tgindex
Жалағаш IT - 2026 Жасанды Интеллект жылы

Жалағаш IT - 2026 Жасанды Интеллект жылы

Статистика
@jalagash_itказахский
Последний пост
9 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
35
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
252
0 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
204
35 постов
Вовлечённость
81,0%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 35
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
124
1/48двое суток
142
1/72трое суток
153

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Айтпақшы, ертең бір конкурс жариялаймын. Жеңімпаздарға өте қызық жүлде бар. Сондықтан, менің каналымнан алыстамаңыздар. Сондай-ақ, тамыр-таныстарыңызға менің каналыма қосылуға @timurdaninfo шақырып қойсаңыздар болады ✊

  • 2026 жылы қалай AI Engineer боласың? 44 беттен тұратын PDF нұсқаулық. Тегін. Оқыңыздар. Таратыңыздар. Менің каналыма @timurdaninfo жазылыңыздар.

  • без подписи

  • Құрметті оқырмандар! Арнамыздың чатына қосылып, біздің жасаған арнайы Telegram-ботымыз күн сайын жолдайтын сұрақтарға белсенді түрде жауап беру арқылы ұпай жинап, басқа қатысушылармен жарысқа түссеңіздер болады. Осы айдың соңында ең көп ұпай жинаған жеңімпаздарға өзім жеке жинақтаған тегін IT-курстарға және өте құнды, пайдалы материалдарға доступ ашып беремін! Біліміңізді шыңдап, бағалы материалдарды тегін ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! 👉Сілтеме арқылы чатқа өтіп, қазірден бастап қатысыңыздар

  • #job #offline #шымкент Шымкент қаласы, Нұрсәт. оффлайнға фулстак джун керек. Проектированиені автоматтандыру саласы. AutoCAD, Revit, 3dMax-қа плагин жазамыз. ПК беріледі. Claude account беріледі. Код жаза алу шарт емес, промпт жаза алатын жан керек. Сөйлесе алу керек жұртпен ) сұрақ көп болады басында. аналитикалық қабілетіңіз де сыналады. бұрын бұл салада жұмыс істеп көрмеген болсаңыз миға салмақ түседі біраз ))) Проектпен бірге өсем деген жандар, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды мыняққа жолдай беріңіздер https://t.me/karnurmax +77078629827 Нұрлан

  • #оқырман_хатынан наңғараңыз. жылына 100 мың - 350 мың доллыр арасындағы вакансия не істейміз ? оқимыз ба AI ) https://dsml.kz/jobs/80f5f704-a6cf-40c3-b841-ad319164a06e айына 5млн ~ 15 млн теңге айлық ап отсаң жынды ғой 🔥

  • Cursor-ға рақмет, өз қызметін жақсы орындады. Мен үшін теңдессіз құрал, талай қиын проекттерді жасап көрдім (пизрук үшін қиын :) ) . Аллаһтың қалауымен, бәрі жақсы болды. Абырой көтермесе, төккен кезі есімде жоқ. Бірақ қазір Claude-қа өттім толықтай. Кодты бақылауды қойдым. Мен үшін бұрыннан инпут пен оутпут қана маңызды болатын. Екі ортадағы "қара жәшік" қалай жұмыс істеп жатса да әйтеуір мен күткен нәтижесін беріп отырса болды дейтінмін. Мен бұл сөзді жалпы ЖИ дәуірі басталмай жатып та айтатынмын. Функциялар қалай жазылса да бәрібір. Бұрын таза код маңызды болды, себебі код машина үшін емес, адам үшін болатын. Келесі адам кодыңды оңай алып кете алуы керек еді, тіпті келесі адам емес, өзің де бір аптадан кейін не қайда екенін ұмытып қаласың ғой. Сол үшін кодты қадағалау маңызды еді. Ал қазір кодтың сапасы ешкімге керек емес байқауымша ) "Әй скоро қадаласың ғой" деп отырған "сапалы код, түзу архитектура әлемінің соңғы шырақшыларына" ғана керек болып қалған )))

  • Мүмкін сен барлық жұмысыңды ai арқылы жазып, ноутты түбегейлі ұмытып, телефоннан жұмыс істеп, керім боп жүрген шығарсың, Бірақ үйіңдегілер “бұрын ноуттан түспейтін бездельник еді, қазір телефонға кіріп кеткен бездельник болды ғой” деп ойлап жүруі мүмкін)))

  • Мына жақта интернет ұстамайды. Ол да жақсы болды. Амалсыздан бұрыннан бері істеу керек еді деп, бірақ кейінге қалдырып келе жатқан тірлігімді жүзеге асырдым Аллаһтың қалауымен. Ubuntu серверге ssh арқылы кіретін жолын ашып қойдым. Оны мә деп клаудкодқа беріп қойдым. Мен саған кәміл сенем, сен красаучиксің, ұра бер деп толық ашып бердім. Клаудкод арқылы серверіме MCP сервер орнатып алдым. Claude-ге custom connector қосып қойдым. 1) Енді маған интернет тек клаудкод арқылы промпт жіберуге жеткілікті болса болғаны 2) интернет екі ортада мың үзілсе де бәрібір. Сессия жүре береді. 3) барлық пакеттер тікелей серверде орнатылатын болғандықтан менің интернетіме еш салмақ салынбайды. Астананы тастап Шымкентке(жылы жаққа) көшем деп жүрген болсаңыз уақыты келді ))

  • Қанша дегенмен мына оңтүстік жақта қазақылық мәдениет сақталған екен. Жастарды кейде жақсы емес сөздермен сипаттап жатады ғой. Ал менің көргенім керісінше болды. Танитынмен де, танымайтынмен де сәлемі түзу. Жөн сұрасуы бір ауыз сөзбен бітіп қалмайды, ағам-жеңгем, тәте-көкем, үйдегі үлкендер, өсіп келе жатқан кішкентайлардың бәрін сұрап шығады ) Бүгін айтылған әңгімені ертең де есіне ұстап тұрады. Мән беріп тыңдайтын боп тұр ғой ) Сосын үлкендер келгенде атып тұрып орын береді екен. Қатты байқалады айырмашылық. Көкелер жай ыммен жұмсап жатады. Оған арланып жатқан ешкім жоқ. Айтқызбай-ақ істей беретіндері таңғалдырады. Көзбен көріп тұрады бәрін, бақылап отырады. Қатты риза болдым, айтпасқа болмады

  • Ойлаш. Таудың бөктері. Таңғы салқын. Күн әлі ұясынан көтерілмеген де. Қаладағыдай ағылып жатқан көлік жоқ. Тыныштықты бұзатын тек құстар мен сарқыраған тау бұлағы ғана. Сол табиғат ортасында біреу еш уайымсыз, рақаттанып жаттығу жасап жүр. Арасында жүгіріп қояды, іш пысса белтемір мен қоссырыққа салмағын сап қояды жастық шағын шақырып. Жұрт сияқты күтіп тұрған жұмысы жоқ. Не қиялдаймын десе де өз еркі) Иә. Ол менмін. Мен отпускіге шықтым. Сатқындық жасағандай. Лақтырып кеткендей боп шыққан ем шығарда. Қатты таңғалдым. Дым болмады. Дүние тоқтап қалмады) Мен қалдырған жұмысты басқалар бөлісіп алып істеп жатыр, әйтеуір) Істесін. Менің де істейтін шаруам тола. Қазір мани кашамен по разам шығам) кейін массаж, бильярд, бассейн. Оның бәріне үлгеру керек. Оңай емес)

  • Жеке iT ассистент, тех. поддержка. AI & Automation Assistant (Шымкент, 18-23 жас) жұмысқа аламыз Талаптар: • iT/ai, LLM, ии чат-боттар, сайт істеу және Vibecoding (Cursor/Codex) түсіну • Тапсырмаларды жүйелеу, Планировка істей алу (Notion, Trello), инженерлік ойлау • Зиянды әдеттердің болмауы, жауапкершілік Табыс: • 1-ай (сынақ мерзім): 100k + KPI • 2-3 ай (стажировка): 150k оклад + KPI • Тұрақты (егер сынақ мерзімінен өтсе): 150k + KPI + бонус Тегін білім мен құралдар (ноутбук, интернет, офис) береміз. Шымкент қаласы!

  • Шымкенттен бар ма жастар ? Бірінші жұмысқа тез кірген сайын карьера тез құрылады

  • Қазақша-орысша аралас аудиоларды(voice) сөзге айналдыратын қандай сервистер бар ? Сапалы болғаны маңызды

  • ассаламуалейкум. барлықтарыңызға сәлем. кім видео жасап жүр ЖИ арқылы ? қандай сервистерді қолданған жақсы, айтып жібере аласыздар ма. Қысқа метражды мультик сияқты жарнамалар жасауға керек болып жатыр. Мынау сияқты: https://www.instagram.com/reels/DZPzPDTtY4c/

  • Бүгін маған бір әріптесім "сен таза қазақша сөйлейді алады екенсің ғой. менімен неге орысша сөйлесесің" деп реніш білдірді. Үййййт жігіт ! деп риза боп қалдым іштей. Әйтпесе, қазақша тек "салем" деген сөзді білетін "өзіміздің қаракөз орысымыз" ғой ))

  • без подписи

  • Комедия ) Gemini-ден "қазақ-қытай клиникалары қанша" деп сұрасам, білмеймін дейді + орысша жауап берді, негізі мен тек қазақша сөйлесетін ем. Сосын "аа жарайды, chatgpt-ден сұрай салайын енше" десем лыпылдап толық жауап беріп жатыр ) Бұлар адамнан көшіргенде тым қатты көшіріп кетті-ау дейм ))

  • Кезінде мектепте мұғалім болғам. Сол кезде "всеобуч" деген болатын. Үйлерді аралап жүріп, қай үйде неше бала, жағдайлары қалай, соларды жазып алып жүретінбіз. Сол кезде көпбалалы жанұяларды, немесе тек әкесі, тек анасы ғана асырап отырғандарды көретінмін. Мектептің қасындағы бір дүкенге барып ұсыныс айтқам. Осылай-осылай, пәлен мектептің мұғалімі болам. Маған үлкен жеңілдікпен тауарларыңызды берсеңіз, мен әрі қарай осынша жанұяға табыстаймын деп. Сатушы "қазір дүкен егесіне хабарласып көрейін" деді, көзімше хабарласты, дүкен егесі үлкееен жеңілдік жасады. Толтырып зат жинап алдым ) Мұғалімнің айлығы 54 мың ол кезде ) Бірақ көп зат түсті. Таратып бердім. Бәрі мәз. Мен де мәзбін. Сол кезді еске алып, тағы бір қайталап жіберуге болады-ау деп қоям

  • Иә, мұндай платформалар толып жатыр. Бірақ бұл дөнер, стоматология сияқты ғой. Мыңы бар болса, мың біріншісін аша берсе болады ) Жалпы бәрі қарапайым нәрседен басталады. Алдымыз күз. Мектепке дайындалу керек. Әртүрлі жанұялар болады. Көп балалы, жағдайы қиындап тұрған дәл қазір, тсс. Спонсор табылса канстауар, әртүрлі оргтехникалар табыстауға болады. Ал ондай нәрселерді ұйымдастыру үшін ӨЗ платформаң болғаны жақсы.