tgindex
BTS_FF_KZX әᴧᴇʍі

BTS_FF_KZX әᴧᴇʍі

Статистика
@bts_ff_kzxcказахский

https://t.me/btsffkzx 🍷 @ʙᴛs_ғғ_ᴋᴢx - instagram🍷 Автор - #Ария #ДжиДжи #Наоми

Последний пост
4 июл.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
345
0 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
153
20 постов
Вовлечённость
44,3%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • BTS_FF_KZX әᴧᴇʍі pinned «12-bolim Сен қатып қалдың.Пионаның сөзі құлағыңда қайта-қайта жаңғырып тұр. “Ол сенің ата-анаңның өрт болған үйінің жанында тұрған адамдардың бірі еді…” — Не?..Не деп тұрсың?.. Пиона үнсіз қалды. Сосын басын шайқады. — Жоқ.Қазір емес. — Пиона!Қазір айтсаңшы!…»

  • Ванни кетер алдында саған жақындады. Саған ғана естілердей дауыспен: — Өзіңді жеңдім деп ойлама. Сен оның көзіне тіке қарадың. — Мен ешкіммен жарысып жүрген жоқпын.Ал сендер жеңіліп қалғандарыңды байқамай жүрсіңдер. Ваннидің жүзі бір сәтке өзгеріп кетті. Сосын бұрылып шығып кетті. Есік жабылған соң ғана бәрі терең тыныс алды. Чон әжей басын шайқады. — Осындай адамдарды өмірімде аз көрмедім.Бірақ бұлар ерекше екен. Чонгук бірден: — Ерекше емес.Қорқынышты. Біраз уақыттан кейін кеш те аяқталды. Адамдар біртіндеп тарай бастады.Сен мейрамхананың балконына шығып кеткен едің.Қала шамдары алыстан жымыңдайды.Салқын жел есіп тұр.Бүгінгі жағдайдан кейін көңілің ауырлап қалған.Бір кезде артыңнан қадам даусы естілді.Хосок екен. Ол жаныңа келіп қоршауға сүйенді. Біраз уақыт екеуің де үндемедіңдер. — Рахмет. — Не үшін? — Бүгін…Мені қорғағаның үшін. Хосок күлімсіреді. — Мен ештеңе істеген жоқпын. — Істедің. Тағы үнсіздік орнады. Бір кезде Хосок саған қарап: — Қорықтың ба? Сен біраз ойланып қалдың. — Бұрын қорқатынмын. — Қазір ше? Сен қалаға қарап тұрдың. Сосын баяу ғана: — Қазір жалғыз емес екенімді білемін. Хосок жауап бермеді.Бірақ жүзіне байқалмайтын жымиыс келді. Ал дәл сол сәтте… Мейрамханадан бірнеше көше арыда тоқтап тұрған қара көліктің ішінде Шинхэ отыр еді.Қолындағы телефонды қатты қысып отыр.Жанында Ванни. — Ол қыз өзгеріп кеткен. -деді Ванни. Шинхэ терезеден сыртқа қарап отырды. — Жоқ.Өзгерген жоқ.Ол шындыққа жақындап қалды. Ваннидің жүзі өзгеріп кетті. — Соён туралы ма? Бірнеше секунд үнсіздік болды. Сосын Шинхэ суық дауыспен: — Егер ол бәрін біліп қойса…Бізге қиын болады. Көлік ішін ауыр тыныштық басты. Ал алғаш рет…Олардың жүзінде ашудан гөрі қорқыныш көбірек көрініп тұр еді… Соңы

  • Хосок байқап қалды. Бірақ үндемеді.Тек саған бір көз тастап қойды.Чон әжей қабағын түйіп: — Шақырмаған қонақтар көбейіп бара жатыр екен. Ванни жымиғанын жоғалтпай: — Біз де болашақ құдалармыз ғой. Сол сөзден кейін сен ерніңді тістеп қалдың.Шинхэ мен Ванни ештеңе болмағандай ортадағы бос орындарға келіп отырды. Бірақ атмосфера өзгеріп кеткен еді. Бірнеше минуттан кейін. Барлығы қайтадан сөйлесуге тырысқан. Бірақ әңгімені Ванни бұза берді. — С/е, соңғы уақытта жаңалықтардан түспей кеттің ғой. — Иә. — Танымал болу оңай емес шығар. — Әр жұмыстың өз қиындығы бар. — Дұрыс айтасың. Ванни күліп отырып сөзін жалғастырды. — Дегенмен кейде адамның шамасы жетпейтін ортаға кіріп кететін кездері болады екен.Зал тынышталып қалды. Сен оның не меңзеп отырғанын түсіндің. Шинхэ шарабынан ұрттап: — Хосок мырза үлкен әулеттің мұрагері.Мұндай ортаға кез келген адам үйрене алмайды. Сен жай ғана оған қарадың. — Мен де солай ойлаймын. — Ендеше түсінгенің жақсы екен. —деді Шинхэ.Чонгук көзін төңкеріп жіберді. Ал Чон әжейдің жүзі суып кеткен. Ванни тағы сөйледі. — Кейбір адамдар өз орнын ұмытпағаны дұрыс.Әйтпесе кейін өкініп қалады. Сенің шыдамың азая бастады. Хосок байқап отыр.Бірақ әлі үндемей келеді. — Айтпақшы…—деді Ванни. — Сен кішкентай кезіңде қандай момын едің.Қазір мүлде өзгеріп кетіпсің. —Адамдар өскен сайын өзгереді.–дедің салқын ғана. — Жоқ.Кейбірі тәкаппар болып кетеді. Шинхэ күліп қойды. — Танымалдық басына шыққан шығар. Сол сәтте сен орныңнан жайлап тұрдың. Барлығы саған қарады. — Болды ма? —дедің тыныш қана. Ванни жымиып: — Нені айтасың? — Екеуіңнің айтатындарыңды. Зал іші тынышталып қалды. — Егер мені кемсіту үшін келген болсаңдар…Уақыттарыңды босқа кетіріп отырсыңдар. Шинхэ қабағын түйді. — Біз үлкендерміз.Дұрыс сөйле. Сен оның көзіне тіке қарадың. — Үлкен адам құрметті өз ісімен алады.Жасымен емес. Бөлме іші қатып қалды.Чонгук жөтеліп қойды. — Ойпырмай… —деп сыбырлады. Сен сөмкеңді алдың. — Мен кеттім.Көңіл-күйім бұзылды.—дедің де бұрылдың. Дәл сол сәтте… Шинхэ үстелді жұдырығымен тарс ұрып қалды.Барлығы селк етіп оған қарады. — Отыр! —деді ол қатқыл дауыспен. Сен тоқтамадың. — Мен саған сөйлеп тұрмын! — Ал мен сені тыңдап тұрған жоқпын.—дедің суық үнмен. Зал іші бірден тынышталып қалды. Ванни ашулы жүзбен: — Көрдің бе? Біз осыны тәрбиеледік. — Тәрбиеледіңдер ме? Сен күліп жібердің. Бірақ ол күлкіде жылылық жоқ еді. — Тәрбиелеген адамдар баласын қорқытпайды.Баласын сатып кетпейді.Баласын жек көрмейді. Ваннидің жүзі өзгеріп кетті. — Аузыңа ие бол! — Неге?Шындық ауыр тиіп жатыр ма? Шинхэ орнынан атып тұрды. — Жетеді! — Жоқ.Енді мен сөйлеймін. Сен оның көзіне тіке қарадың. — Өмір бойы үндемей келдім.Қорықтым.Жыладым.Күттім.Бірақ сендер бір рет болса да ата-ана болуға тырыспадыңдар. Залдағы адамдар бір-біріне қарап қалды. Чон әжейдің де жүзі қатайып кеткен. Шинхэ ашудан дірілдеп тұрды. — Сен…Сен кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе?! Сол сәтте Хосок орнынан баяу көтерілді. Барлығы оған қарады.Ол сабырлы болғанымен, көзқарасы суық еді. — Ал сіз кіммен сөйлесіп тұрғаныңызды білесіз бе? Шинхэ оған бұрылды. — Бұл біздің отбасылық мәселе. — Жоқ. Хосок сенің жаныңа келіп тұрды. — Енді бұл тек сіздердің мәселелеріңіз емес.Ол жалғыз емес. Сен таңырқап Хосокқа қарадың. Ал залда отырғандардың бәрі үнсіз қалып еді.Чонгук болса ақырын ғана жанына отырған адамға еңкейіп: — Бітті…Қазір біреу біреуді өлтірмесе болды… —деп сыбырлады. Шинхэ ащы күліп жіберді. — Жалғыз емес пе?Қанша уақытқа дейін?Бүгін барсың, ертең жоқсың.Сен оны қанша уақыт қорғаймын деп ойлайсың? Хосоктың жүзі өзгермеді. — Қажет болса өмір бойы. Залдағы бірнеше адам таңырқап бір-біріне қарады.Сен де еріксіз Хосокқа бұрылдың.Өзі де айтқан сөзіне мән бермегендей көрінді.Бірақ көзқарасы байсалды еді. Ванни орнынан тұрып: — Жетер енді.Бәрің бізді жау көріп отырсыңдар.Біз тек жақсылығын ойлап отырмыз. Чонгук шыдамай күліп жіберді. — Иә әрине.Өте байқалып тұр. Чон әжей оған көзін сығырайтып қарады. — Чонгук. — Үндемедім. — Сен сөйлеп тұрсың. — Енді үндедім. Бірнеше адам күлкісін әрең ұстап отырды. Шинхэ ашуланып пальтосын алып кетті. — Жүр, Ванни.Мұнда отыратын жер қалмады.

  • Сен ұялыңқырап: — Ертең тағы жаңалыққа шығамыз. — Онсыз да шығып жүрміз ғой, — деді Хосок сабырлы түрде. Бірінші болып киім дүкеніне кірдіңдер. Сен бір көйлекті алып: — Мынау қалай? — Әдемі. — Сен қарамай-ақ жауап бердің. — Себебі саған бәрі жарасады. Сен күліп: — Қандай дайын жауап. — Шын айтып тұрмын. Бірнеше сағаттың ішінде бірнеше пакет жиналып қалды.Көйлектер.Сөмкелер.Аяқ киімдер.Әшекейлер. Тіпті Хосоктың өзіне де бірнеше костюм алынды.Сен бір қара костюмді ұстап: — Мынаны киіп көрші. — Ұнамайды. — Киіп көр. — Ұнамайды дедім ғой. — Киіп көр. Хосок күрсініп: — Бұйрық беруді жақсы көреді екенсің. — Әрине. Бірнеше минуттан кейін ол киініп шыққанда сенің көзің үлкейіп кетті. — Ооо… — Не? — Әдемі екен. — Білемін. — Тым мақтаншақсың. — Сен айттың ғой. Кешке қарай екеуің шаршап қалған едіңдер.Бірақ Чон әжейдің тапсырмасы есіңе түсті. — Той көйлектерін қараймыз ба? — Қарайық. Сөйтіп арнайы салонға келдіңдер.Іште ақ түсті көйлектер көздің жауын алады.Сен бір көйлекке қарап тоқтап қалдың. Жеңіл әрі өте нәзік. Сатушы бірден байқап: — Киіп көргіңіз келе ме? Сен Хосокқа қарадың. — Қалай ойлайсың? — Киіп көр. Бірнеше минуттан кейін перде ашылды. Сен ақ көйлекпен сыртқа шықтың.Зал іші тынышталып қалды.Тіпті сатушылар да бір сәт қарап қалды.Көйлек саған ерекше жарасып тұр еді.Сен айнаға қарап: — Қалай екен?—дедің. Хосок жауап бермеді.Сен оған бұрылдың. — Хосок? Ол әлі қарап тұр екен. Бірнеше секундтан кейін ғана есін жиып: — Әдемі.—деді қысқа ғана. — Тек әдемі ме? — Өте әдемі. Сен күліп жібердің. — Міне, енді дұрыс жауап. Хосок басын шайқап күлді.Бірақ өзі де түсінбей қалған еді.Бір кездері жай ғана келісім болған бұл қарым-қатынаста соңғы уақытта бір нәрсе баяу өзгеріп келе жатқандай сезілетін… бірақ оның не екенін әзірге ешқайсың да дауыстап айтқан жоқсыңдар. Ал кешке қарай Чон әжеймен болатын кездесу сендерді әлі күтіп тұр еді… Кеш бата бастады. Шоппингтен кейін екеуің де виллаға соғып, киімдеріңді ауыстырып шықтыңдар.Сен жаңа ғана алған ашық түсті көйлектердің бірін киіп, шашыңды жеңіл ғана жинап алдың.Төменге түскеніңде Хосок күтіп тұр екен.Ол саған қарап бір сәт үнсіз қалды. — Не? — Ештеңе. — Тағы да “әдемісің” дегің келіп тұр ма? Хосок күліп жіберді. — Өзің біліп тұрсың ғой. — Рахмет. Көп ұзамай көлік үлкен мейрамхананың алдына тоқтады.Бүгін мұнда Чон әулетінің кешкі отырысы өтпек.Есіктің алдында қызметкерлер қарсы алды. Екеуің ішке кіргенде үлкен VIP зал дайын тұрған.Іште бірнеше адам жиналып қалыпты.Чон әжей ортада отыр. Чонгук телефон шұқылап отыр екен.Сендерді көрген бойда: — Ооо, міне біздің жаңа жұбайлар! — Жабылшы.—деді Хосок бірден. Чонгук күліп қалды. — Әжей, көрдіңіз бе? Маған күнде ұрсады. Чон әжей күліп: — Өз кінәңнен. — Әжеее. — Үндеме. Зал іші күлкіге толып кетті. Сен әжейдің қасына барып амандастың. Чон әжей қолыңнан ұстап: — Бүгін ерекше әдемі болып кетіпсің. — Рахмет. — Менің немеремнің жолы болған екен. Сен қысылып күліп жібердің. Ал Хосок болса теріс қарап кофе ішіп отыр.Чонгук оны түртіп: — Қызарып отырсың ба? — Өлгің келіп тұр ма? — Жоқ. — Онда үндеме. Біраз уақыттан кейін бәрі дастархан басына жиналды.Әңгіме көбіне той жайында болды.Қай жерде өтеді. Қанша адам келеді. Қандай безендіру болады. Чон әжей тіпті блокнот шығарып алып жазып отыр. — Мына гүлдерді қоймаймыз. — Неге? —деді сен. — Ұнамайды. — Әже… — Ұнамайды дедім. Чонгук күліп: — Әулеттің ең қауіпті адамы осы кісі. Чон әжей оған суық қарап қойды. — Мен естідім. — Мен әзілдеп едім. Осылайша бәрі жайлы сөйлесіп отырған. Бірақ бір кезде есік ашылды.Барлығы еріксіз бұрылып қарады.Ішке екі адам кіріп келе жатты.Сенің жүзіңдегі күлкі сол сәтте жоғалып кетті. Ванни.Шинхэ. Екеуі де ештеңе болмағандай жымиып келе жатыр.Залдағы жылы атмосфера бірден суып кеткендей болды.Хосок та қабағын түйді. Чонгук үнсіз қалды.Ал сен… Жай ғана қатып қалған едің. Өйткені олардың бұл жерге не үшін келгенін ешкім түсінбей тұрған еді… Есік жабылған сәтте зал ішіндегі әңгіме де тоқтап қалды.Ванни күлімсіреген кейіп танытып: — Біз кешігіп қалмадық па? — деді. Шинхэ де жан-жағына көз жүгіртіп: — Отбасылық кеш қой деп естіп едік. Сенің қолыңдағы стақан сәл дірілдеп кетті.

  • — Себебі жүзіңнен көрініп тұр. Осы кезде телефон шыр етті. Белгісіз хабарлама. Сен аштың.Экранда бір ғана сурет. Ескі балалар үйі.Төменде жазу тұр. “Хан Соён осында тұрған.” Сен орныңнан атып тұрдың. — Не болды?—деді Тэхён. Бірақ сен жауап бермей Чиминге қарай жүгірдің. Кешке.Чимин, Хосок үшеуің картаға қарап отырсыңдар. — Бұл жер қаланың шетінде—деді Чимин. — Қазір жабық болуы керек. — Барамыз ба?—дедің бірден. Хосок бірден қарсы болды. — Жоқ.Алдымен тексереміз.Жалғыз хабарламаға сене алмаймыз. Сен үндемей қалдың. Бірақ ішің біртүрлі сезімді айтып тұр. Дәл сол жерге бару керек сияқты. Ал сол сәтте…Қаланың басқа шетінде. Қараңғы бөлме. Біреу мониторға қарап отыр. Экранда сенің суретің.Хосоктың суреті. Чиминнің суреті.Бірінен кейін бірі ауысып тұр. Белгісіз адам күлімсіреді. — Ақырындап жақындап келеді…—деді. Сосын үстел үстіндегі ескі суретті қолына алды.Суретте төрт адам тұр еді. Жас Шинхэ.Жас Кан Дохён.Белгісіз әйел. Және…Кішкентай қыз. Суреттің артында бір ғана сөз жазылған болатын:”Соён.” Белгісіз адамның жүзі қараңғылықта көрінбей қалды. Тек оның келесі сөзі естілді. — Уақыты жақындады… Таң жаңа ғана атқан. Терезеден түскен бозғылт жарық бөлмені баяу ғана толтырып, таңғы тыныштықты одан сайын жұмсартып тұр. Сен Хосок екеуің ас үйде таңғы ас ішіп отырсыңдар. Үстел үстінде жеңіл тағам, ал екеуіңнің араларыңда күнделікті әдеттегі жылы үнсіздік пен жайлы әңгіме бар. Хосок сәл жымиып, саған көз қиығын тастады. — Түнде ешкім мазаламады ма? — деді ол жай ғана. Сен басыңды сәл шайқап, қасыңдағы шыныаяқты қолыңмен айналдырып отырып жауап бердің: — Жоқ, тыныш ұйықтадым. Хосок жеңіл ғана бас изеді. — Бүгін жұмыс бар ма? — деді келесі сұрағын қойып. Сен күлімсіреп, көңілді үнмен жауап бердің: — Жеттім ғой… бүгін демалыс. — Менде де демалыс, — деді Хосок та күліп. — Ооо, — деп сен қысқа ғана таңданысыңды білдірдің де, күліп жібердің. Сәл үнсіздіктен кейін Хосок саған қарап: — Бүгін Чон әжей бізді шақырды, екеумізді, — деді. Сен қасыңды көтеріп: — Неге екен? — деп сұрадың. — Тойдың мәселелерін шешу керек екен, — деді ол жай ғана. Сен күрсініп, басыңды шайқадың: — Иә… тым ұзаққа созылып кетті ғой. Хосок та шаршаңқы жымиып: — Сол ғой. Бір жақтан той, бір жақтан түсініспеушілік… бәрі араласып, нағыз қарбалас болып кетті, — деді. Сен оған қарап, сәл жұмсақ үнмен: — Солай ғой… — дедің. Сол сәтте көзің ойнақтап, кенет көңілді үнмен қосып жібердің: — Бүгін бірге шоппингке барайықшы? Хосок бір сәтке таңырқап: — Екеуміз бе? — деді. Сен ерніңнің шетін көтеріп, әдейі қалжыңдап: — Жоқ, мен бөлек, сен бөлек, — дедің. Хосок күліп жіберді. — Иә, барайық онда, — деді ол келісіп. Сен орныңнан жеңіл тұрып: — Онда 30 минуттан кейін дайындалайық, — деп бөлмеңе қарай бет алдың. Хосок та орнынан баяу тұрып, таңғы тыныштыққа араласқан сол бір жылы көңіл күймен сенімен бірге жаңа күнге дайындала бастады. 30 минуттан кейін екеуің де дайын болып төменге түстіңдер. Сен жеңіл әрі сәнді киім киіп алғансың. Ал Хосок әдеттегідей қарапайым болса да ерекше көрініп тұр.Есік алдына бірнеше көлік келіп тоқтады. Чимин бастаған оққағарлар дайын тұр екен. Сен күліп: — Біз шоппингке барамыз ба, әлде мемлекет басшыларымен кездесуге ме? — дедің. Чимин қабағын көтеріп: — Сіздерді танитын адам аз емес. Хосок күліп: — Оның айтқаны дұрыс. — Жарайды, жарайды, — деп көлікке отырдың. Бірнеше минуттан кейін қаладағы ең үлкен сауда орталықтарының біріне келдіңдер.Көлік тоқтаған бойда адамдардың назары бірден сендерге ауды. — Анау Мин С/е емес пе?! — Хосок та бірге екен! — Тез түсір! Телефондар бірінен соң бірі көтеріле бастады.Жанкүйерлер жиналып үлгергенше оққағарлар шеңбер жасап, жол ашып тұрды. Сен сәл қысылып: — Мына адамдар қайдан сонша тез жиналады? — дедің. Хосок күліп: — Мен де соны түсінбеймін. Сол кезде адамдар бір-бірін итеріп, жақындай бастады.Хосок сенің жағыңа бұрылып: — Жақынырақ жүр. — Жүріп келемін ғой. — Жоқ. Ол сенің қолыңнан ұстап алды. Сен таңырқап оған қарадың. — Не? — Әйтпесе адасып қаласың. — Бес жастамын ба? — Кейде солай сияқтысың. — Я! Хосок күліп жіберді. Ал жанкүйерлер болса тіпті шулап кетті. — Қол ұстасты! — Қандай тәтті! — Видеоға түсіріңдер!

  • Бір кезде ол басын көтерді. Бірақ…Бұл Пиона емес еді. Сен өміріңде көрмеген жас қыз. Көзі мұңды.Өте мұңды. Ол саған қарап тұр. Сосын ерні қимылдады. —Көмектес…—деді де жоқ болып кетті. Сен орныңда қатып қалдың. Жүрегің дүрсілдеп соғып тұр. Дәл сол сәтте төменнен есік ашылған дыбыс шықты. — С/е? Хосоктың дауысы. Сен лезде баспалдаққа қарай жүгірдің. — Хосок! Хосок шошып қалды. — Не болды? — Мұнда бір қыз болды! — Қандай қыз? — Мен танымаймын!Ол менен көмек сұрады! Хосок жоғарыға қарады. Дәліз бос.Ешкім жоқ. Бірақ сенің жүзіңнен қорқыныш анық көрініп тұр еді. Ал дәл сол сәтте… Сенің бөлмеңдегі үстел үстінде жатқан конверт өздігінен ашылып кетті. Ішінен бұрын байқалмаған кішкентай қағаз сырғып түсті. Қағазда бір ғана есім жазылған еді: “Хан Соён.” Сен қағазды дірілдеген қолыңмен көтеріп алдың.Бейтаныс есім.Бірақ жүрегің біртүрлі шым ете қалды.Хосок қағазға қарап: — Кім бұл? — Білмеймін…Өмірімде естімедім. Сен қайтадан әлгі дәліздегі қызды ойладың. Ақ көйлек.Мұңды көздер. “Көмектес…” Хосок қағазды қолына алып қарап шықты. — Бұл жаңа қағаз емес.Қарашы. Сен жақындадың. Қағаздың шеттері сарғайып кеткен. Ескі.Өте ескі.Жылдар бойы сақталғандай. — Біреу мұны конверттің ішіне әдейі салған.Бірақ не үшін? Сен үндемедің. Сұрақ тым көп еді. Осы кезде бөлме ішіндегі шам бірнеше рет жыпылықтап кетті. Сен бірден қатып қалдың. — Хосок… — Иә? — Байқадың ба? — Жарық па? — Иә… Хосок төбеге қарады. Бірақ жарық қайтадан қалыпты күйге келді. — Электр шығар. Сен үнсіз басыңды изедің. Бірақ ішің біртүрлі болып тұр. Түн. Сағат 02:17. Барлығы ұйқыда.Вилла іші тыныш. Бір кезде… Тық. Тық. Тық. Сен көзіңді аштың. Бөлме қараңғы. — Не дыбыс?.. тағы. Тық. Тық. Тық. Дәл терезеден шығып жатыр.Сен төсектен баяу тұрдың.Пердені ақырын аштың.Бірақ сыртта ешкім жоқ. Тек бақша.Жел.Гүлдер. Сен терезені жаппақ болып едің… Көзің төменге түсіп кетті.Бақшадағы әткеншекте біреу отыр.Сенің жүрегің тоқтап қалғандай болды. Ақ көйлек.Ұзын шаш.Әлгі қыз. Хан Соён.Ол баяу тербеліп отыр.Басын төмен салған. — Хосок…—деп сыбырладың. Бірақ жауап жоқ.Сен жалт бұрылдың.Телефонды алмақ болдың. Қайта терезеге қарадың.Әткеншек бос.Ешкім жоқ.Тек желмен қозғалып тұр. Келесі таң. Таңғы ас үстелі.Хосок кофе ішіп отыр. Ал сен ұйықтамаған адам сияқтысың. — Түнімен ұйықтамадың ба? — Жоқ…Әлгі қызды тағы көрдім. Хосок үнсіз қалды. — Пиона емес. — Иә. — Басқа қыз. — Ол кім? Сен басыңды шайқадың. — Білмеймін. Осы кезде үйге Чимин келді.Әдеттегідей қара киім.Салмақты жүз. — Қайырлы таң. — Қайырлы таң. Ол үстелге бір папка қойды. — Бұл не? — Кеше сұратқан ақпарат. Сен таңырқап қарадың. — Қандай ақпарат? — Хан Соён туралы. Сен орныңнан атып тұрдың. — Не?! Хосок та таңғалып қалды. — Таптың ба? Чимин басын изеді. — Толық емес.Бірақ бір нәрсе бар. Ол папканы ашты. Ішінен сарғайған газет қиындысын шығарды.Жоғарғы жағында үлкен әріптермен: “20 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ӨРТТЕН АМАН ҚАЛҒАН ҚЫЗ ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛДЫ” Сенің тынысың тарылды. — Қыз?.. Чимин газеттегі суретті көрсетті.Сенің қолың дірілдеп кетті.Өйткені суреттегі қыз…Кеше дәлізде көрген қыз болатын. Хан Соён. Ал төменгі жолда одан да қорқынышты сөйлем жазылған еді: “Қыз жоғалғаннан кейін іс жабылып қалған.” Чимин газет қиындсын үстелге қойды.Бөлме іші тынышталып қалды.Сен суреттен көз ала алмай отырсың.Кеше ғана дәлізде көрген қыз.Дәл өзі. — Бұл мүмкін емес…—дедің ақырын. Хосок газетті алып қайта қарап шықты. — Жиырма жыл бұрын жоғалған дей ме? — Иә.–деді Чимин. — Бірақ ең қызығы бұл емес. Чимин папканың ішінен тағы бір қағаз шығарды. — Өрт болған іс пен осы қыздың жоғалу ісін бір тергеуші жүргізген.Кейін екеуі де жабылған. Сенің қабағың түйілді. — Неге? — Белгісіз.Құжаттардың жартысы жоғалған. Хосок орындыққа арқасын сүйеді. — Біреу әдейі жапқан. Чимин үндемей басын изеді. Сол күні түстен кейін. Сен түсірілімге келдің.Бірақ ойың мүлдем басқа жақта. Режиссер сөйлеп жатыр. Актерлер дайындалып жатыр. Бірақ сенің ойыңда тек бір есім. Хан Соён. Үзіліс кезінде сен жалғыз қалып сценарий оқып отырғансың. Бір кезде жаныңа Тэхён келді. — Бүгін тым тынышсың.Бірнәрсе болды ма? — Жоқ. — Тағы өтірік. Сен күліп қойдың. — Бәрі өтірік дейді ғой маған.

  • 12-bolim Сен қатып қалдың.Пионаның сөзі құлағыңда қайта-қайта жаңғырып тұр. “Ол сенің ата-анаңның өрт болған үйінің жанында тұрған адамдардың бірі еді…” — Не?..Не деп тұрсың?.. Пиона үнсіз қалды. Сосын басын шайқады. — Жоқ.Қазір емес. — Пиона!Қазір айтсаңшы! Пиона саған қарап күрсінді. — Мен саған шындықты бірден бере алмаймын.Әйтпесе сен қайтадан кекке берілесің. — Бірақ… — Жоқ.Қазір тек бақыла. Сол сәтте ол көзден ғайып болды. Сен жалғыз қалдың. Сол түні.Хосок кабинетінде отыр. Алдында ноутбук.Қолында кофе. Бірақ ойы басқа жақта.Дохён. Оның кенеттен келуі.Біртүрлі сұрақтары. Бәрі күмәнді еді.Бір кезде телефоны шырылдады.Чонгук. — Не болды? — Ертең боссың ба? — Жарты күн. — Жақсы.Мен тапқан нәрсені көрсетемін. Хосок қабағын түйді. — Не сонша маңызды? — Көрсең түсінесің.Бұл жолы әзіл емес. Хосок үнсіз қалды. Чонгуктың даусы шынымен байсалды естіліп тұр. — Жарайды.Ертең сөйлесеміз. Келесі таң. Сен түсірілімге дайындалып жатырсың. Бөлмеңде отырып шашыңды тарап отырғанда телефоныңа хабарлама келді. Белгісіз нөмір.Сен қабағыңды түйіп аштың.Ішінде бір ғана сурет.Сурет ескі. Сапасы нашар.Бірақ анық көрінеді.Суретте сенің ата-анаң тұр.Жастар кезі.Бақытты күліп тұр. Сенің көзің үлкейіп кетті. — Бұл… Төменде тағы бір сөйлем жазылған. “Шындыққа жақындап қалдың.” Сен орныңнан атып тұрдың. — Кім бұл?! Қайта хабарласуға тырыстың. Бірақ нөмір өшірілген. Түсірілім алаңы.Сенің көңілің мүлдем жоқ. Чимин бірден байқап қалды. — Не болды? — Ештеңе. — Тағы да өтірік. Сен телефоныңды бердің.Чимин суретке қарады.Бірден жүзіндегі күлкі жоғалды. — Мұны кім жіберді? — Білмеймін.Нөмір жоқ. Чимин суретке қайта қарады.Сосын суретті үлкейтіп көрді.Бір бұрышында бір нәрсе байқалады.Кішкентай ғана қара көлік.Өте алыста тұр.Бірақ біртүрлі таныс.Чимин ұзақ қарап қалды. — Жоқ.Мүмкін емес… — Не болды? — Мен бұл көлікті көргенмін… Сен жалт қарадың. — Қайда? Чимин үнсіз қалды. — Джонсу өлген күні… Сенің жүрегің дүрс ете қалды. Ал дәл осы уақытта…Қаланың басқа шетінде.Кан Дохён үлкен кеңседе терезе алдында тұр.Қасында Шинхэ отыр. Екеуінің жүзінде де күлкі жоқ. — Қыз күдіктеніп жатыр.—деді Шинхэ. — Білемін. —Суретті кім жіберді? Дохён үнсіз қалды. Сосын жай ғана: — Біреу бізден бұрын қозғала бастады. Шинхэ қабағын түйді. — Кім? Дохён терезеден сыртқа қарап тұрды. — Егер білсем…Қазір осында отырмас едім. Бөлме ішін ауыр тыныштық басты. Өйткені алғаш рет…Олар да біреуден қорқа бастаған еді… Кешкі уақыт. Түсірілім аяқталған.Сен көлік ішінде үнсіз отырсың.Қолыңда әлгі сурет.Жүрегіңде мың сұрақ.Алдыңда отырған Чимин де үндемейді.Тек терезеден сыртқа қарап келеді.Бір кезде сен: — Сол күні не болды? Чимин көзін жұмып алды. — Қай күні? — Джонсу қайтыс болған күні. Көлік іші үнсіз қалды. Чонвин де артына қарап қойды. Чимин біраз уақыт сөйлемеді. Сосын ауыр күрсінді. — Ол күнді ұмытқым келеді.Бірақ ұмыта алмаймын. Сен үндемей тыңдап отырсың. — Джонсу хён өлген күні…Бір қара көлік болған.Төбелес басталмай тұрып.Сол көлік сыртта тұрған.Біз мән бермедік.Кейін полиция келгенде жоқ болып кеткен. Сен суретке қайта қарадың. — Осы ма? — Ұқсайды.Бірақ нақты айта алмаймын. Чиминнің жүзі тағы ауырлап кетті. Сол уақытта.JH Group. Хосок пен Чонгук жерасты автотұрағында кездескен. Чонгук қолындағы папканы берді. — Міне.Осы үшін шақырдым. Хосок папканы ашты.Бірнеше ескі құжат.Компания есептері.Тізімдер.Бір кезде көзі бір есімге түсті. Кан Дохён. Хосок қабағын түйді. — Нағашым? — Иә. — Бұған қара. Чонгук келесі парақты ашты. Онда жиырма жыл бұрынғы инвестициялық келісімдер тұр. Бірақ бір жол ерекше көзге түсті. “Min Construction Fire Compensation Fund” Хосок қатып қалды. — Min?..Мин әулеті ме? — Иә. Чонгук басын изеді. — Мен де таңғалдым.Неге нағашың Мин әулетінің өрт ісімен байланысты болған? Хосок үнсіз қалды.Сол түні.Сен виллаға келдің.Бірақ бүгін ерекше тыныштық.Үйде ешкім жоқ сияқты.Қызметшілер де көрінбейді.Сен бөлмеңе көтеріліп бара жаттың.Бір кезде…Тоқтап қалдың. Жоғарғы қабат дәлізінің соңында біреу тұрғандай болды. Ақ көйлек. Ұзын шаш. Сенің тынысың тарылды. — Пиона?.. Бейне қозғалған жоқ. Сен жайлап жақындай бастадың. Бір қадам. Екі қадам. Үш қадам.

  • Ерекше шабыт берер сөйлемдеріңіз болса кішкене жігерленетін…😉

  • BTS_FF_KZX әᴧᴇʍі pinned «11-bolim Кешкі уақыт. JH әулетінің үлкен резиденциясы. Компанияда отырған Хосок құжаттарды қарап отырған.Сол кезде кабинет есігі тарс ашылды. Ішке Чонгук кірді. Қолында кофе.Әдеттегідей мысқыл жүзі. — Әй, Хосок. — Не болды? — Келінді көрсетпедің ғой әлі.…»

  • Вилланың үлкен қақпасы сырттан ашылып жатыр. Түн тыныш.Тек қақпаның темір дыбысы ғана естіледі.Пиона болса әлгі жаққа қадалып қалған.Оның жүзін алғаш рет осындай көріп тұрсың. Алаңдаулы.Тіпті қорыққандай. — Кім ол? —дедің қайтадан. Пиона жауап бермеді. Тек көзін қақпа жақтан алмай тұр. Бірнеше секундтан кейін ішке қара түсті көлік кірді.Көлік баяу тоқтады. Сен көзіңді сығырайтып қарап тұрсың. Есігі ашылды.Ішінен орта жастағы ер адам түсті.Қара костюм.Бойы ұзын. Шашының арасында ақ кірген. Жүзі суық.Бірақ сен оны алғаш көріп тұрсың. — Танымаймын… Пиона баяу басын изеді. — Танымайсың.Бірақ ол сені таниды. Сенің қабағың түйілді. Осы кезде вилла есігі ашылды. Іштен Хосок шықты.Ол да келген қонақты көріп тоқтап қалды. — Сіз?.. Ер адам жымиып қойды. — Ұзақ уақыт өтті, Хосок. Хосоктың жүзі бірден өзгерді. — Сіз елге қайтып келдіңіз бе? — Кеше ғана. Сен екеуіне кезек қарап тұрсың. — Хосок, бұл кім? Хосок біраз үнсіз қалды. — Бұл…Менің нағашым. Сен таңырқап қалдың. Хосокты туыстары жайлы өте аз білетінсің. Оның үстіне Хосоктың өзі туыстарымен араласпайтынын айтқан. Ер адам саған қарады.Көзқарасы өте өткір еді.Бірақ жымиып қолын созды. — Ақыры кездестік. Мин С/е. Сен де қолын алдың. — Сәлеметсіз бе. — Мен Кан Дохёнмын.Хосоктың нағашысы.Сырттай көп естідім. Сен сыпайы бас изедің.Бірақ ішің біртүрлі болып тұр.Неге екенін өзің де түсінбейсің. Ал шетте тұрған Пионаның жүзі одан сайын суып кеткен. — Пиона?—дедің ақырын. Бірақ ол тыңдап тұрған жоқ.Көзі тек Дохёнда.Сосын өте ақырын: — Ол мұнда не үшін келді?..—деп сыбырлады. Үй ішінде.Барлығы қонақ бөлмеге жайғасты. Қызметшілер шай әкеліп қойды. Дохён диванда жайбарақат отыр. Өзін үй иесіндей ұстайды. Хосок оған қарап: — Әжеңіз білді ме? — Әлі жоқ.Ертең барамын. — Таңғалатын шығар. Дохён күліп қойды.Сосын саған қарап: — Соңғы күндері жаңалықтардың жұлдызы болып кетіпсіз.Құттықтаймын. — Рахмет. — Хосок екеуің жақсы жұп сияқтысыңдар. Сен де, Хосок та бір сәт үнсіз қалдыңдар. Өйткені бұл жалған неке екенін ешкім білмейді. Бір уақытта Дохённың телефонына хабарлама келді. Ол экранға бір қарады.Сол сәтте оның жүзі болар-болмас өзгерді. Тек бір секундқа.Бірақ оны Пиона байқап қалды. — Өтірікші…—деп сыбырлады Пиона. Сен жалт оған қарадың. — Не дедің? — Ештеңе.Бірақ одан сақ бол. — Неге? Пиона жауап бермеді. Көп ұзамай Дохён орнынан тұрды. — Жарайды.Бүгін демалыңдар.Ертең тағы кездесерміз. Ол шығып кетті. Қара көлік қақпадан баяу шығып бара жатты.Бірақ көлік қараңғылыққа сіңіп кеткен соң да Пиона оның артынан қарап тұрды.Сен жанына келдің. — Сен оны танисың ба? Пиона үнсіз қалды.Сосын өте жай дауыспен: — Иә…Өте жақсы танимын…Себебі жиырма жыл бұрын…ол сенің ата-анаңның өрт болған үйінің жанында тұрған адамдардың бірі еді.—деді. Сенің жүрегің бір сәтке тоқтап қалғандай болды… Ал дәл сол уақытта қара көліктің ішінде отырған Дохён телефонға қарап жымиып отыр еді.Экрандағы хабарламада бір ғана сөйлем жазылған: “Мин С/е ештеңеден күдіктенген жоқ" Соңы

  • Барлығы үнсіз отыр. Тіпті Чонгук та әзілдемей отыр екен. — Не болды? Сол кезде хатшы үлкен папканы үстелге қойды. — Кеше кешкі оқиға желіге тарап кеткен. Экран қосылды. Шинхэнің стакан лақтырған сәті. Хосоктың сені қорғап қалған кезі. Бірнеше ракурстан түсірілген видео. Барлығы желіде тарап үлгерген. Чонгук күліп жіберді. — Халық сериал көріп отырғандай қарап жатыр. Бір директор күрсінді. — Бұл қазір бүкіл елдің талқысы болып тұр. Хосок үнсіз экранға қарап қалды. Ал сен… Түсірілім алаңына келдің. Бірақ бүгін біртүрлі нәрсе байқадың. Чимин әдеттегіден тыныш. Тіпті әзіл де айтпайды. Көзімен айналаны бақылап жүр. Сен оған жақындадың. — Бірнәрсе болды ма? — Жоқ. — Өтірік. Чимин жымиғандай болды. — Ұйқым қанбады. — Сен өтірік айта алмайсың. Чимин жауап бермеді. Өйткені кеше келген белгісіз хабарлама әлі ойынан кетпеген еді. “Джонсуды құтқара алмадың…” Оны кім жіберді?Қайдан білді? Түсірілім басталар алдында Чимин сыртқа шықты.Компания артына. Темекі шекпейді.Бірақ таза ауа керек болды.Сол кезде қарсы беттегі қара көлікті байқап қалды. Қара әйнек.Қозғалмай тұр.Бірнеше секунд.Көлік орнынан жылжыды. Бірақ кетер алдында жүргізуші терезені сәл түсірді. Чиминнің жүзі өзгеріп кетті. Өйткені рөлде отырған адамды таныған еді. — Сен?.. Көлік лезде бұрылып жоқ болды.Ал Чимин орнында қатып қалды. Өйткені ол адам…Бірнеше жыл бұрын жоғалып кеткен адам болатын… Чимин орнында қатып қалды. Көлік әлдеқашан көзден ғайып болған. Бірақ оның жүрегі тынышталмады. — Мүмкін емес…—деп сыбырлады. Өйткені жаңа ғана рөлде отырған адамды ол өте жақсы танитын.Бірнеше жыл бұрын жоғалып кеткен адам.Тіпті өлді деп ойлаған адам. — Чимин! Артынан дауыс естілді.Чонвин екен. — Қайда жоғалып кеттің?Түсірілім басталады. Чимин тез есін жиды. — Ия…Қазір. Бірақ көзі әлгі көлік кеткен жақта қалды. Бұл уақытта.Түсірілім алаңы. Сен сахнаға дайындалып тұрсың. Бүгінгі көрініс өте жеңіл еді. Барлығы көңілді. Тэхён тағы да әзіл айтып жүр. Тіпті қызметкерлердің өзі күліп жатыр. Сен де күліп қойдың.Сол кезде жаныңа Чимин келді.Бірақ жүзі өзгерген. — Не болды? — Ештеңе. — Тағы өтірік. Чимин жымиып қойды. — Кейін айтамын. — Қорқытып жібердің ғой. — Қорқатын ештеңе жоқ. Бірақ өзі де бұған сенбеді. Ал дәл сол уақытта…Мин әулетінің үйі. Шинхэ кабинетінде отыр. Қолында виски.Жүзі суық.Есік қағылды. — Кір. Ішке Ванни кірді. — Сен соңғы кезде тым тынышсың.Бұл маған ұнамайды. Шинхэ күліп қойды. — Тынышпын ба?Жоқ.Дайындалып жатырмын. Ванни қабағын түйді. — Не үшін? Шинхэ үстел үстіндегі бір папканы ашты. Ішінде суреттер.Сенің суреттерің.Хосоктың суреттері.Чиминнің суреттері.Тіпті Чон әжейдің де суреті бар. — Ойын жаңа басталды. Кешкі уақыт. Хосок компаниядан кеш шықты. Күні бойы жиналыс.Құжат.Акционерлер.Жүйкесі шаршаған.Көлігімен виллаға қайтып келе жатты.Бір кезде телефоны шырылдады. Чонгук. — Не болды? — Боссың ба? — Жоқ. — Онда тыңда. Чонгуктың дауысы бұл жолы әдеттегідей емес.Өте байсалды.Хосок қабағын түйді. — Не болды? — Мен бір нәрсе таптым. — Қандай? — Шинхэ жайлы. Хосок үндемей қалды. — Телефонмен айтпаймын.Кездесейік. — Ертең. Қоңырау аяқталды. Хосоктың ішін жаман сезім биледі. Сол түні. Сен вилла бақшасында жалғыз отырсың.Күн батып кеткен.Аспанда жұлдыздар жарқырайды.Жел ақырын соғып тұр.Соңғы күндері алғаш рет тыныш отырғаның осы шығар.Бір кезде жаныңдағы әткеншек сықырлап қозғалды.Сен жалт қарадың.Ешкім жоқ. Бірақ әткеншек өздігінен тербеліп тұр. — Пиона?..—дедің ақырын. Бірнеше секунд үнсіздік болды.Сосын әлсіз күлкі естілді.Шынымен Пиона.Ол әткеншекте отыр екен. Ақ көйлек.Ақ шаш.Әдеттегі жұмсақ жүзі. — Жалғыз отырсың ба? — Ия. — Ойың көп. — Өте көп. Пиона жымиды. — Асықпа.Кейде өмірдің ең үлкен құпиялары уақыт келгенде өзі ашылады. Сен басыңды көтеріп оған қарадың. — Ал егер мен күтуден шаршасам ше? Пиона үнсіз қалды.Сосын жәй ғана: — Онда бір күні шындықты көтере алмай қаласың. Сол сөзден кейін оның жүзі күрт өзгерді. Алғаш рет.Қорыққандай көрінді. Сен таңырқап: — Не болды? Пиона алысқа қарап қатып қалған. — Біреу келіп жатыр… — Кім? — Мен көргім келмейтін адам… Сол сәтте вилланың сыртындағы қақпа баяу ашыла бастады…Сен орныңнан баяу тұрдың.

  • — Жақсысың ба? Сен басыңды изедің. — Ия… — Қорқып кеттің бе? — Аздап. Хосок күрсініп жіберді. — Кешір. — Неге? — Сені шақырған менмін.Осындай болады деп ойламадым. Сен басыңды шайқадың. — Сенің кінәң емес.Олар сондай адамдар. Осы кезде арттарынан аяқ дыбысы естілді. Екеуің бұрылып қарадыңдар. Чон әжей.Қасында Чонгук. Әжей жандарыңа келіп күрсінді. — Айналайын…Жақсысыңдар ма? Сен жымиғандай болдың. — Жақсымын әже. Чон әжей сенің бетіңнен сипады. — Өте көп нәрсе көрген бала екенсің.Көзінен көрініп тұр. Сен үндемедің. Ал Чонгук болса қалтасындағы қолын шығарып: — Мына кісілер қызық екен.Біреуі стакан лақтырады.Біреуі ұстап қалады.Мен попкорн ғана жетіспеді деп тұрмын. Чон әжей оның иығынан ұрып жіберді. — Тыныш отыр! — Не?Шынымды айтып тұрмын ғой. Сен еріксіз күліп жібердің.Хосок та күлімсіреді. Дәл осы кезде… Резиденцияның екінші қабатындағы терезеден біреу қарап тұр еді. Чонгук байқап қалды. — Әй.Анау кім? Барлығы жоғары қарады.Терезе пердесі жылдам жабылып кетті.Хосоктың жүзі бірден өзгерді. — Не болды? — Бұл бөлме… — Кімнің бөлмесі? Чонгук ойланып қалды. — Білмеймін.Бүгін бос еді ғой. Біртүрлі тыныштық орнады. Осы уақытта… Резиденциядан алыстаған қара көлік ішінде.Шинхэ ашуланып отыр. Алдында жарылған стаканның сынықтары секілді ашуы қайнап жатыр. Ванни де үнсіз.Бірнеше минуттан кейін ғана Шинхэ сөйлей бастады. — Ол менімен солай сөйлейтіндей кім? Ванни қабағын түйді. — Ашуға берілдің.Чон әулетінің алдында қателік жасадың. — Үндеме! Көлік іші тынышталып қалды.Шинхэ терезеге қарап отырды.Бір кезде телефонына хабарлама келді.Белгісіз адамнан.Тек бір ғана сөйлем. “Қыз әлі суретті ешкімге көрсеткен жоқ.” Шинхэ жымиып жіберді. — Көрдің бе?Әлі күмәнданып жүр. Ванни түсінбей қарады. — Қандай сурет? — Уақыты келгенде білесің. Сол түні. Вилла.Сен бөлмеңде отырсың. Қолыңда сол конверт.Тағы да суретке қарап отырсың. Чон әжей.Өрт болған жер. Бірақ суретке қанша қарасаң да бір нәрсе мазалай береді. — Біртүрлі… Сен суретті жақынырақ алып қарадың.Сосын көзің бір нәрсеге түсті.Суреттің дәл артқы жағында…Бұлыңғыр болса да тағы бір адамның бейнесі тұр еді.Бұрын байқамағансың. Сен көзіңді сығырайтып қарадың. — Бұл кім?.. Дәл сол сәтте бөлме ішіндегі айна өздігінен сықыр ете қалды.Сен жалт бұрылдың.Айна алдында Пиона тұр еді. Бұл жолы оның жүзі күлімдеп тұрған жоқ. Өте байсалды. — С/е…Ол суретті қайта-қайта қарама. — Неге? Пиона үнсіз қалды. Сосын жай ғана: — Кейбір шындықтарды ерте білу..Адамның жүрегін жаралайды.—деді. Ал айна артында бір сәтке оттай жанған екі көз көрініп кетті… Сен айнаға қадалып қалдың. Оттай жанған екі көз… Бір сәт.Тек бір сәт көрінді. Сосын жоқ болды. Жүрегің тағы да дүрсілдей бастады. — Ол ма?.. Пиона басын изеді. — Иә.Бірақ бұл жолы ол саған емес.Суретке қызығып жүр. Сен суретті кеудеңе қысып ұстадың. — Бұл суретте не бар?Неге бәрі осы суреттен қорқады? Пиона үнсіз қалды. Әдеттегідей бірден жауап бермеді. Сосын терезеге қарап тұрып: — Кейде жауаптан бұрын сұрақтардың өзі маңыздырақ болады.Қазір сен дұрыс сұрақ қоймай жүрсің. — Не дегенің? — Сен “Чон әжей неге сол жерде болды?” деп сұрап жүрсің.Ал “оны кім түсірді?” деп сұраған жоқсың. Сен қатып қалдың. Расында да…Ол ойыңа келмеген. Пиона күлімсіреді. — Ұйықта.Ертең ауыр күн болады. Сосын айнадағы бейнесі баяу жоғалып кетті. Келесі таң.Сен ерте ояндың. Кеше болған жағдайдан кейін басыңда сұрақ көп.Төменге түссең, ас бөлмесінде Хосок отыр екен.Қолында кофе. Телефонына қарап отыр. Сені көріп басын көтерді. — Қайырлы таң. — Қайырлы таң. Сен қарсысына отырып: — Кеше үшін рахмет…—дедің. Хосок түсінгендей басын изеді. — Ештеңе етпейді.Басың ауырмай ма? — Жоқ. Сосын екеуің үнсіз қалдыңдар. Бірақ бұрынғыдай ыңғайсыз үнсіздік емес. Әлдеқайда тыныш. Бір кезде Хосоктың телефоны шырылдады. Ол экранға қарады.Қабағы түйіліп кетті. — Не болды? — Компаниядан.Шұғыл жиналыс. — Тағы мұрагерлік пе? Хосок күліп жіберді. — Иә. — Бітпейтін соғыс. — Шаршатпай ма? — Шаршатады.Бірақ үйреніп кетесің. Сен оның жүзіне қарап қалдың. Кейде Хосоктың да жалғыз екенін байқайтынсың. Осы уақытта…JH Group. Директорлар кеңесінің жиналысы. Хосок залға кірген бойда біртүрлі атмосфераны сезді.

  • 11-bolim Кешкі уақыт. JH әулетінің үлкен резиденциясы. Компанияда отырған Хосок құжаттарды қарап отырған.Сол кезде кабинет есігі тарс ашылды. Ішке Чонгук кірді. Қолында кофе.Әдеттегідей мысқыл жүзі. — Әй, Хосок. — Не болды? — Келінді көрсетпедің ғой әлі. Хосок күрсініп қойды. — Тағы бастама. — Неге бастамаймын?Бүкіл Корея көрді.Біз көрмедік. Дәл сол кезде кабинет есігі тағы ашылды. Ішке Чон әжей кірді. — Көресіңдер бүгін. Екеуі бірдей бұрылды. — Әже? — Кешке бәрі жиналады.Барлығы.Ешкім қалмайды. Чонгуктың көзі жайнап кетті. — Ооо, қызық болатын болды. Кеш. Сен мен Хосок бірге резиденцияға келдіңдер.Үлкен сарай іспетті үй. Іші толған адамдар.Чон әулетінің үлкендері.Туыстары. Жақын адамдары. Барлығы сендерді қызықтап қарап отыр. Чон әжей қуанып қарсы алды. — Келіңдер!Ақыры келдіңдер! Сен сыпайы жымиып амандасып жүрдің. Алғашында бәрі жақсы өтті. Бірі жұмысыңды сұрады. Бірі дорамаларың туралы айтты. Тіпті Чонгук та тыныш отырған. — Жеңгем танымал екен.Теледидарды ашсам осы. Сен күліп қойдың. — Рахмет. Хосок қасыңда үнсіз отыр.Бірақ бәрін бақылап отыр еді. Бір кезде үлкен есік ашылды. Залға екі адам кірді.Сенің жүзіңдегі күлкі бірден өшті. Ванни.Шинхэ. Екеуі де күлімдеп кіріп келе жатыр.Бірақ сол күлкінің артында не жатқанын сен ғана білесің.Чон әжей орнынан тұрды. — Келдіңдер ме? — Кешікпедіңдер ғой. Ванни тәтті жымиып: — Әрине.Мұндай кешті жібермейміз. Сен үндемедің. Хосок сенің жүзіңнің өзгергенін байқап отыр. Бірнеше минуттан кейін бәрі дастархан басына жайғасты.Алғашында әңгіме жақсы болды.Бірақ көп ұзамай Ванни бастады. — С/е қатты арықтап кетіпті.Демалмай жүр ме екен? Шинхэ күліп: — Жұмыс көп қой.Кейбір адамдар атақ үшін бәріне дайын болады. Сен үндемедің. — Солай емес пе? Ванни саған қарап жымиды. — Әсіресе бай отбасына келін болуға. Зал іші тынышталып қалды.Хосоктың қабағы түйілді.Сен әлі үндемедің. Бірақ олар тоқтамады.Шинхэ стаканын айналдырып отырып: — Біздің С/е кішкентайынан қырсық болатын.Өзінің орнын білмейтін.Қазір де өзгермепті. Ванни күліп жіберді. — Кейбір адамдарға қанша мүмкіндік берсең де…Адам болмайды. Сенің қолың түйіліп кетті. Ақыры шыдамың таусылды.Сен баяу орныңнан тұрдың.Барлығы саған қарады. Сен Ванни мен Шинхэге қарап: — Бір нәрсе сұрайын ба? — Не? — Өмірлеріңде бір күн болса да айнаға қарап ұялдыңдар ма? Екеуі үнсіз қалды.Сен суық жымидың. — Себебі мен сендердей адамдарды бірінші рет көріп тұрмын.Адамға жамандық жасап тұрып…Өздерін жақсы адам қылып көрсететін. Зал қатып қалды. Сен орындықтан шығып кетуге бұрылдың. Дәл сол сәтте… Шинхэнің көзі қанға толғандай болды. Қолындағы ауыр шыны стаканды тарс ұстап алды. — Арсыз! Келесі секундта стакан саған қарай ұшып келе жатты.Бірақ стакан саған жетпеді. Хосок орнынан атып тұрып, сені өзіне тартып алды.Сен оның құшағына кіріп кеттің.Тарссссс!!!Шыны қабырғаға соғылып быт-шыт болып жарылды. Бүкіл зал үнсіз қалды. Бірнеше әйел шошып кеткен.Чон әжейдің өзі қатып қалған.Чонгуктың кофесі қолынан түсіп кете жаздады. Хосок баяу бұрылды. Жүзі бұрын-соңды болмағандай суық еді. Ол Шинхэге тіке қарады. — Соңғы рет ескертемін. Шинхэ үндемеді. — Бұл менің қалыңдығым.Оған қол көтермек түгілі…Дауыс көтеруге де құқығың жоқ! Шинхэ орнынан тұрды. — Сен… — Үндеме. Хосоктың дауысы залды тоқтатты. — Бүгін әжемнің құрметінен үндемей отырмын.Басқа жерде болса…Сен бұл сөздерді айтып үлгермес едің. Зал ішін ауыр тыныштық басты. Хосок сенің қолыңнан ұстады. — Жүр. Сен үнсіз басыңды изедің.Екеуің бірге залдан шығып кеттіңдер. Бірнеше секундтан кейін Ванни де орнынан тұрды. — Жүрейік. Шинхэ ашудан дірілдеп тұрса да, соңынан ерді.Екеуі де кетіп қалды. Есік жабылған соң ғана бәрі дем алды. Чон әжей маңдайын ұстап отыр. — Мынау не болды өзі… Ал Чонгук болса күліп жіберді. — Шынымды айтсам…Мыналар кино ғой. Бәрі оған қарады. Чонгук басын шайқап: — Бір сериясын өткізіп алсаң, сюжетін түсінбей қаласың… деді. Сол сөзден кейін тіпті ауыр атмосфераның өзінде бірнеше адам күліп жіберді. Түнгі ауа салқын. Сендер үндемей сыртқа шықтыңдар.Хосок әлі де сенің қолыңнан жібермеген.Ал сенің жүрегің жаңа ғана болған жағдайдан кейін қатты соғып тұр.Бірнеше қадам жүрген соң ғана Хосок тоқтады.

  • Барьер 20 пікір 30 реакция Ал келесі бөлімдер от болмақ❤️‍🔥 Шабытты сөздер жазып қолдау білдірейік😍 Барьер орындалмай келесі бөлім салынбайды😉

  • BTS_FF_KZX әᴧᴇʍі pinned «10-bolim Көлік ақырындап сәнді мейрамхананың алдына келіп тоқтады.Хосок саған есікті ашып берді. — Дайынсың ба? Сен терең тыныс алдың. — Әжеңнен емес, сұрақтарынан қорқамын. Хосок күліп жіберді. — Мен де. Екеуің бірге ішке кірдіңдер. Мейрамхананың VIP залында…»

  • — Теледидардан көргеннен де әдемі екенсіз. Чонвин жөтеліп қалды. Ал Чиминнің қабағы бірден түйілді. Осы уақытта… JH Group компаниясы. Хосок директорлар жиналысында отыр. Үлкен экранда компанияның жаңа жобалары көрсетілуде. Бірақ қарсы бетте отырған Чонгуктың көзі бір сәт те одан кетпейді. — Мен қарсы боламын. Зал тынышталып қалды. Хосок оған қарады. — Неге? — Тәуекелі көп.Компания шығынға ұшырауы мүмкін. Бірнеше директор басын изеді. Хосок суық жымиып қойды. — Немесе жоба сәтті болып кетеді деп қорқып отырсың ба? Чонгуктың жүзі өзгеріп кетті. Жиналыс қайта қыза бастады. Ал дәл осы кезде… Сен түсірілім алаңында сценарий оқып отырсың. Кенет…Құлағыңның түбінен бір дауыс естілді. — С/ее… Сен қатып қалдың.Жәй ғана бұрылдың.Ешкім жоқ.Айналадағы адамдар жұмыстарымен жүр. — С/ее… Бұл жолы анық естілді. Сенің жүрегің дүрсілдей бастады. Бірақ қорқынышты емес. Керісінше…Таныс дауыс. Бір сәтке алыстан ақ көйлек киген қыздың бейнесі көрінгендей болды. Пиона.Ол саған қарап тұрды. Жымиып.Сосын жай ғана бір сөз айтты. — Асықпа… Келесі секундта жоқ болып кетті. Сен орныңда үнсіз қалдың.Ал қолыңдағы сценарийдің арасынан байқамай қалған бір қағаз сырғып жерге түсті… Қағаздың артында белгісіз бір мекенжай жазылып тұрған еді… Сен жерге түскен қағазды көтеріп алдың. Бір қарағанда жай ғана мекенжай сияқты. Бірақ төменгі жағында кішкентай ғана жазу тұр екен. “Шындықты білгің келсе, жалғыз кел.” Сенің қабағың түйілді. — Бұл не?.. Чонвин жаныңа жақындап келді. — Не болды? Сен қағазды дереу бүктеп қойдың. — Ештеңе.Сценарий шығар. Чонвин сенбей қарағанымен үндемеді. Сол кезде режиссердің даусы шықты. — Барлығы дайындалсын! — Бірінші сахна басталады! Түсірілім басталып кетті. Бүгінгі сахна эмоционалды көрініс еді. Сен мен Тэхён жаңбыр астында қоштасатын жұптың рөлін ойнаудасыңдар. Камералар қойылды. Жасанды жаңбыр қосылды. Режиссер қолын көтерді. — Экшн! Тэхён саған қарап: — Мен кетуім керек…Бірақ сені ұмыта алмаймын… Сен де рөлге кіріп кеткенсің. Көзіңе жас алып: — Онда неге кетіп барасың? — Себебі сені қорғағым келеді… Сахна жалғасып жатты. Бірақ шетте қарап тұрған Чиминнің көңілі басқа жақта еді. Ол адамдардың арасынан бір адамды байқап қалды. Қара күртеше.Қара кепка. Бетінің жартысы жабық. Бейтаныс адам. Бірақ көзі бір секунд та сенен кетпейді. Чиминнің іші біртүрлі болды. — Кесілді! Режиссер орнынан тұрып қол шапалақтады. — Өте жақсы! Барлығы риза.Ал сен болсаң қайтадан әлгі қағазды ойлап кеттің. Түскі үзіліс. Сен жалғыз отырып кофе ішіп отыр едің. Бір кезде қасыңа Тэхён келді. — Отырсам бола ма? — Әрине. Ол қарсыңа жайғасты. — Сені түсірілімде алғаш көріп тұрмын.Бірақ бәрі айтқандай екенсің. — Қандай? — Суық көрінесің.Бірақ ондай емес екенсің. Сен күліп жібердің: — Бұл мақтау ма? — Иә. — Онда рахмет. Екеуің әңгімелесіп отырғанда, алыстан қарап тұрған Чимин байқалды.Ал дәл сол сәтте оның телефонына хабарлама келді. Белгісіз нөмір.Чимин ашып қарады. Экранда бір ғана сөйлем. “Джонсуды құтқара алмадың. Бұл жолы да кешігесің.” Чиминнің жүзі әп-сәтте өзгеріп кетті. Қолындағы телефонды қыса ұстап қалды. Жүрегі қатты соға бастады. Бұл сөзді…Бұл оқиғаны… Өзінен басқа өте аз адам білетін. Ал қаланың басқа шетінде… Пиона көп қабатты ғимараттың төбесінде тұр.Самал жел ақ шашын тербетуде.Ол алыстағы қалаға қарап тұрды.Бір кезде жанында қара түтін секілді бейне пайда болды.Оттай жанған екі көз.Сол баяғы қарашық. — Уақыты келіп қалды… — деді қарашық. Пиона суық көзбен қарады. — Жоқ.Әлі ерте.Ол дайын емес. Қарашық күліп жіберді. — Ал шындық ше?Шындық дайын. Пиона үнсіз қалды. Себебі алғаш рет…Алда болатын оқиғалар оның да бақылауынан шығып бара жатқан еді… Соңы

  • — Сен оны әлі сақтап жүрсің бе? Шинхэ суық жымиып папканы ашты.Ішінен ескі суреттер көрінді. Өрт.Күйген үй.Полиция құжаттары. Және…Ешкім ешқашан көрмеген бір дәлел. — Егер С/е шындықты іздей берсе…Бұл соғысты өзіміз аяқтаймыз. Ал папканың ішіндегі суретте бір адамның бейнесі анық көрініп тұр еді.Ол адамды С/е көрсе…Бүкіл өмірі төңкеріліп кетер еді… Түн. Қала шамдары алыстан жарқырап тұр.Ал сендер мінген көлік Чимин тұрған жерге қарай асығып келе жатты.Хосоктың жүзі қатайып кеткен.Сен де үндемейсің.Жүрегің бір жамандықты сезгендей. Бірнеше минуттан кейін көлік компания артына келіп тоқтады.Чимин сол жерде тұр екен.Қолында телефоны.Бетінде ашу.Хосок бірден көліктен түсті. — Жақсысың ба? — Иә. — Камераларды қарадым.Артымнан әдейі келген. Сен де жандарына жақындадың. — Жарақат алмадың ба? Чимин саған қарап жымиды. — Жоқ.Аманмын. Бірақ көзінің астарында бір ауырлық жатқандай. Осы кезде Чимин телефонын ашты. — Тағы бір нәрсе бар. — Не? — Мені аңдыған адамның суретін түсіріп үлгердім. Экранды екеуіңе көрсетті. Хосоктың жүзі өзгеріп кетті. — Бұл… Сен де суретке үңілдің.Қара киімдегі ер адам.Бірақ ең қорқыныштысы…Оны бұрын көргенсің.Сенің жүзің әп-сәтте бозарып кетті. — Жоқ…Болуы мүмкін емес… Хосок саған бұрылды. — Танисың ба? Сен көз алмай қарап тұрдың. — Бұл адам…Мен кішкентай кезімде біздің үйде жұмыс істейтін.Әкемнің жүргізушісі болатын. Чимин мен Хосок бір-біріне қарады. Сол сәтте Шинхэнің үйі. Шинхэ қолындағы папканы жауып қойды. Ванни оған қарап отыр. — Ертең бәрі басталады. — Не істемексің? Шинхэ жымиып қойды. — С/енің өміріндегі ең үлкен өтірікті ашамыз. — Қандай өтірік? Шинхэ терезеге қарап тұрды. — Ол ата-анасының өлімі туралы бәрін білемін деп ойлайды.Бірақ шындықтың жартысын ғана біледі. Ваннидің көзі үлкейіп кетті. — Сонда… — Иә. — Өрт болған түні тағы бір адам болған.Және ол адам әлі тірі. Бөлме іші тынышталып қалды. Келесі таң.Сен үйде отырсың.Алдыңда шай.Кеше түнгі оқиғалар маза бермей тұр.Бір кезде есік қоңырауы соғылды.Қызметші барып ашты.Бірнеше секундтан кейін жүгіріп келді. — Ханым!Сізге біреу хат қалдырып кетіпті. Сен таңырқап конвертті алдың.Үстінде тек бір ғана жазу бар: “Өрт түні туралы шындық.” Жүрегің тарс соғып кетті.Хосокқа хабарласқың келді.Бірақ қызығушылық жеңіп кетті.Конвертті аштың.Ішінен ескі фотосурет түсті. Суретте…Күйіп жатқан үй. Өрт сөндірушілер.Ал олардың артында тұрған бір адам.Сен суретті көрген сәтте орныңнан атып тұрдың. — Бұл…Жоқ… Себебі суреттегі адамды сен жақсы танитын едің. Ол адам…Чон әжей болатын. Ішіндегі сурет қайта-қайта ойыңа оралады. Чон әжей.Өрт болған жер.Бір сурет.Бірнеше сұрақ.Бірақ бірде-бір жауап жоқ.Сен суретті тағы бір қарап шықтың да, қайтадан конвертке салып қойдың. — Жоқ…Әзірге ешкімге айтпаймын… деп өзіңе өзің сыбырладың. Мүмкін бәрінің түсіндірмесі бар шығар. Бір суретпен адамды кінәлауға болмайды. Осы кезде телефоның шырылдады. Чонвин. — Ия? — Қайырлы таң! — Қайырлы. — Бір сағаттан кейін түсірілім алаңына келуіңіз керек. — Бүгін сырттағы түсірілім.Ұмытып кеткен жоқсыз ба? Сен маңдайыңды ұстап күлдің. — Ұмытып кетіппін. — Мен біліп тұрдым. — Қырық минуттан кейін шығамын. — Жақсы. Қоңырау аяқталды. Бір сағаттан кейін.Түсірілім алаңы. Бүгін жаңа дораманың алғашқы ресми түсірілімі басталмақ.Айнала толған қызметкерлер.Камералар.Грим бөлмелері.Актерлер. Сен келгенде барлығы амандасып жатты. — Сәлеметсіз бе! — Қайырлы таң! — С/е келді! Сен күліп бәріне бас изеп өттің. Грим бөлмесіне кіргенде Чонвин сценарийлерді қарап отыр екен.Ал есік жанында Чимин тұр.Қолын айқастырып.Әдеттегідей үнсіз. Сен жымиып: — Қайырлы таң. — Қайырлы таң. — Бүгін ешкім қағып кетпеді ме? Чимин күліп жіберді. — Әзірге жоқ. — Жақсы екен. Чонвин күрсінді: — Екеуіңіз әзілдеп отырсыздар.Ал менің миым жарылатын болды. — Не болды? — Сіздің жаңа әріптесіңіз келді. — Қай әріптес? — Басты ер адам рөліндегі актер. Сен таңырқай қарадың. — Келді ме? — Иә. Дәл сол кезде есік ашылды.Ішке ұзын бойлы жігіт кірді.Жымиып тұр. — Сәлеметсіз бе.Мен Кан Тэхёнмын.Бүгіннен бастап бірге жұмыс істейміз. Сен орныңнан тұрып қолын алдың. — Мин С/е. — Танысқаныма қуаныштымын. — Менде Тэхён күліп:

  • 10-bolim Көлік ақырындап сәнді мейрамхананың алдына келіп тоқтады.Хосок саған есікті ашып берді. — Дайынсың ба? Сен терең тыныс алдың. — Әжеңнен емес, сұрақтарынан қорқамын. Хосок күліп жіберді. — Мен де. Екеуің бірге ішке кірдіңдер. Мейрамхананың VIP залында Чон әжей әлдеқашан күтіп отыр екен.Сендерді көрген бойда жүзі бал-бұл жайнап кетті. — Келіңдер, келіңдер! Сен сыпайы иіліп: — Сәлеметсіз бе. — Айналайын, жақындашы. Әжей қолыңнан ұстап жанына отырғызды. — Суреттен де әдемі екенсің. Сен күліп: — Рахмет. Хосок қарсы орындыққа отырды. — Әже… — Үндеме!Мен келініммен сөйлесіп жатырмын. Сен еріксіз күліп жібердің. Біраз уақыттан кейін дастархан жайылып, әңгіме қыза бастады.Чон әжей саған балалық шағыңнан бастап, сүйікті тағамыңа дейін сұрап отыр. Хосок кейде ұялып, кейде күліп отыр. Бәрі тыныш әрі жылы өтіп жатқан. Бір кезде әжей: — Сендерді көріп көңілім орнына түсті.Енді той ғана қалды. Сен суыңды ішіп жатып қақалып қала жаздадың. — Әже… Хосок маңдайын ұстап алды. — Басталды… Сол кезде…Тарс! VIP залдың есігі ашылып кетті. Барлығы бұрылып қарады. Ішке мейрамхана қызметкері кірді. Жүзінде қобалжу. — Кешіріңіздер…Сыртта журналистер жиналып қалды. Хосок орнынан тұрды. — Не? — Біреу сіздердің осында екендеріңізді хабарлап жіберген. Сен мен Хосок бір-біріңе қарадыңдар. Әжейдің жүзі де салмақтанып кетті. — Бұл кездейсоқтық емес. Хосоктың ойына бірден Чиминнің сөзі түсті. “Біреулер бақылап жүр…” Сол сәтте сенің телефоның дірілдеді. Белгісіз нөмір.Сен ашып қарадың.Бір ғана сурет келген.Суретте…Сен мен Хосок виллаға кіріп бара жатырсыңдар. Бүгін кешке түсірілген.Қолың дірілдеп кетті.Төменінде бір сөйлем жазылып тұр: “Ойын енді басталды, С/е.” Сенің жүзіңнің өзгергенін көрген Хосок телефонды қолыңаң алды.Суретті көрген сәтте оның жүзі суып кетті.Ал Чон әжей бәрін байқап отыр еді. — Кім? Хосок жауап бермеді.Тек экранға қарап тұрды.Өйткені ол бұл қолтаңбаны таныған болатын… Шинхэ. Ал қаланың басқа шетінде отырған Шинхэ телефон экранына қарап жымиды. — Бірінші жүріс жасалды… Ванни де күліп: — Енді не болады? Шинхэ орнынан тұрып терезеге қарады. — Енді олар бізді іздей бастайды.Ал біз олардың ең әлсіз жеріне соққы береміз… Мейрамхана іші ауыр тыныштыққа толды. Сенің телефоныңдағы сурет бәрінің көңіл күйін өзгертіп жіберген еді.Хосок экраннан көз алмай тұр.Чон әжей де жағдайдың жай ойын емес екенін түсінді. — Бірнәрсе болды ма? — деді әжей. Сен ерніңді тістеп: — Жоқ… бәрі жақсы. Бірақ даусың өзіңді сатып қойды.Хосок телефонды қалтасына салып: — Әже, бүгін ертерек қайтсақ қалай болады? Чон әжей екеуіңе кезек қарап шықты. Сосын жай ғана басын изеді. — Жақсы.Бірақ абай болыңдар. Бұл сөздің астарында көп мағына жатқандай еді. Көп ұзамай үшеуің мейрамханадан артқы есік арқылы шықтыңдар.Алдыңғы жақтағы журналистер әлі де күтіп тұрған.Сендер байқатпай көлікке отырып кеттіңдер. Көлік ішінде.Сен үнсіз отырсың. Хосок рөлге қарап келеді. Бірнеше минуттан кейін: — Қорқып кеттің бе? — Жоқ. — Өтірік. Сен терезеге қарап қалдың. — Мен қорыққаннан емес…Шаршадым. Хосок үндемеді. — Қайда барсам да біреу аңдып жүргендей.Біреу сырттан емес, өмірімнің ішінен шабуылдап жүргендей. Хосок сені бір сәтке қарап алды. — Ұстаймыз. — Кімді? — Артында кім тұрса да. Осы кезде Хосоктың телефоны шырылдады.Чимин. — Иә? Арғы жақтан тынысы жиілеген дауыс шықты. — Хосок! — Не болды? — Мені біреу аңдып жүрген жоқ екен. — Не? — Мені қазір біреу қағып кетпек болды. Көлік ішінде тыныштық орнады. Хосок қабағын түйді. — Қайдасың? — Компанияның жанында. — Нөмірін көрдің бе? — Қара джип. — Нөмірі жабылған. Сенің жүрегің зу ете қалды. Хосок бірден бұрылып: — Сол жерде тұр. Қазір жетемін. Қоңырау үзілді. Ал дәл осы уақытта…Шинхэ кабинетінде отыр.Алдында шарап құйылған бокал.Ванни қарсысында. — Чимин аман қалды ма? — Иә. — Өкінішті. Шинхэ жымиды. — Бүгін өлтіру мақсат емес еді. — Онда? — Қорқыту.Келесі жолы өздерін қауіпсіз сезінбеуі керек. Ванни күліп жіберді. — Бірінші қадам сәтті болды. Шинхэ орнынан тұрды. — Жоқ.Бірінші қадам енді басталады. Ол үстел тартпасынан ескі папканы шығарды.Сыртында бір ғана жазу: “Өрт оқиғасы” Ваннидің жүзі өзгеріп кетті.

  • Барьер: 10 реакция 10 пікір😍

  • BTS_FF_KZX әᴧᴇʍі pinned «9-bolim Таң атты. Күн сәулесі перденің арасынан бөлмеге төгіліп тұр.Бірақ сен әлі ұйықтап жатырсың.Кешегі марапаттау кеші, түсірілім, лифттегі жағдай… Барлығы қатты шаршатқан еді. Сол себепті таңертең ерте оянуға шамаң болмады. Ал Хосок болса әдеттегідей…»