AOGU News
СтатистикаВсе новости Атырауского университета нефти и газа имени Сафи Утебаева
- Последний пост
- 7 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 23
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 252
- 1/48двое суток
- 288
- 1/72трое суток
- 311
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Бұл – жай ғана тізім емес. Бұл – жүздеген арманның орындалған күні. 💙 ✨ Егер бүгін сіздің атыңыз мемлекеттік білім гранты иегерлерінің қатарынан табылса – шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – табанды еңбегіңіздің, ізденісіңіз бен арманыңыздың жемісі. Енді сіздің студенттік өміріңіз Atyrau Oil and Gas University қабырғасында басталады. Қош келдіңіздер, болашақ инженерлер!
https://t.me/gylym_jogary_bilim/14553
Инженер ғана емес, елдің ертеңін тәрбиелеу – университеттің басты миссиясы ⚜️Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлзада Тәңірбергенқызы Шакуликованың «Қара алтыннан қымбат құндылық» атты сұхбаты жарық көрді. ⚜️Сұхбатта жоғары білімнің стратегиялық рөлі, инженерлік кадрларды даярлаудың жаңа талаптары, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және білім мен тәрбиенің сабақтастығы туралы маңызды ойлар қозғалады. Бұл – техникалық бағыттағы жоғары оқу орындарының басшылары арасында республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған алғашқы сұхбаттардың бірі. Бұл – университетіміздің білім, ғылым және ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып дамып келе жатқанын көрсететін маңызды жетістік. ⚜️Гүлзада Тәңірбергенқызы өз сұхбатында қазіргі университеттің басты миссиясы – тек білікті инженер даярлау ғана емес, сонымен қатар елдің ертеңіне жауапты, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру екенін атап өтті.
без подписи
без подписи
без подписи
«Skills. Opportunities. Leadership»: болашақ дағдылары мен әйелдер көшбасшылығына арналған форум өтті ⚜️ Форум еңбек нарығындағы жаһандық өзгерістер, цифрлық трансформация, жасанды интеллекттің кәсіби қызметке ықпалы, үздіксіз білім алу және әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылауға арналған маңызды диалог алаңына айналды. ⚜️ Іс-шарада Atyrau Oil and Gas University Басқарма төрағасы – Ректор Гүлзада Тәңірбергенқызы Шакуликова баяндама жасап, форум тақырыбының стратегиялық маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде жасанды интеллекттің қазіргі қоғам мен білім беру жүйесіне ықпалына назар аударып, университетте жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу, цифрлық құзыреттерді дамыту және инновациялық жобаларды іске асыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы бастамаларды таныстырды. ⚜️ Форум аясында Atyrau Oil and Gas University мен «QazaqGaz» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
В филиале Губкинского университета на базе Atyrau Oil and Gas University проходят вступительные экзамены ⚜️На базе Atyrau Oil and Gas University проходят вступительные экзамены для абитуриентов, поступающих в филиал Российского государственного университета нефти и газа (НИУ) имени И.М. Губкина, открытый в городе Атырау. ⚜️В этом году участие во вступительных испытаниях принимают абитуриенты из разных регионов Казахстана, в том числе из Карагандинской, Восточно-Казахстанской, Актюбинской, Костанайской и Западно-Казахстанской областей. Абитуриенты сдают письменные экзамены по математике и русскому языку. На 2026–2027 учебный год филиалу выделено 100 образовательных грантов. По словам исполнительного директора филиала Едиля Садыкова, обучение в филиале предоставляет молодежи возможность получить образование международного уровня и стать востребованными инженерами будущего. Он отметил, что открытие филиала является ярким примером стратегического партнерства Казахстана и России в сфере образования и науки. «Это уникальная возможность для молодых людей, которые связывают свое будущее с нефтегазовой отраслью. Сегодня Казахстану необходимы инженеры, владеющие современными технологиями, глубоко понимающие производственные процессы и способные успешно конкурировать на международном уровне. Открытие филиала Губкинского университета позволяет студентам получить качественное образование, профессионально развиваться, проходить практику в ведущих компаниях и строить успешную карьеру», — подчеркнул Едиль Садыков. ⚜️Вступительные экзамены проводят опытные преподаватели Российского государственного университета нефти и газа (НИУ) имени И.М. Губкина, прибывшие из Москвы. В состав экзаменационной комиссии входят специалисты с многолетним опытом работы в нефтегазовой отрасли, а также известные ученые и преподаватели. Это обеспечивает объективную и профессиональную оценку знаний абитуриентов и позволяет проводить отбор будущих специалистов в соответствии с международными образовательными стандартами. Напомним, филиал Российского государственного университета нефти и газа (НИУ) имени И.М. Губкина на базе Atyrau Oil and Gas University был открыт по поручению Главы государства. В настоящее время здесь обучаются около 100 студентов по трем образовательным программам.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
Atyrau Oil and Gas University базасында Губкин университеті филиалына оқуға түсу емтиханы өтуде ⚜️Талапкерлер математика және орыс тілі пәндері бойынша жазбаша сынақ тапсырады. 2026–2027 оқу жылына филиалға 100 білім беру гранты бөлінген. ⚜️Қабылдау емтиханын Мәскеуден келген И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы өткізуде. Сараптамалық комиссия құрамына мұнай-газ саласында көпжылдық тәжірибесі бар мамандар, сондай-ақ танымал ғалымдар мен педагогтер енген. Бұл талапкерлердің білім деңгейін әділ әрі кәсіби бағалауға және халықаралық стандарттарға сәйкес болашақ мамандарды іріктеуге мүмкіндік береді. ⚜️Еске сала кетейік, Atyrau Oil and Gas University базасында орналасқан Губкин университетінің филиалы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ашылған болатын. Қазір мұнда үш білім бағдарламасы бойынша 100-ге жуық студент білім алуда.
Бүгін Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде «Жаңарған атау – Жаңғырған тарих» атты дөңгелек үстел өтті. ⚜️Жиынның мақсаты – еліміздің негізгі заңы – Конституцияның маңыздылығын, Құрылтай институтының азаматтық қоғамдағы рөлін талқылап және одан әрі нығайту жолдарын қарастыру. Дөңгелек үстелге жастар саясаты, этномәдени бірлестіктер, спорт және медиация саласының белді өкілдері қатысты. ⚜️Қатысушылар Қазақстанның тарихи даму кезеңдері мен заңнамалық жаңғыру бағыттарын сараптап, ұлтаралық келісімді сақтау, жастардың саяси мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық бастамаларды қолдау мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұл кездесу – мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты тереңдетуге және азаматтық бастамаларды ілгерілетуге арналған маңызды алаң. Университетіміз осындай ауқымды шаралар арқылы қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға әрқашан қолдау білдіреді.
без подписи
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕЛЕС Біздің ұйымның «Қытай – Орталық Азия» білім беру алмасуы және ынтымақтастық орталығының Энергетикалық білім беру альянсының мүшесі атанғанын зор мақтанышпен хабарлаймыз. Бұл маңызды жетістік ұйымымыздың халықаралық деңгейдегі беделі мен стратегиялық дамуының айқын дәлелі болып табылады. Сонымен қатар, білім беру, ғылым және энергетика салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұстанымымызды көрсетеді. Энергетикалық білім беру альянсы Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы энергетикалық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды халықаралық алаң болып табылады. Альянс халықаралық деңгейдегі мамандар даярлауды, ғылыми инновациялар мен технологиялар трансферін дамытуды, энергетикалық саясат саласындағы диалогты нығайтуды, сондай-ақ жасыл энергетика мен тұрақты дамуға үлес қосуды мақсат етеді. Болашақтың энергетикалық білімін бірге қалыптастырамыз!
🇰🇿🤝🇨🇳 UTEBAYEV UNIVERSITY студенттері Қытайдағы халықаралық жазғы лагерьді сәтті аяқтады! UTEBAYEV UNIVERSITY студенттері China University of Petroleum (Beijing) at Karamay базасында ұйымдастырылған Asia-Europe Energy Civilization Immersion Camp және Chemical Engineering and New Energy халықаралық жазғы лагерьлеріне қатысып, 15 күндік тағылымдаманы сәтті аяқтады. Тағылымдама қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға халықаралық жазғы лагерьді сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды. Аталған бағдарлама студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, халықаралық тәжірибе жинақтауға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға және болашақ инженерлердің жаһандық деңгейдегі құзыреттіліктерін нығайтуға үлкен үлес қосты. UTEBAYEV UNIVERSITY студенттерін халықаралық жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы оқу мен кәсіби жолдарында сәттілік тілейміз!
без подписи
Білім беру гранты конкурсына тіркеліп үлгер! 💙 Қажетті құжаттар: 🔹Жеке куәлік 🔹ҰБТ сертификаты 🔹Орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом) 🔹Жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын (квота) құжаттары БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІМІЗ: Атырау қ., Мұса Баймұханов көшесі, 45А (М. Асаубаева атындағы Креатив орталығы, 1-қабат, №1 кабинет) Телефондар: +7 778 707 65 11 +7 701 344 35 47 8 800 080 88 89 8 (7122) 76 60 30 🌐 Instagram: @oil_gas_university 📧 E-mail: kense@aogu.edu.kz ✨ Құжаттарды қабылдау туралы толық ақпарат алу үшін Direct-ке жазыңыз немесе көрсетілген нөмірлерге хабарласыңыз!