tgindex
д

долана 🍃

Статистика
@kopnuckteрусский
Последний пост
22 июл.
Последнее чтение
ещё не заходили
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
русский
В каталоге с
16 авг.
Подписчики
147
0 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
214
20 постов
Вовлечённость
145,6%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
47
1/48двое суток
53
1/72трое суток
58

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Ұлы режиссер Сергей Параджанов түрмеде отырғанда, Феллини және Антониони сынды әлемге әйгілі достары оған 40 мың доллар жинап көмектеспек болады, бірақ билік бұдан бас тартады. Соған қарамастан, Феллини оған үнемі сәлемдемелер жіберіп тұрады. Ал Параджанов түрме бастығына оны «Италиядағы інім Фёдор» деп әзілдеп түсіндіреді. Қамауда сурет салуға қатаң тыйым салынғандықтан, режиссер айранның фольга қақпақтарын жинап, тырнағымен ұлы адамдардың бейнесін бедерлеп «Параджанов медальдарын» жасайды. Кейін бұл қолдан жасалған медальдармен Феллини, Софи Лорен сияқты әлем жұлдыздары марапатталды. Нағыз данышпанның қамауда жатса да, қиялы мен талантына тұсау салынбайды.

  • Бұл — Ливан жазушысының әлемге әйгілі трагедиялық махаббат хикаясы.

  • Gerçeği görmeliyiz, dostum başka çaresi yok….

  • без подписи

  • Менің екі есімім бар Бізді соғыс емес, Соғыс туралы жаңалықтар өлтіруде. Үміт аппақ көгершін еді, Қанаты сынды. Қауырсанына сіңген оқ дәрінің иісінен құтылмақ болып, қайта-қайта аунай береді топыраққа. Соғыс туралы ойлардан қаштым... Күндерім төрт қабырға ішінде жылжып жатыр, Жұмыс орным мен үй арасын жалғаған жолда, Қаншама сезімдерімді төгіп алдым екен? Қаншама сезімдерімді таптады екен адамдар? Қызым қолымен жүрек пішінін жасауды үйреніпті, Не екенін білмесе де, жасағаны ұнайды өзіне. «Жүрек ешқашан кеудені жарып шыға алмайды»,- дейді, әкем. « Жүрек бұрқылдап қайнап жатқан қазан секілді»,- дейді, анам. Айтылған сөздердің үнсіздігінен шаршадым, Жүгірген аяқтардың жете алмауынан шаршадым, Өзімді жетектеген өзімнен де шаршадым. Сүйеніш аңсаған иықтар, Қала көшелерінде теңселіп барады. Құдды жел шайқаған ағаш секілді, Қашан құлайтынын білмейтін. Менің екі есімім бар, Мен жалғыз емеспін... Мехриддин Өтегенов

  • Ай Рияд Әл-Салех Әл-Хусейн Қойшының тауға айтқандарын, Өзенге, ағаштарға айтқандарын, Адамдардың айтқандарын да, айтпағандарын да, Би алаңдарында, шайқас далаларын да, Мен саған айттым. Терезе алдында ән салған қыз туралы, Және пойыз дөңгелегінің астында үгілген қиыршық тас туралы, Ғасырлар бойы ұйықтап жатқан бақытты зираттар туралы, Мен саған айттым. Күн сайын денемнен гүлдерді жұлып, Саған лақтырамын, Көшеге лақтырамын, Басшылар мен ойлы адамдар, Тіпті ұрылар да таптасын деп... Күн сайын денемнен гүлдің сарғайған жапырақтарын жинап, Саған әкелемін, Және өткенімнің бәрін айтып беруге асықпын. Бірде жаныңда отырып құсадан жылап жібердім, Жүрегім – өртенген күріш алқабы сынды. Саусақтарым – салақтаған иттің тілі секілді. Өзімді барынша танытқым келді: Шыныны сындырып, Терезені ашып, Ұйықтап, Бірақ істей алмадым... Жиырма алты жылдан кейін не айтамын? Немесе босқа атылған жиырма алты оқтан кейін? Сөйлегеннен, қарыздан, жұмыстан шаршап кеттім. Бірақ еркіндіктен ешқашан шаршамаймын. Міне, мен нені һәм нелерді армандайтынымды білемін: Сөз нан мен жүзімге айналсын, Құсқа немесе төсекке айналсын. Сол қолыммен сенің иығыңды құшып, Оң қолыммен әлемді құшып, Айға айтамын: - Бізді суретке түсір.

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Ibrahim Nasrallah Ибраһим Насралла — палестин әдебиетінің тірі классигі. 1954 жылы Amman қаласында дүниеге келген. Ата-анасы 1948 жылы Палестинадан Иорданияға өткен босқындар еді. Яғни, ол «жоғалған үйдің» баласы болып өсті ...

  • құдай - құлына қалай өкпе артсын…

  • 🌻 біз еркіндік үшін күресеміз, Мешіт мұнарасынан төгілген азан үні, жалған күлкімен безенген көгілдір экрандар, Қоқыс жәшігі маңында шашылған газеттер де, тіпті өткеніне байланған шалдар да, бізді сүріндіре алмайды. біз еркіндік үшін күресеміз... күзет мұнарасынан төнген көздерге қарамастан, қара халықтың жарақат қолдарына қарамастан, иығымзды талдырған оқулықтарға қарамастан, тіпті, бұрмаланған тарихтың өзі де бізді сүріндіре алмайды біз еркіндік үшін күресеміз, аспанға шаншылған темір тікендермен, алаңдарды тынымсыз күзеткен мылтықтар, сөзімізді жұтып қойған қалың заңдар да, тіпті, кісен мен қараңғы тордың өзі де бізді сүріндіре алмайды.һ біз еркіндік үшін күресеміз, өлкені шарлаған радио толқындары, алыс мінберлерден үзіліп жеткен үндеулер, бағаналарда күн қақтаған плакаттар да, тіпті, шексіз салықтар мен төлемдер де, бізді сүріндіре алмайды. біз еркіндік үшін күресеміз...

  • 🩸🩸🩸 Бұл кезең – бүкірді түзейтін моладай қатал... Әкем мен әкемдейлердің буынындай ұмытшақ. Әжемнің әжімді алақанындай мұңлы және мен туған жердің топырағындай көне. Бұл кезең – Ағамның шеке тамырындай андыздалып тұрады сосын сорға туған сұлулықтай қасіреттене кетеді кейде... Бұл кезең – Өмір бойы аттан түспей соңында төсекке таңылған атамдай жуас, Тілегі сынған апамдай момын. Ерте кеткен ағамның отын өшірмей отырған жеңгемдей өкпешіл және Өзімдей үнсіз...

  • Досым, екеуміздің жолымыздың түйіспейтінін білесің. Сенің арманың — маған жат, менің арманым — саған жат. әңгімеміздің ауанын темекімді ернімнің ұшына қыстырған сәттен-ақ сезесің. Жалғыз қалуға мұрша бермейсің — жалғыздығымның ішінде де сен барсың. Екеуміз неше шынаяқ кофе, неше шыныаяқ шай іштік екен? Қанша ауыр ойларға тапталдық, қанша үмітімізді жоғалттық, қанша уақытымызды сарп еттік бір-біріміз үшін? Біз бір-бірімізді құтқарған жоқпыз… Бір-бірімізден қашқан да жоқпыз… Міне, есік алдында отырмын — сен кіріп келетіндей, көзімді есіктен алмай. Сен кіріп келетіндей, шәйнегімді суытпай отырмын, сырымды ешкімге айтпай, ішімде сақтап. Сен кіріп келетіндей, қызыма атыңды жаттатып отырмын. Сен кіріп келетіндей…

  • Мазамды алған шіркей ойларым санамның шекарасында бейбіт шеруге шықты. Олардың нендей наразылықтары барын, қандай арманның жалауын ұстағандарын білмеймін. Шіркей ойларым әуелде шіркей болмаған шығар дедім сосын. Бәлкім олар еркіндігі шектелмей тұрып, көбелек болған немесе мүлде менің санамнан тыс өмір сүрген шығар. Байғұс шіркей ойларым… Шерудің шыншыл саясатына сенетін ойларым, сендер білмейсіңдер… Менің тәнім жылдар бұрын өліп қалған жанымның бейіті ғана. Ал жаным ғасырлар үнін арқалап келген қосөркешті түйе секілді. Керуеннен адасқан, шаршаған, тамағы кеуіп, жанары шырмалған… Байғұс шіркей ойларым, Кешіріңдер… Сендер шеруге шыққан санамның шекарасы даламдай тарылған, суымдай тартылған… Жылы құшағымды ұсынар ем, әттең, бөтен біреулер еніпті онда, Жылы сөзім де қалмапты, жұлма да жұлма… Мазамды алған шіркей ойларым санамның шекарасында бейбіт шеруге шықты. Аман қайтса екен әйтеуір… 21.10.2023/ 8:30 Аманжол Ақжан #aiqyzy