Мамский әңгіме
Статистика- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 13 авг.
- Постов за неделю
- 11
- Всего постов
- 31
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 203
- 1/48двое суток
- 232
- 1/72трое суток
- 250
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
Сіздерге тағы бір арнайы шығарылымды ұсынамыз🌷 Қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселені көтердік. Бұл жолы сұлулық пен денсаулық. Пластикалық ота және пациенттердің құқығы, отаға қалай дайындалу қажет, құқық бұзылғанда не істеу керек, сәтті және сәтсіз оталар жайлы талқыладық. Бұл шығарылымда кейіпкерлеріміз, дәргер және заңгер бар. Көкейіңіздегі сұраққа жауап таба аласыз Сілтеме: https://youtu.be/wJzxFxV6DWY?si=xpes3w9lKtD6lFcg
Кейде артық қыламыз деп тыртық қылып жатамыз Кейде дұрыс дәргер таңдай алмай қаламыз Біз қоғамдағы осы өзекті мәселе туралы айтамыз деп шештік. Бүгін 18:00-де жаңа шығарылымды күтіңіздер!
Алматыда 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды Қайғылы жағдай Наурызбай ауданындағы Alma City тұрғын үй кешенінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 17 жастағы қыз құрбыларына қонаққа барған. Марқұмның анасы қызына телефон шалған кезде, оның құрбыларымен бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын білген. Куәгерлердің айтуынша, қыз кейін жігітіне хабарласып, өзін алып кетуін сұраған. Жігіті келген кезде, қыз пәтерге көтеріліп үлгермей, терезеден құлап кеткен. Оқиғаға қатысты ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады. «Наурызбай аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Кім екенін бірге табайық😍
без подписи
Моңғолияның ең биік шыңын бағындырған қазақ қызы 🏔️ Астаналық Лашын Жанарбек Моңғолияның ең биік нүктесі — Алтай Таван Богд тау жүйесіндегі Хүйтэн шыңын бағындырып, 4374 метр биіктікте Қазақстанның көк туын желбіретті. Моңғолияға еңбек демалысын отбасымен бірге өткізуге барған Лашын үшін бұл сапар күтпеген сынаққа айналған. Кәсіби альпинист ағасы Нұрбектің ұсынысымен ол 15 жастағы інісін ертіп, үшеуі Хүйтэн шыңына бірге аттанған. Мәңгі мұздықтармен көмкерілген шыңға көтеріліп, қайта түсуге ағайындыларға 15 сағат кеткен. Бұл — отбасының тауға шығудағы жеке рекорды. «Әдетте Хүйтэн шыңына шығу үшін 2–3 күн уақыт бөліп, жол бойындағы кемптерге қонатынбыз. Бұл жолы ауа райының қолайлы болуы және үшеуіміздің бірлесіп әрекет етуіміздің арқасында кемптерге тоқтамай, бірден шыңға көтеріліп, қайта түстік», — дейді Лашын. Хүйтэн шыңы — Моңғолияның ең биік нүктесі. Оның биіктігі 4374 метр. Шың Алтай Таван Богд тау жүйесіне кіреді және күрделі табиғи жағдайы, қатал климаты мен мәңгі мұздықтарымен ерекшеленеді.
без подписи
без подписи
Әлі де кеш емес… Кешелі бері елімізде грантқа түскен студенттер қуанышын бөлісіп, бейнежазбаларын жариялап жатыр. Солардың арасында ерекше әсер еткен жандар да бар. Бірнеше баласы болса да, отбасы мен күнделікті тіршілігін қатар алып жүріп, білімге деген құштарлығының арқасында қайтадан оқуға түскен АНАЛАР бар. Бұл – біз үшін бүгінгі күннің ең маңызды құндылықтарының бірі. Өйткені білімге, өмірге, жаңа бастамаға, махаббатқа деген құштарлық жасқа да, жағдайға да қарамайды. Балалы болу – арманыңнан бас тарту емес. Отбасы құру – өзіңді ұмыту емес. Ал уақыттың өтуі – бәрі кеш деген сөз емес. Қыздар, егер жүрегіңізде бір арман болса – оған жетуге әлі де кеш емес. ❤️ Мүмкін, дәл қазір біреуге осы сөздер керек шығар…
Мамский әңгіме pinned «Жалғасы..👇🏻 Ол маған жиі хабарласып, үйге келетінін айтатын. Бірақ кейде шәй ішемін дегенімен, үйге келген соң жай ғана жатып демалып, біраз уақыттан кейін кетіп қалатын. Бір күні сабақтан келіп, душтан енді шыққан кезімде тағы да хабарласты. Сол кезде бір…»
Жалғасы..👇🏻 Ол маған жиі хабарласып, үйге келетінін айтатын. Бірақ кейде шәй ішемін дегенімен, үйге келген соң жай ғана жатып демалып, біраз уақыттан кейін кетіп қалатын. Бір күні сабақтан келіп, душтан енді шыққан кезімде тағы да хабарласты. Сол кезде бір-бірімізді көріп, екеуміз де сасқалақтап қалдық. Ол маған «сұлу екенсің» деген сөз айтты. Мен бұл сөзге мән бермеуге тырыстым. Бірақ көп ұзамай киім ауыстырып жатқанымда бөлмеме кіріп кеткен жағдай болды. Екеуміз үнсіз қарап тұрып қалдық, кейін ол кешірім сұрап, шығып кетті. Сол күннен кейін оның үйге жиі келетінін байқай бастадым. Мені бірге тамақтануға шақырып, ақша беруді жалғастырды, тіпті телефонымды жаңалап берді. Бірақ оның маған деген көзқарасы өзгергенін анық сезетін болдым. Бұрын қамқорлық сияқты көрінген әрекеттері енді мені керісінше алаңдата бастады. Мен бұл туралы әпкеме айта алмадым. Егер үйден кетсем, баспанасыз қалуым мүмкін еді, өйткені жұмысым да, тамағым да, оқуымды жалғастыру мүмкіндігім де осы үйге байланысты болатын. Анамды да алаңдатқым келмеді. Ең қорқыныштысы, «маған ешкім сенбейді» деген ой болды. Сөйтіп, бәрін ішіме жинап, үндемей жүре бердім. Бірақ күн өткен сайын қорқынышым күшейді. Бұрын өз үйімдей көрінген жер енді маған қауіпсіз сезілмейтін. Телефоныма хабарлама келген сайын жүрегім дүрсілдеп, үйге кіргенде оның бар-жоғын бірінші қарайтын болдым. Ең қиыны — мен ол кезде небәрі 17 жаста едім. Не болып жатқанын толық түсінетіндей тәжірибем де болмады. Бірақ бір нәрсенің дұрыс емес екенін ішім сезетін. Оның ақша беруі мен телефон алып беруі мені одан сайын шатастырып, кейде өзімді кінәлайтынмын. «Мүмкін, бәрін дұрыс түсінбей жүрген шығармын» деп ойлайтынмын. Бірақ уақыт өте келе оның әрекеттері шектен шыға бастады. Бір күні оның менімен оңаша қалуға тырысқанын түсіндім. Сол сәтте оның ниетін анық сезіп, өзімді шегіндіріп, әңгімені басқа жаққа бұруға тырыстым. Сол түні бөлмеме кіріп алып, ұзақ жыладым. Өзіме «Мен не үшін бұған шыдауым керек?» деген сұрақ қойдым. Мен ешкімге үміт берген жоқпын және оның маған ақша немесе телефон беруін сұраған жоқпын. Мен тек оқығым, білім алып, өз болашағымды құрғым келді. Сол кезде бір нәрсені түсіндім: кей адамдар материалдық көмекті кейін өзіне ыңғайлы жағдай жасау үшін пайдалануы мүмкін. Ақша — қамқорлықтың дәлелі емес. Сыйлық немесе телефон алып беру — адамның жеке шекарасын бұзуға рұқсат емес. Біреудің үйінде тұру да ешкімге сенің шекараңнан аттауға құқық бермейді. Мен ұзақ уақыт бойы өзімді кінәлап, «мүмкін, мен қателесіп жүрген шығармын» деп жүрдім. Бірақ ішкі түйсігім мені алдамады. Ақырында бұл үйден кетудің жолын іздей бастадым. Оқуым мен қаржылық жағдайым қиындаса да, бұрынғыдай қорқынышпен өмір сүргім келмеді. Бұл жағдай маған үлкен сабақ болды. Қазір мен 28 жастамын, әлі тұрмыс құрған жоқпын. Мен үшін қазір ең маңыздысы — алдымен өз үйім, өз жағдайым болып, өзіме де, болашақ балаларыма да ешкімнің қолына қарамай өмір сүруге мүмкіндік жасау. Себебі мен тәуелсіздіктің тек ақша табу емес екенін түсіндім.