Insports.kz
СтатистикаҚазақстан және әлем спортының жаңалықтары Спортивные новости Казахстана и мира
- Последний пост
- 15 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 20
- Всего постов
- 41
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Спорт
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 149
- 1/48двое суток
- 170
- 1/72трое суток
- 184
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қайырлы таң! 📅 спорт тарихында 🏊♂️ 1936 жыл – АҚШ сүңгуірлері барлық алтынды жеңіп алды Берлин Олимпиадасында америкалық спортшылар ерлер мен әйелдер арасындағы сүңгу бағдарламасының төрт алтын медалінің барлығын иеленді. 🤺 1936 жыл – Италия семсерлесуден алты алтын алды Берлин Олимпиадасында Италия құрамасы семсерлесуден командалық және жекелей жарыстарда алты алтын медаль жеңіп, тарихи нәтиже көрсетті. 🏃♂️ 1964 жыл – Ральф Бостон әлем рекордын жаңартты Америкалық ұзындыққа секіруші Ральф Бостон 15 тамызда 8,34 метр нәтижемен әлем рекордын жаңартып, 27 футтық межеден асқан алғашқы спортшы атанды. t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
без подписи
Елена Рыбакина Торонто турнирін табысты аяқтады 🇰🇿Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонто қаласында өткен WTA 1000 турнирінде чемпиондық атаққа жете алмады. Әлемнің екінші ракеткасы финалда польшалық Ига Швентекке жол берді. 🎾Финалға дейін жеткен Рыбакина 554 920 АҚШ долларын және 650 рейтингтік ұпайды еншіледі. Ал турнир чемпионы атанған Швентек 1 085 220 доллар мен 1000 ұпайға ие болды. Биылғы Canadian Open турнирінің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрады. 🏆Енді Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Цинциннати турниріне қатысады. Қазақстандық теннисші жарысты екінші кезеңнен бастайды. Оның алғашқы қарсыласы америкалық Тейлор Таунсенд болады. Ол әлемдік рейтингте 110-орында тұр. 🌟Цинциннати турнирінің жүлде қоры да 7 433 076 долларды құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 1 086 220 доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады. t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
🤼♂️🇰🇿 Қазақстандық балуандар Германиядағы Гран-приге қатысады Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасы 14-16 тамызда Дортмундта өтетін халықаралық Гран-при турнирінде бақ сынайды. 🇰🇿 Жарысқа ел құрамасынан 20 балуан қатысады: 55 кг – Арсен Жұма 60 кг – Айбек Айтбеков, Аманғали Бекболатов 63 кг – Ғалым Қабдунасаров, Айдос Сұлтанғали, Еркебұлан Ардақов, Дәулет Әшірханов 67 кг – Бағдат Сабаз 72 кг – Алматбек Аманбек, Мәди Данелов, Данияр Қаленов 77 кг – Юсуф Ашрапов, Мерей Мәулітқанов 82 кг – Ибрагим Магомадов, Омар Сатаев, Завен Акобян 87 кг – Диас Қален, Тимур Оспанов 130 кг – Джохар Узaров, Әлішер Ерғали 🔥 Қазақстандық балуандарға сәттілік тілейміз! t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
Қайырлы таң! 📅 спорт тарихында 🏀 1936 жыл – баскетбол Олимпиада бағдарламасына алғаш рет енді Берлин Олимпиадасында ерлер арасындағы баскетболдан алғашқы Олимпиада финалы өтті. АҚШ жаңбыр астындағы матчта Канаданы 19:8 есебімен жеңіп, тарихтағы алғашқы Олимпиада алтынын иеленді. 🏅 1948 жыл – Лондон Олимпиадасы аяқталды Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы Олимпиада ойындары 14 тамызда жабылды. 🏊♀️ 1968 жыл – Дебби Мейердің тарихи жетістігі Мексика Олимпиадасында америкалық жүзуші Дебби Мейер бір Олимпиадада 200, 400 және 800 метр еркін стильде үш алтын алған алғашқы әйел жүзуші атанды. t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
без подписи
⚡️Ерасыл Қажыбаев Азия ойындары алдында бабын шыңдауда 🇰🇿Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының базасында дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. 🥋Халықаралық жарыстардың жүлдегері Ерасыл Қажыбаев жиын барысында алдағы Азия ойындарына дайындығы туралы айтып берді. 🔥 Ерасыл үшін бұл оқу-жаттығу жиыны маңызды дода алдындағы бабын шыңдап, тактикалық және физикалық дайындығын жетілдіруге мүмкіндік беріп отыр. t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
⚡️Елена Рыбакина – Торонто «Мастерсінің» финалында! 🇰🇿 Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Коко Гауффты 5:7, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағатқа созылды. 🎾Финалда Елена Рыбакина әлемнің 8-ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі. Швёнтек жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны 6:3, 1:6, 6:3 есебімен ұтып, маусымдағы алғашқы финалына жолдама алды. t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
🏓🏆 «Burabay OPEN» турнирінде 114 спортшы бақ сынайды 15-16 тамыз күндері Щучинск қаласындағы «Burabay Arena» спорт сарайында үстел теннисінен «Burabay OPEN» ашық республикалық турнирі өтеді. Дүбірлі додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан 114 спортшы қатысады. Спортшылар 18-39, 40-54 және 55 жастан жоғары санаттарда 🥇🥈🥉 медальдар мен ақшалай жүлделер үшін бақ сынайды. ✨ Сонымен қатар, «Жеңіске деген жігері үшін», «Турнирдің ең жасы үлкен қатысушысы», «Fair Play» және «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша үздіктер анықталады. 💰 Турнирдің жалпы жүлде қоры – 5,5 млн теңге! 🏓 Үстел теннисінің шеберлері бас қосатын тартысты додаға дайындық қызу жүріп жатыр! t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
Қайырлы таң! 📅 спорт тарихында 🏟️ 2004 жыл – Афины Олимпиадасы ашылды 13 тамызда Грекия астанасы Афиныда XXVIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Бұл ойындар қазіргі Олимпиаданың отаны саналатын Грекияда өткен ерекше дода болды. 🏃♂️ 1993 жыл – жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды 13 тамызда Германияның Штутгарт қаласында жеңіл атлетикадан IV әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті. 🎾 1999 жыл – Штеффи Граф спорттық мансабын аяқтады Теннис тарихындағы ұлы есімдердің бірі Штеффи Граф 30 жасында кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады. Ол карьерасында 22 Grand Slam жекелей титулын жеңіп алған. t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
Виктор Друзин – әлем чемпионатының қола жүлдегері! 🇰🇿🥉 Қазақстандық әртістік жүзу шебері Виктор Друзин Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Отандасымыз техникалық бағдарламада 238.5317 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Алтын жүлде 241.2409 ұпаймен ресейлік Захар Трофимовқа бұйырса, испаниялық Энеко Санчес Агилар 240.5016 ұпаймен күміске ие болды. Айта кетейік, әлем чемпионаты бүгін, 12 тамызда басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы топтық техникалық бағдарламада да өнер көрсетеді. t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
без подписи
без подписи
без подписи
🏓 Қазақстандықтар «Europe Smash - Sweden 2026» турнирінде әлемнің мықтыларымен кездесті 🇸🇪 Швецияның Мальмё қаласында жүлде қоры 1,5 миллион АҚШ долларын құрайтын «Europe Smash - Sweden 2026» беделді турнирі өтіп жатыр. 🇰🇿 Қазақстан намысын Кирилл Герасименко, Фанг Бо, Зәуреш Ақашева және Сарвиноз Миркадирова қорғады. Отандастарымыз әлемдік деңгейдегі мықты қарсыластармен шеберліктерін сынады: 🏓 Кирилл Герасименко – Махару Ёшимура (Жапония) – 1:3. 🏓 Фанг Бо – Канак Джа (АҚШ) – 0:3. 🏓 Зәуреш Ақашева – Си Лянь Ни (Люксембург) – 1:3. 🏓 Сарвиноз Миркадирова – Цзянь Дун-Чуань (Қытай Тайбэйі) – 2:3. t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
без подписи
INSPORTS.KZ YouTube арнасының кезекті қонағы – бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев. Бұл шығарылымда Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа қадамы, алдағы мақсаттары, чемпиондық арманы және үлкен рингтегі жоспарлары туралы ашық әңгіме өрбітеді. Подкаст барысында: Әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа өту жолы Кәсіпқой рингтің қыр-сыры Әлем чемпионы болу мақсаты Жақсы менеджердің маңызы Ұлттық құрамадағы жылдар және жастарға көзқарасы Спорттағы тәртіп, адамгершілік және өмірлік ұстанымдары туралы сөз қозғалады. 📺 Толық подкастты INSPORTS.KZ YouTube арнасынан көре аласыздар. ВИДЕО 💬 Пікір қалдырып, ой бөлісуді ұмытпаңыздар! 👍 Лайк басып, арнаға тіркеліңіздер! t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
⚡️Елена Рыбакина – «Мастерс» турнирінің жартылай финалында! 🇰🇿Қазақстандық теннисші Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 13-ракеткасы жапониялық Наоми Осаканы 4:6, 7:6(5), 6:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. 🎾Жартылай финалда Елена Рыбакина америкалық Кори Гауффпен кездеседі. t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
⚡️Төрехан Асанхан – Азия чемпионатының күміс жүлдегері! 🏆Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. 🏋️70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан Асанхан қос сайыстың қорытындысы бойынша 269 келі (119+150) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды. 💪 🥇 Витчая Пратхумта (Таиланд) – 273 кг 🥈 Төрехан Асанхан (Қазақстан) – 269 кг 🥉 Реза Замани (Иран) – 268 кг 👏 Жас спортшыны күміс медалімен құттықтаймыз! 🇰🇿 t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар
Қайырлы таң! 📅 спорт тарихында 🏟️ 1948 жыл – Лондон Олимпиадасы аяқталды Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы Олимпиада ойындары 12 тамызда Лондонда аяқталды. Ойындар «үнемшіл Олимпиада» деген атпен де белгілі болды. 🏃♂️ 2008 жыл – Усэйн Болт әлем рекордын жаңартты Бейжің Олимпиадасында ямайкалық Усэйн Болт 100 метр қашықтықты 9,69 секундта жүгіріп өтіп, әлем рекордын жаңартты. 🎾 2016 жыл – Энди Маррей Олимпиада тарихына енді Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Энди Маррей ерлер арасындағы жекелей сында екінші рет қатарынан Олимпиада чемпионы атанып, бұл жетістікке жеткен алғашқы теннисші болды. t.me/insports_kz арнасына жазылыңыздар