tgindex
Бейнеу ауданының әкімдігі

Бейнеу ауданының әкімдігі

Статистика
@beineuakimdigiказахский

Бейнеу ауданының әкімдігі

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
38
Всего постов
71
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
166
0 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
7
40 постов
Вовлечённость
4,2%
к подписчикам
Постов в день
5,4
всего 71
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
5
1/48двое суток
5
1/72трое суток
6

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Бейнеу ауданы әкімінің өкіміне сәйкес құрылған қоқыс тастау фактілерін анықтау және олардың алдын алу жөніндегі мониторингтік жұмыс тобы Бейнеу ауылындағы мекеме, кәсіпорын және кәсіпкерлік нысандардың тазалығына байланысты мониторинг жасалды. Мониторинг барысында нысан иелеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық орындар мен елді мекен аумағын ластауға, тұрмыстық және өзге де қалдықтарды белгіленбеген орындарға төгуге жол берілмейтіні түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару қажеттілігі, санитарлық тазалық талаптарын сақтау және ортақ игілікке ұқыпты қараудың маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

  • 14 авг.9из electionelection

    📌2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі

  • 14 авг.9из electionelection

    ✅ 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі

  • 14 авг.4из electionelection

    ✔️ 📌2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі

  • 14 авг.4из aqorda_resmi

    Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады ✔️Мемлекет басшысына биыл 23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді. ✔️Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды. t.me/aqorda_resmi

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Жастар – жарқын болашақтың бастауы! 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына арналған мерекелік көңілді кеш өтті. Жастардың мерекелік кешіне белгілі әзілкештер Нұрбол Сағидуллин…

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Маңғыстауда жасанды интеллект пен деректерді өңдеу орталықтарына арналған ірі кластер құру мәселесі талқыланды Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Ample Solution Limited» компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар өңірде цифрлық және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру перспективаларын талқылады. Маңғыстауда жасанды интеллект саласындағы деректерді өңдеу және есептеу орталықтарына арналған жоғары өнімді инфрақұрылымдық кластер құру жоспарлануда. Кешеннің жиынтық қуаты 500 МВт-қа дейін жетуі мүмкін. Алдын ала инвестиция көлемі 1,4 млрд АҚШ долларынан асады. Кешен құрамына деректерді өңдеу орталықтары, газ генерациясы, жаңартылатын энергия көздері нысандары және телекоммуникациялық инфрақұрылым кіреді. Есептеу қуаттарын жасанды интеллект модельдерін оқытуға, бұлтты сервистерді дамытуға және үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге пайдалану жоспарлануда. «Жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылымды дамыту – бүгінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы нақты міндет қойды – үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдырып, жасанды интеллектіні кеңінен енгізуді қамтамасыз ету. Мұндай бастаманы Маңғыстауда іске асыру жоғары технологиялық салаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз инвестиция тартуға мүдделіміз және инвестормен бірлесіп барлық қажетті мәселелерді пысықтауға дайынбыз», – деді Нұрдәулет Қилыбай. Жобаның негізгі бағыттарының бірі – тұрақты энергетикалық базаны қалыптастыру. Электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ету үшін газ генерациясын дамыту, сондай-ақ өңірдің күн және жел энергетикасы саласындағы әлеуетін тиімді пайдалану көзделіп отыр. Сонымен қатар телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жоспарланған. Атап айтқанда, магистральдық және халықаралық байланыс арналарына қосылу, резервтік талшықты-оптикалық бағыттарды құру, сондай-ақ Каспий теңізі арқылы цифрлық коммуникацияларды дамыту қарастырылуда. Кездесу барысында жобаны іске асырудың практикалық мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, жер учаскесін айқындау, объектіні электр энергиясы және газбен қамтамасыз ету, телекоммуникациялық желілерге қосылу, қажетті техникалық шарттарды алу және инвесторға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қарастырылды. Бастаманы іске асыру қомақты инвестиция тартуға, энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымды кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірде жоғары технологиялық салаларды дамытуға мүмкіндік береді. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Жастар – жарқын болашақтың бастауы! 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына арналған мерекелік көңілді кеш өтті. Жастардың мерекелік кешіне белгілі әзілкештер Нұрбол Сағидуллин мен Тұрар Сәулебай арнайы қонақ болып, кеш тізгінін қолға алды. Кеш барысында сахна төрінде ауданның өнерпаз жастары өнер көрсетіп, көрермендерге әсем ән мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кеш қызықты ойындар мен көңілді байқауларға ұласып, жастардың белсенділігі мен ұйымшылдығын танытты. Әзіл мен әуенге, шаттық пен думанға толы кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, есте қаларлық әсер қалдырды. Кеш соңында көкке атылған отшашу мерекелік шараның сәнін келтіріп, аспан төрін түрлі түсті жарыққа бөледі. Жастар – елдің ертеңі, қоғамның серпінді күші, жарқын болашақтың жаршысы. Жастарымыздың жігері мен талабы артып, арманы асқақ, қадамы нық болсын! Жастардың жалынды жалыны сөнбей, әр күні қуаныш пен жаңа мүмкіндіктерге толы болғай!

  • 13 авг.6из mangystau_press

    🎥Маңғыстауда өнеркәсіп және логистика салаларында ірі жобалар жүзеге асырылуда #mangystauakimdigi #akimatmangystau

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи