«Қаражанбасмұнай» АҚ
Статистика- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 17 авг.
- Постов за неделю
- 16
- Всего постов
- 26
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 121
- 1/48двое суток
- 138
- 1/72трое суток
- 149
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
«ЖАС МАМАН КҮНІ – 2026»: ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС «Қаражанбасмұнай» АҚ-да дәстүрге айналған «Жас маман күні» форумы биыл алтыншы рет ұйымдастырылды. Жас мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесін жетілдіруге бағытталған іс-шара бұл жолы HSE – еңбек қауіпсіздігі, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау тақырыбына арналды. Өйткені өндірісте қауіпсіздік мәселесі әрдайым басты назарда. Осыған орай форум барысында жас мамандар өндірістегі қауіпсіздік талаптарын талқылап, тәуекелдерді бағалау, олардың алдын алу және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын тәжірибелік тапсырмалар арқылы шыңдады. Ашылу салтанатында Бас директор Нұртаза Ибрашев жас мамандар қызметінің компания өміріндегі маңызын атап өтіп, бастамаларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – әр қызметкердің ең басты міндеті екенін атап өтті. Өндірістегі кез келген жұмыста белгіленген талаптарды орындау, тәуекелді алдын ала бағалау және жұмысшының өз қауіпсіздігімен қатар әріптестерінің де амандығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізді. Форумда тек ақпарат берумен ғана шектелмей, әр қатысушының қауіпсіздікке қатысты жеке ұстанымын қалыптастыруға басымдық берілді. Жас мамандар өндірістік жарақаттану статистикасын талқылады, жазатайым оқиғалардың себептерін саралады. Практикалық тапсырмалар барысында дұрыс шешім қабылдау, ресурстарды тиімді пайдалану және тәуекелдерді бағалау дағдыларын ойын форматында көрсетті. Одан соң қатысушылар 8 топқа бөлініп, цифрлық технологияларды өндірістік қауіпсіздікпен ұштастырып, өз жобаларын әзірледі. Жастар мобильді қосымша, жедел хабарлау жүйесі және басқа да цифрлық шешімдерді ұсынып, олардың өндірістегі қауіпсіздікті арттыру жолындағы тиімділігін қорғады. Форум соңында ұшқыр ойымен, тың идеясымен дараланған үздік командалар бірнеше бағыт бойынша марапатталды. Осылайша биылғы іс-шара жас мамандарға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын көрсетіп, оны күнделікті жұмыстың басты қағидасына айналдыру қажеттігін ұғындырды.
без подписи
без подписи
без подписи
«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның XI спартакиадасында үздіктер қатарынан көрінген компания қызметкерлерін қабылдады. Бас директор Нұртаза Ибрашев пен Бірінші орынбасар Ван Вэй Астанада өткен додада қола медаль иеленген Әлібек Құлболғанов пен І орын алған команда құрамында өнер көрсеткен Қасым Қылышты жүлдесімен құттықтады. Кездесуде жұмысшылардың өндірістегі еңбегімен қатар, спорттағы жетістіктері де жоғары бағаланды. Олардың жеңісі тек ҚБМ-ның ғана емес, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның да абыройын арттыратыны атап өтілді. Басшылық жеңімпаздарға Құрмет грамотасын табыстап, қызметі мен аллдағы спорт жарыстарына сәттілік тіледі. Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ спартакиадасында пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехыныңс дәнекерлеушісі Әлібек Құлболғанов жүгіруден ерлер арасында III орын иеленді. Ал әлеуметтік жұмыс тобының маманы Қасым Қылыш футзалдан ҚМГ намысын қорғаған командада нәтижелі ойын көрсетіп, жеңіске үлесқосты.
⚡️Еңбек адамы Исках Дунбаев — «Қаражанбасмұнай» АҚ құрылыс-жөндеу цехының 6-дәрежелі ағаш шебері. 🧰Ол күнделікті өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті ағаш бұйымдарды дайындап, оларды жөндейді. Сондай-ақ материалдардың сапасын тексеріп, құрал-саймандарды дұрыс пайдаланып, олардың жарамдылығын қадағалайды. Қажет болған жағдайда өндірістік нысандардағы ағаш конструкцияларды жөндеп, тозған немесе бүлінген бөлшектерді ауыстырады. ⏩Компанияның құрылыс-жөндеу цехында 2008 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан И.Дунбаев қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жұмыс орнындағы тәртіп пен тазалыққа ерекше мән береді. Әр тапсырманы сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауға тырысады. ⏩Ұжымға сыйлы, жас мамандардың тәжірибелі тәлімгері. — Мен жасаған әрбір бұйымының өндіріс үшін маңызды екенін жақсы түсінем. Сондықтан жұмысыма барынша ұқыптылықпен қараймын. Адал еңбек пен кәсіби шеберлік — кез келген істің берік негізі, — дейді маман. Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз. 📱 ҚазМұнайГаз
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
ҚАРАЖАНБАС БҰРҒЫШЫСЫ TORYSH TRAIL-да ТОП ЖАРДЫ «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкері Исатай Байболов Маңғыстауда алғаш рет ұйымдастырылған Torysh Trail жарысында топ жарып, үздік нәтиже көрсетті. №1 бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу цехының бұрғышысы 200-ге жуық қатысушы арасынан 8,5 шақырым қашықтықты бірінші болып жүгіріп өтті. Trail running, яғни трейл-жүгіру форматы асфальт жолдағы жарыстан өзгеше. Құмды алқап, ойлы-қырлы жер, соқпақ жолдар мен табиғи кедергілер арқылы жүгіру төзімділік пен шеберлікті талап етеді. Сондықтан табиғат аясында өткен трейл қатысушылардың тек жылдамдығын ғана емес, төзімі мен ерік-жігерін де сынға салды. Торыш алқабындағы мыңдаған шар таспен көмкерілген көркем кеңістік әрбір жүгірушіге шабыт сыйлап, мәреге жетуге жігер берді. Мұнайшы жеңісінің тағы бір ерекшелігі – Исатай Байболов жарысқа жұбайымен бірге қатысты. Әйелдер арасындағы 8,5 шақырымдық қашықтықта оның жары да мәреге бірінші болып жетіп, жеңімпаз атанды. Спортты өмір салтына айналдырған отбасының бұл жетістігі – еңбек пен тәртіптің, бір-біріне деген қолдау мен сенімнің айқын көрінісі. Олар өз нәтижесімен салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, әрбір жетістіктің артында тынымсыз еңбек пен табандылық жатқанын дәлелдеді.
без подписи
▶️Геология саласында бүгінде көптеген жастар еңбек етіп жүр. Солардың бірі — «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның техник-геологы Қуандық Жаңбырбаев. 🗣Жас маман мұнай өндіру процесінде қолданылатын бу айдау тәсілі, оның ерекшеліктері мен өндірістегі маңызы туралы айтып берді. 📱 ҚазМұнайГаз
📱ҚМГ жастар форумы 📱Молодежный форум КМГ ❤ ҚазМұнайГаз
Астанада ҚазМұнайГаздың жастар форумы өтіп жатыр 📇Іс-шараға ұлттық компания іске қосқан OiLeaders бағдарламасы аясында іріктеуден өткен 200 жас маман қатысуда. 🗣Форумда сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов бүгінде ҚМГ компаниялар тобында 15 мыңнан астам жас маман еңбек етіп жатқанын атап өтті. Компания жұмысшы мамандықтар мен заманауи дағдыларды меңгеруге баса назар аудара отырып, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамытуды жалғастырып келеді. — Жақында іске қосылған OiLeaders бағдарламасы жаңа идеялар ұсынуға және өз еңбегімен саланың дамуына үлес қосуға қабілетті мұнай-газ секторындағы көшбасшылардың жаңа буынын даярлауға бағытталған. Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында жаңа технологиялар ерекше маңызға ие. Сіздер осы күндері жасанды интеллект, коммуникация, көшбасшылық және зияткерлік әлеуетті дамыту бойынша тренингтерден өтетін боласыздар. Жинаған білімдеріңізді алдағы жұмыстарыңызда қолданасыздар деп сенемін, — деді ҚМГ басшысы. 💻Сондай-ақ Vibe Coding және ЖИ-агенттерді әзірлеу бойынша оқулар өтеді. ▪️Екі күн бойы қатысушылардың белсенділігі мен практикалық дәрістердегі нәтижелері бағаланады. Форум қорытындысы бойынша үздік 100 маман ҚазМұнайГаздың жас көшбасшылары қатарына еніп, оқу процесін жалғастыру мүмкіндігіне ие болады. — Жалпы OiLeaders бағдарламасына қатысуға 435 адам өтінім берді. Бұл — жастарымыздың дамуға, жаңа идеялар ұсынуға және көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге деген ұмтылысының айқын көрінісі, — деп түйіндеді ҚМГ басшысы. 📱 ҚазМұнайГаз