Хадис ізденуші
СтатистикаКітап, ілім, хадис, ғалымдар. Ілім ізденушіге насихаттар📌
- Последний пост
- 23 июн.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
الكتاب متوفر في مكتبة دار البيروتي - بيازيد - إسطنبول
Әлхамдулилла алғашқы еңбегіміз жарық көрді
Өткен жылыосы видеода шейхтың “Бауырларым, мен өмірімнің соңғы күндеріндемін, Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларына айтқандай айтамын «бәлкім сіздерді осы жылдан кейін кездестірмеймін»…” - дегенін естіп жүрегім мұз қатқандай болған еді. Бүгін шейхтың дүние салғаны жайлы хабар келіп отыр. إنا لله وإنا إليه راجعون Алла Тағала ілімді осындай алып ғалымдарды алу арқылы көтереді.
без подписи
без подписи
📆 Сабақтар 25-маусымнан басталады, Zoom платформасында өтеді. Аптасына екі сабақ: жұма және жексенбі күндері, Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де. 📕 Бекітілен кітап: «Муғни әт-Туллаб» (Исағужи мәтініне түсіндірме). Алайда, осы кітаппен жұмыс тәжірибем негізінде, оны ықшамдап, жеңілдетіп өткен жөн екенін байқадым. Сабақтар саны 20-22 дәріс шамасында болады. Кітаптағы аталмыш деңгей үшін аса қажет емес кейбір тұстар алынып тасталып, тек негізгілері қамтылады. 📌 Қатысу шарттары: 1. Араб тілін жақсы меңгерген. 2. Ютубқа жүктелген Исағужи дәрістерін тыңдаған немесе соған балама мәтінді оқып шыққан болуы қажет. 📝 Бір мәтінге түсіндірме оқымас бұрын, алдымен сол мәтіннің өзін шолу ретінде толық оқып шығу, содан кейін барып түсіндірмесін оқу - ғалымдар арасында қалыптасқан керемет үрдістердің қатарынан 💡 Ескерту: Сабақтар ақылы. 📞 Қосымша ақпарат пен тіркелу үшін: 87714868190 (уатсап) 87752398083 (телеграм)
без подписи
Барлық шариғи пәндердің негізгі кітаптарын шолып өтпей жатып тахассус таңдау — қазіргі шәкірттердің ең үлкен дерті. ©️Шейх Әдһәм әл-Ғасими
Өскенде Сәғид әл-Кәмәли болам дегендер жаттап алыңыздар)
Кей адамдардан тек ақпарат қана көрінеді. Кей адамдардан білім ғана көрінеді. Ал кейбірінен терең білім де, білімнің нұры да көрінеді. Көп оқыдым деп масаттанба. “Иқтида әл-ғилм әл-ғәмәлә” кітабын бір оқып, сабаңа түс.
Кәләм ілімі Ақыл мен нақыл тоғысқан жерде ақиқат ашылады. Қазіргі заманда сенімге қатысты түрлі күмәндар туындап, адамдарды адастыруға бағытталған көптеген пікірлер айтылуда. Осындай жағдайда өз сенімімізді ақыл және нақыл (Құран, сүннет) дәлелдері арқылы бекіту аса маңызды. Өйткені сенімін дәлелдермен негіздей алмаған адам күмәннің жетегінде кетіп, тура жолдан ауытқуы мүмкін. Адамның бұл дүниеде де, ақыретте де бақытты болуы және құлшылықтарының дұрыс орындалуы – дұрыс сенімге байланысты. Осы мақсатта сенімді дәлелдермен бекітіп, дұрыс наным қалыптастыруға жол ашатын «Кәләм ілімі» атты кітабымыз жарық көрді. Кітап жалпы халыққа да, медресе шәкірттеріне де арналған. • Кітаптың көлемі – 188 бет. • Бағасы – 5500 теңге. • Кітапты автордың бейне дәрістерімен бірге алу құны – 8500 теңге. Тапсырыс беру үшін төмендегі нөмірге хабарласыңыз http://wa.me/77058636339
Бауырым! Егер сенің мақсатың тек жай ғана «шариғат ілімінің студенті» болу ғана болса — онда мүлде бұл жолға түспе. Иә, бұл — менің жеке пікірім. Ал біреу: «Мен саудагермін, шариғатты тек сауда-саттықта дұрыс әрекет ету үшін үйренгім келеді» десе — жарайды, бұл орынды. Бірақ… Қадірлі бауырым, шариғатты үйреніп жүрген шәкірт! Егер сен болашақта мінберге шығып (уағыз айтуға) немесе адамдарға шариғат ілімін үйретуді армандасаң, алайда өзіңде қажетті күш, табандылық, сабыр мен ізденіс болмаса — менің саған ашық кеңесім: бұл жолға түспе. Бізге әлсіз жандар керек емес. Себебі қазіргі заманда дінімізге жасалып жатқан шабуылдар өте ауыр, өте ауқымды. Бұл майдан бізден зор қажыр-қайратты талап етеді. Түнді түн демей, күнді күн демей тер төгуге, аз ұйықтап, көп еңбек етуге, бар күш-жігерімізді дінімізді қорғауға сарп етуге мәжбүрміз. Ендеше, бұл жол — жай ғана атақ үшін, немесе «мен де шариғат оқыдым» деу үшін таңдалатын жол емес. Бұл — үлкен жауапкершілік пен нағыз ерлікті қажет ететін жол. Ал шариғат ілімін үйреніп жүрген кейбір студенттер – не оқымайды, не ізденбейді, не қайталап жаттамайды. Шейх Әдһам әл-Асими(хафизаһулла)
– Жеңіл дағуат пен дұрыс дағуат деп нені меңзеп отырсың? (чат джипитиге қойған сұрағым). – Әрине, бауырым! Мысалмен нақтылап түсіндірейін. Айырмашылығын жақсы көру үшін жеңіл дағуат пен дұрыс дағуатты қатар салыстырып көрсетемін. 1. Тәуекел туралы Жеңіл дағуат: “Аллаға тәуекел ет, ештеңеден қорықпа! Сен тек сен, бәрі өздігінен болады.” (Мәселені тым жеңілдету, амалдың мәнін төмендету) Дұрыс дағуат: “Тәуекел деген — себептерді қолдану, сосын Аллаға арқа сүйеу. Пайғамбар (с.ғ.с.) айтты: «Алдымен түйеңді байла, содан кейін Аллаға тәуекел ет».” (Іс-әрекетті талап етеді + дұғамен бекітіледі) 2. Табысқа жету туралы Жеңіл дағуат: “Ниетің дұрыс болса, байлық, табыс өзі келеді. Алла бәрін береді.” (Дін мен дүниелік табысты шатастыру қаупі) Дұрыс дағуат: “Ниетің дұрыс болса, Алла сені ризығыңмен несібе етеді. Бірақ бай болу сынақ болуы мүмкін. Алла саған не керек екенін жақсы біледі. Кейде кедейлікпен сынайды.” (Байлық — мақсат емес, сынақ екенін айтады) 3. Сынақтар мен қиындықтар Жеңіл дағуат: “Егер сен намаз оқысаң, дұға етсең, еш қиындық болмайды! Өмірің гүлдейді.” (Тым позитивті, шынайы емес) Дұрыс дағуат: “Намаз оқысаң да, дұға етсең де, Алла сені сынайды. Бірақ ол сынақтар сені жақсылыққа тәрбиелейді. Пайғамбарлар да ең ауыр сынақтан өтті.” (Шынайылық, сынақтың мәнін түсіндіру) 4. Иман мен күнә туралы Жеңіл дағуат: “Сен иманды адамсың! Сенде бәрі жақсы! Кішкене күнә жасап қойсаң, уайымдама.” (Жауапкершіліксіз айту) Дұрыс дағуат: “Иман бар жерде үміт бар. Бірақ күнә үшін тәубе ету керек. Әрбір сәтті Алладан қорқып, үмітпен өткізу керек.” (Үміт пен қорқыныш тең жүреді) 5. Тәубе мен кешірім Жеңіл дағуат: “Алла Рахымды ғой! Кешіре салады. Қорықпа, не істесең де!” (Алланың кешірімін жеңіл бағалау) Дұрыс дағуат: “Алла кешіруші, бірақ шынайы тәубе жасаған құлын кешіреді. Тәубенің шарты бар: өкініш, күнәні тастау, қайтып оралмауға шешім қабылдау.” (Алланың рахымын түсіндіреді, бірақ шартпен) 6. Дағуат стилі Жеңіл дағуатшы: • Әсерлі сөздер айтады, бірақ нақты ілімге сүйенбейді. • Аят-хадистерді толық контекстсіз қолданады. • Көп уәде береді: “Сен дінге келсең, бәрі жақсы болады!” • Аудиторияның көңілінен шығу үшін тек “ұнайтын” дүниелерді айтады. Дұрыс дағуатшы: • Аят-хадиске, салиқалы ғалымдардың түсіндірулеріне сүйенеді. • Қиын болса да ақиқатты айтады. • Адамның иманын нығайтып, Алланы тануға жетелейді. • Кісіні амалда да, жүректе де тәрбиелеуге тырысады. Қорытынды ой Жеңіл дағуат — адамды дінге тез тартады, бірақ негізі жоқ болған соң, кейін ол адам қиындық көрсе, сенімнен айырылып кетеді. Дұрыс дағуат — адамды баяу болса да, берік, тұрақты иман иесіне айналдырады.
Салпақтамай жүр)
“Әдәб әл-бахс уәл муназара” оқу керек. Өзіме айтып жатырмын. Сөреде тұрғанына 2 жыл болды)
Шейх Али Умари айтпақшы: «Атеисттермен диспут қылғанда, оларды тас-талқан ететін жауаппен емес, оларды қайран қалдыратын сұрақтармен ұтасың». Өзі ойланып, тура жолға келетіндей жағдай жасау қажет.
"Атеисттердің күмәндарына әлсіз және тұрпайы жауаптармен жауап қайтару– олардың күмәндерін күшейтуге тырысу." – Имам Фахруддин Ар-Рази (رحمه الله) 📚 әл мунәзорот https://t.me/nursultan_zs
🔥
Тіріде жердің көркі, өлгенде кітап көркі болды деген осы…
Шейх Әдһәм мен шейх Муаййәд. (Хафизаһумалла)