Әдеби vibe (Shamsy's blog)
СтатистикаСөздің әуені, ойдың ритмі, жанның тынысы Админ: @Abdygapbarqyzy11 24.08.2023
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 8
- Всего постов
- 40
- Тип
- открытый
- Язык
- белорусский
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 35
- 1/48двое суток
- 40
- 1/72трое суток
- 43
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
#әнтарих Сүгір Бегендікұлы «Ауылға Сүгір келді» деп басталатын әйгілі толғау-термені естімеген қазақ аз шығар. Оның авторы, жырау Сүгір Бегендікұлы 1894 жылы Маңғыстауда дүниеге келген. Сүгір – Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған, Әбубәкір, Сәттіғұл сынды жыраулардың мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізген шебер жыршы. «Ноғайлы жырлары», «Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай», «Мұңлық-Зарлық» секілді дастандарды сан түрлі мақаммен орындаған. Тағдыр тауқыметін көріп, туған жерден жырақта жүрсе де, қазақ өнерін дәріптеп, түрікмен, өзбек, қарақалпақ арасында да мойындалған өнерпаз болды. Сүгір жырының құдіреті – сөзінде ғана емес, орындау шеберлігінде, әуенінің сан құбылған иірімінде. Сондықтан оның жыры қазақ даласының шекарасынан асып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді. Ұлтымды бөтен десе де, осы ән айтылса арқам көтеріліп кетеді🫣 https://t.me/edebiyetmeydani
#prose Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкістан, Иранға бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркта болдым – олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім. Түсімде ылғи балалық шағымды көремін. Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін. Түсімде ылғи туған үйімді керемін. Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана. Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша" https://t.me/edebiyetmeydani
#салт «Жар-жар» әнінің жаңа нұсқасы қалай дүниеге келді? Қазақ тойының ажарын келтіріп, жас жұбайларды жар-жармен шығарып салу — бүгінге дейін жалғасып келе жатқан дәстүр. Ал көпшілікке кең тараған «Жар-жар» әнінің қазіргі мәтінін 1959 жылы ақын Әбдірахман Асылбек жазған. 1959 жылдың күзінде Алматыда бір топ студент жерлесі Берден Байқошқаровтың үйлену тойына тосынсый жасауды ойлайды. Ақынның өлеңге жақындығын білетін достары оған дәстүрлі әнге жаңа сөз жазуды ұсынады. Әбдірахман Асылбек сөзін түнімен жазып, ертеңіне баспа машинкасымен 9 дана етіп бастырып береді. Той алдында небәрі 15 минут дайындалып, Алматыдағы «Жастар» мейрамханасында жаңа нұсқадағы «Жар-жар» шырқалады. Алайда әннің авторы ұзақ уақыт бойы көпшілікке белгісіз болып келеді. Тек 2002 жылы Әбдірахман Асылбек авторлық құқықтар комитетіне хат жазып, нәтижесінде оның 1959 жылдан бері айтылып келе жатқан «Жар-жар» әнінің сөзін жазған автор екені ресми расталады. Қазақ тойының ажары бұл әннің осындай тарихы бар https://t.me/edebiyetmeydani
#ой Көзіңе түскен шөпті, арамза адамға алдыра көрме. Оның өмірбақи міндетінен, көзіңнің қарашығын беріп те құтыла алмайсың. https://t.me/edebiyetmeydani
#әнтарих 🎶 «Он алты қыз» — «Дос-Мұқасанның» ерекше әндерінің бірі Қазақтың бәрі жатқа білетін әйгілі «Он алты қыз» әні әзіл мен әуезді астастырған ерекше туынды. Музыка зерттеушілері әнді ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әнші-композитор Шынтас Қаратаевтың шығармасы деп көрсетеді. Аңыз бойынша, Шынтас Қаратаев Оралға келген ресейлік қонақтардың арасында болған Рая есімді әйелге арнап, бірнеше қыздың атын әнге қосып, соңында «Я тебя люблю, Рая» деп қайырған екен. Әнді халыққа жеткізген — Әли Құрманов. Ал оны алғаш оркестрмен орындаған — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Дауыл Хайруллин. Бүгінде «Он алты қыз» — қазақ ән өнерінің ажырамас бір бөлігі. Әсем әннің оригиналь нұсқасын тыңдап, жастық шақты бір еске түсіреміз. **Алдағы уақытта каналда қазақша ескі әндер өз нұсқасында салынатын болады. Сіз сағынған әндерді жіберіп алмаңыздар... https://t.me/edebiyetmeydani
#prose Күмбірлеген кең отаудың түбі қонақтан босамай, "Осы үйдің дастарханы таза, тамағы тəтті" деп саудырап қаланың қонағы түсіп жатса, "Апа, меймандарға мал алдырайық па?" деп қипақтап баласы келіп тұрса, "Ене, қонақ жүргелі жатыр, əйеліне қандай көйлек сыйлайын" деп келіні сызылып тұрса, "Әже, апама ұрысшы, кәмпит беймейді" деп өкіріп немересі иығына жабысып жатса, "иə, Құдай, бергеніңе шүкір" деп мамық көрпенің үстінде бұл отырса, одан артық бақыттың қажеті қанша?! Əбіш Кекілбайұлы "Құс қанаты" https://t.me/edebiyetmeydani
#ән Махаббат өмір ғажабы, Ал қызыл гүлдей ажары. Сүйемін деген жалғыз сөз, Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады. Әні: Б. Тұрғараев Сөзі: И. Сапарбай https://t.me/edebiyetmeydani
#артық_болмас_білгенің АПТАП ЫСТЫҚТА ҚАЗАҚТАР НЕГЕ ҚАРА СУ ІШПЕГЕН? Олар: 1. Ашытпа — күріш сияқты дәнді дақылдарды қайнатып, сүт немесе айран қосады. Жеңіл ашуы үшін бұл қоспаны бірнеше күнге бетін жауып қалдырған. Нәтижесінде, жазғы ыстықта шөлді де, аштықты да қатар басатын, ерекше жағымды әрі қышқыл дәмі бар сусын дайын болады. 2. Езілген құрт — Құртты суға езіп дайындайтын, жасалуы да өте қарапайым әрі тиімді сусын. Ағзаның су және тұз балансын қалпына келтіріп, аптап ыстыққа төтеп беруге көмектеседі. Ұзақ жолға шыққан көшпенділер үшін бұл сусын шөлді де, әлсіздікті де басатын таптырмас серік болған. 3. Шалап — айранды, қымызды немесе шұбатты салқын бұлақ немесе құдық суымен 1:1 пропорциясында араластырып жасайды. Ол ағзаға өте жеңіл сіңеді, ыстық күндері шөлді басып, адамды тоқ етеді. Кейде оған тұз бен жас көк шөптер қосып жасайды. Қазіргі күндегі «окрошка» деуге де болады. 4. Қойыртпақ — шалапқа ұқсас, бірақ айран немесе шұбатқа судың орнына сүт қосып дайындалатын сусын. Сүт сусынның қатты ашуын жұмсартып, оған жағымды дәм береді. Көшпенділер оны торсыққа құйып, қанжығаға байлап жүрген. Жолда көп шайқалғандықтан, ашуы білінбей, бойға жеңіл сіңген. 5. Ашыған көже — бидай, тары, арпа сияқты тазаланған дән жармаларынан дайындалатын салқын сусын. Бабына жетіп қайнаған соң, үстіне айран немесе қатық қосып ашытылады. Бұл сусын бойға күш-қуат береді. 6. Ақірім — сүр еттің жылы сорпасына айран, қатық немесе қымыз қосып, сапырып ішетін ерекше қышқыл сусын. Ертеректе сүр ет жеп тойған соң, шай ішпей, осы ақірімді ішу үлкен салт болған. 7. Майдың сүті — қаймақтан сары майды айырып алған кезде бөлініп шығатын қышқылтым сұйық сусын. Оны сол күйінде өте пайдалы жазғы сусын ретінде ішкен. Ағзадағы су балансын қалыпқа келтіруде көмегі зор. https://t.me/edebiyetmeydani
#prose Қазақта бір әңгіме бар: әлдекім қойдың тұтас құйрығына у сеуіп, қасқырдың апанының маңына тастайды да, өзі жақын жерде тығылып аңдып жатады; апанына келген қасқыр құйрықты көреді де, «бұ не деген батпан құйрық? Далада тегін жатқан құйрық!» деп қомағайланып асап қояды. Аздан кейін қасқыр уланып құлағанда, аңшы: «У салғаным батпан құйрық, қасқыр оны қапқан құйрық, сілесі содан қатқан құйрық» деп сорлы аңды соғып алады. Сәбит Мұқанов "Мөлдір махаббат" https://t.me/edebiyetmeydani
#салт #тұрмыстық АЙНАЛАЙЫН, қонақтың да арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қызғыма қонақ деген төрт түрі болады. Арнайы қонағың — алыстан ат терлетіп келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда, жекжат, сыйласқан дос—жолдастарың. Бұл — нағыз сыйлы қонағың. Құдайы қонағың — өзің танымайтын, білмейтін алыс шалғайдан жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалғандар. Бұл — нағыз сауап қонағың. Қыдырма қонағың — ерігіп, үй—үйді, ауыл—ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма. Бұл — нағыз далбаса қонағың. Қылғыма қонағың — кімнің түтіні түзу ұшса, соның үйін торып, ас піскенде пайда болатын, қарны тойған соң басы ауған жаққа лаға беретін көлденең көк атты. Бұл — нағыз сұғанақ қонағың. Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні "Айналайындарым менің..." https://t.me/edebiyetmeydani
#әнтарих 🎶 Yeonbap — 연밥 Кейде бір әуеннің өзі тұтас бір дәуірді көз алдыңа әкеледі... «TANGEM» дегі осы әуенді естігенде, Жангымның ас үйдегі тыныш қимылы, қайнап жатқан қазан, тағамның әр дәмін сезінуге деген ұқыптылығы елестейді. 🍲🌿 Yeonbap — асықпай тыңдайтын, көңілге тыныштық сыйлайтын әуен. Біртүрлі жылы... Біртүрлі таныс... Сол үшін де жақсы көремін. 🤍 https://t.me/edebiyetmeydani
#кино #мотивация «ТАНГЕМ» — жүректе қалған бір әлем Кейбір сериалдар жай ғана көріп шығатын дүние емес. Арада қанша жыл өтсе де, оның әуені, көрінісі, кейіпкерлері көңілде қалып қояды. Солардың бірі — «Сарай жауһары» (대장금 / Dae Jang Geum). 🏯 Жангым яғни Тангемнің тағдыры арқылы біз бір ғана адамның өмірін емес, табандылықты, білімге ұмтылысты, адалдықты және өз ісіне деген сүйіспеншілікті көрдік. Кейбір әуендер — жай ғана музыка емес. Олар белгілі бір уақытты, көңіл күйді, тіпті балалық шақты қайта әкеледі. 🌙 https://t.me/edebiyetmeydani
#артық_болмас_білгенің 📜 ДАЛА ЗАҢЫН ЖАЗҒАН АБАЙ Абай Құнанбайұлы — қазақтың ұлы ақыны ғана емес, ел ісіне араласқан ойшыл, ағартушы әрі қоғам қайраткері. Абайдың ел басқару ісіне араласқан кезеңінде «Ережелер» жасауға қатысып, қазақ даласындағы құқықтық тәртіпті жүйелеуге атсалысқаны белгілі. Соның ішінде 1885 жылы Қарамола съезінде қабылданған «Қарамола ережесін» әзірлеуге Абайдың үлкен үлес қосқаны тарихи деректерде айтылады. ⚖️ Бұл ереже қазақ қоғамындағы жер дауы, жесір дауы, мал-мүлік дауы, қылмыс пен ел арасындағы тәртіп мәселелерін реттеуге бағытталған. Абайдың елдік мәселелерге араласуы оның шығармаларындағы әділет, адамгершілік, бірлік пен жауапкершілік идеяларымен тығыз байланысты. 📖 Абай — сөздің ғана емес, елдік істің де адамы. https://t.me/edebiyetmeydani
Өз ойында, Тұл бойында Бір міні жоқ пендесіп, Түзде мырзаң, Үйде сырдаң, Сөзі қылжаң еркесіп. Абай Құнанбаев https://t.me/edebiyetmeydani
#ақынтуғанкүн 📚 10 тамыз — Абай Құнанбайұлының туған күні Бүгін — қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Абайдың шығармашылығы — ұлттың рухани қазынасы. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде адам болмысы, білім мен ғылым, еңбек, ар-ұят, әділет пен адамгершілік туралы терең ойлар айтылады. ««Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба...»» Абай мұрасы — бір дәуірдің ғана емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мәңгілік рухани мұра. Оның «Қара сөздері» мен өлеңдері бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. 📖 Бүгін Абай шығармаларынан бір өлең немесе бір қара сөз оқып көріңіз. https://t.me/edebiyetmeydani
#әнтарих «Жылдардың еркіне бағындың, Жылдарға қол создың, жан құрбым. Белгісін балалық шағыңның, Айтшы, сен қай жерде қалдырдың?» Сөзі: М. Шаханов Әні: Ш. Қалдаяқов https://t.me/edebiyetmeydani
#prose «Атадан ұл туса еді, ата жолын қуса еді» деп бұрынғылар неге тіледі дейсің. Ұлдың өзі тумайды, келін өзі келмейді. Бәрі де атаның күші, ананың сүтінен тарайды, — дей келіп, өзінің замандасы Құнанбайға байланысты бір әңгіме айтты. — Қазір Арғын ішінде мойны озып тұрған азамат — Абай ғой. Сол бір жолы әкесі Құнанбаймен сөз таластырып отырып: «әке, мен сенен асып кеттім» деген екен. Сонда Құнанбай іле жауап беріп: «оның күпірлік болар, балам. Сен менен асу үшін, әуелі мен сияқты өзіңнен асқан бала тудырып ал» депті... Сол Құнекең айтқандай, әкеден озып туатын да, азып туатын да бала болады. Тек күн өткен сайын ұрпақ ұсақтап, пейіл тарылып, ата салтынан айнып кетпесе болғаны да. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»
#артық_болмас_білгенің Қаратерең көли туўралы Әкем Алламбергенниң анасы Улсулыў мүйтен руўының самат тийресинен еди. Балалығымызда айтқан аңызын сизлерге айтып бермекшимен. Күтә ерте заманлардың биринде Бөрши таўдың етегинде бир қала болған екен. Қаланың ортасында бир таў тасынан өрилген терең қудық болыпты. Қала халқы усы қудықтың суўын душшы болғанлықтан ишимлик ушын пайдаланған. Қудықтың маңлай алдында көлеми кишигирим қара үйдей қара тас болып, бул таста мынандай мазмунда жазыў болған екен: "Бул қудықтың тереңлиги қырық қулаш. Түбинде аспаннан жанып түскен кәрәматлы қара тас жатыр. Бул тасты алыўшы болмаңлар, жер бетине шығарсаңызлар апат алып келеди." Қанша заманлар өткени белгисиз, сонша ўақыт даўамында бул қаланың адамлары жазылған нәсиятқа садық болып, қудық түбиндеги қара тасты орнынан қозғамапты. Заманлар изинен заманлар келипти. Тәңриниң ҳәмири менен сол дәўирдеги қала ҳүкимдары болған патша өлипти. Оның тахтына баласы отырыпты. Күнлердиң бир күнинде қала халқы арасындағы палўан жигитлерге хәм нөкерлерине қудық ишиндеги тасты сыртқа шығарып алыў ушын ҳәмир етипти. Жас патша "Қудықтағы қара тастың астында Сулайман патшаның жети ғәзийнесиниң бири бар, соны ийелеймен," деп нийет қылған екен. Тасты қырық қулаш тереңликтен жердиң бетине бир әмеллеп алып шығыпты... Күн батып, қараңғылық түскен соң хәммеси уйқыға жатыпты. Сол түнде тас алынған қудықтан адам баласы бурын көрмеген муғдардағы суў тасқыны атлығып шығып, қала ҳәм оның халқы суў астында мәңгиге қалып кетипти... Соңғы замандағы адамлар усы көлди "Қара терең", деп атайтуғын болған. Тахтакөпирши мүйтенлердиң бир топары 19 әсирдиң соңы 20 әсир басларында Қара терең көлдиң батыс жағаларында жасаған. Кемпир апам Улсулыў: "Ҳәр бәҳәрде Қара тереңниң суўы бир тасып қайтатуғын еди. Суў қайтқан жерлерди қайыр дейди. Сол Қара тереңниң қайырына ағайинлеримиз тары, арпа, гүнжи, жүўери, жоңышқа, қаўын-ғарбыз егетуғын еди. Қайырда өскенлердиң бәриде болық болатуғын еди", деп еслеп отырғанлары ядымызда мөрленип қалған... Бахтыяр ГЕНЖЕМУРАТОВ https://t.me/edebiyetmeydani
#артық_болмас_білгенің Этнограф З.Ахметова кіндік кесудің маңыздылығы туралы мынадай дерек келтірген. ...Біздің қазақ кіндікті өте қасиетті деп санаған. Бұрын ұл баланың жолдасын алты қырды асырып, ал кіндігін табалдырықтың астына көмген. Әжелеріміздің «табалдырықты баспа» дейтіндері сондықтан. Ұл – шаңырақтың иесі, елін-жерін қорғайтын ертеңгі азамат, болашақ жауынгер әрі түздің адамы. Ал қыз баланың жолдасын да, кіндігін де оттың басына көмген. Олай болатыны, ол – қай жерге бармасын, қазан-ошаққа ие болар болашақ келін, ұрпақ өрбітетін болашақ ана. «Оттың басына түкірме» дейтін тыйымның мәні осында жатыр. Жетпіс жыл бойы біздің кіндігімізді кім кеспеді, түскен кіндіктің қайда тасталғаны да бізге белгісіз. Күл-қоқысқа лақтырылып, ит пен мысық жегендіктен де, бірімізді біріміз тыңдамай, сөзімізді көтере алмай, итше ырылдасып жататынымыз осыдан болуы да мүмкін ғой… Кім біледі… Былай қарасаң, кіндік – соншама қадірлеп әрі дәстүрлеп көметіндей емес, тырнақтай тері. Бірақ ата-бабаларымыз кіндікке соншама мән беріп, қасиетін бағалағандықтан да жаужүрек ұлдары, үлкеннің алдынан кесіп өтпеген ибалы келіндері болды. Ата-бабамыздан бізге осыншама кең-байтақ жер қалуының бір сыры осында жатса керек. «Кіндік қаны тамған жер» деп те айтып жатамыз… Қалай десек те, бұл негізсіз емес. Қазақ кіндік шешеге ерекше құрметпен қараған. Әдетте «кіндік шеше» деп нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен кейін кіндігін кесетін әйелді айтады. Бұл қызметті көбіне ауылдың тәжірибелі әйелдерінің бірі жасайды. Ол қазақ салты бойынша баланың екінші анасы есептеліп, құрметтеледі. Сәбидің ата-анасы кіндік шешеге көйлек-көншегін сыйлап, жолдық береді, - дейді. Менің де анам әр босанып келгенімде "Балаларыңның кіндігін бір жерге қой, сонда бір-біріне жақын жүреді, ізеттіліктен аттамай, құрметін ұмытпайды. Бауырмалдығы мен ынтымағын арттырады", деп айтып отырады— екен. https://t.me/edebiyetmeydani
#поэзия Кімге керек кіммен қалай жүргенің, Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің. Қара суды қай күн ішсең қайғысыз, Сол күн сенің ең бақытты күндерің. Кімге керек кіммен қалай жүргенің, Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің. Сауап алсаң сау күніңе тəуба ғып, Сол күн сенің ең бақытты күндерің. Кімге керек кіммен қалай жүргенің, Қанша ғұмыр, қайда барып сүргенің. Бір адамға қайыр қылып үлгерсең, Сол күн сенің ең бақытты күндерің. Сабыр Адай – Әкемнің сөзі https://t.me/edebiyetmeydani