tgindex
маяк ханафитов І منارة الأحناف

маяк ханафитов І منارة الأحناف

Статистика
@manaratul_ahnafказахский

оянғанның міндеті — ұйқыдағыларды ояту.

Последний пост
9 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
147
0 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
113
20 постов
Вовлечённость
76,9%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
89
1/48двое суток
101
1/72трое суток
110

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • إذا خطب الغني بنات قوم رقصن من المسرة والبشارة ولو جاء الفقير ولو تقيًا ذهبن إلى صلاة الاستخارة عطس الغني فقال ممن حوله رحم الإله حبيبنا واخانا وأتى الفقير بعطسة فتأففوا من ذا الذي بزكامه آذانا إن الغني وإن تكلم بالخطأ قالو أصبت وصدقوا ما قال وإذا الفقير أصاب قالوا كلهم أخطأت ياهذا وقلت ضلالا إن الدراهم في المجالس كلها تكسو الرجال مهابة وجلالا فهي اللسان لمن أراد فصاحةً وهي السلاح لمن أراد قتالا

  • 5 авг.101123

    шейх шариф хатим аль-‘ауни, хафизахуллах, жазады: «кез-келген ғалымның сөзін дұрыс түсіну үшін оның өмір сүрген дәуіріндегі ғылыми ортаны, сол кезеңнің негіздерін, сондай-ақ сол уақытта жүрген діни, ақидаға қатысты және мазхабтық пікірталастарды білу өте маңызды. осындай тарихи әрі ғылыми контекст ғалымның сөзін дұрыс түсінуге көмектеседі. ал осыны елемеу — ғалымдардың сөзін қате түсінудің ең үлкен себептерінің бірі». аль-истиуа: 102.

  • без подписи

  • без подписи

  • сол ақсақалдың сөзіне пікір білдіріп жерге ұруды құдайдан түскен парыз секілді жасап, жан-жақтан талағандарына не үзір бар?

  • 5 авг.127124

    қазір көбі исламофобия дерттерін басқа нәрселермен жасырады. дәстүрмен, этикамен деген секілді. мәселен, ауызды шайып, мұрынның боғын тастайтын жерге аяқ жуса ол этикетке жатпай қалады екен. неге десең, енді ол жерге бет жуады ғой деседі. аяқ жуған кезде сол аққан суды кері құйып қоймайды ғой немесе кранның су шығатын жеріне аяғын тықпайды ғой. жәй исламды жеккөретін дерттерін жасырады. әйтпесе сол раковинаға сіңбіріп те жатыр ғой өздері. мен аяқты жуа беріңдер демеймін. әсілі дәретпен жүрген дұрыс. мұсылман адам уақытын, жұмысын намаздарына ыңғайлап, алдын ала дәретін алып шығады. бірақ, кейде қысылтаяң уақыттарда аяқ жуу керек болып, жүрегінде дерті барлар сөйлесе — басты тік ұстап, сөйлейтін жерде сөйлеп жүріңіздер. қазіргі қоғам да, біраз ұстаздар да сіздерді жуас болуға, құқығы жоқ бейшара болуға һәм қоғамның стандарттарына сай болып дініңді бұғып қалуға тәрбиелеп жатыр. әсілінде мұсылманның мінезі болуы керек.

  • кейбір нәрселер өздігінен харам болады және тек харамдық дәрежесі артады. мәселен, бір адамға себепсіз зақым келтіру — харам, ал анаңа зақым келтіру одан да асқан харам. музыка да сол секілді — ол өздігінен харам, ал мағынасы дұрыс емес болса ол одан өткен харам болады, яғни күнәсі арта береді. мағынасы дұрысталғаннан халал болып кетпейді.

  • МУЗЫКА. «ешкім шариғаттан сөйлемесін, сөйлейтін болса муфтиятта жауапты адамдар бар»,- деп, барлығының бірдей аузына қақпақ болып, шариғат тек муфтиятқа түскендей қылу дұрыс емес. жарайды, муфтият бар екен, муфтият музыка туралы не дейді? адалдап отыр емес пе? иә кей адамдар дөрекі сөйлейді, тілек орнына үкім айтады, ол жақсы емес те шығар. бірақ, сен ол кісінің дөрекілігін, орны емес жерде сөйлегенін айтып сөк, неге музыка харам деген дұрыс үкімін сөгесің?! жалпы, музыканың мағынасы дұрыс болса халал, дұрыс болмаса, нәпсіні қоздырса харам деген үкімді қай ғалым қай кітабында айтты екен, соны білгім келеді. 10 жыл бойы естіп келе жатырғанымыз осы шарт «музыка халал болуы үшін мағынасы дұрыс болуы керек» — кім қойды бұл шартты?

  • мұсылман қызы 1000 жыл бұрын. қазір де, бұрынғы заманда да бүтін ғұмырын ілімге арнау үшін некеден бас тартқан ғалымдар болғаны белгілі. шейх ‘абдуль-фаттах абу ғудда, рахимахуллах, сондай [некеден бас тартқан] 35 ғалымның өмірбаянын «‘уляма-уль-‘уззаб аллязина асаруль-‘ильма ‘аля зауаж» [ілімді некеден абзал көрген бойдақ ғалымдар] атты кітапқа жинақтаған. сол ғалымдар арасында ахмад аль-маруазидің қызы карима да бар етін. бұл 1000 жыл алдын өмір сүрген, өзінің ғұмырын пайғамбардың ﷺ хадистерін зерттеуге сарп еткен ұлы ғалым әйел. бұл ғалым әйел жайында хатыб аль-бағдади, имам аз-захаби секілді ұлы ғалымдар жазған. карима хижра бойынша 363 жылы дүние есігін ашып, тура 100 жыл өмір сүріп, 463 жылы Раббысына қайтқан. ол өзінің бүтіндей ғұмырын ілімге арнап, бұл дүниеден қыз күйінде өткен. ислам әуелбастан осылай әйелдерді ілімге шақырған етін. осыдан 1000 жыл! бұрын кәпірлер әйел затын адам санатына қоспай, тән рахаты үшін жаралған мақұлық деп жүрген кезде, мұсылман әйелдері белсенді түрде ілім зерттеп, ғалымдар арасында ұлы мәртебеге ие болған. исламда әйел заты ерекше статусқа ие — және қияметке дейін ие болады. бұл нығмет үшін Аллаһқа сансыз шүкір.

  • имам байхақи, рахимахуллах, пайғамбар ﷺ ухудтағы шахидтерді зиярат етіп, былай деп айтқанын жеткізеді: اللهم إن عبدك ونبيك يشهد أن هؤلاء شهداء ، وأنه من زارهم أو سلم عليهم إلى يوم القيامة ردوا عليه «Аллаһым, расында Сенің құлың әрі елшің — мына жатқандардың шахид екеніне куәлік етеді. және расында, кім оларды зиярат етсе, қияметке дейін сәлем беретін болса, олар жауап береді». далаиль ан-нубууа: 3/307. имам аль-хаким, рахимахуллах, айтады: «осы риуаятты жеткізушілердің бірі аттаф ибн халид жалғастырып айтады: وحدثتني خالتي أنها زارت الشهداء فسلمت عليهم، فسمعت رد السلام، وقالوا: والله إنا نعرفكم كما يعرف بعضنا بعضاً، قالت: فاقشعررتُ «нағашы апам маған: «мен шахидтердің қабіріне барып, оларға сәлем бердім. сонда олардың сәлеміме жауап қайтарғанын естідім. олар: «Аллаһтың атымен ант етеміз, біз сендерді бір-бірімізді танығанымыздай жақсы танимыз", – деді», – деп айтып берді де, «сол кезде денем түршігіп кетті» -, деп айтты». аль-мустадрак: 3/570.

  • قل ما أزال الله تعالى نعمةً من قوم فردَّها إليهم «Аллаһ тағала біреуді нығметтен айырса, кейін ол нығметті кері беруі — өте сирек болатын құбылыс». ибн аби джамра. бахджату нуфус: 4/386.

  • салиқалылар үнсіздікте болса, пасықтық белең алады. егер қандай да бір қажылық компаниядан не ұстаз емес, не ілімі белгісіз біреуді, не блогерлерді гид ретінде көрсеңіз — ескерту жасап, ілімі мен тақуалығы бар гидтерді алуды айтып жазып жіберіңіздер!

  • 2-3 есе ақшаны компанияларға сарпығанша, өздеріңіз 2-3 аптада жақсылап умра, қажылық фиқһын өтіп, мекке мединені зерттеп, өз беттеріңізбен барған дұрыс. немесе 5-6 отбасы болып немесе 10 шақты бауырлар болып, бір ұстаздың еңбек ақысын, жолын көтеріп, ілімін алып, умраға барып қайтқандарыңыз дұрыс. ұстаз да умраға барып, ілімін береді, сіздер де умра жасап, ақшаларыңызды үнемдеп, надан гидтердің адасушылығынан есендікте боласыздар.

  • умра сапары ол — адам өміріндегі ең қасиетті сапарлардың бірі. бұл сапардан адам рухани байып, өмірін бір саралап, ілім оқып, малын, күшін сарпып, сопиан күйде қайтуы тиіс. кезінде бабаларымыз жоғарыда мен сипаттағандай умраға сапар шеккен болса, қазір барлығы оңай. гид деген нәрсе шықты. мүйізі қарағайдай қажылық компаниялар қажыларды ойлау емес, интернетте пасықтығын ашық жариялап, музыкамен тренд қуған, «лицосы» болғаны үшін һәм иманға келушілердің басым бөлігі жастар болғаны себепті өмір көрмеген, не ілімі мен сопылығы бойына дарымаған жас балдарды жұмысқа алып әлек. қазір қажылық компаниялар қажыларды ойламайтын секілді. барынша көп аудитория тартсам, 1 жыл алдын алынған гостиница номерлер күйіп кетпей тұрғанда адам толтырсам, бақталастардан озсам деген мақсұдпен жұмыс істейтіндей.

  • احفظ لسانك أن تقول فتُبتلى إن البلاء موكّل بالمنطق

  • әріптің сипаттары бізді әдепке үйретеді. وَعِبَادُ ٱلرَّحۡمَـٰنِ ٱلَّذِينَ يَمۡشُونَ عَلَى ٱلۡأَرۡضِ هَوۡنًا وَإِذَا خَاطَبَهُمُ ٱلۡجَـٰهِلُونَ قَالُواْ سَلَـٰمًا {Рахманның хас құлдары жер бетінде сыпайылықтың шегінен аспайтын жандар. оларға жөн білмес надандар тіл қатқанда, оларға: «аман болыңдар!» – деп, өз жөніне кете барады}. фурқан: 63. осы аятта {هَوْنًا — кішіпейілділік} сөзі қалай естілетініне назар салыңыздар. бұл дыбыстар өзінің жұмсақтығымен, жеңіл ағымдылығымен бізге кішіпейілділік мінезін сездіреді. біз құранды тек ақылмен емес, құлақпен де тыңдар болсақ, бұндай мысалдар өте көп.

  • «енді білгін! өміріңнің алғашқы бөлігі артта қалды, ал алдыңда қалғаны — аз ғана ғұмыр. он перзентінің тоғызынан айырылған ана, бар мейірімін, қамқорлығы мен махаббатын аман қалған баласына арнамай ма? өміріңнің біраз бөлігін зая кетірдің, енді қалған бөлігін сақтап қалуға тырыс. Аллаһтың атымен серт! сенің өмірің сен туылғаннан басталған жоқ, сенің өмірің — Аллаһты танығанда басталды». нәпсімен күрес.

  • мұсылмандар арасында «мубах» пен «сүннетті» бір деп ойлайтындар бар. жоқ, екеуі бір емес. мубах ол түсінікті, өз еркіңдегі нәрсе. ал сүннет ше? сүннетті де солай көреді біздің қоғам. әсілінде сүннет «істелуі керек!» нәрсе, тек жасамасаң жазаланбайсың. әйткенмен, жазаланбайды деуге келе ме? егер иманың әлсірейтін болса, қияметте пайғамбардың ﷺ шапағаты тимесе, хауызынан су іше алмасаң, сенен мубарак жүзін бұратын болса? сондағы жазаланбайсың дегені «телесный» жаза ғана жоқ, яғни дүре соғылмайды. өкініш! дүремен жазаланып құтылғаныңда етті.

  • әйел еркек болып отырып подкаст істейтін, сондайды норма қып көрсететін, одан кейін парақшалары, сториздары толған музыка, не ісі, не жүргізген блогы, не киімі шариғатқа сай келмейтін, қарапайым мұсылмандарды ғалымдармен таныстырмайтын, не нақты кітаптан беріп жатқан сабағы жоқ ✌🏻ұстаздар мен ұстазаларды✌🏻бойкоттайтын уақыт келген секілді. өзің үшін бойкот тізіміне қосып қой, сенің иманыңды әлсіретіп, модернис қылып жібермес үшін.

  • бауырдың ақысы — оны көмек сұрауға дейін апармай, өзің жағдайын сұрап, қызметінде болу. бауырдың ақысы — оны ұнамайтын лақап атпен атамау. бауырдың ақысы — ол ұнатпайтын әңгімені айтпау. бірақ, ескерту, насихатты айту міндет, егер шариғат шеңберінен шығып жатса.