tgindex
BAQ.kz
@baq_kzInstagramказахский

BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз: Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/ Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_

Последний пост
15 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
67
Всего постов
67
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Instagram
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
2 883
−13 за 4 дн.
Сутки
−5
−0,17%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
115
40 постов
Вовлечённость
4,0%
к подписчикам
Постов в день
9,6
всего 67
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
135
1/48двое суток
154
1/72трое суток
166

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 🎶 Бүгін қазақ ән өнерінің дара тұлғасы, жүректерге жол тапқан әуендердің авторы Шәмші Қалдаяқтовтың туған күні Сазгердің сырлы әндері мәңгі шырқала берсін! @baq_kz

  • ⚡️Ауа райы болжамы Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгін, 15 тамызда дауылды ескерту жарияланды. Елдің кей аймақтарында аптап ыстық сақталса, кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Толығырақ ⬅️ @baq_kz

  • ⚡️Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан әлем чемпионатында 21 медаль жеңіп алды БАӘ-нің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бір аптаға созылған жарысқа 37 елден 1200-ден астам спортшы қатысты. Олар Fighting, Duo, Show және Jiu-Jitsu No-Gi дисциплиналарында бақ сынады. Қазақстан намысын еліміздің барлық өңірінен барған 194 спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ересектер құрамасы 3 алтын, 3 күміс және 15 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады. @baq_kz

  • Жаңа оқу жылына дайындық: Мектептер мен балалар қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде? Үкіметте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Толығырақ ⬅️ @baq_kz

  • ❗️Канье Уэстің Алматыдағы концерті ертеңге ауыстырылды Бүгін, 14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтуі тиіс болған Канье Уэстің концерті 15 тамызға ауыстырылды. Концерттің кейінге шегерілуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Кешке Алматыда қатты нөсер жауып, қаланың бірнеше ауданында ағаштар мен қоршаулар құлағаны хабарланды. @baq_kz

  • ⚡️Қазақстанда автогаз тапшылығы болуы мүмкін бе? – сарапшы пікірі Биыл КҚК-ға жасалған резонансты шабуылдар салдарынан Қазақстан автогаз дағдарысына тап болуы мүмкін бе? Осы жағдайға байланысты биыл елдегі ең ірі мұнай-газ кен орнында өндіріс көлемі де қысқартылған еді. Бұл мәселені BAQ.KZ редакциясына The Global Gas Centre (Женева) ұйымының Орталық Азия бойынша кеңесшісі Асқар Исмаилов түсіндіріп берді ⬅️ @baq_kz

  • ⚡️ Алматы қаласы мен Алматы облысында 1403 байланыс орталығы уақытша істен шықты Электр энергиясының жаппай ажыратылуына байланысты 1403 бірыңғай байланыс орталығының жұмысында ақау пайда болды. Жолдардың жағдайы, қозғалыс шектеулері және ақылы жолдар туралы…

  • ⚡️«Мұсылмандық НАТО» құрылып жатыр ма: Түркия, Сауд Арабиясы мен Пәкістан одағы нені өзгертеді? Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс саласындағы жаңа одақ мұсылман әлеміндегі күштердің арақатынасын өзгерте ала ма? Бұл үш мемлекеттің арасындағы келісім болып қала ма, әлде болашақта ауқымды қауіпсіздік жүйесіне айнала ма? Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы, Түркиядағы Эрзинджан Бинали Йылдырым университетінің профессоры Айнұр Ноғаева BAQ.KZ тілшісіне үш мемлекеттің жақындасуын ислам әлемінің әскери-экономикалық әлеуетімен, Түркиядағы ішкі өзгерістермен және әлемдегі жаңа геосаяси жағдаймен байланыстыратынын айтты ⬅️ @baq_kz

  • 🔥 Астана – Щучинск жолында «Газель» өртенді 14 тамызда «Щучинск» ақылы жол пунктіне кіреберісте «Газель» автокөлігі өртенді. Өртке байланысты жолақтағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп, зардап шеккендер жоқ. Қазір жол қозғалысы қалпына келтірілді, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. @baq_kz

  • ⚡️ Қазақстанда электр желісіндегі ақаудан кейін жарықты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр Алдын ала мәлімет бойынша, Орталық Азия энергетикалық жүйесінен қуат ағынының күрт артуы себеп болған. KEGOC қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, Қарағанды…

  • ❗️Алматы мен Алматы облысының бір бөлігі жарықсыз қалды 14 тамыз күні сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 500 кВ кернеулі Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апатты түрде ажырауы салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа…

  • ❗️Алматы мен Алматы облысының бір бөлігі жарықсыз қалды 14 тамыз күні сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 500 кВ кернеулі Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апатты түрде ажырауы салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа…

  • ❗️Алматы мен Алматы облысының бір бөлігі жарықсыз қалды 14 тамыз күні сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 500 кВ кернеулі Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апатты түрде ажырауы салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматты қорғаныс жүйелері (САОН, АЖЖ) іске қосылды. Компанияның мәліметінше, апатқа қарсы автоматика жұмысының салдарынан ажыратылған электр жүктемесінің көлемі 300 МВт болған. Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары тұтынушыларды қайта электрмен жабдықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. @baq_kz

  • ❗️Астана маңындағы ат клубында 33 жастағы әйел аттан құлап, көз жұмды Астана маңындағы ат клубында 33 жастағы Жазира аттан құлап, ауыр жарақат алған. Ол бір айға жуық комада жатып, 13 тамызда ауруханада көз жұмды. Полиция бұл факті бойынша бұған дейін қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегімен қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеу жалғасып жатыр, іс әйелдің қазуына байланысты қайта сараланбақ. @baq_kz

  • ❗️🏠 Пәтер алып беремін деп 22 млн теңгені иемденген әйел Ақтөбеден ұсталды Ақмола облысында екі тұрғынды пәтер алып беремін деп алдап, 22 млн теңгесін иемденген күдікті әйел ұсталды. Ол тергеуден бой тасалап, шілдеде іздеуге жарияланған. Күдікті Ақтөбеден табылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін оның қаладағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істегені анықталды. Полиция қазір оның мектепке қандай құжаттармен жұмысқа орналасқанын тексеріп жатыр. Жалған құжат пайдаланылған болуы мүмкін деген нұсқа да қарастырылуда. @baq_kz

  • 🚨 ІІМ 15 млн қазақстандықтың дерегін сатылымға шығарған адамды іздеп жатыр Қазақстандықтардың дербес деректері сатылымға шығарылғаны туралы ақпараттан кейін полиция тексеру бастады. Қазір хабарландыру авторының кім екені, деректердің қайдан алынғаны және…

  • ⚡️Instagram желісінде өзгерістер болды Instagram қосымшасының жоғарғы бөлігіндегі логотип-жазудың шрифті жаңарды. Қосымша басшысы Адам Моссеридің айтуынша, бұл жазу соңғы 10 жылда өзгермеген. Енді Instagram жаңа қаріппен көрінетін болады. Жаңа қаріп ұнады ма, әлде бұрынғысы жақсы еді ме? 👀👇 @baq_kz

  • ❗️«Рекультивация» деген сылтаумен 1 млрд теңгенің марганец кенін өндірген топ ұсталды Ұлытауда күдіктілер карьерді қалпына келтіріп жатқан кейіп танытқан. Ал шын мәнінде мұнда толыққанды кен байыту кешені жұмыс істеп тұрған. Өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асып, оның құны 1 млрд теңгеден көп болған. Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға залал келтірілген. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады. Тергеу жалғасып жатыр. @baq_kz

  • 🇰🇿🇵🇰Тоқаев Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифті Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.   Мемлекет басшысы жеделхатында орнықты даму жолында Пәкістанның айтарлықтай табысқа жеткеніне тоқталып, екіжақты және халықаралық күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұдайы бейіл екенін білдірді.   Қазақстан Президенті Премьер-министр Шахбаз Шарифтің елдеріміздің өзара ықпалдастығына тың серпін беретін Астанаға мемлекеттік сапарына ерекше ден қойып отырғанын атап өтті.    @baq_kz

  • 🚔 Оралда полицей 5-қабаттағы терезе алдында отырған баланы құтқарды Учаскелік полиция инспекторы Убиш Гайсин 5-қабаттағы ашық терезе алдында отырған 3–4 жастағы баланы байқап, дер кезінде қауіпсіз жерге алып шықты. Анықталғандай, анасы үйден шығып кеткенде бала 14 жастағы ағасымен қалған. Полиция ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті. @baq_kz