кітап және кофе
СтатистикаБұл арнада оқырман санының аздығы мені алаңдатпайды. Керісінше, көп болып, ой-санасы тар болуы алаңдатады.
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 3
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 37
- 1/48двое суток
- 42
- 1/72трое суток
- 45
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қандай қыз аласың дейсің бе? Қайғылы ән тыңдағанда ойына ешкім келмейтін қыз. пх пх пх пх 😂 #көпозбайөшетінхат
Торт әйеліңе ме, әлде мамаңа ма? Осы сұрақ сайып келгенде «анаң ба, әлде әйелің бе?» деген әңгіме ғой. Мен бұл сұрақты негізсіз, қисынсыз дер едім. Оны былай түсіндірейін: Мен өз әйелім үшін оның күйеуімін, ал ата-анам үшін баламын. Енді осы тұста біреу менен: «Сен күйеусің бе, әлде баласың ба?» деп сұрақ қойса, қаншалықты ақылға қонымды? Менің күйеу ретінде қызметім басқа, бала ретінде қызметтерім мүлде басқа. Құдды осы сұрақ «сен әйеліңнің алдында да, анаңның алдында да бала бол немесе екеуінің алдында да күйеу бол» дегенге шақыратындай көрінеді. Неге әйеліңнің алдында күйеу, анаңның алдында бала болмасқа? Не кедергі? #ақсаққойтүстенкейінмаңырайды
https://t.me/erlergenasihat Ғалымның хаты өлмейді
Осы секілді қазақ тілінің өзіндік негіздері мен табиғи қалпын сақтап, оны орыс тіліне бейімделіп кетуден қорғап жүрген арналардың бірі әрі бірегейі.
Иә, керемет үйлесіп тұр. Алайда бұл қазақ тілінің бар табиғатына, жүйке-жүйесіне қайшы, зиянды қате. ⁉Неге? "Помогай" септік қазақ тілінде екі қызмет атқарады: бір әрекетті істеу құралы және бір әркетті ортақ істейтін адам. Шайды мысал қылсақ: Назгүлмен (бірге) шай іштім. "Шай ішу" тіркесі көмектес септіктегі сөзбен осы контексте ғана тіркеседі. Басқа жағдайдың бәрі - ҚАТЕ. Тамақты қасықпен жедім. Етті қолмен жейді. Бұл екі сөйлемде көмектес септікте тұрған сөз сол әрекетті істеуге көмектесетін құралды білдіріп тұр. Енді солардың орнына құрамындағы бір затты білдіретін сөз қоя салайықшы: Тамақты нанмен жедім. Нан - адамның тамақты аузына апаруына көмектесетін құрал бола алмайды, сондықтан көмектесе септікті алмайды. Поел с хлебом. ❌Тамақты нанмен жедім. ✅Тамақты нан қосып жедім. ❌Тортпен / бауырсақпен / тәттімен шай ішу. ⁉Пить чай с тортом. ✅Тәтті қосып шай ішу. ❌Кесемен ішесің бе, кружкамен ішесің бе? Кеседен ішесің бе, кружкадан ішесің бе? Пить чай пиалами. ✅Кеселеп шай ішу. ❌Шайды сүтпен құю. ✅Сүт қосып шай құю. ❌Шай немен? Чай с чем? ✅Қандай шай? Сүтті шай. ❌Сорпа немен? ✅Қандай көже (иә, сорпа деген ештеңе қосылмайтын нәрсе, ішіне бірдеңе салып пісіргенде ол көжеге айналады) - Құрт қосқан көже. Арпа қосқан көже. ⁉Сонда көмектес септіктің жалпы керегі не?⁉ Орыс тіліндегідей емес, қазақ тілінде көмектес септіктің қызметі шектеулі. Тек әрекетті істеу құралын және соны бірге істейтін адамды айтқанда қолданылады. ✅ Қарындашпен сурет салдым. ✅ Назгүлмен сөйлестім. Осындай екі контекстен өзгесінің бәрі - ОРЫСША.
без подписи
📍Ең ауыр сараңдық – ілім іздеуден бас тарту «Адамның өзіне жасайтын ең сорақы әрі ең ауыр сараңдығының бірі – Алла Тағала оған ақыл мен зеректік, терең түсінік бере тұра, ілім мен Алланы тануды іздеуге ұмтылмай, надан әрі сауатсыз күйінде өмір сүруі. Міне, бұл – айқын зиян әрі өкініш. ©Имам әл-Әмаси әл-ханафи, «Тәбиин әл-Мәхарим»
Бүгін «Өрмекші адам» киносына бардым. Ескере кететін нәрсе, мен қазақша дыбысталған нұсқасына бардым. Қазақ тіліне деген тамшыдай болса да үлесім болсын деген ниет. Дыбыстауға жоғары баға берер едім. Тағы бір байқағаным — дыбыстаушылардың батыл қадамы. Қазіргі жастар арасында қолданылатын «тамыр» сияқты сөздерді де кездестіруге болады. Айтпағым бұл емес. Екінші байқағаным, кино барысында қызықты, қазіргі таңда көп қолданыста жоқ сөздер қолданылды. Сонда көрермендер күліп, бір жағынан кринж ұстап жатты. Қазақтың қазақша сөз айтқанына кринж ұстап жатқанын бақылаудың өзі кринж екен. 😅 Әлде бұл ұят па? Білмедім
Жақында мынадай сұрақ естідім: «Кітап жазу оңай ма, әлде уағыз айту оңай ма?» Бір қарағанда орынды сұрақ сияқты. Бірақ мұндай нәрсеге біржақты жауап беру дұрыс бола бермейді. Себебі адамдардың қабілеті мен бейімі әртүрлі. Бір адамға уағыз айту жеңіл болса, екіншісіне ол өте қиын болуы мүмкін. Дәл сол сияқты кітап жазу да біреуге оңай, біреуге ауыр келеді. Сондықтан «мынау міндетті түрде жеңіл, ал мынау міндетті түрде қиын» деп кесіп айту дұрыс емес. Мантықта осы мағынаны білдіретін қағида бар: الكليات تختلف بالنسبة Яғни, жалпы үкімдер адамдардың жағдайына, қабілетіне қарай өзгеріп отырады. Саған ол нәрсе жеңіл келді екендеп ол жалпыға жеңіл болып кетпейді тура сол секілді ауыр келсе ауыр деген мағна шықпайды. Келіспеуге әбден болады. Бұл арнада сөз бостандығы бар.
Павел Дуров не раз объяснял, почему не любит платформы, которые решают за тебя, о чём ты будешь думать сегодня. Мысль у него простая. Он хочет сам выбирать, на чём фокусироваться и о чём думать. А соцсети сегодня буквально говорят человеку: думай вот об этом. Алгоритмическая лента продаётся как удобство. По факту это управление вниманием. Ты заходишь без цели, а выходишь с чужой повесткой в голове. Поэтому Telegram устроен иначе. Ты сам выбираешь каналы. Сам решаешь, что читать. Никто не подсовывает тебе то, что должно тебя зацепить. Threads - пик навязывания в этом плане..
Қызығы, бәріміз адам болып дүниеге келеміз, бірақ қаншамыз адам болып дүниеден кетеміз? Дүниеге адам болып келіп, орта жолда адамдығымызды жоғалтып, соны іздеумен әбігер боламыз.
Өзімде жоқты бардай көрсету — өзімдегі бар дүниемнен айыруда.
Тәкәппарлық — Аллаға мақтаулы сипат. Ал адамдағы тәкәппарлық — даттаулы сипат. Ол бірыңғай даттаулы, жаман болса, адамға не үшін? Алла не үшін адам баласына ол сипатты жаратты? Алла еш нәрсені бекерден-бекер, мақсатсыз жаратпайды. Сол себепті де тәкәппарлықтың адам үшін жақсы болатын кезі бар. Ол — адамның өз күнәларына тәкәппарлық танытуы, оны жасауға, оған қайта оралуға деген тәкәппарлығы. Айтарлықтай дәрежеде мақтаулы. Дәл сол секілді қырсықтық деген қасиет. Қырсықтық — ол түбі табандылықтан туындайтын нәрсе, бір ойға, бір таңдауға табандап тұру. Ал қырсықтық қалай мақтаулы болады десек, адам баласы өз мақсаттарына, жоспарын орындауға қырсықтық танытса, мақтауға лайық болады. Адам баласының бүкіл қасиеттерін пышақпен теңесек, болады. Нан кессең де, адам кессең де болады — өз еркің. Қалай қолдануды өзің шешесің. #білген_көрген_түйген_жазған_салған
Біз өзімізден бұрын өткен нар тұлғаларды көбіне бітірген ісі үшін емес, ұлы мақсатты арқалап, оған өмірін арнағаны үшін еске аламыз. Мысалы, Алаш арыстары қазақтың тәуелсіздігі үшін күресті. Олар тірі күнінде сол арманға жетті ме? Жоқ. Бірақ бүгін біз оларды дәл сол ұлы мақсат жолындағы күресі үшін құрметтейміз. Сол сияқты Абай, Шәкәрім, Мұхтар және басқа да қазақ зиялылары халықты ағартуға ғұмырын арнады. Олар өмір сүрген кезде қазақтың бәрі білімді, зиялы болып кетті ме? Жоқ. Бірақ олардың төккен тері мен биік мұраты ұрпақ жадында мәңгі қалды. Мен сенімдімін олар сол мақсатты ұстанғанда адамдар оларға күле қарағандығына Сондықтан өзің де таудың өзі арқалауға жүрексінетіндей мақсат арқала. Тіпті оған өмірің жетпей қалса да, ертеңгі ұрпақ сені сол асқақ мұратың үшін еске алатын болады.
Адамдар естігенде күлетіндей мақсат қойып көрейікші Себебі: Атыңды өшпестей етіп қалдыратын нәрсе — алға қойған миссияңның үлкен болуы. Мейлі, оны тірі күніңде толық орындай алмай-ақ қой. Ертеңгі ұрпақ сенің жеткен жеріңе емес, таудай мақсатыңа қарап, таудай тұлға болғаныңды еске алады. Бір адам елі мен жері үшін айдаһармен шайқасып, өлім құшады. Ал енді бір адам қу дүниесін қорғап, қорқаумен шайқасып, өлім құшады. Қай өлім мақтауға лайық? Сондықтан алға қойған миссияң айдаһардай болсын.
Ақылды адам – қуаныштың шексіз, мұңның мәнгілік емес екендігін ұққан жан
Шешім қабылдауға көп ойланамын, сіз шешімді қалай қабылдайсыз? Үйден шығарда ауа райы болжамына қараймын. Алматыда бүгін жаңбыр жоқ деп тұрса, қолшатырымды алмаймын. Мен дұрыс шешім қабылдадым. Себебі абсолют (әрдайым) дұрыс шешім болмайды! Бастысы — шешім қабылдайтын сәтте шешімің дұрыс болса, болды. Сол сәттегі біліміңе сүйеніп, ең дұрыс шешімді қабылдадың. Кейін күндіз жаңбыр жауып кетсе, өкінбеймін. «Ойбай, қате шешім қабылдаппын ғой» деп өзімді жазғырмаймын. Себебі, қайталап айтам, абсолют (әрдайым) дұрыс шешім болмайды! Шешім қабылдайтын сәттегі шешімің дұрыс болса, болды. Сенің қиналып жатқаның абсолют (әрдайым) дұрыс шешім іздеп жүргеніңнен. Д.Жігітбек P.S.абсолют дұрыс шешім жоқ екен деп абсолют шешім қабылдай беруге де болмайды, әйтпесе өміріңнің абсолютын білмеймін, бірақ точно салюты шығат
Алаш зиялылары: — Бізді келер ұрпақ халық үшін атқарған еңбегімізбен еске алар… Келер ұрпақ: — Суреттерін оверсайз футболкаға басып шығарайық🥲
Исламтанушылар назарына және басқада мамандық иелеріне: Ойлашы, универ қабырғасында жарытып оқымағансың. Оқитын кезде оқу орнына басқа нәрсемен, нәпсінің әлегімен шұғыл болдың. Уақыты жетіп, оқуды бітіріп, бір мешітке кіріп, бір бұрышта орындық үстінде отырсың. Алдыңда ашулы Құран тұр. «Кім кіріп Құран бағыштатар екен?» деп күтіп отырғанда, қолына айген пакет ұстаған, басына былай тартса былай жетпейтін, былай тартса былай жетпейтін орамал таққан орта жастағы апай келіп, Құран оқытып, 2000 теңге беріп: «Қабыл болсын», – деп кетіп бара жатыр. Ойлаш 🥲 Жамағат жинап сабақ берейін десең де, дұрыс бітірген кітабың жоқ. Өлім ба? Қалай, мұнан кейін оқығың келіп кетті ме? 😅
Дінді шынайы қолдаушыны қорлаушы деп ал қорлаушыны қолдаушы деп көретін уақыт 😕