tgindex
Кітапқұмар📖☕️

Кітапқұмар📖☕️

Статистика

Кітап 📚 Мотивация 📖 Шабыт 💞 Эстетика 🌷

Последний пост
20:36
Последнее чтение
04:44
Постов за неделю
19
Всего постов
26
Тип
открытый
Язык
русский
Категория
Картинки
В каталоге с
16 авг.
Подписчики
114
0 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
21
21 постов
Вовлечённость
18,4%
к подписчикам
Постов в день
2,7
всего 26
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
18
1/48двое суток
20
1/72трое суток
22

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Кітапқұмар📖☕️ pinned a photo

  • Шейх Хамза әл-Бакри (хафизаһуллаһ) бір сұхбатында өзінің әкесі жайлы мағұлмат береді. Айтуынша, әкесінің жеке кітапханасы болған. Яғни, үйдің бір бөлмесін арнайылап, кітапхана ретінде жасаған. Шейх сөзінің жалғасында 10-15 жас аралығында әкесінің кітапханасында сағаттап уақыт өткізгендігін, түрлі кітаптар оқып, ілімге құштарлығын оятқанын айтады. Әрі әкесі сол бөлмеде түрлі ілім жиындарын өткізіп, ол мәжіліске баласын (Шейхты) қатыстырып, сол арқылы ұлына алғашқы білім дәнегін еккен. Осыны тыңдап отырып, Шейх Низзар Хаммадидің (хафизаһуллаһ) де бір сөзі еске түседі. Ол бала тәрбиесіне қатысты жазған мақаласында баланы жастайынан ілім-білімге баулу үшін үйдің ішінен кішігірім кітап бұрышын болса да әзірлеу керек деген. Шейх Әли ат-Тантауи де (рахимаһуллаһ) бір сөзінде әке балаларын білімге баулу үшін аптасына 2-3 рет, кешкі уақытта отбасы мүшелеріне арналған кітап алқасын ұйымдастырған жөн дейді.

  • Құран саған ауыр болып көрінуі — өзіңнің оған деген немқұрайдылығың мен күндіз-түні жасап жүрген күнәларыңның салдарынан. Құран — нұр. Ал күнәлармен ластанған жүрекке нұр сыймайды. Егер Құранның жүрегіңе орныққанын қаласаң, оны истиғфармен, дұға-тілектермен және ізгі амалдармен тазартуың қажет. Сонда Құран оқу сен үшін бұл дүниедегі еш нәрсеге айырбастағың келмейтін тәтті ләззатқа айналады.

  • 19:051011

    Біліп қойыңдар, дүниенің тіршілігі ойын-күлкі, сауық-сайран, сән-салтанат және өзара мақтан (яғни, мансап, атақ-абырой, мал-мүлік, бала-шаға һәм кескін-келбетпен мақтану) ғана, сондай-ақ көбірек дүние жию және үрім-бұтақты көбейту жолындағы бәсеке ғана. Бұл бір жауынға ұқсайды: сол жауынның арқасында жайқалып өскен өсімдіктер шаруаларға қатты ұнап, төбелері көкке жетеді. Алайда артынша әлгі өсімдіктердің сарғайып, солып қалғанын көресің һәм содан кейін қу сабан мен қиқымға айналады. Міне, дүниенің қу тіршілігі деген – осы. Ал ақиретке келсек, онда я ауыр азап болады, яки Алланың (тосын сый-сияпаттарға толы) кешірімі мен шексіз разылығы болады. Иә, дүниенің тіршілігі алдамшы әрі өткінші қызықтан басқа ештеңе де емес. Әл-Хадид (57), ۝ 20

  • 🟢 «إِنَّ الْمُؤْمِنَ لَيُدْرِكُ بِحُسْنِ خُلُقِهِ دَرَجَةَ الصَّائِمِ الْقَائِمِ» «Шын мәнінде, мүмін өзінің көркем мінез-құлығы арқылы күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқитын адамның дәрежесіне жетеді». Сунән Әби Дәуд | 4798

  • 🙃

  • 🥹

  • О Қ Ы 💙

  • 💙

  • 11 авг.261из nursultanrysmaganbet

    Пайғамбарымыз ﷺ бір сөзінде: — Егер жәннат бақшасының жанынан өтіп бара жатсаңыздар, онда тізелеріңізді бүгіп отыра қалыңыздар! - дейді. Сонда сахабалар: — Уа, Алланың Елшісі! Ол қандай жәннат? - деп сұраған екен. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ: — Жер бетінде Алланы еске алған әрбір жиын жәннатқа айналады! - деп айтқан екен.

  • 11 авг.241из nurbol_zakirov

    Адамдар сенің сыртқы келбетіңе қарайды, ал Алла сенің жүрегіңе қарайды. Ендеше, адамдар үшін келбетіңді қалай көркейтсең, Алла қарайтын жүрегіңді де солай көркейт.

  • 11 авг.231из oqyiqro

    Жұбайыңызға бөлген уақытыңыз , көңіліңіз сауапқа айналатын амал. ✨💞

  • 11 авг.211из oqyiqro

    Жұбайлық өмірде сезімді, махаббатты арттыратын амал үлкен нәрсе емес, жәй ғана бірге серуендеу секілді кішкентай нәрселер болуы мүмкін. 15 минуттық жұбайыңызбен болған серуен сезімдеріңізді, бір-біріңізге деген жылылықты арттыруы мүмкін. Некеден кейінгі махаббаттың сақталуы әуелі Аллаға дұға етіп сұраумен, сосын екі жақты еңбекпен келетін нәрсе. Ал осы кішкентай амалды сол еңбекке жатқызар едім. ✨

  • Кітаптарға қарап отырып , кітап оқу 🥰💗

  • без подписи

  • без подписи

  • Кітаптарға қарап отырып , кітап оқу 🥰💗

  • 10 авг.21из shezhimbaibaglanakshi

    Күтпеген жерден кең ризыққа қауышу وَيَرۡزُقۡهُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَحۡتَسِبُۚ وَمَن يَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِ فَهُوَ حَسۡبُهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَـٰلِغُ أَمۡرِهِۦۚ قَدۡ جَعَلَ ٱللَّهُ لِكُلِّ شَىۡءٍ قَدۡرًا Ат-Талақ: 3 Сондай-ақ оған еш ойламаған жерден ризық нәсіп етеді. Кім Аллаға арқа сүйеп, тәуекел етсе, оған (қолдаушы һәм медеткер ретінде) бір Алла жеткілікті. Алла бұйрығын міндетті түрде жүзеге асырады. Шүбәсіз, Алла әр нәрсе үшін алдын-ала белгілі бір өлшем белгілеп қойған. Имам Нәсәфи (Алла оны рақымына бөлесін): Алла оған ойламаған, тіпті қаперіне де келмеген жақтан ризық береді. Сондай-ақ, бұл сөйлем алдыңғы аятқа орай айтылған қосымша (иститрад) мағынада да түсіндіріледі. Яғни: «Кім Алладан қорықса, Алла оған дүние мен ақыреттің қайғы-қасіреттерінен құтылатын жол береді». Пайғамбарымыз ﷺ осы аятты оқып, былай деген: «(Алла оған) дүниедегі күмәндардан, өлімнің ауыр сәттерінен және Қиямет күнінің қиыншылықтарынан шығатын жол береді». Тағы бір хадисте: «Мен адамдар осы аятты ұстанса, өздеріне жеткілікті болатын бір аятты білемін», – деп,«و من يتق الله......» аятын қайта-қайта оқыған. Риуаят етіледі: мүшріктер Ауф ибн Мәликтің ұлын (Алла олардан разы болсын) тұтқынға алған. Сонда ол Пайғамбарымызға ﷺ келіп: – Ұлым тұтқынға түсті, әрі жоқшылыққа ұшырадым, – деп шағымданды. Пайғамбарымыз ﷺ оған: – «Мұхаммедтің отбасының кешкі асына бір-ақ мүд (аз ғана азық) бар. Алладан қорық, сабыр ет және: “لا حول ولا قوة إلا بالله العلي العظيم” сөзін көп айт», – деді. Ол үйіне келіп, әйеліне: – Расында, Алла Елшісі ﷺ маған да, саған да «لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللَّهِ» сөзін көп айтуды бұйырды, – деді. Әйелі: – Бізге қандай жақсы нәрсе бұйырылған! – деді. Екеуі осы зікірді үзбей айта бастады. Бір кезде үйінің есігін біреу қақты. Қараса, тұтқынға түскен ұлы келіпті. Оның қасында дұшпан қараусыз қалдырған жүз түйе бар екен. Ол сол түйелерді айдап алып келген еді. Осы оқиғаға байланысты бұл аят түсті деп риуаят етілген. Кім ісін Аллаға тапсырып, өзгенің көмегіне үміт артпай, өз жоспарларына ғана сүйенбей, толықтай Аллаға тәуекел етсе, Алла оған дүние мен ақыретте толық жеткілікті болады. Хафс қырағаты бойынша мағынасы: Алла Өз әмірін міндетті түрде жүзеге асырады. Басқа қырағат бойынша мағынасы: Алла қалаған нәрсесіне міндетті түрде жеткізеді. Оның қалағаны орындалмай қалмайды әрі ешбір мақсаты жүзеге аспай қалмайды. Алла әрбір нәрсеге белгілі бір өлшем мен мерзім белгілеген. Бұл аят Аллаға тәуекел етудің және барлық істі Оған тапсырудың міндеттілігін білдіреді. Өйткені адам ризықтың және басқа да барлық істің тек Алланың белгілеген өлшемі мен мерзімі бойынша ғана болатынын білсе, онда оған Алланың тағдырына разы болып, Оған толық тәуекел етуден басқа жол қалмайды.

  • 10 авг.17из erlanmataibaev

    عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رضي الله عنه، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَعَنَ اللَّهُ السَّارِقَ، يَسْرِقُ الْبَيْضَةَ فَتُقْطَعُ يَدُهُ، وَيَسْرِقُ الْحَبْلَ فَتُقْطَعُ يَدُهُ». متفق عليه. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымыздан ﷺ риуаят етіп былай дейді: «Аллаһ ұрыны лағынет етсін. Ол жұмыртқа ұрлайды да, соның кесірінен қолы кесіледі; арқан ұрлайды да, соның кесірінен қолы кесіледі». Бұхари және Муслим. Шариғатта кәдімгі жұмыртқа немесе қарапайым арқан сияқты кішкентай аз нәрсе ұрлағаны үшін адамның қолы кесілмейді. Демек бұл хадисті «бір жұмыртқа ұрлаған адамның қолы бірден кесіледі» деп түсіну дұрыс емес. Хадистің тәрбиелік мәні — адамның ұсақ ұрлыққа жеңіл қарап, оны елемеуі бірте-бірте үлкен ұрлыққа алып барып ол оның қол кесуіне апаруы мүмкін екенін ескерту. Яғни үлкен қателік көбіне бірден пайда болмайды. Кейде ол адам елемеген, «ұсақ нәрсе ғой» деп мән бермеген кішкентай кемшіліктен басталады. Біз бұдан өз өмірімізге қатысты да үлкен сабақ алуымыз керек. Көп жағдайда адам бойындағы кішкентай кемшіліктерге мән бермейді. «Мұның не зияны бар?» деп жеңіл қарайды. Тіпті біреу ескертіп жатса, өзінің кемшілігін көргеніне ренжіп, «осыны да байқап қалдың ба?» деп қабылдауы мүмкін. Алайда адам бойындағы еленбеген кішкентай кемшілік уақыт өте келе қалыптасқан әдетке, кейін мінезге айналуы мүмкін. Ал мінезге айналған нәрсені түзету әлдеқайда қиын. Сондықтан адам бойынан қандай да бір кемшілік байқалса, оны «ұсақ нәрсе ғой» деп елемей қоюға болмайды. Керісінше, кішкентай кезінде-ақ оған мән беріп, түзетуге тырысу керек. Бұл жақсылыққа да қатысты. Кейде аз ғана жақсылықты, аз ғана сауапты амалды да менсінбей жатамыз. «Мұның не пайдасы бар?» деп оны тастап қоюымыз мүмкін. Бірақ Пайғамбарымыз ﷺ: «أَحَبُّ الأَعْمَالِ إِلَى اللَّهِ أَدْوَمُهَا وَإِنْ قَلَّ» «Аллаға ең сүйікті амал — аз болса да, тұрақты жасалған амал», — деген. Демек, аз ғана болса да, тұрақты түрде жасалып отырған жақсылықты менсінбеуге болмайды. Сондай-ақ Пайғамбарымыз ﷺ адал табыстан жасалған аз ғана садақаның өзін Алла Тағала еселеп өсіретінін айтып: «منْ تَصَدَّقَ بِعَدْلِ تَمْرَةٍ مِنْ كَسْبٍ طَيِّبٍ، وَلَا يَقْبَلُ اللَّهُ إِلَّا الطَّيِّبَ، وَإِنَّ اللَّهَ يَتَقَبَّلُهَا بِيَمِينِهِ، ثُمَّ يُرَبِّيهَا لِصَاحِبِهَا، كَمَا يُرَبِّي أَحَدُكُمْ فَلُوَّهُ، حَتَّى تَكُونَ مِثْلَ الْجَبَلِ» «Кім адал табысынан бір құрманың мөлшеріндей садақа берсе, — Алла тек адал болған нәрсені ғана қабыл етеді, — Алла оны Өз тарапынан қабыл алады. Содан кейін оны садақа берген адам үшін өсіріп-өндіреді. Сендердің бірің құлынын өсіріп-баптағанындай, оны өсіреді. Ақырында ол таудай болады», — деген. Яғни аз ғана жақсылықты да менсінбей қарауға болмайды. Ықыласпен жасалған, адал жолдан келген кішкентай амалдың өзін Алла Тағала еселеп, үлкен сауапқа айналдыруы мүмкін. Сондықтан адам жақсылықтың азын да менсінбей қарамасын, жамандықтың азын да елемей қоймасын. Кішкентай кемшілікті дер кезінде түзету — үлкен қателіктің алдын алуы мүмкін. Ал кішкентай жақсылықты тұрақты түрде жасау — үлкен сауапқа себеп болуы мүмкін. Ұсақ нәрсе деп ешбір жақсылықты тастамаңыз, ұсақ нәрсе деп ешбір кемшілікті елемей қоймаңыз. Өйткені адамның үлкен жетістігі де, үлкен құлдырауы да кейде өзі мән бермеген кішкентай нәрседен басталады.

  • 10 авг.19из haddasanaa

    📌 Ұйқыдан биік мақсат. 💬 قيل لبعضهم : بم أدركت العلم؟! قال: «بالمصباح ، والجلوس إلى الصباح». 💬 و قال أبو القاسم السعدي (رحمه الله): أعاذلتي على إتعاب نفسي ورَعْيِي فِي السُّرى رَوْضَ السُّهَادِ إذا الفتى بَرْقَ المعالي فأهون فائت طِيبُ الرُّقَادِ 💬 و من جميل الوصايا في ذلك، ما ذكر من أن المنذر قال للنعمان ابنه: «يا بني ، أُحِبُّ لك النظر في الأدب بالليل، فإن القلب بالنهار طائر، وبالليل ساكن، وكلما أَوْعَيْتَ فيه شيئًا علقه». 📕 نصائح منهجية 💬 Бірісінен: - «Ілімге қалай қол жеткіздің?» - деп сұралды. Ол болса: - «Шырақтың жарығымен және таң атқанша отырып оқу арқылы» - деп жауап берді. 💬 Абулқасим әс-Сәғди (Алла оны рахымына алсын) айтты: Ей, мені өзімді қинағаным үшін сөкпе, Түн ұйқысын тәрк етіп, ұйқысыздық бағында жүргенім үшін кінәлама. Егер жігіт биік мақсаттардың жарқылын көрсе, Сол мақсатқа жету жолында тәтті ұйқыдан айырылу - ең жеңіл құрбандық. 💬 Осы тұрғыда айтылған көркем өсиеттердің бірі ретінде әл-Мунзирдің ұлы ән-Нуғманға (Алла ол екеуін рахымына алсын) айтқан сөзі: «Балам! Мен сенің түнде әдебиет пен ілімге назар аударып, ізденгеніңді қалаймын. Өйткені күндіз жүрек - ұшып жүрген құс секілді, ал түнде ол тынышталады. Сен оған түнде қандай да бір ілімді сіңірсең, ол оны берік сақтап қалады». 📕 Нәсаиху Мәнһәжииә