- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 30
- Всего постов
- 248
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 15
- 1/48двое суток
- 17
- 1/72трое суток
- 18
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Құрметті Супбаев Сейтжамал Асатуллаұлы! Шымкент қаласындағы шахматтың дамуына және федерация жұмысының алға жылжуына қосқан еңбегіңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Бірге атқарған жұмыс барысында өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, әр бастамаға үлкен ықыласпен және кәсіби тұрғыдан қарай білдіңіз. Шымкентте шахматты насихаттауға, балалар мен жасөспірімдерге арналған жарыстардың ауқымын кеңейтуге және маңызды турнирлерді жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесіңіз айрықша. Атқарған еңбегіңіз бен шахмат саласына сіңірген қызметіңіз үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта да жинақтаған тәжірибеңіз бен біліміңіз ел шахматының игілігіне қызмет ете беретініне сенемін. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге лайықты құрмет және өмірдің жаңа кезеңінде толағай табыс тілеймін! https://www.instagram.com/p/DcBO9YAooMv/?igsh=MTg0Z2R5bHptam1zdA==
@knus.kz : Алматы қаласында өткен FIDE World University Team Chess Championship-2026 шахматтан әлем чемпионатында қола жүлде иеленген Қазақ ұлттық спорт университетінің құрама командасын салтанатты қарсы алу рәсімі. Торжественная встреча сборной команды Казахского национального университета спорта, завоевавшей бронзовые медали на чемпионате мира по шахматам FIDE World University Team Chess Championship 2026, прошедшем в городе Алматы. https://www.instagram.com/p/DcBUK-bFxfY/?igsh=ZHU1M2RnY29nYXhy
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
14-кезеңнің қорытындысы Қазақстан шахмат федерациясының Блиц-марафонының 14-кезеңі өз мәресіне жетті. 🏆 Жүлдегерлер: 🥇 1-орын — Kozganbay Erkin — 9/11 🥈 2-орын — Isanzhulov Arystan — 9/11 🥉 3-орын — Akhmetov Ayan — 8/11 🏅 4-орын — Akhmedinov Satbek — 7,5/11 🏅 5-орын — Amangeldy Ramazan — 7,5/11 🏅 6-орын — Nurakyn Suleiman — 7/11 👩 Әйелдер арасындағы үздік нәтиже: Kaldarova Ayaulym — 6/11. Барлық жүлдегерлерді және қатысушыларды нәтижелерімен құттықтаймын! Шахматшыларымызға алдағы кезеңдерде сәттілік пен жаңа жеңістер тілеймін! #KazChess2026
Шахматтан Халықаралық гроссмейстер - Ибрагимов Алибек Марданұлын туған күніңмен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасыңа құт-береке тілейміз! #туғанкүніңмен #сднемрождения #chess #павлодар #Астана #шахматы
Алма Шойынбайқызы Ашырованы туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізді Жансая Әбдімәлік шахмат академиясының оқу ісінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы ретінде шахмат саласына қосып келе жатқан зор үлесіңіз үшін жоғары бағалаймыз. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық пен береке, кәсіби қызметіңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз! Шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындырып, жаңа чемпиондардың қалыптасуына қосқан еңбегіңіз әрдайым жемісті болсын! Туған күніңіз құтты болсын!
А вы думали эмоции есть только в единоборствах или футболе? Посмотрите как празднует победу наш гроссмейстер Казыбек Ногербек. 22-летний казахстанец сыграл решающую роль на чемпионате мира по шахматам среди высших учебных заведений. И сумел выиграть финальную партию «Армагеддон» (чтобы это не значило!). К слову, за право сыграть в финальном этапе боролись 79 команд из 49 стран мира. Соревнования проходили в моем родном Казахском национальном университете имени аль-Фараби, а организатором выступила Международная шахматная федерация FIDE. Тем самым, Казахский национальный университет спорта (КНУС) завоевал бронзу. На первом месте российский ВУЗ, серебро взяли американцы. И все равно шахматисты придерживают себя. Даже радуются без слов, без выкриков, выдыхают молча 🔥😂
“Спорт күні” мерекесіне орай региондардың спорт ұйымдарының қызметкерлері арасында шахматтан жарыстар өтуде.
https://www.instagram.com/reel/Db7jdY7IZ42/?igsh=MWwwcnk2NGdiMjk5eQ==
🏅 ШАХМАТ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ 9 тамызда өткен «ABAI BLITZ» шахмат турнирі барысында Астана қаласында шахматтың өңірлік дамуына қосқан зор үлесі, шахмат мәдениетін насихаттаудағы белсенді еңбегі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін бірқатар шахмат мамандарына Қазақстан шахмат федерациясының Құрмет грамотасы және төс белгісі табысталды. Құрмет грамотасы мен төс белгісімен марапатталғандар: 1. Сәдуақасова Динара Рамазанқызы 2. Дустаева Алтынай Ержановна 3. Исабаев Диас Токашевич 4. Кашев Мурат Кубайдоллинович 5. Нугуманов Бахтияр Казбекович 6. Аубакиров Азамат Габитович 7. Утешева Айнур Кайратовна 🏆 ЖЕҢІМПАЗДАР 🥇 Алдияр Ансат 🥈 Александр Рахманов 🥉 Амангелді Ернұр 👑 ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР 🥇 Мамакова Ақнұр 🥈 Камарова Жанбота 🥉 Науанова Жания 👏 Марапат иелері мен турнир жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шахматты дамытуға қосып жүрген еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен белсенді қызметтеріңіз — шахмат мәдениетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға қосылған маңызды үлес. 🤝 Осындай мазмұнды шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан Қазақстан шахмат федерациясының Астана қаласы филиалына, Астана қаласының шахмат федерациясына, Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясына, сондай-ақ шараға қолдау көрсеткен «Қазақ тілі қоғамына» алғысымызды білдіреміз! https://www.instagram.com/reel/Db7jdY7IZ42/?igsh=MWwwcnk2NGdiMjk5eQ==
#архив2024
Міне, бүгін шахмат олимпиадасында демалыс күнін пайдаланып, командамызбен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойдық. Абай — қазақ халқының рухани ұстазы, оның мұрасы біз үшін мәңгілік шабыт көзі. Абайдың даналық сөздері тек әдебиетімізде емес, жүрегімізде де сақталған. Біз, Қазақстанның ұлдары мен қыздары, ұлттың рухын асқақтату жолында әрқашан бірге боламыз. Бүгінгі күніміз де осы ұлы мұратқа қызмет етеді. https://www.instagram.com/reel/DADTiLrvTg3/?igsh=MXU0aWpsMXR1aWRuYQ==
@Kazchess_almaty: ♟️ Стартовали учебно-тренировочные сборы в Алматы! 🇰🇿 Сегодня, 10 августа, стартовали учебно-тренировочные сборы для победителей 🥇 и серебряных призёров 🥈 Чемпионата города Алматы 2025 года. Сборы продлятся до 14 августа 📅 Тренировки проводит международный гроссмейстер, тренер Казахстанской федерации шахмат Виталий Ярославович Козяк. 👨🏫♟️ Занятия проходят в двух группах, сформированных в соответствии с уровнем игры участников. 📚♟️ Впереди у ребят пять насыщенных дней тренировок 💪, новых знаний 🧠, интересных шахматных идей ♟️ и полезного опыта. Желаем участникам продуктивных тренировок 🔥, интересных партий 🤝, новых открытий 💡 и уверенной игры за шахматной доской! 🏆 Пусть эти сборы станут ещё одной важной ступенью 🚀 на пути к большим достижениям, новым вершинам и ярким победам! https://www.instagram.com/reel/Db3dDTgI8by/?igsh=aHI3aXo3Mm0wM3dt
https://www.instagram.com/p/Db1MWLjonbK/?igsh=cXM1ODBmaTl6cG15
Қазақстанның ұлттық спорт және дене шынықтыру университетінің KNUS командасын FIDE World University Team Chess Championship 2026 чемпионатында қола жүлдеге ие болуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - Қазақстанның студенттік шахматы үшін айтулы жетістік. Әлемнің үздік университеттік командалары арасында жүлдеге ие болу - үлкен еңбектің, жүйелі дайындықтың және командалық рухтың нәтижесі. Осы орайда Қазақстанның ұлттық спорт және дене шынықтыру университетінің басшылығына, шахматты қолдап, студент-спортшыларға барлық жағдай жасап отырғандары үшін ерекше алғыс білдіремін. Сондай-ақ команданың жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ержан Шәкеновті шәкірттерін жоғары деңгейдегі жарысқа дайындап, осындай тамаша нәтижеге жеткізгені үшін құттықтаймын! Команда мүшелері Қазыбек Нөгербек, Сәтбек Ахмединов, Арыстан Исанжұлов, Меруерт Қамалиденова және Алишер Мажкеновті лайықты жеңістерімен құттықтаймын! Баршаңызға алдағы жарыстарда жаңа жеңістер, биік белестер мен толағай табыстар тілеймін! Қазақстанның университеттік шахматы дами берсін, жаңа чемпиондарымыз көбейе берсін! https://www.instagram.com/p/Db1MWLjonbK/?igsh=cXM1ODBmaTl6cG15
Большое спасибо медиакоманде KazChess за отличный контент и профессиональное освещение чемпионата! 📸♟️ Благодаря вашей работе каждый яркий момент соревнований, эмоции участников и важные события остаются в памяти и становятся доступными широкой аудитории. Желаем вам новых творческих успехов, вдохновения и ещё больше ярких проектов! Продолжайте радовать нас качественным и интересным контентом! 👏 #KazChess2026 #Chess #Almatty
#KazChess2026 : Қазақстан қоржынында — қола жүлде! 🥉♟️ Қазақ ұлттық спорт университетінің командасы тартысты тай-брейк пен Армагеддонда жеңісті жұлып алып, Студенттер арасындағы шахматтан 2026 жылғы командалық FIDE әлем чемпионатында 3-орынды иеленді. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ержан Шакенов шешуші партиялар туралы айтып берсе, Меруерт Камалиденова турнирден алған әсерлерімен бөліседі. ••• Бронза для Казахстана! 🥉♟️ Команда Казахского национального университета спорта завоевала 3-ье место на FIDE World University Team Chess Championship 2026, одержав победу в напряжённом тай-брейке и Армагеддоне. Заслуженный тренер РК Ержан Шакенов рассказывает о решающих партиях, а Меруерт Камалиденова делится своими впечатлениями от турнира. https://www.instagram.com/reel/Db1ZLOJou9q/?igsh=MTcwZXl4NHNscndx