AlatauFans | «Қайрат» ФК
Статистика📲 «AlatauFans» фан-клубының ресми Instagram-парақшасы 💛 «Қайрат» ФК-мен байланысты барлық нәрсе | Жаңалықтар | Трансферлер | Қауесеттер | Сауалнамалар
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 2
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Спорт (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 290
- 1/48двое суток
- 332
- 1/72трое суток
- 358
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
⚡️| Дастан Сәтпаев мансабын «Бернли» клубында жалғастырады! 🏴 BBC news мәліметінше, Чемпионшипте өнер көрсететін клуб 18-жасар ойыншыны жақын арада ресми түрде өз қатарына қосады. 🩺 Отандасымыз бірер күндерден соң медициналық тексерістен өтеді. @alataufans1
⚡️| Дастан Сәтпаев «Челси» клубымен ресми келісімшартқа отырды! ✍️ Transfermarkt хабарлауынша, келісімшарт мерзімі 2033 жылғы дейін жарамды. @alataufans1
⚡️| International Inclusion Cup 2026 турнирінің үздік ойыншысы «Қайрат» U-17 қорғаушысы Ислам Рашидов атанды!💪 Құтты болсын!👏 @alataufansq
😍| «Қайрат» U17 — Iclusion cup турнирінің чемпионы! 🏆 Швейцариядағы турнирдің финалында «Бенфиканы» 1:0 есебімен жеңіп, чемпион атандық! ⚽️ Кездесудегі жалғыз голды Роман Черноморец соғып, командамызға жеңіс сыйлады. Құттықтаймыз, жігіттер!👏 @alataufans1
Біздің жігіттер финалда! 👊🔥 🏆 «Қайрат» U17 Inclusion Cup турнирінің топтық кезеңін 7 ұпаймен бірінші орынмен аяқтады. «Винтентур» мен «Форарльбергті» 1:0 есебімен жеңіп, «Бенфикамен» 1:1 тең түсті. 🔥 Жартылай финалда Германияның «Вердер» клубын 3:0 есебімен ойсырата жеңді! 🔜 Енді финалда португалиялық «Бенфикаға» қарсы ойнайды. Алға, жігіттер! 💪💛🖤 @alataufans1
🚨| The Sportzine хабарлауынша, «Халл Сити» Дастан Сәтпаевты жалға алу туралы «Челсиге» ұсыныс жасады! ✍️ «Челси» басшылығы 2026/27 маусымында жас жұлдызды тұрақты ойын тәжірибесіне ие болу үшін жалға беруді жоспарлап отыр. 🏆 2025/26 маусымының қорытындысы бойынша «Халл Сити» Чемпионшип плей-оффының финалында «Мидлсброны» 1:0 есебімен жеңіп, АПЛ-ға жолдама алды. @alataufans1
🏆| Чемпиондар лигасының финалында төрелік еткен төреші «Қайраттың» ойынына тағайындалды! 🇩🇪 Даниэль Зиберт «Қайрат» - «Левски» қарымта ойынында төрелік ететін болады. 🔙 42 жастағы тәжірибелі маман биыл «ПСЖ» - «Арсенал» финалында төрелік еткенін еске сала кетейік. @alataufans1
Еуропа қазақтың баласына қарады!🔥 ⚡️| «Левски» – «Қайрат» матчына Францияның «Стад Реймс» және Англияның «Вулверхэмптон» клубтарының скауттары қатысты. Олардың негізгі мақсаты «Левскидің» қақпашысы Светослав Вуцовты бақылау болғанымен, Темірлан Анарбеков те өз ойынымен назар аударта алды. 👊 Кездесу 1:0 есебімен «Левскидің» пайдасына аяқталды. Матч соңында бір гол жіберіп алғанына қарамастан, Темірлан төрт мәрте керемет сейв жасап, бірнеше эпизодта қақпадан батыл шығып, сенімді ойын өрнегін көрсетті. Оның өнері скауттарға өте жақсы әсер қалдырды. @alataufans1
Стадиондағы әрбір қолдау, әрбір сенім — команда үшін үлкен күш!💪 Әр ойында бізбен бірге болған барша жанкүйерге шын жүректен мың алғыс! 💛🖤 @alataufans1
«Қайрат» жаңа легионер іздеп жатыр!🔥 ✍️ Рафаэль Уразбахтин клубтың трансферлік жұмыстарды жалғастырып жатқанын айтты. 🗣️ «Бізде легионер үшін бос орын бар. Қазір мүмкіндігіміз бен ойын стилімізге сәйкес келетін футболшыларды іздестіріп жатырмыз», — деді бас бапкер. Демек, алматылық клубта тағы бірнеше жаңа ойыншы пайда болуы мүмкін!👀 @alataufans1
Біздің бала - басты назарда!😍 ✍️| «Daily Mail» журналисі Киран Гиллдің мәліметінше, Лондон клубының Қытайдағы ашық жаттығуына 5 мыңнан астам жанкүйер келген. 🇰🇿 Қазақстандық шабуылшының жанкүйерлері ерекше көзге түсті. Көптеген жанкүйер Қазақстанның туын ұстап, сондай-ақ Сәтпаев есімін танытқан алматылық «Қайраттың» жейдесімен келген. @alataufans1
«Қайраттың» қарсыласы белгілі болды!👊 🇬🇷 Алматылық клуб Левскиді ұтқан жағдайда Грекияның «АЕК» клубымен кездеседі. @alataufans1
🇰🇿 «Қайрат» плей-оффқа жолдама алған жағдайда, осы клубтардың біріне қарсылас атанады. 🌟 Бүгін Алматы уақытымен 15:00-де Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне жеребе тартылады. 🏆 Сіздер «Қайратқа» қай команданың түскенін қалар едіңіздер? @alataufans1
⚡️| «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо матчтан кейінгі баспасөз конференциясында Дастан Сәтпаев туралы қойылған сұраққа жауап берді: — «Мен Сатпаевты өткен жылдан бері білемін. Ол кезде біз Алматыда ойнағанбыз. Оның ерекше ойыншы екенін көріп тұрсыздар. Ол шабуылда үнемі қауіп төндіреді, қанаттан ішке қарай ығысып, өте жақсы шабуылдайды. Ол бұл дағдыларды Алматыда қалыптастырды, клубқа алғаш келгеннен бастап-ақ өзінің жақсы ойыншы екенін көрсетті. Дастан өте мықты ойыншы. Шынымен де, оның ойыны сіздерді таңғалдырады», - деді бас бапкер. @alataufans1
⚡️| Әділет Садыбеков «Омонияға» қарсы ойында «Қайрат» сапындағы 100-ші матчын өткізді! 🌟 Бұл - клуб үшін де, сен үшін де айтулы белес. «Сары-қаралар» жейдесіндегі әрбір ойынына бар күшінді салып, команда жеңісі үшін тер төгіп жүргенің үшін алғыс айтып, алдағы матчтарда толағай табыстар тілейміз! Мерейтойыңмен, Адик!💪 @alataufans1
🔥| Еркін Тапалов шабуылдарды дамытуға бағытталған пастар саны бойынша 21 нәтижемен көш бастап тұр! 💪 Бұл - Еркіннің алаңдағы ойын көру қабілеті мен шабуылды дер кезінде үдететін пас бере алатынын көрсетеді. Командаға пайдасын тек қорғаныста емес, шабуылға қосқан үлесімен де дәлелдеп жүр. Нағыз универсал!👏 @alataufans1
🚨| Инсайд: Әзірбайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, Жоржиньо «Қарабахтың» ұсынысынан бас тартқан. @alataufans1
⚡️| «Челсидің» аңызға айналған шабуылшысы Дидье Дрогба Дастан Сатпаевтың болашағына жоғары баға беріп, клубты жас ойыншыны жалға бермеуге шақырды. — «Дастан Сәтпаевтың таланты, мінезі және ең жоғары деңгейде жетістікке жетуі үшін қажеттінің бәрі бар. Менің ойымша, ол жалға кетпеуі керек. Ол «Челсиде» қалып, негізгі құрамнан орын алу үшін күресуі тиіс. Сәтпаев ойынды жақсы түсінеді, көп жұмыс істейді және гол соға алады. Оған мүмкіндік пен жеткілікті ойын уақытын беріңіздер, сонда ол өз әлеуетін міндетті түрде ашады. Хаби Алонсо дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін. Өйткені бұл жігіттің лондондықтардың жаңа ұлы шабуылшысы атануы үшін барлық мүмкіндігі бар», – деді Дрогба. @alataufans1
⚡️| TrifectaSport басылымы Дастан Сәтпаевтың «Челси» сапындағы алғашқы жаттығуынан кейінгі болашағына баға берді. ✍️ Журналистердің пікірінше, жас футболшы өзінің жасы кіші болғанына қарамастан, психологиялық тұрғыдан кемелдігімен, жоғары мақсаткерлігімен және кәсіби көзқарасымен ерекшеленеді. 🤔 Материал авторлары Сәтпаевтың соңғы жылдары әлемнің түкпір-түкпірінен талантты жас ойыншыларды тартып, оларды дамытуға басымдық беріп отырған ағылшын клубының стратегиясына толық сәйкес келетінін атап өтті. 💙 Осыған байланысты TrifectaSport басылымы қазақстандық шабуылшының «Челси» жүйесінде табысқа жетіп, қарқынды дамуына жақсы мүмкіндік бар деп есептейді. @alataufans1
Марк Гуаль қарқынын бәсеңдетер емес!🔥 Соңғы 5 матч: ⚽ 4 гол 🎯 2 ассист Аяғың талмасын, тұмар!💪 @alataufans1