ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
СтатистикаҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары 🇰🇿 🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru 🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz 🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
- Последний пост
- 07:11
- Последнее чтение
- 10:28
- Постов за неделю
- 15
- Всего постов
- 40
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Стройка
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 183
- 1/48двое суток
- 209
- 1/72трое суток
- 226
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
📌 Қазақстанда толыққанды геологиялық түсірілім бойынша 20 жоба іске асырылуда Қазақстанда ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 1:200 000 масштабтағы…
📌 Қазақстанда толыққанды геологиялық түсірілім бойынша 20 жоба іске асырылуда Қазақстанда ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 1:200 000 масштабтағы өңірлік зерттеулер жүргізілуде. 2026 жылдың соңына дейін геологиялық-геофизикалық зерттелген аумақты 2,2 млн шаршы километрге дейін жеткізу жоспарланып отыр. 🔎 Сонымен қатар негізгі бағыттардың бірі — 1:50 000 масштабтағы неғұрлым егжей-тегжейлі геологиялық түсірілімге (ГС-50) көшу. 2026 жылы алтын, мыс, полиметалдар, сирек жер элементтері, литий, вольфрам, молибден және басқа да стратегиялық пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелерін анықтауға бағытталған 20 ГС-50 жобасын іске асыру басталды. Жобалар аэро-геофизикалық, геохимиялық және зертханалық жұмыстарды, Жерді қашықтан зондтау деректерін дешифрлеуді, бұрғылау жұмыстарын және ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулерді қамтитын кешенді зерттеулерді қарастырады. ✔️ Сонымен қатар аз зерттелген Солтүстік Торғай және Шу-Сарысу мұнай-газды шөгінді бассейндерінде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарының алты жобасын іске қосу жоспарланған. 🖋 Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық тұрғыда аукцион қорытындысы бойынша түсетін қол қою бонусы түсімдерінің кемінде 50%-ын осы мақсаттарға бағыттау бекітілді.
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы Мемлекет басшысының отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда Қазақстанда жарты жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 19 жаңа жоба іске қосылды Қазақстанда…
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы Мемлекет басшысының отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда Қазақстанда жарты жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 19 жаңа жоба іске қосылды Қазақстанда жарты жылда 8,5 мыңнан астам жалдамалы пәтер бөлінді Жобаларды мемлекеттік сараптамаға тапсыру кезінде жасанды интеллектті қолдану арқылы құжаттардың толықтығын тексеру қызметі іске қосылды Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) барлауға өтінімдер қабылдау басталды Мемлекеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын құрылыс жобалары енді Qportal арқылы жүргізіледі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бойынша семинар өтті 📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.
@minpromstroykz
✅ Қазақстанда жарты жылда 8,5 мыңнан астам жалдамалы пәтер бөлінді Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 8 649 жалға берілетін пәтер бөлінді, оның ішінде 5361 тұрғын үй жекешелендірілді. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық…
✅ Қазақстанда жарты жылда 8,5 мыңнан астам жалдамалы пәтер бөлінді Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 8 649 жалға берілетін пәтер бөлінді, оның ішінде 5361 тұрғын үй жекешелендірілді. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев жалдамалы тұрғын үйді бөлу тетіктері туралы баяндады. Деректерге сәйкес, жалпы ел бойынша 980 мыңнан астам азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұр. Олар үшін жалға берілетін тұрғын үй және жеңілдетілген ипотекалық қарыздар түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. 🔑 Жалдамалы тұрғын үй табысы төмен немесе табысы жоқ азаматтарға кезек ретімен және отбасы мүшелерінің санына сәйкес беріледі. Жалдамалы тұрғын үй мынадай тәртіппен: тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20%-ы жетім балалар арасында, 50%-ы бірінші кезектегі құқығы бар азаматтардың 7 санаты арасында бөлінеді. Қалған үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған өзге азаматтарға беріледі. Жалға берілетін тұрғын үйді алу кезінде тұрғын үйді жалдау шарты жасалады. Осы шарт негізінде отбасы тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін сақтаған кезеңде пәтерде мерзімсіз тұра алады. Тұрғын үйді пайдалану кезінде тұрғын үй заңнамасының талаптары мен жалдау шартының талаптары сақталған жағдайда, азаматтарды тұрғын үйден шығаруға негіз болмайды. «Егер азаматтар жалдамалы тұрғынжайдан бөлек меншігіне үй алса, онда олар жалдамалы тұрғын үйді әкімшілікке қайтару керек. Жалға алушы азамат қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй отбасы мүшелеріне өтеді. Жекешелендіру кезінде азаматтар жалға берілген тұрғын үйді қалдық құны бойынша бірден немесе 15 жылға дейін бөліп төлеу арқылы сатып ала алады. Сондай-ақ тұрғын үй заңнамасында айқындалған кейбір азаматтар жалдамалы тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіре алады. Биылғы 6 айда 8649 тұрғын үй бөлінді. Оның 5361-і жекешелендірілген», — деп түсіндірді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев. Сондай-ақ ол жекешелендірудің ерікті таңдау екенін атап өтті. Келесі мемлекеттік қолдау шарасы – жеңілдетілген ипотекалық қарыздар. 👥 Жеңілдетілген ипотекалық қарыздар «Отбасы банк» арқылы 2% және 5% мөлшерлемемен беріледі. Азаматтардың 8 санатына, яғни ҰОС ардагерлері, жетім балалар, көп балалы аналар мен отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалары бар отбасылар, басқа мемлекеттер аумағында болған ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлері мен жесірлерге теңестірілген ардагерлерге 2% мөлшерлемемен беріледі. 🤩 Жеңілдетілген ипотеканың бастапқы жарнасын өтеу үшін азаматтарға қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты түрінде қолдау қарастырылған. Жартыжылдық қорытындысы бойынша 1976 сертификат табысталды. Сертификат алушылар санаттарының тізбесі және мөлшері мәслихаттар шешімімен айқындалады.
🏗️ Қазақстанда жарты жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 19 жаңа жоба іске қосылды Құрылыс материалдарын өндіру – ішкі нарықты, импортты алмастыруды және жұмыс орындарын қамтамасыз ететін Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Оның…
🏗️ Қазақстанда жарты жылда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 19 жаңа жоба іске қосылды Құрылыс материалдарын өндіру – ішкі нарықты, импортты алмастыруды және жұмыс орындарын қамтамасыз ететін Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Оның дамуы ауқымды инфрақұрылымдық және тұрғын үй жобалары үшін стратегиялық маңызға ие. Бүгінде отандық өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асып отыр, бұл бағытта 3 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Жаңа өндіріс орындарын құру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері елімізде керамогранит плиткаларын, PIR сэндвич-панельдерін, ПВХ және алюминий фасадтарын, витраждар мен терезелерді, ALC-панельдерді, жылу оқшаулағыш минералды мақта плиталарын, бетон құбырларды, дәнекерленген қос таврлы арқалықтарды, профильді табақтарды және басқа да өнімдерді шығаратын 19 өндіріс орны іске қосылды. Жобаларға салынған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 50 млрд теңгені құрады, 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 💼 Сонымен қатар тағы 29 кәсіпорынды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, жыл соңына дейін отандық құрылыс материалдары нарығының қажеттілігін 48 жаңа өндіріс орны қамтамасыз ететін болады. Оларға шамамен 202,2 млрд теңге инвестиция тартылып, 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Атап айтқанда, баспалдақтар, кәріз сақиналарын, жылу трассаларының науаларын, микрокальцитті, модульдік жылыжай конструкцияларын, жол құрылысына арналған топырақ тұрақтандырғышы, жасанды мәрмәр және басқа да өнімдерді өндіру жоспарланған. Іске асыру кезеңінде жалпы құны 380 млрд теңге болатын тағы 28 жоба бар, оларды 2027-2028 жылдары іске қосу күтілуде. Бұл 3,4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде шамамен 1,6 мыңы – ауылдық жерлерде. Кәсіпорындар жоғары технологиялық темірбетон модульдерін, металл конструкцияларын, фиброцемент панельдерін, санитарлық керамиканы, гипсокартонды, құрғақ құрылыс қоспаларын және басқа да өнімдерді шығарады. Бұдан бөлек, әртүрлі пысықтау кезеңдерінде құны 192,7 млрд теңге болатын 29 жоба бар. Олардың қатарында көпір конструкцияларын, металл есіктерді, қабырғалық панельдерді, шыңдалған әйнекті, керамзит блоктарын, шыны оқшаулағыштарды, желілік-аспалы арматураны және басқа да өнімдерді өндіруге бағыталған жобалар бар. Аталған жобалар іске асырылған жағдайда 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. 🗯 «Жобаларды іске асыру отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға, шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуге, құрылыс кешенінің импортқа тәуелділігін төмендетуге, өндірісті локализациялау деңгейін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Барлығы биыл және алдағы жылдары іске асыру көзделген 105 жоба бойынша шамамен 775 млрд теңге инвестиция тартылып, 10,4 мың тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда, оның 5,7 мыңы ауылдарға тиесілі болады», – дейді QazIndustry жобаларды мониторингілеу және талдау дирекциясының басшысы Зәуре Нұрғалиева.
📄 Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды барлауға өтінім қабылдау басталды Қазақстан Республика Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қатты пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініштер қабылдау басталғанын…
📄 Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды барлауға өтінім қабылдау басталды Қазақстан Республика Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қатты пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды. 2026 жылғы 4 маусымдағы № 283 Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы бұйрық шеңберінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін 138 мыңнан астам блокты қамтитын аумақтар ашылды. 📅 Өтініштер 2026 жылғы 12 тамыздан 11 қыркүйекке дейін Бірыңғай жер қойнауын пайдаланушылар платформасы (БЖП) арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады. Бір блокқа (блоктарға) екі және одан да көп өтініш келіп түскен жағдайда, тиісті аумаққа жер қойнауын пайдалану құқығы аукцион қорытындылары бойынша беріледі. 🔗 Ашылған аумақтардың тізбесімен және тиісті бұйрықпен келесі сілтемеге өтіп танысуға болады
без подписи
🚀 @minpromstroykz
🧠 Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалау құжаттамасын ЖИ тексереді «Мемсараптама» РМК мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалау құжаттамасының толықтығын тексеруге арналған жасанды интеллект технологиялары негізіндегі пилоттық модульді енгізді. Енді…
🧠 Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалау құжаттамасын ЖИ тексереді «Мемсараптама» РМК мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалау құжаттамасының толықтығын тексеруге арналған жасанды интеллект технологиялары негізіндегі пилоттық модульді енгізді. Енді барлық жобалар жаңа цифрлық шешімнің көмегімен міндетті түрде алдын ала тексеруден өтеді. 🧠 ЖИ-модуль құжаттардың құрамын, рұқсат беру құжаттарының өзектілігі мен қолданылу мерзімін, олардың нақты жобаға тиесілі екенін, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Ол үшін компьютерлік көру, мәтінді оптикалық тану және құжаттардың құрылымы мен мазмұнын талдауға мүмкіндік беретін тілдік модельдер технологиялары қолданылады. Нәтижесінде құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі бес жұмыс күнінен екі жұмыс күніне дейін қысқарды. Өтініш берушілер ескертулер туралы ақпаратты бұрынғыдан екі еседен астам жылдам алып, сараптаманың келесі кезеңдеріне жедел өте бастады. 📖 Жасанды интеллект алдын ала талдау құралы ретінде пайдаланылады. Жобаны мемлекеттік сараптамаға қабылдау немесе оны кері қайтару туралы түпкілікті шешімді «Мемсараптама» РМК мамандары қабылдайды. ✔️ Пилоттық модуль ұлттық суперкомпьютер базасында жұмыс істейді және QPortal.kz жүйесімен интеграцияланған. Бұл шешімді іске асыру сараптамалық қызметтің тиімділігін арттыруға және құрылыс саласын одан әрі цифрландыруға бағытталған.
без подписи
без подписи
без подписи
Полный производственный цикл – основа промышленной независимости 📌 Финансовое стимулирование неразрывно связано с развитием реального сектора. В центре внимания Правительства находится реализация поставленной Президентом задачи по созданию полного производственного цикла внутри страны, начиная от глубокой переработки сырья и заканчивая выпуском готовой продукции с высокой добавленной стоимостью. Развитие локализации позволяет снижать зависимость от импорта, увеличивать загрузку отечественных предприятий и создавать новые высокопроизводительные рабочие места. В рамках этой работы с 2024 года в Казахстане реализуются масштабные инвестиционные проекты. В легкой промышленности ключевым вектором стало формирование полного цикла переработки хлопка: на территории СЭЗ «TURAN» в Туркестанской области ТОО «Туркестан текстиль» совместно с LIHUA GROUP ведет строительство современного текстильного комплекса полного производственного цикла. На одной производственной площадке будут сосредоточены все этапы — от прядения до выпуска готового домашнего текстиля. Реализация проекта позволит создать 1,3 тыс. рабочих мест. Качественную динамику демонстрирует автомобилестроение, где компетенции казахстанских предприятий перешли от крупноузловой сборки к мелкоузловой сборке, благодаря чему средний уровень локализации доходит до 40% по некоторым маркам автомобилей. С 2024 по 2025 год введены в эксплуатацию автозаводы KIA Qazaqstan мощностью 70 тыс. авто в год и мультибрендовый Astana Motors Manufacturing Kazakhstan – 120 тыс. авто в год для CHANGAN, Great Wall Motor и Chery. Пареллельно расширяется компонентная база: в Сарани запущен шинный завод Tengri Tyres, в Алматы действуют предприятия Kazakhstan Mobility Engineering по выпуску мультимедийных систем Hyundai, модулей HVAC и напольных покрытий) и Almaty Autoparts Production, производящее автосидения, а в Костанае специализированный Локализационный центр автокомпонентов. В сельскохозяйственном и железнодорожном машиностроении важнейшим шагом стал старт производства техники John Deere на базе «АгромашХолдингKZ», локализация дождевальных машин Valley компанией Valmont Industries, сборка пассажирских вагонов швейцарской Stadler в Астане и достижение 45% уровня локализации на локомотивном заводе Wabtec. Кроме того, налажен выпуск спецтехники с XCMG Group (ТОО «Barys Truck Manufactory»), телевизоров и стиральных машин Samsung в Сарани и сборка телевизоров Xiaomi в Алматы. Также на производственной площадке ТОО «Машиностроительный завод «КАЗТЕХМАШ» в городе Петропавловске организовано производство дорожно-строительной техники мирового бренда LiuGong. В металлургии и химпроме введены в строй заводы по выпуску стальных труб большого диаметра («ТЭМПО-Казахстан»), алюминиевой упаковки («QazAlPack»), алюминиевых радиаторов («Silumin of Qazaqstan»), а также жидкого стекла, силиката натрия и метилэтанола. Системный эффект обеспечивает комплексная государственная поддержка. Промышленным проектам предоставляется долгосрочное льготное финансирование через институты развития холдинга «Байтерек», действует 21 соглашение об инвестициях и 18 специальных экономических зон, включая СЭЗ «Атырау», «Актөбе», «Қорқыт Ата» и «ИТЛК «Алатау», привлекшие более 11,1 трлн теңге инвестиций. В целом стабильный внутренний спрос, выход на рынки ЕАЭС и Центральной Азии, сырьевая база и промышленные преференции стимулируют инвесторов переходить от простыx сборочных производств к формированию полноценных цепочек с высокой долей отечественной добавленной стоимости. 📱 @KZgovernment
без подписи