DoctOrazbek
СтатистикаАдмин: https://t.me/doctorazbekk 👨⚕️ 🩺 Врач | Медик-блогер 📍 Германия | Frankfurt am Main 🎓 Студенттен дәрігерге дейін бірге жетеміз 🔹 Медицинадағы мүмкіндік, тәжірибе және мотивация 📊 Анализдер, курстар.
- Последний пост
- 12 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Медицина
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 512
- 1/48двое суток
- 586
- 1/72трое суток
- 632
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Мастер Шифу "ВНУТРЕННЕЕ СПОКОЙСТВИЕ" деп айтып бекерге қақсамаған екенғой Пандаға... Ал Панда ол біз. Сосын адамдар дұға жасағанда "Тыныштық болсын" деп бекерге айтпайтынын соңғы кезде қатты ұғындым.... Бұрын тыныштық деген сөзді тек соғыссыз өмір деп түсінетін едім, былай қарасам одан бөлек жанның тыныштығы (внутреннее спокойствие) және өміріңнің тыныштығы да аса маңызды екен. Неге маңызды ? Біз жас буынға, білім алатын кісілерге оның қандай қатысы бар ? Ең алдымен егер сенің бітпей қалған, бітпей жатқан не сен бітіруің керек бірақ оның бітуі басқа факторларға байланысты болған шаруалар, көмектескің келетін бірақ әлсіздік танытатын жұмыстар адамның ІШКІ ТЫНЫШТЫҒЫН қатты ұрлайды. Уайым, ауыр ойлар, концентрацияның қатты шашырауы, ойдың бір жерде жинақталмауы, физический бір жерде бірақ ойша басқа жақта есалаң сияқты жүруің тағысын тағы.... Содан түсінгенім оқимын деген адамға тыныштық денсаулықтай маңызды екен. Елестетші сенің бір уайымың бар, ойыңда тоқтамай айналады және ол просто айналмайды ол сенің зейініңді ұрлайды. Сен оқимын деуге құштарлығың қалмайды, өзіңді қинап болсын енді оқуға отырасың ал артынан сол уайым миыңды ашытады. Тіпті оған қарамай оқимын десең сені мазалайтын зат телефон/басқа адамдар арқылы саған жетіп ішкі тыныштығыңды алады. Соңында оқуда, үйренуде қалады..... Ал білім алу, жаңа затты үйрену, даму көп уақытты және көп талпынысты талап етеді. Ал ішкі тыныштық осылардың бәрінің қайнар көзі түсінген адамға. Айтқым келген заттар көп, ай уақыттың аздығын ай.... Тыныш болайық Ағайын🤗
ОМ да оқитындардың жасайтын ҚАТЕЛІГІ 🗿. Бүгін менің інім грантқа түсті. 100/100 жинап. Но стомға емес, ӨЗІНІҢ ҚАЛАУЫ БОЙЫНША. Ал СТОМАТОЛОГ болсын деген ол менің қалауым еді…. Ата-Анама жазғаным: 4 жыл қинамай, сүдіремей сразу өзінің қалаған тапсыртыру керек екен. 100% нәтиже көрсетіп міне бүгін төртінші, ең кіші ұлдарыңызда студент атанды…. Ия мен інімді жақсы көріп,ол жақсы мамандықта оқуын және жақсы кәсіп иесі болуын қаладым. Мен қалауым бойынша стоматолог ол өте жақсы таңдау болды. 5 жыл оқу, 3 курстан врач болып бастау, бітірген соң сразу частныйға кіреді ау мау. Но ол жаңа айтқанымдай менің, ОМ да оқып жатқан медиктың қалауы болған. Солай інімді 4 жыл сүдіредім, курстарға бердім, кураторлар тағайындадым и ең обидносы оны қызықпағанға тықпалап, қатты ұрысқан күндерім болды. Солай осы жылы өзің көр Рднй, өзің қалағаныңа бар, студент бол, орта қалыптастыр, Астанада мүмкіндік көп сол жаққа бар, оқуға түссің жазда бұйырса Германияға алып келем деп оны өз қалауларына тастадым. Нәтиже ұзақ күттірмеді. Інімнің дауысына және өзіне жан кіргендей болды. Қуанып жүр. Өз қалауы, өз арманы, өз таңдауына жеткеніне❤️. Құрметті ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА студенттері, іні, қарындастарыңызды СТОМ боласың и все ! Деп қинап, өздерінің қалауларынан айырмаңыздар🫂. Әркімнің өз қалауы және өз таңдауы бар. Мамандықтың, оқудың бәрі жақсы🤗. Оқуға түскен түлектерді шын жүректен құттықтаймын🤗
Біз жалқау не әлсіз емеспіз. Бізде просто телефон бар.... Соц.сетьты біраз уақытқа блоктасам не өшірсем жеткілікті деп өзімізді алдамайық. Гаджеттерге қарсы соғыста біз жалғызбыз. Мен және гаджет. Қарсыласым кім? Сол Гаджет (смартфон). Ол просто гаджет емес, оның артында миллиард обороты бар алып компаниялар және оған қоса менің назарымды алу, ұстап тұру, миымды басқаруға тырысып отырған психолог, нейробиолог, психосоматик, невролог сияқты команда жұмыс жасап жатыр. Ал біз солардың бір құрбаны болып миымызды улап жатырмыз. Байқағаным телефоным қолымда болса мен ойлана алмай қаламын. Ең жаманы ішім пыспайды, зерікпеймін. Менде инста, тик ток, ютуб жоқ но сонда да телефоннан айналысатын бір зат тауып аламын. Вацап статус қарап кетем, біреуге бірдеңелер жазып кетем😂 әйтеуір іш пыспаудың амалы. Ал зерігудің пайдасы зор. Ол кезде адам ойланады, фантазиясы қосылады, кітап оқиды. Жетістікке жеткен бұрынғы мықты адамдардың биографиясын оқығанда не киносын көргенде бір затты түсіндім. Оларда телефон болмаған және бәрін осы тұс біріктірген. Телефон бізді ойландырмайтын етіп тастайды... 21 ғасырда оны тастаудың мүмкіндігі жоқ. мойындайық. Бірақ оны біраз уақытқа жанымыздан алыстатуға болады. Үйге келгенде тумбочкаға салып тастау, құлтанатын жерге қою жіне кілтін басқа біреуге беру. Сосын планшет және ноутбукты да дұрыс пайдалануымыз керек, әйтпесе кішкене соткаңды шетке қойып, дәу планшетте рилс көрсең соткаңнан көп зиян аласың. Планшет тек сабақ үшін оған артық app жүктеме. Ноутбукта солай (мен осы постты ноут арқылы жазып отырмын, соткамды алсам не үшін тг ға кіргенімді ұмытып қаламын😅). Тек пайдалану үшін. Не жұмыс не сабақ. Егер жұмысыңыз соц.сетьтпен байланысты болса то ОК) Жұмыс құралы ретінде қарау ең дұрыс шешім. Бірақ өзімізді алдамайық. Идея іздеймін деп рилс не тик ток қарау ол өзіңді алдау ес честно. Ия каеф рилс көру, тик ток қарау. Ол мағанда ұнайды. Бірақ өмір өтіп жатыр. Инста и тик ток өшірсем құтылам деп ойламаңыз. Ютубта шортс күтіп тұр. Бұл дегені ютубты да өшіру керек, тіпті фейзбукты да. Енді осылай жазып тұрсам? Қолдайсыздарма ? Оқыған кітап, көрген фильм, ситуациялармен бөлісіп барсам ? А то Германия тақырыбы бәріне бірдей қызық емес. БІрге дамиық, бірге өсейік.
“Europa Park” тан алған сезім, ой, түйін♥️. Біздегі студенттер дұрыс істеді !!! Үлкен өмірден үзінді. Бәрі тыңдау керек. Мотивация, желание, әрекет.
Бұл менің жеке парақшам! Ал: AerzteKZ Здесь делимся своим опытом и упрощенно объясняем все необходимые информации Никакой воды: только проверенные алгоритмы и личный опыт. Свои для своих: поддержка, советы и честные инсайты. Прямой путь от диплома в РК до Approbation в DE. Neue Generation ! https://t.me/aerztekz Тек медик және Германияға кетуді жоспарлап жүрген коллегалар үшін жеке круг !
Мынандайды елде көрмедім😅. Германиядағы жағдай: -Шеф және коллегалар қарым-қатынасы. Таң қалудан шаршамайм. Как так ? Деп қойып😁 work lief balance сақта Родной🫂 Өзіңе керексің. Үйренетініміз көп общм.
Твой статус и степень ничего не значат Сегодня хочу рассказать вам один случай, который меня действительно зацепил. Молодая пациентка, 39 лет, обратилась в клинику с нарастающей одышкой, при этом других жалоб у неё практически не было, анамнез относительно чистый, из нюансов — курение и употребление наркотиков около 10 лет назад. Снимаем ЭКГ — видим изменения (как раз тот случай, про который я писал ранее с использованием ИИ, где он предположил низкую фракцию выброса), делаем Эхо — и там уже становится всё понятно: фракция 10–15%. Дальше идём по диагностике: коронарная КТ — чисто, кардио-МРТ — и там уже подтверждается миокардит, дилатационная кардиомиопатия, плюс выявляются тромбы в левом желудочке размером около 1–2 см. К сожалению, несмотря на подобранную и оптимизированную терапию, у пациентки случается инсульт, и мне приходится срочно делать КТ головного мозга. После этого мы оперативно передаём её коллегам из радиологии для удаления тромба. Когда передаёшь пациента в такой ситуации, особенно неотложной, вокруг собирается целая команда — человек 10–15, весь персонал, всё происходит быстро, чётко, без лишних слов. Пациентку благополучно передали, и в этот момент ко мне подходит человек и говорит: «Давай я помогу — переложить пациента, поменять постель и всё остальное». Хотя формально это не его задача, но в экстренной ситуации никто не делит работу — просто делаешь, что нужно. Мы вместе всё сделали, потом познакомились, и тут я узнаю, что это директор клиники, профессор и один из ведущих специалистов. Честно, я был удивлён — человек с таким уровнем, опытом и статусом спокойно стоит рядом с тобой и делает ту самую «грязную» работу, не задумываясь о регалиях. И вот это, наверное, одна из вещей, которая меня до сих пор поражает в Германии — здесь ты в первую очередь человек и специалист, а уже потом должности, звания и всё остальное. Отношение к тебе ровное, без дистанции «сверху вниз». Возможно, коллеги, которые давно работают здесь, скажут, что это не всегда так, но вот мой личный опыт на сегодня именно такой. И самое интересное — он говорит мне: «Давай на ты, без фамилии, просто по имени». И, если честно, мне до сих пор сложно к этому привыкнуть, потому что у меня другое воспитание, где ты обращаешься ко всем на «вы», особенно к заведующим, профессорам и директорам, и в целом по-другому воспринимаешь такие роли. И, кстати, он не первый такой — я в клинике уже как минимум с 3–4 профессорами и ведущими специалистами общаюсь на «ты», причём это их инициатива. И вот в такие моменты начинаешь понимать, что, наверное, в этом есть своя сила — когда с тобой общаются на равных и воспринимают тебя не как «младшего», а как полноценного специалиста и коллегу. И, честно, это очень круто. Вам прекрасных выходных, а мне спокойного дежурства… Германияда кардиохирургия да жұмыс жасайтын врачтың жазбасы. П.с ол да өзіміз жақтан. Осыдан соң ойлап қалдым “Notfall (экстренный) да жұмыс жасап көрсемба екен?” Деп.
Ауыл жайлы керемет ән ! Тыңдап көріңіз: Ауыл🎼🎶 Ауылды еске салып, біраз ойға салды. Бала кезде адам білмейді екен что ауылдағы балалық шақ ол өмірдің бақытты и ең бастысы ҚАЙТАЛАНБАС шағы екенін. Ауылда тудым, ауылда өстім оған еш өкінбеймін. Кейде ойлап қоямын осы неге ауылдан кетуге сонша асықтық екен деп... Балалық шақ, туып өскен отбасың, Ата-анаң, бауырларың бәрің бірге, бір шаңырақтың астында, бір дастархан басында шәй ішіп отқан кезде бірде қайта оралмайтындай болып өтті де кетті. Енді міне ауылға жете алмай мен жүрмін. Қанша қаласақта енді сол бір дастархан басында Ата-Анаң, бауырларыңмен бала кезіңдегідей жайнап отыра алмайтының жүрекке батады. Мен ауылға барсам бірінші інім үйде болмайды, біріншісі үйде болса үшіншісі оқуда болады әйтеуір құшағымыз бір толғаннын еш естей алмадым. Өкінбеймін, ия өкініш сияқты естілетін шығар жазғандарым бірақ мен өкінбеймін. Мен тек қабылдаймын. Өмір заңдылығы деп қабылдаймын. Ал осы жазбамды оқып отырған ауылдағы балаларға және АТА АНАЛАРҒА айтарым сәттерді бағалағыздар өйткені көз алдарыңызда қуанып жүрген перзенттеріңіз жылдам ғана есейіп өз туып өскен отбасын, ауылын, шаңырағын тастап шығып кететін күн жылдам ғана келіп қалады. Амандықта болайық ағайын.
Астанадағы 1 қалалық аурухананың ЛОР бөліміне түсемін деп көп армандадым бірақ тағдыр талқынысымен Кз резидентурасына тапсырмадым. Басқа елде адаптация кезінде іштей ойлап қоятынмын "Сол Кз да лор резидентурасын оқи салу керек едіма" деп. Әйелім де резидентурасынан шығып кетті, тіпті резиденттердің өзінде давлление ауыр дейді и содан примерно ВОП врачтарға нагрузканы түсіндім. (мен Кз да врач болып көрмедім). Арадан біраз уақыт өтті, жаңа ел уже свой, белгіленген жұмыс график, отпуск, артық сағатқа не ақшасын не демалысын береді, ЕҢ БАСТЫСЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ: Пациенттер сені МЕД ПЕРСОНАЛ деп көреді және айтқаныңды айтқандай орындайды.. Дегенмен 1 гор лор отделениесін бір көру керек еді деген арман елде қалып қойды😅😅. Мына жазғанымды Әйелім көрмесін😂😂не жетпей жатыр ? деп бастайды. Просто ол түсінбейді мен 7 жыл қалай 1 горға түскім келгенін😂. Шүкір деймін. Жалпы неге мыналарды түн ортасында айтып отқанымды да білмеймін. Амандықта болайық ағайын.
Рамазан айт құтты болсын! 🌙 Алла Тағала жасаған дұғаларыңызды қабыл етіп, әр шаңыраққа береке, тыныштық пен мол ризық нәсіп етсін. Жүректеріңіз қуанышқа, өмірлеріңіз нұрға толы болсын! 🤲
Студент кезің-Алтын дәуірің деп бекер айтылмаған екен….. Үлкен болуға қатты асықпаңыздар дегім келеді. Үлкен болу үлкен жауапкершілік. Ал студент кезде өзіңмен өзің, достарың, Ата-Анаңның қолдау, мемлекеттен берілетін мүмкіндіктер. Ал үлкен болсаң бәрін өзің істейсің және көмектесетін енді сен боласың. Өзіңе уақытың студент кездегідей болмайды. Студенттік уақыт өте жылдаааааам өте шығады. Сәттерді бағалап, группаластарыңызбен қызықты күндерді көп өткізіңіздер. Соған қоса студент кезде тағы бір істеу керек дүние ол Шетелге шығу. Ол академмен ауысып оқу болсын, практика, стажировка болсын, жазда FerienJob пен Германияға не W/t мен Америкаға бару болсын бәрін пайдалану керек. И МаксимальНО… Ол сіздің әлемге көз-қарасыңызды өзгертеді, жолыңызды ашады. Балық өзін суда екенін білмейді пока судан шықпайынша. Сол сияқты қазір көп студент балықтай оның жүрген қоғамынан басқа қоғам бар екенін сол судан шықпайынша білмейді. И студент кездегі шетелге шығу ол бөлек КАЕФ. Үлкен болсаң уже комфорт іздеп қаласың, ал комфорт жасандылық. Мен шынайылықты студент кезімде шетелге шыққанымда сезінгенмін♥️.
Достар, Жаңа жыл құтты болсын! 🎄✨ Жаңа жылда әрқайсыңызға ең алдымен мықты денсаулық, ішкі тыныштық, махаббат пен бақыт тілеймін. Жандарыңызда әрдайым жылу мен сенім сыйлайтын адамдар болсын. Әрбір жаңа күн жаңа бір деңгей болсын — сәл биік, сәл мықты, сәл саналырақ. Ешқашан еңбектенуді, дамуды тоқтатпаңыздар және ең бастысы — денсаулықтарыңызды күтіңіздер. Онсыз қалғанының бәрі маңызын жоғалтады. Соңғы уақытта жиі жазбағаным рас — ауыр жағдайлар, кезекшіліктер, маңызды шешімдер мен өзгерістер көп болды. Бірақ бұл да жолдың бір бөлігі. 2025 жыл мен үшін шынымен ерекше жыл болды: Көп сапарлар болды, күрделі операциялар жасалды, жаңа елдер мен нағыз шытырман оқиғалар болды. Осының бәрі үшін шексіз алғыс. 2026 жыл баршамызға одан да көп қуаныш, күлкі, жеңілдік пен өмірге қуана білетін сәттер әкелсін. Байланыста болайық — алда жаңа бөлім, жаңа оқиғалар және жаңа мәндер күтіп тұр. Осында болғандарыңызға рахмет. Оқығандарыңызға, қолдауларыңызға және жанымда қалғандарыңызға үлкен алғыс. Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын! 🎉✨
Біздің қоғамда осындай кітаптардың пайда бола бастағаны қандай күшті. “Отбасы” құрамын бұйырса деген әр жігіт оқып шығуы керек деп ойлаймын. (Бір отырып оқып шығуға болады). Айырмашылығы “Әйел құл” деген ойда жазылған кітаптардан әлде қайда пайдалы. Менің ішкі ойларым, көз-қарастарыма пара пар келді. Өзім сияқты ойланатын жандардың бары мені қуантады. Реклама емес, қазір өзім оқып шықтым, бір өкінетінім үйленбей тұрып оқымағаныма. Авторға рахмет !
Жаңа жылға жаңа әрекет: 2 ай әлеуметтік желілерсіз өмір маған не берді? Артық шуды өшіріп, маңыздысын қалдырдым. Телефоннан арылу, тәуелділікті жою, лайфхактар. "Энергия, фокус, концентрация, ұйқы, сенімділік, салыстыру, прогресс"
Коллегаларым ) араларыңызда енді жұмысқа кірейін деп жатқан, не жұмысты енді бастағандарға бір айтарым бар… ешқашан… “ КОЛЛЕГАЛАРЫҢЫЗБЕН ДОС, ДОСЫҢЫЗБЕН КОЛЛЕГА БОЛМАҢЫЗ ” Үлкен өмір чуть басқаша… Заңдары бөлек. И аямайды. Четко жүру керек. Жұмысқа бардың, жұмысыңды жасадың и қайт и все. Родной ау мау, өзім тартамын деп жан досыңызды коллега етіп алмаңыз, түбінде екі жаққа кетіп қалуларыңыз әбден мүмкін. Жұмыстың аты жұмыс…. Досыңмен жұмыстан соң, демалыста кездесіп, рахаттану керек😉.
Хардкорная медицина. Дежурство, которое запомнится надолго ⚡️🩺 Сегодня (Вчера, руки не дошли до канала, слишком много дел было) у меня дежурство на выходных. Я ответственный по больнице за всех пациентов торакального и кардиохирургического профиля. Дежурство началось спокойно. Быстро сделал обход. И тут — как гром среди ясного неба. Звонок из неотложного приёмного покоя: «Везут пациента после попытки суицида. Ножевое ранение. Будьте готовы». Но уже по дороге уточняют: у пациента множественные ранения головы, шеи, грудной клетки и живота. Нужен торакальный хирург. Я созвонился со старшим врачом — он сказал: «Иди. Если что — я подстрахую». Спускаюсь в приёмный покой. По пути сообщают: состояние резко ухудшилось, пациента интубировали, нож извлечён — длина примерно 15–20 см. Есть подозрение на пневмоторакс или гемоторакс. Нужно ставить хирургический дренаж. Жду привоза пациента. И буквально за пару минут вокруг собираются врачи разных специальностей: • Neurochirurgie — нейрохирурги; • Unfallchirurgie — травматологи, занимающиеся тяжёлыми травмами, падениями, ДТП, комбинированными повреждениями; • Emergency Medicine — команда неотложной медицины; • ENT (HNO) — отоларингологи, особенно важны при ранениях шеи и дыхательных путей; • Abdominalchirurgie — абдоминальные хирурги; • Кардиоторакальная хирургия — моя зона ответственности. У пациента ранения в области головы, шеи, грудной клетки и живота — все профили нужны. Привозят пациента. Картина как из фильма: команда скорой громко и чётко докладывает, что произошло, какие вмешательства выполнены, что капает, какие параметры, какая динамика. И мгновенно все специалисты берут свои участки работы. Анестезиолог ставит катетеры. Кто-то готовит оборудование. Кто-то подключает мониторизацию. И слышу вопрос: «А где ваш кардиоторакальный хирург?» Я: «Я здесь». И понимаю — это мой момент. Нужно быстро и чётко поставить дренаж. А вокруг 20–30 человек, наблюдающих за каждым движением. Это ощущалось как экзамен по торакальной хирургии. Несмотря на волнение, дренаж справа и слева был установлен быстро и корректно. Пациента сразу увозят на КТ. И там — тяжёлая картина: • множественные проникающие раны, • воздух в средостении, • кровь в области головы и шеи, • комбинированная травма. Настоящая хардкорная медицина. Но главное — мы всё сделали правильно. Ни тампонады, ни массивного гемоторакса, ни угрозы немедленной операции. Пациент стабилизирован и передан дальше. Внутри — огромное облегчение. Чувство, будто действительно сдал экзамен. Германиядағы кардиоторакальный хирургтың жазбасы….
DoctOrazbek pinned a photo
Доктор Черникова была обычной студенткой КМУ😍🔥 А сейчас она врач в *Германии*! Студенты Карагандинского медицинского университета, вы тут?🤗 Инсайт №1: *Переехав в Германию вы оставляете зону комфорта!* ✨ Поэтому если хотите достичь успеха, то *умейте рисковать!* Инсайд №2: *Каждый шаг будет трудным, но всё это временно📚*❗ так вы посмотрите на прошлое и поймете что всё было не зря! 🔥 Инсайт №3: В Германии на тебя смотрят не как в качестве робота, А в качестве коллеги ✨ Помогают и поддерживают😍 Инсайд №4: Будьте с теми людьми у которых с вами общие цели 🌟🫂 Инсайд №5: Везде есть минусы, но это не должно тебя останавливать ради мечты! ✨ Барлық жақтың кемшіліктері бар! Бірақ ол сені арманың үшін тоқтатпауы керек 🌟 Бір мақсаттағы адамдармен болыңыздар 👥✨ (П.с. орта шынымен маңызды екен) ЭФИР 👇🏻👇🏻👇🏻 ЮТУБ та тұр.
https://stan.kz/ush-sagat-isteytindi-biz-10-minutta-bitiremiz-germaniya-426195/
ПОДКАСТ-бұл қазіргі заманға берілген бір СЫЙ... Ол жерде сен қызығатын, сол сияқты болғың келген адаммен бір болып сөйлескендей әсер аласың. Оның кеңесі, көз-қарасы, қателіктері және сабақтарын тыңдап, тамсанасың. Ең бастысы өзіңе үлкен сабақ аласың. Қатты шаршадыңба ? Шәй ішіп подкаст көр. Жолда жүрсіңбе ? Наушникта подкаст тыңда. Оның берері көп, үйретері баршылық. Медицинадан шаршаған уақытта тыңдайтын керемет подкасттар бар. Ал сіз бізге қандай подкасттарды ұсынасыз? Кез-келген тақырыпта болсын жаза кетуіңізді өтініп сұраймыз. Ой-өрісімізді бірге кеңейтейік❤️