- Последний пост
- 15 окт. 2025 г.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 27
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
https://t.me/gareeb_003
видео или голосовое, без подписи
Егер жүрегіңде қаттылық сезсең, Алланың әулие құлдарына назар сал. Бір кісі жүрегінде қаттылық сезінген кезде: «Мен әрдайым Мұхаммад ибн Әл Уәсиғ деген кісіге қарайтын едім» – дейді. Сөйтіп, сол кісінің ілім мәжілісіне барып, бір апта бойы оған қарап отырдым. Сол арқылы жүрегімнен қаттылық кетіп жұмсақтық пайда болды” – дейді. Яғни салихалы құлдарға назар салып , бақылаудың өзі жүректі жібітіп , нұрландыра түседі… #дәрістен
“Ей, иман келтіргендер! Егер сендерге бір пасық адам хабар жеткізсе, оны анықтап тексеріңдер. Әйтпесе білмей бір қауымға зиян тигізіп, істегендеріңе өкінуші боласыңдар.” Хужурат сүресі, 6-аят.
Мінеки, аудармасы: 1. Егер сен денсаулықты қаласаң – Дүйсенбі мен Бейсенбіде ораза ұста. 2. Егер сен амандықты, тыныш өмірді қаласаң – Айдың ақ күндерінде (әр айдың 13, 14, 15 күндері) ораза ұста. 3. Егер сен бақытты болғың келсе – Құранды күн сайын оқы. 4. Егер сенің жүзіңде нұр болсын десең – Түнде тұрып намаз оқы, тіпті екі ракағат болса да. 5. Егер сен жүрек тыныштығын қаласаң – Алланы көп зікір ет. 6. Егер сен мол байлық пен ұрпақ қаласаң – Көп истиғфар жаса (кешірім сұра). 7. Егер сен уайым-қайғыдан арылғың келсе – «Лә хаулә уә лә қуәтә иллә билләһ» деп жиі айт. 8. Егер сен береке қаласаң – Пайғамбарға салауат айт. 9. Егер сен пәле-жаладан аман болғың келсе – Садақа бер, тіпті аз болса да. 10. Егер сен Алланың махаббатын қаласаң – Ата-анаңа жақсылық жаса. 11. Егер сен Алланың кешірімін қаласаң – Өзіңе зұлымдық еткендерді кешір. 12. Егер сен Алланың мейірімін қаласаң – Жердегілерге мейірімді бол. 13. Егер сен Алланың разылығын және Жәннатты қаласаң – Тәубе ет және намазды уақытында оқы. 14. Егер сен жақсы аяқтауды (иманмен өмірден өтуді) қаласаң – «Лә иләһә илла Алла» сөзін жиі айт. 15. Егер сен үзілмейтін сауап (садақа жәрия) қаласаң – Оны таратуға үлес қос.
Ұстазымнан алған үлкен пайдам! Әр бірі алтыннан қымбат кеңестер ғой🔥🔥🔥
Жас келген сайын жаныңа жақынырақ мінезі жайдары , қалауыңды көзіңнен түсінетін , бұйырсаң иіліп, мұңайсаң еңсеңді тіктейтін ақылгөй , дана айелді іздейді екенсің… Ә десең мә деп тұратын еркелігі басым жас қыз алсам нәпсім шырылдап , кірерге тесік таппай қаламба деп ойлап қоям кейде)) #шал_болдымба_білмим
Ер адам өзін қадірлейтін айелдің қасында мәңгі бола алады. Ал қадірін түсіретін, сағын сындырып қадірін аяқ астына таптағысы келетін айелмен бір сәт болсын тұрғысы келмейді… Басшы еткен соң бағынылу керек. Ол міндетті орындаудан бас тартатындар біреуге айел болмаяқ қойсын, болыпта жарытпайды… #көргенім_мен_түйгенім
Махаббат бейне жаңғырық секілді. Оны айналаңа жіберсең өзіңе қайтып келеді… 📚Хассан Шамси Баша
Сабырлықтың бірінші соққысы қиын болатыны сияқты, сынақтың да бастапқы соққысы қиын болады. Кеудеңнен жаныңды алатын сынақтан басқа сынақтардың баршасының емі бар, жай ғана күту керек. Уақыттың өзі емші… #қиын
🌿 من لم يُقبل على الله بملاطفات الإحسان، قيد إليه بسلاسل الامتحان. “Кім Аллаға Оның мейірімінің жұмсақтығымен (жақсылығымен) бет бұрмаса — оны Алла сынақтың шынжырымен Өзіне тартады.” 📚 Хикам Ибн Ато Аллаһ Түсіндірмесі: Егер адам Алланы еске алып, жақсы өмір, денсаулық, ризық сияқты нығметтер арқылы Оған жақындамаса — онда Алла оны қиындықтар мен сынақтар арқылы оятады, өзіне қайтарады. #аударма
🌿 كَيْفَ يُشْرِقُ قَلْبٌ صُوَرُ الأكْوَانِ مُنْطَبِعَةٌ فِي مِرْآتِهِ؟ Жаратылыстардың бейнелері айнасында таңбаланған жүрек қалайша нұр шашпақ? 📚 Хикам Ибн Ато Аллаһ Түсіндірме: Жүрек — айна секілді. Егер ол дүниеқоңыздықпен, нәпсі қалауларымен, уайыммен толып тұрса — Алланың нұры ол жүрекке түспейді. Жаратылғандарды тым қатты сүю — жаратушыдан алыстатады. Тазармаған жүрек Алланың шуағын қабылдай алмайды. #аударма
Потолок)
Жаратылыстануды көп зерттедім. Әдемілік пен ұсқынсыздық әрдайым бірге жүреді. Әсем гүл – көңде өседі. Інжу – лайдағы қабыршықтан пайда болады. Сосын сен және мен.
Махаббат толқыны теңіз толқынындай. Қай жерден соғатынын білмейсің.Күтпеген жерден шыға келеді) (Әдһәм Шәрқауи, “Хубб”)
🌿 Бір патша ағаш ұстасын өлім жазасына кесті!.. Бұл хабар оған жетіп, уайымнан түнімен ұйықтай алмайды… Сонда әйелі оған былай дейді: «Ұйықта, ей менің қымбатты күйеуім, әр түндегідей тыныш ұйықта… Мәңгі тірі, барлығын басқарып тұрушы Аллаға тәуекел ет. Раббымыз — жалғыз, ал есіктер (жолдар мен мүмкіндіктер) — көп!» ⸻ 🔹 Негізгі мәні: Аса қиын сәттерде де Аллаға толық сеніп, жүректі тыныштандыру керек. Ол — тірі, бәрін басқарушы. Ал Оның шешім жолдары шексіз.
Тыныштал, бүкіл көріністі толығымен көретін — тек Алла ғана.
Ертеде бір патша он жыртқыш ит өсіруді бұйырған екен. Егер қандай да бір уәзір қателік жіберсе, сол иттердің алдына лақтырып, олар оны ашкөздікпен жармалап жейтін болған. Сол кездері бір уәзір патшаға ұнамайтын пікір айтқанда, патша оны иттердің алдына лақтыруды бұйырады. Уәзір: «Мен сізге он жыл қызмет еттім, содан соң маған осылай жасайсыз ба?» – дейді. • Содан патшадан үкімді он күнге кешіктіруін сұрайды, патша келіседі. Осы он күн ішінде уәзір иттерді күтіп-баптап, әр күні тамақтандырып, жуатын болған. • Он күннен кейін уәзірді иттермен бірге түрмеге қамап, патша мен сарай адамдары көз ілмей бақылап тұрады. Бірақ міне ғажап! Ол иттер уәзірдің алдына келіп жайғасып, еркелем, бауырмалданып кетті. • Патша таңғалып: «Бұл иттерге не жасадың?» – деп сұрайды. Уәзір: «Мен оларды он күн ғана күтіп-баптадым, бірақ сол жақсылығымды бұл иттер еш ұмытпаған екен, ал мен сізге он жыл қызмет еттім, бірақ сіз бір-ақ сәтте бәрін ұмыттыңыз!» – дейді. • Патша басын изеп, кешіруді бұйырады. • Сондықтан бір-біріңіздің араларыңыздағы он жылдық таныстық пен жақындықты бір ғана сәттегі реніш арқылы жоққа шығармаңыздар! 📚 قلوب تهوي العطاء حسان شمسي باشا
видео или голосовое, без подписи
Имам Әли (رضي الله عنه) : Көздердің құрғап кетуі (жылай алмауы) жүректің қатайып кетуінен, Жүректің қатайып кетуі күнәлардың көптігінен; Ал мен қосар едім: Күнәлардың көбейіп кетуі Ғайыптарды білуші Алланы елемей кеткеннен… 📚 قلوب تهوي العطاء (حسان شمسي باشا)