tgindex
galam🎈
@galammmsharказахский

Alemge kerek zhýr MEN núr 18 001 — galam

Последний пост
9 мар.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
15 авг.
Подписчики
372
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
437
20 постов
Вовлечённость
117,5%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 9 мар.651152

    «Адам өткенін өзгерте алмайды. Бірақ бүгіні өз қолында. Ал бүгінің — болашақтағы өткенің»

  • 9 мар.682176

    Сен қымсынба, күліп жүр…көрсін бәрі, Көздеріңде анық қой бір сыр бары. Қаһарманың жолығып қалсын дағы, Өзіңдей ханшайымның болсын бағы. Сен мұңайма, жадыра…дүйім білсін, Саған деген ақ адал күйім бұл, шын. Сұлулығың ғаламда сейіл құрсын, Сейіл құрып барлығын сүйіндірсін. Өзіңді ойла, түтілме, күтінші көп, Жанартаудан қалмасын түтін шығып. Саған лайық емес қой мұқым сүлік, Саған лайық емес қой бүкіл шірік! Жайқалшы, арайланшы, жана бер сен, Жалғанның жалғыз мәні бола гөр сен. Тағдырға таңғажайып ала келсең, Өзіңді сүйгенімді себеп қылып, Бақытты болып қана қала берсем… Қала берсем…

  • 8 мар.575123

    — Сен үшін ең ауыр сәттер қандай? — Білмеймін, ақшаң, денсаулығың, жұмысың жоқ сәттер шығар. Ал сен үшін ше? — Кеше ғана көңілің көсіліп шүйкіркелескен жақыныңды, көл-көсір көз жасыңмен жоқтап, өз қолыңмен оның қабіріне топырақ тастау, әр топырақ тастаған сайын оның тәні соның астында қалып жатқанын сезу. Міне, осы бәрімізге келетін кезек, бәрінен ауыр сәт те шығар мына фәнидегі.

  • 8 мар.44942из arynqunanbai

    шеше💗 анаға құрмет – тағдырға құрмет. сол құрсақта құндақталуды саған Алла таңдап берді емес пе?! сені туған анаң – Алланың жазған тағдыры, таңдауы. тоғыз ай құрсағында тасиды, тағы тоғыз жыл арқалайды, өле-өлгенше жүрек түкпірінде сақтайды. шеше деген Жасаған Иеміздің Рахман сипатының ең әдемі көрінісі ғой. Алланың мейірімінің ең көркем көлеңкесі шешеміз емес пе?! кісі баласының көңіліндегі бір көктем, я бір табиғатындағы шуақ-нұр болса, ол ана жарықтықтан дарымай ма?

  • без подписи

  • 7 мар.443112

    Сұлулыққа тәні мен жандары әуес, Өздеріңсіз қияға қонбап ем еш. Халі мүшкіл әлемде сендер барда, Ол да еш мағынасыз болмақ емес. Ән де — сендер, сұлу да, сән де — сендер, Таң да — сендер, аяулы жан да — сендер. Жердің ұжмақ бақшасы бар болса егер, Ол да — сендер, арулар! Ол да — сендер! (С) Заңғар

  • 7 мар.387181

    Осы арнадағы ажарлы, аяулы, асқақ, ардақты, алтын арулар, МЕРЕКЕЛЕРІҢМЕН! Қазақ жігіттерінен өздеріңе лайық құрмет тіледім! Иә, бұл тілек емес, базовый минимум болуы керек, өкінішке қарай әзірге тілек қана. Құрметке, қошеметке, қазынаға лайықсыңдар! Нәзік әрі тамаша табиғаттарың мынау мәңгүрт әлемді мағынасыздықтан құтқарып тұр. Жасай беріңдер, ҚҰТҚАРУШЫЛАР! 🫂🌷🌷🌷

  • Көзің ақиқатты көрсе де көңілің сенбейтін сәттер болады екен!

  • Ағау, жүрші Жұма жаққа барайық, Бір саптағы бейнең болған бар сағым. Базар жақтан баяғыдай алайық, Мен сүйетін формасынан барсаның. Ағау, тұршы! Футбол көріп қайтайық, Тараз-Иртыш ойнайды деп естідім. Әзіл-қалжың әңгімелер айтайық, Акиматта серуендеп кешқұрым. Ағау, неге ұйықтадың тым ұзақ? Шәй ішейік, ауқат дайын, тұршы енді! Кескініңнің бұрынғыдан түрі жат, Мұнша ұзақ ұйықтарыңа кім сенді?! Салқын тартты неге көзің оты бар? Енді сенің жатын орның мазар ма? Шаршадың-ау, жә, жарайды, жатып ал, Оятармын азанда! Талай киім тозып еді сен берген, Көп қырыңмен өзің едің ғой үлгі. Шамды өшіріп шығып барам бөлмеңнен, Қайырлы түн! Қайырлы…

  • 6 мар.365111

    Бұл жақтың шақыртуы жас талғамайды екен ғой

  • 5 мар.405132

    Жақын адамың о дүниеге қайтпай тұрып онымен соңғы жүздесуің қандай сипатта өткенін еске аласың да, бәрінің кеш екенін білесің. Мына дамылсыз жаңбыр да күнәнің көптігін тазартуға тырмысып жатса керек. Танысыңды, досыңды, ең жақын адамыңды барында бағалап қалу керек, ол саған не разы не өкпелі күйде кетуі мүмкін. Өкпелі кетсе, кеш!

  • إِنَّا لِلَّٰهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ Расында біз Аллаға тәнбіз әрі оған қайтушымыз…[2:156]

  • Аллаға тілекті арабтың тілімен емес, жүректің тілімен қылыңдар: сол шынайырақ, сол қабыл болады, бұйырса

  • 3 мар.425131

    Сен не нәрсеге шүкіршілік етсең — сол сенің бақытың

  • 3 мар.385123из shamshyraqbol

    Құдайдың әзірге бермегенін гештальт, болдырғанын “базовый минимум” деп құнсыздандырмайық Бұйырмаса - хикмет, бұйырса - нығмет

  • Көктем жауыны тамаша қандай, Тамшының бәрі сырлы әлем. Көптің ішінде оңашаланбай, Автобус күтіп тұрған ем… Адамның бәрі абыр да сабыр, Білмеймін, қайда асықты. Өз әуеніне жауын басады, Бағзы қалпына көшіпті. Бір уақта тылсым сезім биледі, Тырсылдан таса бойымды. Үрзада бір қыз, ұзын көйлегі, Жанары жаттан мейірлі. Жанымнан өтті тіліп тамшыны, Тұмсалық тұнған хош исі. Аспанның ағып бұлттан сыры, Асықты қайда десейші. Оны көргеннен жоғалып бәрі, Үнсіздік кебін кешті әлем. Көңілдің мұнша алабұртқаны, Өлшенер қалай басқамен? Жауын да, дауыл…елемей бәрін, Өзімен-өзі нұр шомып. Желбіреп салды бала байрағым, Өзектен көне мұң семіп. Кез келдім тағы, міне, бір сорға, Суалып сартап арманым. Автобустардың тіледім сонда, Кетпеліп мәңгі қалғанын. Бақ келсе кенет неге осы маған, Қылады тағдыр қарсылық? Әр келген кезде сені есіме алам 45-інші маршрут… (Сол мінгеннен жоқ болдың)

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • БІЗ Төмпешік боламыз — өр таулар секілді, Түн қойнын құшамыз — әр таңдар секілді. Біз қабір боламыз — бесіктер сияқты, Біз жабық қаламыз — есіктер сияқты. Біз ағып түсеміз — жұлдыздар секілді, Біз еріп кетеміз — дүр мұздар секілді. Біз шындық боламыз — жалғандар сияқты, Біз озып шығамыз — қалғандар сияқты. Біз аппақ боламыз — қаралар секілді, Біз шипа табамыз — жаралар секілді. Біз кәрі боламыз — нәресте сияқты, Біз айқын боламыз — көмескі сияқты. Біз жайнап саламыз — бұлтты аспан секілді, Біз жалғыз қаламыз — жұптастар секілді. Біз кеше туылдық — өлгендер сияқты, Біз ертең кетеміз — келгендер сияқты.