Aruzhan Zhuzbay
СтатистикаОқығаныммен, түйгеніммен, ішкі ойларыммен және оқыған поэзияларыммен бөлісемін💫 Instagram: @aruzhan_zhuzbay
- Последний пост
- 8 мая
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Aruzhan Zhuzbay pinned an audio file
@youtubabot
-Duha
Махаббаттың 5 тілі ⠀ Жақындарымызды түсінгіміз келеді. Өзімізді де түсінгенін қалаймыз. Ол үшін олардың да, өзіміздің де махаббат тілімізді тауып алған дұрыс. Бұл туралы Гери Чепмен «Пять языков любви» кітабында жазады. ⠀ Сонымен, махаббаттың 5 тілі мыналар: ⠀ 1️⃣ Сөз. Бұл – қолдау сөздер, мақтау сөздер, комплименттер. ⠀ Махаббат тіліңіз сөз болса, әркез жылы сөздерге мұқтажсыз. Бір ауыр жоба жасап жатырсыз делік. Сізді қолдау ретінде мақтап жіберсе жеткілікті болады. ⠀ «Девушки любят ушами» деген де бар ғой. Бұнда махаббат тілі – сөз болған қыздарды меңзеген. Негізі қолдау сөзді ұнататын тек қыздар ғана емес. ⠀ Пайғамбарымыз (с.а.с) Айша анамызды (р.а) «қызылшырайлым» деп еркелететін болған. («Хумайра» деп айтқан). Расулымыз (с.а.с) әйелдер қауымының махаббат тілін білген сияқты ма, қалай? ⠀ 2️⃣ Сапалы уақыт. ⠀ Жақыныңыз сізге арнайы уақыт бөлгенін ұнатсаңыз, сіздің махаббат тіліңіз – сапалы уақыт. Мысалы, бірге қыдыру, саябақта жүру, бірге тауға шығу, музейге бірге бару. Ал жақыныңыздың махаббат тілі – сапалы уақыт болса, әңгіме айтқанда, басқа нәрсеге көңіл аудармай, тек оны тыңдаңыз. ⠀ Жалпы, өз уақытын сапалы өткізетін адам жақынымен де уақытын сапалы өткізкісі келеді. Мұндай адамдар түрлі activity-лерді ұнатып тұрады. ⠀ Пайғамбарымыз (с.а.с) Айша анамызбен (р.а) бірге жүгіріп жарысып ойнаған. Кейбір ойындарды онымен бірге тамашалаған. Соған қарағанда Айша анамыздың махаббат тілі сапалы уақыт болған шығар?) ⠀ 3️⃣ Сыйлық. ⠀ Кейбір адамдар сыйлық алғанды да, бергенді де ұнатады. Себебі бұлардың махаббат тілі – сыйлық. Оларды сыйлық қатты тебірентеді. Махаббат белгісі деп санайды. ⠀ «Сыйлық араларыңдағы сүйіспеншілікті арттырады» деп Пайғамбарымыз (с.а.с) махаббаттың бір тілін сипаттап кеткен сияқты. ⠀ 4️⃣ Қызмет көрсету. ⠀ Кейбір жандарға көмектессек, жүрегін бірден жаулаймыз. Олар үшін әрекет көп нәрсе білдіреді. Қызмет ету арқылы олар да махаббатын білдіреді. Қызмет ету дегенге үй жинау, тамақ жасап беру, көлікпен апарып тастау, үйіне дейін жеткізіп тастау жатады. ⠀ 5️⃣ Физикалық қарым-қатынас. Орысша айтқанда «прикосновение». ⠀ Сіңілім құшақтағанды, қолымнан ұстағанды, басынан сипағанымды жақсы көреді. «Маған құшағыңыз жетпей жатыр» деп келіп тұрады. Бұрын онша түсінбеуші едім. Қазір түсінемін. Ол махаббатын солай жеткізеді. Әрі солай қабылдайды. Сыйлығымнан гөрі, ұзақ тұрып құшақтағанымды жақсы көреді. ⠀ Пайғамбарымыз (с.а.с) бұл тілді жақсы білген. Айша анамыздың (р.а) тізесіне басын қойып жататын қойған. ⠀ 📌 Барлығы жақынының жанында өзін сүйікті сезінгісі келеді. Әрі барлығы оған лайық. Ол үшін махаббат тілін дұрыс тапсақ болғаны. Сосын оны жақынымызға айтып қоялық. Ал сіздің махаббат тіліңіз қандай? Төменге жазып кетіңіз.
«Ризықтың ең төменгі дәрежесі – мал-мүлік. Ризықтың ең жоғары дәрежесі – денсаулық. Ризықтың ең абзалы – ұрпағыңның салихалы болуы. Ал ризықтың ең кемелі – Әлемдердің Раббысының разылығы.» И. Шағрауи
үш түрлі Бесік жыры Пайдаларыңызға жарасын🫶
Гүл сыйлаған сайын әйел жүрегіне жылулық ұялайды. ⠀ Менің жолдасым ай сайын маған гүл сыйлайды. Әр жолы — ерекше, бір-біріне ұқсамайтын гүлдер. ⠀ Бірақ мен ішімдегіні ішімде сақтап, “өзі сезіп, өзі алып келсін” деп күтпеймін. Қай айда қандай гүл алғым келетінін алдын ала айтып, суретін де бөлісіп отырамын. 🌷📸 ⠀ Ең бастысы — нәзіктікпен, еркелеп айту. Сонда кез келген ер адам жарының тілегін орындауға дайын болады. ⠀ Себебі ер адамдар нақты не қалайтынымызды білгенде ғана, дәл соны қуана орындайды. 💐 өзім сұраған гүлді күтпеген уақытта, тосыннан әкеліп таңқалдыршы деп айтамын. Сол сәттер — нағыз бақыт! ✨🤭)
без подписи
без подписи
Айша анамыз (р.а.) былай деген: «Алланың елшісі ﷺ қысқа да нұсқа болған мағыналы дұғаларды ұнататын. Артық сөзден бойын аулақ ұстайтын». (Әбу Дәуд) Оның бір мысалы: “Аллаһумма иғфир лии, уәрхамни, уә ғәәфини, уәрзуқни”. Аллаһым мені кешір, мені мейіріміңе бөле, маған амандық бер және мені ризықтандыр. Төрт қана нәрсе барлық дүниелік те, ақыреттік те қажеттіліктерді қамтып тұр.
Ұйықтар алдында кәлима айтып жатыңыз أَشْهَدُ أَنْ لَا إلَهَ إِلَّا اللَّهُ وأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُو لُهُ «Әшһәду әллә илләһә иллаллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уа расулуһ»
https://t.me/jurekkoktemi
без подписи
без подписи
без подписи
Ниса (Әйелдер) Отбасылық өмірде береке орнатуға және әділетті болуға ықпал етеді🤍
Әл-Әділ✨ Алла қосқан жарларыңызға разы болыңыздар. Мейлі ренжісіп, мейлі ұрыссып қалсаңыздар да. Оның жақсы тұсын көп еске алыңыз. Себебі Алланың Әділ есімі бар. Жарыңыз сізге- Хайырлысы🤍
Алтын аналарға Шыдаған сынға заманындағы. Байланбасын деп баланың бағы. Алуға ылғи ұмтылып келем, Жұмақтың кілтін табаныңдағы. Анашым қымбат гүл кейпің маған. Тілекшім өзің, жүр дейтін аман. Мұңайсам кейде тек анам ғана, Мен жылағанда күлмейтін адам. Бетінен сүйсең ұдайы тұрып. Қалатын тіпті шырайы кіріп. Тек анаң ғана қуанатұғын, Жетістігіңе шынайы күліп. Ақылға толы саналарымыз. Өзіңізден көп тағы аларымыз. Әлемнің жалғыз алтын адамы, Үйдегі алтын аналарымыз.
без подписи
Шындығында, Алла сені саған ұқсайтын адамға сақтап қояды..