Электронды кітаптар | ҚАЗАҚША
СтатистикаEPUB | MOBI | PDF | AZ3W | және басқалары... Жарнама алу үшін: @beteki_admin
- Последний пост
- 5 авг.
- Последнее чтение
- ещё не заходили
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 24
- Тип
- открытый
- Язык
- русский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 1 026
- 1/48двое суток
- 1 175
- 1/72трое суток
- 1 268
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
Аты: Сүйекші Автор: Дулат Исабеков Кітап жанры: Повесть Дулат Исабековтің шығармаларында қоғам, әлеумет, не тарих емес, адам жаны әрдайым басты планда. Ол өзінің әңгімелері мен повестерінде жұрт ішінде жүрген, бірақ сол жұрт байқай бермейтін елеусіз жандардың ішкі жан-дүниесін, олардың тауқыметті тағдырын терең суреттейді. Мәселен, қолыңыздағы кітапта берілген «Сүйекші» повесінің кейіпкері Тұңғыш сияқты диуана, қабір қазушы секілді кәсіптен несібесін айырған жандардың арман-мұраты, тыныс-тіршілігі көп адам үшін беймәлім. Жазушының қырағылығы мен шеберлігі болса керек, адамдар арасындағы осындай «Үндемес» жандардың басындағы мұң-зарды, трагедияны бір ғана кейіпкердің баянсыз ғұмыры арқылы бере білген. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады. @electrondy_kitap
без подписи
Аты: Пайғамбарлар тарихы Автор: Қалмахан Сейтұлы Кітап жанры: Діни әдебиет Қолыңыздағы кітап адамзатқа жіберілген пайғамбарлардың өмірін танытуды көздейді. Адам атадан (а.с.) бастап, соңғы елші Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дейінгі (Құранда есімі аталған) пайғамбарлардың ортақ жіберілу мақсаты түсіндіріледі. Бұл қасиетті міндеттің өзіндік қиындықтары, әр қауымның өмір тарихы, тағдыр-талайы, наным-сенімдері мен ерекшеліктері кеңінен сөз болады. Еңбек жалпы оқырман қауымға арналған. @electrondy_kitap
без подписи
Аты: Арпалыс. Волоколамск тас жолы Автор: Александр Бек Кітап жанры: Тарихи роман, деректі шығарма Бұл шығарманың басты кейіпкерлері – Панфилов дивизиясындағы жеке батальонның жауынгерлері. Батальонды ұлты қазақ, комбат – Бауыржан Момышұлы басқарады. Бұрынғы артеллерист, батарея командирі, жаяу әскерлер батальонын басқарып көрмеген Бауыржан үшін 1941-ші жыл әскери шеберлігін шыңдау мектебі болды. Оған өз сарбаздарының тағдырын шешуге, жан-жақтан жиналған әр алуан адамдарды өз ырқына бағындырып, бәрінің басын біріктіріп, жұмылған жұдырықтай етуіне тура келеді. Қорғана жүріп, тайсалмай шайқасуы нәтижесінде Момышұлының батальоны Панфилов дивизиясындағы резервтік күшке айналады және жаудың күш-қуатын мейлінше әлсіретіп, оның Волоколамск ауданынан Мәскеуге шабуылдауын тежей тұруға жауынгерлік тапсырма алады. Адамдар шығыны мен майдандағы күрделі ахуалға қарамастан, батальон берілген тапсырманы абыроймен атқарып шығады. @electrondy_kitap
без подписи
Аты: Күншілдік Автор: Әлжаппар Әбішев Кітап жанры: Әңгімелер, Төрт перделі драмалық пьеса Жемістері мəуелеп тұрған кең аула. Ауланың сол жақ шеті Келиманның жаңа салынған үйіне тіреледі де, екінші жағы қою ағашқа айналып алыстап кетеді. @electrondy_kitap
без подписи
Аты: Сүлеймен Қарақшы Автор: Әбдәкімұлы Момбек Кітап жанры: Заманауи қазақстандық проза, Хикаят Кiтаптағы басты кейiпкер - Сүлеймен өмiрде нақты болған адам. Ол халық ұғымындағы сүйкiмсiз атау - қарақшы деген лақапты өз атына әлдебiр себептермен iлiктiрiп алғаны болмаса, оның барлық iс-қимылдары, ой-әрекеттерi – ел мен жұрттың жоғын жоқтаудан, кедейге жақ, сараңға өш, зорлықшыға қас, басбұзарға қарсы күресуден тұрады. Өмiр бойы жан тыныштығын таппаған ол, 1917 жылы үкiмет басына келген қызылдармен де, олармен шайқасқан тау басшыларымен де алысқа түскен. Өзiн Құдайдан басқаның бәрiнен азатпын деп ұғынған Сүлеймен ғұмыры өте күрделi болған. Қолдарыңыздағы кiтап сол күрделi ғұмырды қызықты һәм тартымды тiлмен баян етедi. Кітап барша оқырманға арналады. @electrondy_kitap
без подписи
Аты: Ай мен Айша Автор: Шерхан Мұртаза Кітап жанры: Роман, Тарих «Ай мен Айша» романы Шерхан Мұртазаның өз өмірінен сыр шертеді. Романда ашаршылық жайлаған зұлмат жылдарда дүниеге келіп, қазақ зиялылары репрессияға ұшыраған жылдарда әкесінен айырылып, одан кейін Ұлы отан соғысының тауқыметін бастан өткеріп қанша қиыншылық көрсе де, еңсесі түсіп езілмей, ағынға қарсы жүзе білген Барысхан деген баланың өмірі және сол балаға өшпестей үміт сыйлап, өмірлік шам-шырағы, қайсар қаһарманы болған анасы Айша жайында баяндалған. @electrondy_kitap
без подписи
Аты: Аққан жұлдыз Автор: Сәбит Мұқанов Кітап жанры: Роман, Мұрағат, Элопея. Қазақ әдебиетінің алыптар шоғырының бастауы Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы зерттеу еңбектерінің нәтижесінде «Аққан жұлдыз» (1967–1970) романы туды. Еңбектің көркемдік жағы Шоқанның тұлғасын өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігін сынай отырып жазылуымен ерекшеленеді. Шығармада қазақ-орыс қатынасының аражігі, сол кезеңде қабылданған реформаның, патшалық Ресейдің қол астына кірген қазақтың жайы кеңінен қамтылған. @electrondy_kitap
Парақшамызға көп адам тіркеліп жатыр екен😽🫶🏻 Қай кітапты салайық, төменге жаза кетіңіздер, мүмкіндігінше сол кітапты салуға тырысатын боламыз👇🏻
без подписи
Аты: Ажалын жоғалтқан адам Автор: Сайлау Байбосын Кітап жанры: Детектив, роман. Өмірдің қатал сынағына түссе де мойымаған, сынбаған тағдыр иесінің басынан өткен оқиғалар осы кітапқа арқау болған. Адам саудасы, құлдыққа түсу және тағы да басқа өмірдің ауыр сынақтары осы кітапта тереңінен сипатталады. Өте әсерлі роман! @electrondy_kitap
без подписи
Аты: Біздің ауылдың амазонкалары Автор: Рақымжан Отарбаев Кітап жанры: Заманауи қазақ прозасы, таңдаулы әңгімелер. Көрнекті қаламгер, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы Рахымжан Отарбайдың бұл жинағына бір топ таңдаулы әңгімелері топтастырылды. Туындылардың қай қайсысы да тартымды, қызықты оқылады. Жинақ көпшілік оқырманға арналған. @electrondy_kitap
без подписи