tgindex
Elorda.info
@elordainfo01русский

Еліміздің басты жаңалықтары, елордамыздың тыныс-тіршілігі біздің арнада!

Последний пост
7 окт. 2025 г.
Последнее чтение
17 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
русский
В каталоге с
17 авг.
Подписчики
131
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
 
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
62
20 постов
Вовлечённость
47,3%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр. Монтаждау жұмыстары аяқталып, ақпараттық жүйелер дайын болғаннан кейін барлық каналдан жиналатын деректерді Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграциялау жоспарда бар. Бұл суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. «Мемлекет басшысы кем дегенде 3500 км суару каналдарын цифрландыруды тапсырды. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

  • На ЭБТ в апреле отмечен рост активности В апреле 2025 года на Электронной бирже труда «Enbek» (далее – ЭБТ) зафиксирован рост деловой активности как со стороны работодателей, так и со стороны соискателей: размещено 97,5 тыс. вакансий и 115 тыс. резюме. По сравнению с мартом текущего года количество вакансий увеличилось на 17,3 тыс. единиц (+22%), а резюме – на 19,7 тыс. (+21%).

  • Снежный барс запечатлён фотоловушкой в Катон-Карагайском национальном парке В Аршатинском лесничестве Катон-Карагайского государственного национального природного парка снежный барс был вновь зафиксирован фотоловушкой. Устройство было установлено лесничим Жомартом Аманбаевым. В результате удалось получить уникальные кадры снежного барса (Panthera uncia), занесённого в Красную книгу Республики Казахстан.

  • С 1 июня стартует очередной отбор в Президентский молодежный кадровый резерв Сегодня Председатель Агентства по делам государственной службы Дархан Жазықбай  рассказал об этапах и особенностях очередного отбора в Президентский молодежный кадровый резерв. Президентский молодежный кадровый резерв – важный проект, направленный на вовлечение талантливой, инициативной и высокопрофессиональной молодежи в систему государственного управления. Как отметил Глава государства, выступая на форуме Президентского молодежного резерва, «в стране достаточно успешных людей в сферах бизнеса, сельского хозяйства, финансов, медицины, образования и других секторах. Нужно задействовать потенциал таких кадров, ориентированных на конкретный результат и потребности потребителя».

  • Серик Жумангарин открыл выставку отечественных производителей Ulttyq ónim – 2025 350 производителей со всех регионов Казахстана представили свою продукцию на VIII выставке отечественных производителей «Ulttyq ónim» в Астане.   На восьмой по счету ежегодной выставке, стартовавшей 16 мая на базе Международного выставочного центра EXPO, казахстанские производители представили тысячи видов товаров  в самых разных отраслях: пищевой, легкой, химической промышленности, машиностроении, производстве оборудования, ювелирных изделий и других товаров. Все предприятия экспозиции получили финансовую и другие меры поддержки от Фонда «Даму» – ключевого финансового института страны по поддержке малого и среднего бизнеса. «Восьмая по счету выставка Ulttyq ónim – это лучшее доказательство и демонстрация развития отечественного предпринимательства. Наши производители укрепляют позиции внутри страны, выходят на экспорт, становятся узнаваемыми брендами за рубежом. И господдержка малого и среднего бизнеса будет только усиливаться. В этом году мы взяли курс на ускоренное развитие реального сектора экономики. Государство объявило открытый заказ на инвестпроекты МСБ в таких приоритетных сферах как информационные технологии, логистика, туризм, производство продуктов питания, строительных материалов, машиностроение, легкая и химическая промышленность. Эти направления получат всестороннюю поддержку», — подчеркнул на открытии выставки заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин.  На выставке представлены такие востребованные товары как:  кухонные плиты, вентиляционное, медицинское оборудование, трансформаторы, комбикорма, чемоданы, текстиль, стройматериалы,   антисептики, одежда, обувь и многие другие. Один из участников – ТОО «Производственный комплекс «Аврора», производитель  дезинфицирующих и моющих средств, работает на рынке уже 15 лет. Ассортимент включает более 40 видов косметической продукции, 55 наименований бытовой химии и свыше 80 позиций дезинфицирующих средств. «Основной акцент при производстве своей продукции мы делаем на эффективность, безопасность и доступность.  Лучше всего у нас покупают средства для мытья посуды, жидкое мыло, бытовую химию для мойки стекол, кухни и стирки. Постоянно обновляем линейку: среди новинок  аромадиффузоры для дома и офиса, есть широкий выбор средств для детей под брендом Booboo. Наша продукция широко представлена в торговых сетях Казахстана, на маркетплейсах и в ближнем зарубежье»,  — отметил региональный директор ТОО «Производственный комплекс «Аврора» Ермек Еркынов. В 2024 г. на реализацию программ поддержки бизнеса Правительство через инструменты субсидирования и гарантирования холдинга «Байтерек» выделило 336 млрд тенге. Господдержку получили 29,5 тыс. проектов на общую сумму кредитов 1,7 трлн тенге, включая 2,7 тыс. проектов по льготному кредитованию на сумму кредитов 254 млрд тенге. Данные меры позволили создать 9,7 тыс. рабочих мест, выпустить продукцию на сумму 25,4 трлн тенге и обеспечить поступление 1,7 трлн тенге налогов. В результате доля занятых в секторе МСБ достигла 48% населения в 2024 г., а вклад в ВВП страны составил почти 40%. https://t.me/presseconomy

  • 🌊Ғасырдың экологиялық жобасы: Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Аралды сақтаудың екінші кезеңіне кірісті Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахбамен кездесті. Кездесуде тараптар Солтүстік Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жобаның екінші кезеңіне қатысты техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Онда Көкарал бөгетін қайта жаңғырту және Балтық жүйесі бойынша теңіз деңгейін 44 метрге дейін көтеру, сондай-ақ Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйелеріндегі су ресурстарын тұрақтандыру үшін Аманөткел ауылы маңында гидроторап салу қарастырылған. Нәтижесінде Солтүстік Аралдың су айдынының ауданы 3913 шаршы шақырымға дейін ұлғайып, су көлемі 34 текше шақырымға жетеді. Теңіздің бұл деңгейге дейін толуы үшін 4-5 жыл қажет. Теңізді сақтаудың бұл нұсқасы 1913 жылдан 2019 жылға дейінгі Сырдария өзені бассейніндегі судың орташа көпжылдық ағынын талдау мен бағалау нәтижелері, сондай-ақ су қоймаларының физикалық сипаттамалары негізінде таңдалған. Көкарал бөгетін көтеру және нығайту жөнінде Мелиорация және су шаруашылығының бұрынғы министрі Нариман Қыпшақбаев та ұсыныс жасағанын еске сала кетейік. «Жобаны іске асырудың бірнеше нұсқасын қарадық. Ең тиімді шешімді табу үшін биылдың басынан бастап Қызылорда облысы мен Арал ауданы әкімдіктерінің өкілдерімен бірқатар кеңес өткізілді. Сонымен бірге министрлігіміздің мамандары жергілікті тұрғындармен және қоғамдық ұйымдармен бірнеше рет кездесті. Аймаққа жұмыс сапары барысында Парламент депутаттарының, жобалаушылардың, су шаруашылығы саласы ардагерлерінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен азаматтармен кездесу өткіздім. Кездесуде Арал ауданы мен Арал қаласының тұрғындарының ұсыныстары тыңдалып, жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Таңдалған нұсқа мерзім мен нақты жағдайларды, соның ішінде Сырдария өзені бассейнінің жағдайын ескере отырып, ең қолайлы шешім ретінде анықталды», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Самех Вахба өз кезегінде Дүниежүзілік банк Солтүстік Аралдың сақталуына алдағы уақытта да қатысуға мүдделі екенін жеткізді. Айта кетейік, халықаралық қаржы ұйымы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге грант бөлген. «Бүгін біз балық өңдеу зауытын аралап, жобаны жүзеге асырғаннан кейін өңірде қаншама жұмыс орны ашылатынын өз көзімізбен көрдік. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және туризм сияқты басқа салаларда да жұмыспен қамту мүмкіндіктері пайда болады. Осылайша бұл жоба бүкіл өңір үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Солтүстік Аралды сақтау жобасы біз үшін өте маңызды, өйткені ол бүкіл әлемге тұтас бір экожүйені қалпына келтірудің нақты үлгісін көрсетеді, – деді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахба. Министрлік әзірлеген техникалық-экономикалық негіздеме бойынша сараптама қорытындысын алу мерзімі 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Солтүстік Аралды сақтау жобасы теңіздегі су көлемін арттыруға және сапасын жақсартуға, Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіруге, Арал теңізі табанынан тұз шөгінділерінің жел арқылы таралуын азайтуға, Солтүстік Арал теңізінің су ресурстарын басқаруды жетілдіруге, Қызылорда облысындағы балық шаруашылығын дамытуға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Еске сала кетейік, жобаның бірінші кезеңінің нәтижесінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 42%-ға артты, теңіз суының тұздылығы шамамен 4 есеге төмендеді, жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті. Сондай-ақ теңіздің құрғаған табанының 870 шаршы шақырымы суға толып, жел арқылы тұздардың таралуы азайды.

  • Ашхабадта климаттың өзгеруіне арналған конференция өтуде Ашхабадта климаттың өзгеруіне арналған Орталық Азияның VII конференциясы өтуде. Жиында жаһандық климаттық қаржыландыруға қол жеткізу, қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу және өңірлік климаттық архитектураға ұлттық басымдықтарды біріктіру, сондай-ақ төмен көміртекті даму жолына көшу мәселелері қаралып жатыр. Конференцияға 200-ден астам қатысушы, оның ішінде Орталық Азия елдерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары мен ғылыми орталықтар бар. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев 2026 жылы өтетін өңірлік климаттық саммитке ерекше назар аударылатынын, Қазақстан бұл саммитті өңірлік диалогты нығайтудың және күш-жігерді үйлестірудің стратегиялық алаңы ретінде қарастыратынын жеткізді.

  • Создана межведомственная проектная группа по цифровизации транспортно-логистической отрасли Проектная группа сформирована приказом Министра цифрового развития и объединяет представителей Министерства транспорта, финансов, сельского хозяйства, торговли и интеграции, Комитета государственных доходов, НПП «Атамекен», АО «Қазақстан темір жолы», а также ключевых игроков авиа и логистического рынков. Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/995955

  • 214 проектов по строительству и реконструкции гидротехнических сооружений разрабатывает Министерство водных ресурсов и ирригации Министерство водных ресурсов и ирригации разрабатывает проектно-сметные документации и технико-экономические обоснования по 214 проектам по строительству и реконструкции гидротехнических сооружений. Из них 21 проект – по строительству и реконструкции водохранилищ общим объемом 1,8 млрд кубометров, 180 проектов предусматривают реконструкцию и автоматизацию 243 каналов общей протяженностью 4024 км, 13 проектов охватывают другие типы гидротехнических сооружений. «Все проекты предусматривают эффективное использование водных ресурсов и включают элементы автоматизации. Их реализация позволит улучшить водоснабжение 577 тыс га земель. Завершить разработку документов по большинству проектов планируется до конца этого года», – сообщил вице-министр водных ресурсов и ирригации Ерболат Ибрайханов.

  • ​​🌐Ана тіліндегі цифрлық білім беру ортасы: енді Google Classroom қазақ тілінде де қолжетімді 📣 Google компаниясы Google Classroom платформасына тілдік қолдау көрсетіп, сәуір айында тізімге қазақ тілін енгізгенін ресми мәлімдеді. Бұл – Оқу-ағарту министрлігі Алтынсарин академиясының жүйелі жұмысының нәтижесі. 💻 Google Classroom – 170 миллионнан астам адам қолданатын әлемдегі ең танымал білім беру платформаларының бірі. Ендігі таңда қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін жаңа цифрлық игіліктерді пайдалану мүмкіндіктері пайда болды. Бұл – еліміздің оқушылары мен педагогтері үшін цифрлық тең қолжетімділікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам. 📲Қазақ тіліне өту үшін Google аккаунтында параметрді өзгерту жеткілікті – платформа интерфейсі веб-нұсқаға және мобильді қосымшаға автоматты түрде бейімделеді. ❕Естеріңізге сала болсақ, қаңтарда Алтынсарин академиясы Google және Microsoft-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Одан бұрын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлемдегі ең ірі IT-компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізген болатын. Google Classroom қазақша нұсқасы – білім беру саласындағы заманауи цифрлық экожүйені құру жолындағы алғашқы қадам.

  • 🏢 БИЫЛ КҮЗДЕ БАӘ-ДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САУДА ҮЙІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ QazTrade Дубайда өңірлік өкілдігін ашады. Бұл қазақстандық өндірушілерге БАӘ мен Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығуға мүмкіндік береді. Өкілдік Expo City Dubai аумағындағы Қазақстан павильоны базасында жұмыс істейді. Кеңсе, шоурум, қойма, көрме және B2B алаңдары қарастырылған. QazTrade Dubai қазақстандық өнімдерді аймақта жүйелі ілгерілетумен айналысады: 🔹 тауарларды нарық талаптарына бейімдеу 🔹 техникалық және сауда кедергілерін еңсеру 🔹 мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру 🔹 экспорттаушыларды кешенді қолдау Бұл бастама қазақстандық экспортты арттыруға және жаңа серіктестіктер орнатуға жол ашады.

  • без подписи

  • АЛМАТЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮРЕКТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ІСІГІ БАР ЖАС ӘЙЕЛДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ Алматы қалалық кардиологиялық орталығында ерекше операция жасалды: кардиохирургтар жас әйелдің өміріне қауіп төндірген миксоманы — сирек кездесетін қатерсіз ісікті — сәтті алып тастады. Пациент орталыққа ентігу мен ауа жетіспеушілігіне шағымданып түсті. Эхокардиография нәтижесінде сол жақ жүрекшеде көлемі 6×4 см болатын миксома анықталған - мұндай ісікті дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес, шұғыл операция жасау қажет болды. Хирургиялық араласу сәтті өтті. Ісік толық алынып, жүрекішілік қанайналым қалпына келтірілді. Келесі күні пациент ешқандай симптомдарсыз жүре бастады, ал көп ұзамай үйіне шығарылды. «Мұндай жағдайлар дер кезіндегі диагностика мен білікті медициналық көмектің қаншалықты маңызды екенін ескертеді. Жас әйел толыққанды өмір сүру үшін екінші мүмкіндікке ие болды — бұл біз үшін зор марапат», — деп атап өтті орталық дәрігерлері. АЛМАТИНСКИЕ ВРАЧИ СПАСЛИ МОЛОДУЮ ЖЕНЩИНУ С РЕДКОЙ ОПУХОЛЬЮ СЕРДЦА В Городском кардиологическом центре Алматы провели уникальную операцию: кардиохирурги удалили миксому — редкую доброкачественную опухоль, которая угрожала жизни молодой женщины. Пациентка поступила с жалобами на одышку и нехватку воздуха. Эхокардиография выявила миксому размером 6×4 см в левом предсердии — такую опухоль невозможно вылечить медикаментами, нужна срочная операция. Хирургическое вмешательство прошло успешно. Опухоль удалена, внутрисердечный кровоток восстановлен. Уже на следующий день пациентка начала ходить без симптомов, а вскоре была выписана домой. «Такие случаи напоминают насколько важны своевременная диагностика и квалифицированная медицинская помощь. Молодая женщина получила второй шанс на полноценную жизнь — и это наша главная награда», — отметили врачи центра.

  • Қазақстандық су саласы мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды Қытай Халық Республикасына екі апталық курстарға Қазақстаннан 30 маман аттанды. Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оралған болатын. Биыл Қытайда біліктілікті арттыру курстарынан қазақстандық су саласының 120 маманы өтеді. Оқыту курстары Қытай тарапының қаражаты есебінен ұйымдастырылғандықтан, іс-шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаражат бөлінген жоқ. Биылғы наурыз айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі алғаш рет өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын еске сала кетейік. Құжат су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу мен игеру бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ тәжірибе алмасуды және мамандарды бірлесіп даярлауды көздейді. «Қазақстандық мамандар Қытайдан басқа, АҚШ, Франция және Жапонияда да оқудан өтті. Қазіргі уақытта басқа да мемлекеттермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Былтырғыдай, биыл да Қазақстандағы арнайы орталықтарда оқу курстары өтеді. 2025 жылы бұл курстардан шамамен 1000 маман өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

  • Иорданияға тікелей рейс ашылады Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесті. Бұған дейін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың ақпан айында Иордания Хашимит Корольдігіне сапарының қорытындысы бойынша Иордания тарапы Қазақстанға ұшуды бастауға ниет білдірді.

  • 🙌Қазақстан жер қойнауын геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасының ауқымды кезеңін аяқтады: инвестиция мен тұрақты дамудың жаңа перспективалары анықталды 📌ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінде Жер қойнауын геологиялық-геофизикалық зерттеудің 2019-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды. Алты жыл ішінде 2,014 млн ш. м. аумақты қамтитын геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Бұл жоспарланған аумақтың 91,6% құрайды. 🔎Бағдарламаның мақсаты – 2026 жылға қарай ел аумағын геологиялық тұрғыдан толық қамту, жер қойнауының инвестициялық тартымдылығын арттыру және минералдық-шикізат кешенін тұрақты дамытудың ғылыми базасын қалыптастыру. 📎112 учаскеде төрт негізгі бағыт бойынша жұмыстар аяқталды: геологиялық барлау, минералогиялық карта жасау, терең карталау және гидрогеология. Болжамды ресурстары бар 38 перспективалы бағыт анықталды: - сирек жер металдары – 2,6 млн тонна - мыс пен никель – 3,7 млн тонна - қоңыр көмір – 1,1 млрд тонна - алтын – 19 тонна. 🔈Одан бөлек, мұнай-газ өнеркәсібі Арал шөгінді бассейнінде 266 млн тонна көлемінде алынатын көмірсутек ресурстарын растады. ➡️Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде геологиялық барлауға 306 лицензия берілді. Салаға тартылған жеке инвестиция көлемі 137 млрд теңгеден асты.

  • ⚜️🌊Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның сағалары мен көлдеріне шамамен 16 млрд текше метр еріген қар суын жіберді Былтырғы қазан айынан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігі су аз болған кезеңдерде толтырылмаған сағалар мен көлдерге 15,7 млрд текше метр еріген қар суын жіберді. Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысына қатысып, еліміздегі суару кезеңі туралы айтты. Мәселен, Ұлытау облысындағы Кенгір су қоймасынан және Қарағанды облысындағы Жезді су қоймасынан 331 млн текше метр су жіберіліп, Қызылорда облысындағы Телікөл көлдер жүйесіне бағытталды. Вегетациялық кезеңде Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан 1,5 млрд текше метр су жіберілді. Бұл су Түркістан облысы Созақ ауданы аумағына дейін өтіп, соңғы 10 жылда байқалмаған 100 шақырым аумаққа жеткен. Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің жайылмасына табиғатты қорғау үшін Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл жұмыстар Ертіс өзенінің жайылмасындағы флора мен фаунаның биологиялық өнімділігі мен тіршілік ету ортасын сақтауға бағытталған. 2025 жылдың басынан бүгінге дейін Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Бір жыл ішінде Балқаш көлінің деңгейі Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге көтеріліп, 12 сантиметрге өсті. Ал су көлемі 2 млрд текше метрге артты. Қазіргі уақытта Алматы және Жетісу облыстарындағы су қоймалары 99%-ға толды. Бұл былтырғы деңгеймен шамалас. Жамбыл облысындағы су қоймалары 90,3%-ға толды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 43 млн текше метрге артық. Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 35-отырысында Су ресурстары және ирригация министрлігі қырғызстандық әріптестерімен елімізге жеткізілетін судың көлемі жөнінде келісімге келгенін айта кетейік. Суару маусымында Шу өзені арқылы 180 млн текше метр су, Талас өзені арқылы 400 млн текше метр су келеді деп жоспарланып отыр.