JOO | ҰБТ 2026
СтатистикаҰБТ - дайындыққа керектің бәрін осы каналдан табасың😉💙 - чек-листтер, гайд, нұсқалар, викториналар; - пайдалы посттар; - мамандық | грант | универобзор - пробный ҰБТ тапсыру үшін: https://joo.kz/ Instagram: https://clck.ru/3EgN4T Tik-Tok: https://clck
- Последний пост
- 11 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Познавательное (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 1 183
- 1/48двое суток
- 1 355
- 1/72трое суток
- 1 462
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
⚡️Грантқа іліге алмағандарға тағы қандай мүмкіндік бар? Әкімдіктер бөлетін мемлекеттік білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды. Биыл әкімдіктер бакалавриат, магистратура және резидентура бағдарламалары бойынша 2392 білім беру грантын ұсынып отыр. 📌Ең көп грантты Астана қаласының әкімдігі бөлді – 303 грант. Одан кейін: * Шымкент – 285; * Шығыс Қазақстан облысы – 270; * Батыс Қазақстан облысы – 211; * Абай және Түркістан облыстары – 200-ден; * Ақмола облысы – 199; * Қарағанды облысы – 198; * Атырау облысы – 187; * Маңғыстау облысы – 163 грант бөлді. 📍Қалған өңірлердің әрқайсысы 100-ге жуық грант ұсынған. 🛜Грантқа іліге алмай қалғандарға жіберіңіз Видео: желіден https://t.me/eurasia1tvkz
🎉Құрметті грант иегерлері! 🥳Грант куәлігін жеке кабинеттен немесе grant.testcenter.kz сайтынан ЖСН және ТЖК енгізу арқылы жүктей аласыздар. Сіздің ТЖК грант конкурсына қатысуға ұсынылған ҰБТ сертификатында жазулы тұр. Мұқият болыңыздар. 🎊Барлық грантқа түскен талапкерді құттықтаймыз. Оқуда үздік болып, білімде биік шыңдарды бағындырыңыздар! дереккөз: testcenter.kz
без подписи
Құрметті талапкерлер, қадірлі ата-аналар! 👥 Бүгін Қазақстандағы он мыңдаған отбасы үшін ерекше күн. Біреу таңертеңнен бері парақшаны қайта-қайта жаңартып, тізімнен өз тегін іздеп, ақыры көрген сәтте ең алдымен ата-анасына қоңырау шалған шығар. Бүгін талай шаңырақта құшақтасу, қуаныштың көз жасы, қай университетті таңдау керек, студенттік өмір енді қандай болады деген ұзақ әңгімелер болады. ⏩ Ал кейбір үйлерде бүгін үнсіздік орнауы мүмкін. Өйткені көптен күткен есім тізімнен табылмады. ⏩ Жастық шақтағы осы сезім жақсы есімде: бір емтихан немесе бір конкурс бүкіл алдағы өміріңді анықтап қоятындай көрінеді. 17-18 жаста мұндай сәттерді шынымен солай қабылдаймыз: өттің - алдыңнан жол ашылды, өтпедің - арманың алыстап кеткендей болады. 📚 Бірақ білім маған ең маңызды сабақтардың бірін үйретті: адамның жолы сирек жағдайда түзу сызықпен жүреді. Кейде бүгін ашылмаған есік басқа жол іздеуге мәжбүрлейді. Ал кейін дәл сол жолдың ар жағынан сенің шынайы мүмкіндігің табылуы мүмкін. 🧑🏻🎓👩🏻🎓 Биыл 75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанды. Әрқайсыңызды және отбасыларыңызды шын жүректен құттықтаймын. Тізімдегі бір ғана жолдың артында айлар, кейде жылдар бойғы еңбек, ұйқысыз түндер, ата-ананың алаңдауы, ұстаздардың қолдауы және өз табандылықтарыңыз тұр. Сіздер бұл нәтижеге лайықсыздар. 🔵 Биыл конкурс әсіресе жоғары болды. 2025 жылы 113 мың өтініш берілсе, 2026 жылы олардың саны 127 мыңға жетті. Бұл - 14 мыңға көп. Сондықтан бүгін мемлекеттік грантқа аз ғана ұпайы жетпей қалған талапкерлерге ерекше сөз арнағым келеді. 🔵 Мемлекеттік грант - сөзсіз үлкен мүмкіндік. Бірақ ол жоғары білімге апаратын жалғыз жол емес. Бүгінде Қазақстанда қосымша қолдаудың тұтас жүйесі бар. Биыл университеттер 2 мыңнан астам ректорлық грант ұсынды. Тағы 2000-нан астам білім грантын әкімдіктер бөлді. Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің мақсатты бағдарламалары, жеке қорлар мен ірі компаниялардың гранттары бар. 🔵 Мысалы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыл мектептерінің, шағын және моноқалалардың түлектеріне 350 грант ұсынады. KAZENERGY, «Қазатомөнеркәсіп» және басқа да ұйымдар өздерінің білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. 🔵 Көпшілік біле бермейтін тағы бір мүмкіндік бар. Оқуға қабылданғаннан кейін жыл сайын мемлекеттік гранттардың бір бөлігі босайды. Сонымен қатар оқуын ақылы негізде бастап, жоғары академиялық нәтиже көрсеткен студенттер кейін бос білім гранттарына үміткер бола алады. Сондықтан бүгін ата-аналарға айтар кеңесім өте қарапайым. 🔵 Егер балаңыз грант иеленсе - қуанышын бірге бөлісіңіз. Өз еңбегінің шынымен бағаланғанын сезінсін. Ал грант ала алмаса - дәл бүгін оған сіздің қолдауыңыз бұрынғыдан да қажет болуы мүмкін. Оны өзгелермен салыстырмаңыз. Бір конкурсты үкімге айналдырмаңыз. Оның орнына университеттердің тізімін бірге қарап, қабылдау комиссияларына хабарласыңыздар, ректорлық, өңірлік және корпоративтік гранттар туралы біліңіздер. Келесі жолды бірге іздеңіздер. 🔵 Ал талапкерлерге айтарым: өмірлеріңізде әлі талай емтихан, конкурс, жеңіс және бірден жүзеге аспайтын сәттер болады. Бірнеше жылдан кейін студенттік жолыңыздың қандай нәтижеден басталғанынан гөрі, қандай маман және қандай адам болып қалыптасқаныңыз әлдеқайда маңызды болады. Бір ғана тізімге арманыңыздың ауқымын анықтауға жол бермеңіз. 🔵 Болашақ студенттерді өмірдің жаңа кезеңінің басталуымен құттықтаймын. Ал бүгін мемлекеттік грант иегерлерінің қатарынан өз есімін таба алмаған талапкерлерге ең бастысы - тоқтамауды тілеймін. 🔵 Кейде арманға апарар жол біз жоспарлағаннан сәл ұзағырақ болады. Бірақ бұл оның басқа бағытқа апара жатқанын білдірмейді.
Түлектер, каналдан әлі шықпай тұрыңдар😂 Қоштасу постын жазамын)
Грантқа түскен барша joo түлектерін құттықтаймыз!🥳🫂 Алдағы студенттік өмірлеріңе сәттілік! Аман-есен оқуды аяқтап, қолға қызыл диплом ұстау бұйырсын!🫶🏻
Ноутбукпен ашып қараңдар. Сонда ашылады. Әрі аттарыңды тез табасыңдар :)
Кім қайда түсті ?
Грант тізімі шықты 🤩
без подписи
Сәл шыдаңдар🫶🏻 1 сағаттай қалды.....
Достар, қалайсыңдар? Уақыт өтпей кетті ме?🥹
Бұйырса, осында отырған барлығың грантқа түсіп кетіңдер!🥹🥹🤍🤍
Бізбен бірге болыңдар, ертең тізіммен бөлісетін боламыз🫂
https://rr.joo.kz/posts/5543/ Грант тізімінен хабар әкелдім!🥳🥳 Қашан шығатыны белгілі болдыыыыы👇🏻 Достарыңа да жіберіп қой, біліп отырсын!💙
Каналдағы 9,10,11 сынып оқушылары, тест тапсырып көріңдер!🤓 Қалай екенін айтасыңдар ғой🫂
Жақсы жаңалығымыз бар!!! Достар, joo қосымшасындағы Дайындық бөлімі жаңартылады! Енді Дайындық бөлім бұрынғыдан да ыңғайлы әрі түсінікті болды. Интерфейс бір стильге келтіріліп, дайындық процесі оқушыға жеңілірек болатындай жасап қойдық. Ендеше жаңалықтар қандай?👇 1️⃣ Жаңа интерфейс Дизайн жаңарып, бөлімдер бір жалпы стильге келтірілді. Енді қажет материалдарды табу және оларды қолдану бұрынғыдан да ыңғайлырақ болды. 2️⃣ Selfstudy JOO курсы Бұл — өз бетінше дайындалуға арналған курс. Курста сен: — видео сабақтарды көре аласың — тапсырмаларды шешесің — түсінбеген сұрақтарыңды қоя аласың Пәндер бойынша курстар біртіндеп, 1-модульден бастап ашылады. Толық ақпаратты менеджерден сұрай аласың. 3️⃣ Апталық тест Бұрын тесттер база сұрақтарынан автоматты түрде бір вариант болып құрастырылатын. Енді әр вариант қолмен құрастырылған. Бұл тест сапасын одан сайын жақсартуға көмектеседі.
Грантқа құжат тапсырып болған соң, жаз бойы не істедіңдер? Не бітірдіңдер?⤵️
Кеш жарық, достар!💙 Грант тізімін күтіп жатсыңдар ма?👀
Сен де өз бағыңды сынап көр!🙌🏻 Олимпиадағы қатысу үшін мына сілтемеге өтіп тіркел: https://kau.kz/opendaykau/ Бәріне сәттілік!🫂 JOO-дан келдік деп айтуды ұмытпаңдар :)