AI habar | Технология жаңалықтары
Статистика✅ Жасанды интеллект әлеміндегі соңғы трендтер мен жаңалықтар. Күнделікті жұмысты жеңілдететін лайфхактар мен туториалдар.🤖 Бәрі қарапайым әрі түсінікті тілмен.
- Последний пост
- 8 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 22
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Технологии
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 524
- 1/48двое суток
- 600
- 1/72трое суток
- 647
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
🤯 Агенттерге арналған 90 684 скилл - бір жерде! Hermes әзірлеушілері Claude Code, Codex, Cursor және басқа да AI-агенттерге арналған мыңдаған дайын дағдыларды бір жерге жинаған. • Сайтта 190 санат бар — кодинг, бизнес, креатив, әлеуметтік желілер, музыка, дизайн және тағы басқалары; • Барлық скиллдер танымал AI-агенттермен үйлесімді; • Ыңғайлы іздеу жүйесі бар — қажетті скиллді қолмен іздеп отырудың қажеті жоқ; • Әр скилл бойынша толық құжаттама берілген. Вайбкодерлер үшін нағыз қазына. 🔥 Сілтеме.
🔥 Alibaba ChatGPT-ге жаңа бәсекелес ұсынды: 2,4 триллион параметрі бар Qwen3.8-Max таныстырылды Қытайлық Alibaba компаниясы жаңа буындағы Qwen3.8-Max тілдік моделін таныстырды. Бұл — Qwen модельдер отбасының бүгінге дейінгі ең ірі жаңартуы. Компанияның мәліметінше, модельдің 2,4 триллион параметрі бар және 1 миллион токенге дейінгі контексті өңдей алады. Әзірлеушілердің айтуынша, Qwen3.8-Max бағдарламалау, логикалық ойлау және ұзақ уақыт автономды түрде күрделі тапсырмаларды орындау қабілетін айтарлықтай жақсартқан. Тестілеу барысында жасанды интеллект ешқандай сыртқы көмексіз oh-my-cli атты ашық бастапқы кодты фреймворкты өзі жасап шығып, ол қазірдің өзінде GitHub платформасында жарияланған.
Google-ден бірден 3 жаңарту шықты 3.6 Flash. Бұрынғыдан арзан және ақылды. Қарапайым тілмен бұрын 100 теңге кететін жерге қазір 83 теңге кетеді. Ал миы 50%-дан 64%-ға өскен Flash Lite. Ең жүйрігі. Интернет ақтарып, құжат оқуға арналған. Күттірмейді Flash Cyber. Қорғанысқа арналған. Сайттағы қауіпті жерлерді арзанға тауып береді Бәрі қазірдің өзінде Gemini ішінде бар
🚨ҚАЗАҚСТАНДА 31 ЖАҢА МАМАНДЫҚ ПАЙДА БОЛАДЫ! Қазақстанда автомобиль саласында 31 мүлдем жаңа мамандық пайда болады, ал тағы 22 мамандық заман талабына сай трансформацияланады Жаңа мамандықтар мына бағыттарда ашылады: 🔹 машина жасау 🔹 үдерістерді роботтандыру және робототехника 🔹 цифрлық машина жасау және зияткерлік өндірістік жүйелер 🔹 машина жасаудағы цифрлық технологиялар 🔹 өнеркәсіптік дизайн және технологиялар 🔹 кері инжиниринг Бұл жай жоспар емес. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, осының негізінде ЖОО-лар қазірдің өзінде білім беру бағдарламаларын жаңартып жатыр. Ол үшін 73 мың кәсіпорынға ауқымды сауалнама жүргізілген, оның 92-сі тікелей автопром саласынан Неге мұнша асығыс? Себебі алдағы 3 жылда ғана автомобиль өнеркәсібіне 10 мыңнан астам инженер мен білікті жұмысшы қажет Ол үшін 9 салалық және 20 өңірлік жаңа мамандықтар атласы әзірленді. Бұл бүкіл циклді қамтиды: жобалау мен өндірістен бастап, пайдалану, сервис, логистика және қуаттау инфрақұрылымына дейін.
Қазақстандық Higgsfield енді жай ғана видеогенератор емес. Higgsfield Apps платформасын іске қосты. Мұнда сіз сөзбен түсіндіресіз, ал Claude Fable 5 нейрожелісі мықты инженер деңгейінде код жазады. Жүйе дайын өнімді хостингке автоматты түрде орналастырады және ішіне Higgsfield-тің фото мен видео жасау модельдері енгізілген. Бірақ Higgsfield өз технологиясын емес, бөтен модельді дайын деплоймен бірге сатып отыр. Егер Claude үшін тікелей ақша төлеп жүрсеңіз, дәл осы қызметке екінші рет төлеудің қажеті бар ма деген сұрақ туындайды.
GPT 5.6 енді барлық қолданушыға қолжетімді OpenAI алдағы 24 сағат ішінде жаңа модельдерін баршаға ашады. GPT 5.6 Terra (GPT 5.5 деңгейінде бірақ тиімдірек) және оның шағын нұсқасы GPT 5.6 Luna тегін беріледі. Ал ең қуатты GPT 5.6 Sol тек ақылы жазылымда болады. OpenAI өз экожүйесін де айтарлықтай жаңартты: ✅ Codex пен ChatGPT біріктірілді Енді компьютердегі бағдарлама толыққанды көмекшіге айналды. Жасанды интеллект сіздің файлдарыңызбен құжаттарыңызбен кестелеріңізбен және браузермен жұмыс істей алады. Оның күшін толық пайдалану үшін бағдарламашы болу міндетті емес. ✅ ChatGPT Work Бұл GPT 5.6 негізіндегі жұмысқа арналған жаңа көмекші. Ол Claude Cowork жүйесінің баламасы. Бұл көмекші тапсырмаларды өзі шешеді әріптестерге хат жазады құжаттар жасап оларды жүктей алады. «ChatGPT Work қолдануды үйренудің ең жақсы жолы оған өзіңіз жақсы білетін тапсырманы беру» деп кеңес береді әзірлеушілер.
🔥 ChatGPT енді сізбен адам сияқты сөйлесе алады OpenAI GPT Live деп аталатын жаңа дауыстық жасанды интеллект моделін таныстырды. Бұл технология адамдармен барынша табиғи сөйлесу үшін жасалған. GPT Live басты ерекшелігі екі жақты байланыс архитектурасын қолданады. Соның арқасында жасанды интеллект бір уақытта сізді тыңдап, жауап бере алады. Әңгіме үзілмей жалғасады, сөйлесу барысы табиғи болады және контекст жақсы сақталады. Сонымен қатар GPT Live сөйлесу кезіндегі үзілістерді дұрыс түсінеді және нақты уақыт режимінде аударма жасау мүмкіндігін де қолдайды. Бұл дауыстық жасанды интеллекттің жаңа кезеңі деуге болады. Енді AI мен адам арасындағы әңгіме бұрынғыдан да шынайы әрі ыңғайлы бола түседі.
🚀 Claude қарқынды өсіп келеді Anthropic компаниясының Claude нейрожелісіне ақша төлеп қолданатын адамдар саны жылдам артып жатыр. Indagari дерегіне сүйенсек, 2026 жылдың қаңтарынан бері ақылы жазылушылар саны шамамен 75 пайызға көбейген. Сарапшылар мұның басты себептерінің бірі ретінде Anthropic компаниясының өз жасанды интеллектін жаппай бақылау жүйелері мен автономды қару жасауға қолданудан бас тартуын атайды. Бұл шешім көптеген пайдаланушылардың сенімін күшейтті. Әзірге нарықтағы көшбасшылық ChatGPT қолында. Дегенмен Claude де қарқынын бәсеңдетпей, қарапайым қолданушылар арасында да, корпоративтік секторда да өз орнын нығайтып келеді.
Енді After Effects-ті өшіре берсе де болама? Жаңа Figma Motion шықты! Енді моушн анимацияны тікелей Фигманың ішінде жасаймыз. Ең басты фишкалары: Таймлайн мен анимацияны ИИ көмегімен жасау Дайын дүниені бірден кодқа, webm немесе mp4 форматына экспорттау Тіпті Фигманың бүкіл презентациясын осы жаңа құралмен жасап шығыпты.👀
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
Seedance 2.5 шілденің басында көпшілікке ұсынылуы мүмкін🎬 МІНЕ, НЕ УӘДЕ ЕТІЛІП ОТЫР: • бір үздіксіз фрагментпен 30 секундқа дейінгі нативті видео генерациясы; • 50-ге дейін референс материалын пайдалану мүмкіндігі; • генерация мен өңдеуді әлдеқайда дәл басқару; • ал Seedance 2.0 бөлек жаңартылып, нативті 4K видео генерациясын алады. Біз әлі Seedance 2.0 мүмкіндіктерін толық зерттеп үлгермедік, ал енді осындай жаңалықтар келіп жатыр…👀
🚀 Threads twitter-ді басып озуға бір қадам қалды! Meta-ға тиесілі Threads платформасының ай сайынғы белсенді аудиториясы шамамен 500млн пайдаланушыға жетті. Осылайша ол X (бұрынғы Twitter) көрсеткіштеріне өте жақын. Платформаның қарқынды өсуіне Instagram-пен интеграция, алгоритмдік лентаның жетілдірілуі және жаңа нарықтарға шығуы әсер етті. Сонымен қатар, X-тен аудиторияның бір бөлігінің көшуі және мәтіндік әлеуметтік желілерге деген қызығушылықтың артуы Threads-тің дамуын жеделдетіп отыр. Сарапшылардың бағалауынша, қазіргі қарқын сақталса, Threads жақын уақытта нарықтағы негізгі ойыншылардың біріне айналуы мүмкін.
Google тілдік кедергіні жойды: Жаңа Gemini 3.5 аудармашысы шықты Google компаниясы Gemini 3.5 Live Translate атты жаңа дауыстық аудармашыны іске қосты. Ол адам сөзін ешқандай кідіріссіз, бірден синхронды түрде аударады. Ең басты деректер: 70 астам тіл: Тізімде қазақ тілі де бар. Адам дауысы сақталады: Жүйе робот сияқты сөйлемейді. Ол сіздің интонацияңызды, сөйлеу жылдамдығыңызды және дауыс ырғағыңызды айнытпай қайталайды. Қайда жұмыс істейді: Бұл технология Google Meet, Google Translate қолданбаларына және басқа да сервистерге қосылып жатыр. Енді шетелдіктермен еш қиындықсыз, өз ана тіліңізде еркін сөйлесе аласыз. Қолданбаларды жаңартып, тексеріп көріңіздер🌐
2026-да Қазақстанға кім керек? IT емес, банкир де емес! Finprom Еңбек ресурстарын дамыту орталығының зерттеуі бойынша: биыл ең көп сұраныс - қарапайым жұмысшылар мен әлеуметтік салаға. Қайда керек: білім, медицина, өндіріс, мемлекеттік қызмет, ауыл шаруашылығы, сауда. ТОП-10 мамандық: 1. Жалпы жұмысшы 2. Біліксіз жұмысшы 3. Көше/аула тазалаушы 4. Қоғамдық пән мұғалімі 5. Орта буын медқызметкер (күтім жасайтын) 6. Өндірістегі біліксіз жұмысшы 7. Науқас күтуші 8. Кеңсе тазалаушы 9. Балабақша тәрбиешісі 10. Ғимарат тазалаушы
Ideogram 4 - фотогенерацияда open-source бойынша N1 📷 3 маусымда шықты. Hugging Face-те, ComfyUI қолдайды. • Open-source арасында бірінші, жалпы рейтингте GPT Image 2-ден кейін • Суреттегі текстті ең жақсы жазады — қазақша/орысша да ұстайды • Бар-жоғы 9,3 млрд параметр, 24 ГБ видеода локалда жүреді • JSON-промпт: түсті (16 түске дейін) және элемент орнын дәл бересің ⚠️ Код — ашық (Apache 2.0). Модель — тек оқу/тест үшін, non-commercial.
ИИ дәуіріндегі кино қалай өзгереді? 📽️ Браун университетінің ғалымдары «4D-бейне» дәуірін жақындататын PackUV технологиясын таныстырды. Енді көрермен кадр ішінде еркін қозғалып, көру бұрышын өзі өзгерте алады. Басты жаңалық, PackUV үлкен 3D-деректерді кәдімгі интернет пен заманауи кодектерге сыятындай етіп қысуды үйренді. Бұл көлемді бейнелерді тасымалдауды айтарлықтай жеңілдетеді.
Google-мен енді өз ИИ-аватарыңызды жасауға болады 🎬 Google компаниясы Gemini Omni жүйесінде жеке ИИ-аватар (сандық клон) жасау функциясын іске қосты. Жұмыс істеу принципі өте қарапайым: Бір рет жазасыз: Өз бетіңіз бен дауысыңызды бір рет видеоға түсіресіз. ИИ генерациялайды: Бұдан былай модель сіздің қатысуыңызбен кез келген жаңа видеоны өзі жасап береді. Қауіпсіздік: Видеоларға SynthID белгісі қойылады, сондықтан фейктерден қорғалған.