tgindex
bahara yolculuk🌱

bahara yolculuk🌱

Статистика

Шәй ішіп отырып, әңгіме айтайық🫖☕

Последний пост
28 янв.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
536
−3 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
739
21 постов
Вовлечённость
137,9%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 21
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 28 янв.1 142206

    ✨ТӘННІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: «ДЖИСМИ НҰРАНИ» ДЕГЕН НЕ? ✨ Елестетіп көріңізші: кәдімгі шамның сырты (әйнегі) — бұл біздің тәніміз. Ал оның ішіндегі жанып тұрған жарық — біздің рухымыз. Егер шамның әйнегі кір болса, жарық сыртқа шықпайды. Бірақ әйнекті тап-таза етіп сүртсеңіз, бір уақытта әйнек пен жарық тұтасып кеткендей көрінеді. Міне, осы тұтастықты сопылық ілімінде «Джисми Нұрани» (Нұрлы тән) деп атайды. 📌Джисми Нұрани деген не? Сөзбе-сөз аударғанда — «Нұрлы дене» деген мағына береді. Біздің ет пен сүйектен тұратын материалдық денемізден бөлек, адамның ішкі әлемінде қалыптасатын рухани қабығы. ⚙️Қарапайым мысал: Темірді отқа салсаңыз, ол біртіндеп қызып, соңында оттың түсіне еніп, өзі де жарық шаша бастайды. Темір — темір күйінде қалады, бірақ ол енді оттың қасиетін иемденген болады. «Джисми Нұрани» да дәл солай: адамның жүрегі иман мен махаббатқа толғанда, оның қарапайым тәні рухани нұрға бөленеді. 🧬 Бұл қалай жұмыс істейді? (Ғылыми-рухани параллель) Біз физикалық денемізді — Hardware (темір-терсек) десек, рухымызды — Software (бағдарлама) дейміз. Ал «Джисми Нұрани» — бұл екеуінің үйлесімінен туатын жоғары жылдамдықтағы Энергия. 💎Джисми Нұранидің 3 құпиясы: 1️⃣Мөлдірлік: Бұл күйде адамның денесі ауырлықтан (нәпсінің қалауларынан) арылып, мақтадай жеңілдейді. Шәкәрім қажының «жанның нұрлануы» туралы айтқаны да осы. 2️⃣Төзімділік: Бұл — «рухани иммунитет». Джисми Нұраниі күшті адамдар қиындыққа сынбайды, өсекке ренжімейді, өйткені олардың энергиясы — Төзімділік Нұрынан тұрады. 3️⃣Мәңгілік: Физикалық тән топыраққа қайтады, ал Нұрлы тән (энергия) жойылмайды. Ол — рухтың мәңгілік көлігі. ✨3. Джисми Нұраниге мысалдар Бұл күйге жеткен адамдар тарихымызда аз емес. Оларды «әулиелер» немесе «кәміл адамдар» дейді. 📌1-мысал: Мекен таңдамайтын тән (Жылдамдық) Кейбір аңыздарда әулиелердің бір сәтте екі жерде көрінетіні айтылады (Мәшһүр Жүсіп шежірелерінде жиі кездеседі). Олардың денесі нұрланғаны соншалық, олар уақыт пен кеңістікті тесіп өте береді. Нұр (жарық) өте жылдам ғой, солай емес пе? 📌2-мысал: Мүрденің бұзылмауы Тарихтан білеміз, кейбір ғұламалар мен әулиелер қайтыс болғаннан кейін жүздеген жыл өтсе де, олардың денесі топыраққа айналмай, жаңа ғана ұйықтап кеткен адамдай сақталады. • Түсіндірме: Олардың денесі тірі кезінде «Джисми Нұрани» күйіне өткендіктен, топырақ оны жей алмайды. Өйткені нұр — шірімейді. 📌3-мысал: Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) Миғраж сапары Ислам тарихында Пайғамбарымыздың аспанға көтерілуі — Джисми Нұранидің ең биік шыңы. Ол кісі физикалық денесімен жоғарыға көтерілді, бірақ оның денесі нұрлы болғандықтан, ғарыштағы қысымға да, ыстыққа да шыдап берді. 📌4-мысал: Өмірлік энергия (Жүзден нұр таму) Күнделікті өмірден мысал: кейбір қарияларды көргенде, олардың бетінен ерекше бір аппақ сәуле көрінеді. Олар тіпті қараңғы бөлмеде отырса да, айналасына жылу мен жарық беріп тұрғандай сезіледі. Бұл — олардың бойындағы Джисми Нұранидің бастапқы белгілері. 🌀Түйін: Нұрдан тоқылған болмыс Біз — топыраққа байланған тән емес, тән ішіндегі Шексіздікпіз. Джисми Нұрани — бұл материяның рухқа жеңілуі. Адам өз жүрегін өсек пен өшпенділіктен, нәпсі мен кірден тазартқанда, оның тәні жай ғана «ет пен сүйек» болудан қалады. Ол — Жаратқанның нұрын өткізетін мөлдір шыныға айналады. Жаратылыс Сұлтаны Пайғамбарымыздың көлеңкесі жерге түспегені де осыдан. Топырақтан жаралған дене жер астына кетеді, ал Нұрдан тоқылған дене (Джисми Нұрани) мәңгілікке бет алады. Сондықтан, сыртыңды емес, ішіңді нұрландыр: өйткені қараңғыда тек жарығы барлар ғана жол табады.

  • 26 янв.7162116из japyrak

    Қалай сенсең, солай болады. Болмай жатса, сенбегеніңді мойында…

  • 🌿 Самарқандты жаулаған бір ауыз сөз Бірде Самарқандқа Қутайба ибн Муслим бастаған мұсылман әскері ескертусіз, тұтқиылдан басып кіреді. Қала алынды, бірақ жергілікті халық бұл «әділетсіздік» деп халифаға шағым түсіреді. Сонда халифа Омар ибн Абдулазиз бір-ақ парақ қағазға: «Қазы тағайындалсын, мәселе шешілсін» деп жазып жібереді. 🏛 Сот залы. Екі тарап бетпе-бет: Қазы қолбасшы Құтайбадан сұрайды: — Сен соғыс ережесін бұздың ба? — Иә, бұл соғыс айласы еді... — деп жауап береді қолбасшы. — Исламда айла әділдіктен биік емес. Әскер қаланы босатсын! — деген үкім шығады. 🔰Жеңіске жетіп, қалаға орнығып алған мыңдаған әскер үн-түнсіз жүктерін жинап, қаладан шыға бастайды. Самарқандтықтар терезелерінен қарап, көздеріне сенбейді. Олар өз қолбасшысын жазалап, қаланы иелеріне қайтарып берген мұндай халықты бірінші рет көрген еді. Мұсылмандар қаладан шығып үлгермей-ақ, халық көшеге жүгіріп шығып: «Тоқтаңдар! Мұндай әділ діні бар адамдармен біз бірге боламыз!» — деп, қақпаны өздері ашып береді. 🌀Кейде бір ауыз әділ сөз мыңдаған қылыштан өткір болады. Самарқанд қарудың күшімен емес, адамгершіліктің күшімен бағынды.

  • Білімді кітаптан алуға болады, бірақ әдепті кітаптан ала алмайсың. Кітап оқыған небір әдепсіздер бар. Әдепті әдептілерден үйренесің. Adab ya hu!

  • Әзірет Ұстаз бұл жайында қорытынды сөзін былай түйіндейді: «Меніңше, насихатшылардың насихатының осы заманда әсер етпеуінің бір себебі мынау: Ахлақсыз адамдарға: «Қызғанба, құмарланба, өштеспе, қырсықпа, дүниені сүйме!» дейді. Яғни «Табиғатыңды өзгерт» дегендей, оларға күші жетпейтін нәрсені ұсынады. Егер: «Бұларды жақсы жаққа бағыттаңдар, арналарын өзгертіңдер» десе, онда әрі насихат әсер етер еді, әрі олардың ерік-жігері жететін ұсыныс болар еді»

  • “Аллаға қандай шағымың бар, Ей дымы жоқ, шексіз мұқтаж құл?!”

  • Миғраж: Қайта оралудың хикметі ✨ Бүгін — Миғраж түні. Бұл тек ғажайып бір сапар емес, бұл — адам жанының эволюциясы. Пайғамбарымыздың (ﷺ) тұлғасынан біз екі үлкен мақамды көреміз: 🔹 Біріншісі — Құлдығы (Әулиелігі) Бұл Оның (ﷺ) Хақпен оңаша қалуы. Нәбилік міндет берілмей тұрып-ақ, Хира үңгірінде 40 күн бойы жалғыз қалып, ішкі әлемін нұрландырғаны. Ол жерде атақ та, халық та, міндет те жоқ еді. Тек Құл мен Жаратушы ғана. Тіпті тастар мен ағаштар Оған сәлем бере бастағанда, Ол әлі «елші» емес, нағыз «құл» (әулие) еді. Миғражға көтерілуі — осы құлдықтың шыңы. Ол ең биік мақамға, Жаратушының құзырына сол «құлдығымен» барды. 🔹 Екіншісі — Міндеті (Пайғамбарлығы) Ең қызығы осы жерде: Миғраждан қайтып оралу. Елестетіп көріңізші, ең биік бақытты сезініп тұрып, қайтадан мазасыз дүниеге, қарсыласқан адамдардың арасына оралу — бұл нағыз Міндет. Егер Миғражға шығуы Оның құлдығы болса, сол биіктен төменге түсуі — Оның жауапкершілігі, біз үшін атқарған миссиясы еді. 💡 Бұл біз үшін неге маңызды? Біздің қазіргі басты қателігіміз — «құл» болмай тұрып, «міндет» иесі болғымыз келеді. • Бірінші — рухани толысу, сосын барып — қызмет. • Бірінші — өзіңді табу, сосын барып — өзгеге жол көрсету. «Әт-тахият» дұғасында да «Абдуһу» (Құлы) сөзінің «Расулуһ» (Елшісі) сөзінен бұрын тұруы тегін емес. Сенің лауазымыңнан, атақ-абыройыңнан бұрын Жаратушы алдындағы «құлдығың» тұруы керек. ✨Егер ішкі дүниеңде «Хираң» (тыныштығың мен құлшылығың) болмаса, сыртқы әлемдегі «міндетіңді» атқаруға күшің де, нұрың да жетпейді. Бүгінгі түн — өз биігімізге (Миғражымызға) көтеріліп, сол жерден өмірлік міндетімізге қажетті күш алып қайтатын түн болсын. Миғраж мүбәрак! 🌙🤲

  • "Gözyaşı, ruhun abdestidir." “Көз жасы — рухтың дәреті.”

  • "Lâ tahzen, innallâhe meânâ." “Қайғырма, Алла бізбен бірге.” - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Әбу Бәкірге (р.а.) айтқан жұбату сөзі.

  • 2026 жыл Берекелі болсын! Бұйырса өзгерістерге толы жыл болады Иншааллаһ!)

  • 25 дек.1 5751720

    🌙 РАҒАЙЫП: РУХАНИ ҚАЙТА ТУЫЛУ Қасиетті үш айдың шымылдығы түрілді. Бұл жай ғана күнтізбедегі күндердің ауысуы емес, бұл — «рухани әлемнің» ең берекелі маусымы. Есептеп көрейікші: бір жақсы амалдың сауабы қарапайым күндері 10 есе болса, бұл айларда ол геометриялық прогрессиямен өседі: 📈 Сауаптар шкаласы: • Қарапайым күндері: 1 ➡️10 • Ережеп айында: 1 ➡️ 100 • Шағбан айында: 1 ➡️ 300 • Рамазан айында: 1 ➡️ 1000 • Рағайып, Миғраж, Бараат түндері: 1 ➡️ 10,000 • Қадір түні: 1 ➡️ 30,000+ ✨ Рағайып түні — бұл не? Бұл түн - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) нұрының бұл әлемге келуінің алғашқы сәті. Рухани тұрғыдан алсақ, бұл — біздің өмір мағынасын ұғыну арқылы қайта туылуымыз. 📍 Рағайып (Бастау): Біздің «Мен кіммін? Қандай мұсылман болуым керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуіміз. Бұл түнде біз дүниенің өткінші шуынан арылып, рухани «эмбрион» күйімізден жетілуге қадам басамыз. 📍 Қадір түні (Финал): Үш айлық рухани мектептің қорытындысы. Егер Рағайып бізді оятса, Қадір түні бізді ақырет әлеміне толықтай ден қойған, кемелденген тұлға ретінде шығарады. 🌀Рағайыпта “Мен кіммін?” деп рухани туылған адам - Қадыр түнінде “Мен - Алланың құлымын” деп ақыретке рухани қадам басады.

  • Отан - отбасынан басталады. Отбасын сатқан адам - Отанын да сатады. Отбасының нәпақасын өзге жаққа құртатын адам - ертең халықтың ақшасын да жеуі кәміл!

  • 20 дек.6225из magrifetullah

    без подписи

  • 20 дек.61574из magrifetullah

    баршамызға берекелі болсын💛🤲🏻

  • Миссия - мамандық таңдамайды. 🕌Бірде бір адам мешітке келгенде мешіт сыртын әктеп-сылап жатқан бір жұмысшыны көреді. Ол адамнан “Не істеп жатырсың?” деп сұрағанда “Көрмей тұрсың ба? Мешіттің сыртын әктеп жатырмын” деген жауап алады. Сосын сол мешіттің кіреберісін сыпырып жүрген жұмысшыны жолықтырады. Одан “Не істеп жатырсың?” деп сұралғанда “Мен адамдардың Раббысына апарар жолын тазалаудамын” деген жауап алады. Екі адам да мешітке пайдасын тигізуде, бірақ екеуінің өз жұмыстарын қабылдауы екі түрлі. 🔰Қажымұқан палуан болса да, Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен сол кездегі оқып жүрген шәкірттерге өз қалтасынан стипендия беретін болыпты. Ал Әміре Парижге жай ән айту үшін бармай, Ахметтен Мұстафа Шоқайға хат жеткізіп тапсырады. 🌀Бұдан ұғарымыз “Алаштың баласында профессия болмады, Алаштың баласында миссия болды!”

  • 🐕Итке ит үрсе, қапса, қабылған ит те қарап тұрмай, екеуі қырыла кетеді. Жамандыққа жамандықты ит те жасап біледі. 🫏Есектің мойны қышыса екінші есекке сүйкеліп, мойнын қасиды. Екінші есек те солай жасап, бір-біріне көмектеседі. Жақсылыққа жақсылықты есек те жасап біледі. 🤵🏻‍♂️Ал адамның жасай алатыны - жамандыққа жақсылық жасау. “Таспен ұрғанды аспен ұр” дегендей өз туған қаласынан Пайғамбарды қуып шыққан Меккеліктер аштыққа ұшырағанда, оларға Пайғамбар астықпен көмектеседі.

  • Дінді түлкіден үйренсең, тауық ұрлауды сауап деп білесің. Түркі мақалы

  • Бір түсінгенім, “Жеке даму - саморазвитие” кітаптары адамды шынайы дамытуы қиын екен) Не үшін? Өйткені ол кітаптар дайын асты тек ауызға салып береді. Барлығы дайын күйде, тек соны жасау керек болады. Ал адамды шынайы дамытатын кітаптар - әдеби кітаптар. Әдеби кітаптарды оқуда мен байқаған біраааз пайдалары бар: 1) Байытады. Тіл байлығың болсын, рухани байлығың болсын, барлығы да дамиды. 2) Қиялдау қабілетің - воображение дамиды. Көз алдына не боп жатқанын елестете аласың. 3) Саморазвитие кітаптарында барлығы ақылды, ал шынайы өмірде олай емес қой. Жеке даму кітаптарында барлығы ақыл айтады. Ал шынайы сезінуді тек әдеби кітаптар ғана бере алады. 4) Әдеби кітаптарды оқысаң - түйін мен шешімді өзіңе қалдырады. Ал жеке даму кітаптарында сен үшін шығарып береді. Айта берсең көп-ақ)

  • Жаратушыға жету жолында жүруді шешкен адамның құрбы-құрдастары да өзгереді. Себебі, ұқсас адамдар ғана кездеседі. Екінші қағида

  • Қарап шығыңыздар😍 https://youtu.be/yLGZAYONDSo?si=ti9G4my2fBXm3JZE