыққа үндейтін ерекше мейрам. Құрбан айт – татулық пен бауырмалдықтың, өзара қолдау мен қайырымдылықтың жарқын көрінісі. Осындай ізгі мерекеде әр шаңыраққа амандық, береке, қуаныш пен молшылық тілейміз. Жүректеріңізге тыныштық орнап, әрбір игі ниет пен ақ тілектеріңіз қабыл болсын! Yessenov University ұжымы баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілейді. Қасиетті Айт мерекесі елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық, әр отбасына шаттық пен құт әкелсін! Құрбан айт құтты болсын!🌙 __________________________________ 📣Дорогие соотечественники! От всей души поздравляем вас со священным праздником Курбан айт! Этот светлый праздник олицетворяет милосердие, доброту, единство и духовное обновление, напоминая о важности взаимопомощи, уважения и человечности. Курбан айт объединяет людей вокруг вечных ценностей — мира, согласия, заботы о ближних и стремления к добрым делам. В этот особенный день желаем каждому дому благополучия, тепла, гармонии и достатка. Пусть все добрые намерения и искренние молитвы будут приняты! Коллектив Yessenov University желает вам крепкого здоровья, семейного счастья, мира и успехов во всех начинаниях. Пусть праздник Курбан айт принесёт в ваши дома радость, спокойствие и благополучие! С праздником Курбан айт!🌙 #yessenovuniversity
📣21 мая в Yessenov University состоялось торжественное открытие нового учебного корпуса Морской академии⚓️ В мероприятии приняли участие аким Мангистауской области Нурдаулет Килыбай и вице-министр науки и высшего образования Республики Казахстан Талгат Ешенкулов🔖 Новый трёхэтажный учебный корпус общей площадью 4600 кв. м, построенный за счёт собственных средств Yessenov University, стоимостью 1,43 млрд тенге, рассчитан на 900 обучающихся. В настоящее время в Морской академии обучается 350 студентов. Подготовка ведётся по 6 образовательным программам бакалавриата и 4 образовательным программам магистратуры. Инфраструктура нового комплекса включает строевой плац, караульный городок и современную полосу препятствий для подготовки студентов военной кафедры. В день открытия более 130 курсантов приняли военную присягу📍 #yessenovuniversity
📣21 мамыр күні Yessenov University Теңіз академиясының жаңа оқу ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті⚓️ Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов қатысты🔖 Yessenov University-дің жеке қаражаты есебінен салынған, құны 1,430 млрд теңгені құрайтын, жалпы аумағы 4600 шаршы метр болатын жаңа үш қабатты оқу ғимараты 900 білім алушыға арналған. Қазіргі таңда Теңіз академиясында 350 студент білім алуда. Мамандар даярлау бакалавриаттың 6 білім беру бағдарламасы және магистратураның 4 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Жаңа кешеннің инфрақұрылымына әскери кафедра студенттерін даярлауға арналған саптық алаң, қарауыл қалашығы және заманауи кедергілер жолағы кіреді. Ашылу күні 130-дан астам курсант әскери ант қабылдады📍
📣15 мамыр күні Yessenov University базасында «Педагогтардың кәсіби бағдар беру құзыреттілігін дамыту: оқушылардың саналы мамандық таңдауына педагогикалық қолдау көрсету технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының қорытынды сессиясы өтті. Курс барысында мектеп профориентологтары оқушылардың қабілеті мен бейімділігін анықтау, кәсіби диагностика жүргізу, кәсіби бағдар беру технологияларын қолдану бағытында теориялық және практикалық дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар 8–11 сынып оқушылары «Steppe Navigator» платформасына тіркеліп, арнайы диагностикалық зерттеулерден өтті. Біліктілікті арттыру курсына Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, сондай-ақ Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған және Бейнеу аудандарының 165 мектеп профориентолог маманы қатысты. Қорытынды кезеңде курс тыңдаушыларына бағдарламаны сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды📜 Іс-шара барысында «Үздік профориентолог» номинациясының жеңімпазы марапатталып, белсенді қатысушыларға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары мен облыстық білім басқармасы басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды. Қорытынды сессия аясында кәсіби бағдар беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, «Steppe Navigator» ЖШС директоры Дмитрий Судаков «Жасанды интеллектке негізделген деректерге сүйенген кәсіби бағдарлау: Маңғыстау облысындағы пилоттық жобаның нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады📌 ____________________________ 📣15 мая на базе Yessenov University состоялась итоговая сессия курса повышения квалификации на тему «Развитие профориентационных компетенций педагогов: технологии педагогической поддержки осознанного выбора профессии обучающимися». В ходе курса школьные профориентологи совершенствовали теоретические и практические навыки по выявлению способностей и профессиональных склонностей учащихся, проведению диагностики и применению современных технологий профориентационной работы. Также ученики 8–11 классов были зарегистрированы на платформе «Steppe Navigator» и прошли специализированную диагностику. В программе приняли участие 165 специалистов-профориентологов из городов Актау и Жанаозен, а также из Мангистауского, Мунайлинского, Каракиянского, Тупкараганского и Бейнеуского районов. По итогам обучения участникам были вручены сертификаты о прохождении курса📜 В рамках итоговой сессии состоялось награждение победителя номинации «Лучший профориентолог», а также вручение благодарственных писем от имени заместителя акима Мангистауской области и руководителя областного управления образования наиболее активным участникам. Кроме того, в ходе мероприятия были обсуждены актуальные направления профориентационной работы. Директор ТОО «Steppe Navigator» Дмитрий Судаков выступил с докладом на тему «Профориентация на основе данных и искусственного интеллекта: результаты пилотного проекта в Мангистауской области»📌 #yessenovuniversity
✍️Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды **** ✍️Глава государства подписал Указ «О мерах по развитию культуры чтения и формированию читающей нации» t.me/aqorda_resmi
📣14 мамыр күні Yessenov University-де Швецияның Стокгольм қаласындағы Табиғат мұражайының аға ғылыми қызметкері, геолог-палеонтолог, PhD докторы Штефан Киль мен университет ғалымдарының қатысуымен «Oases of Life in the Deep Ocean» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылды🌏 Семинар аясында Штефан Киль, Yessenov University ғалымдары, докторанттары мен магистранттары Маңғыстау өңірінде бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция барысында ежелгі Тетис мұхитында тіршілік еткен акулалардың қазба тістері табылды. Ұзынбас, Кендірлісор және Құланды геологиялық қималарынан анықталған қазба қалдықтарының жасы шамамен 30–40 миллион жылды құрайды және эоцен–олигоцен дәуірлеріне жатады. Ғалымдардың айтуынша, табылған тістер қазіргі ақ акула тұқымдасына жақын жыртқышқа тиесілі болған. Экспедиция академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, Yessenov University мен Швед табиғи тарихи мұражайының қолдауымен жүзеге асырылды🇰🇿🇸🇪 Зерттеу нәтижелері Маңғыстау өңірінің палеонтологиялық және геологиялық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және болашақ ғылыми жаңалықтарға жол ашуға мүмкіндік береді🗺️ _______________________________ 📣14 мая в Yessenov University прошёл научный семинар на тему «Oases of Life in the Deep Ocean» с участием старшего научного сотрудника Музея естественной истории Стокгольма, геолога-палеонтолога, PhD доктора Штефана Киля и учёных университета🌏 В рамках семинара Штефан Киль, учёные, докторанты и магистранты Yessenov University провели совместные научно-исследовательские работы в Мангистауском регионе. Во время экспедиции были обнаружены ископаемые зубы акул, обитавших в древнем океане Тетис. Возраст найденных окаменелостей, обнаруженных в геологических разрезах Узынбас, Кендерлисор и Куланды, составляет около 30–40 миллионов лет и относится к эпохам эоцена и олигоцена. По мнению учёных, найденные зубы принадлежали хищнику, близкому к современному виду белой акулы. Экспедиция была организована в рамках программы академической мобильности при поддержке Yessenov University и Шведского музея естественной истории🇰🇿🇸🇪 Результаты исследований подтверждают высокий палеонтологический и геологический потенциал Мангистауского региона, а также открывают новые возможности для международного научного сотрудничества и будущих открытий🗺️ #yessenovuniversity