МИРАСТАН МАЗМҰН
СтатистикаОқыған кітаптарымнан, өмірде түйген нәрселерімнен үзік-үзік жазбалар
- Последний пост
- 20 авг. 2024 г.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Миссияң – жақсылыққа шақыру болмаса, соның себебінен пайда болған жамандықтың бүлдіргісін түзетумен бетпе-бет келеді екенсің. Кейде өз қолыңды өзің кесе алмайтын кездер болады. Сол сәтте не істейтініңді білмейсің. Тек сыртынан бақылап, нәтижесін күту керек пе әлде араласу керек пе? Аралассаң, быт-шыты шығатын сияқты нәзік. Құдай масқараңды шығарам десе, үйіңде отырсаң да шығарады. Қостанайдағы оқиғадан кейін үрейім күшейді. Кейде сап етіп, өз-өзіңнен зікір айтып кетесің. Жоспарланбаған, зікір етейінші деп ниет етпегенсің. Сол сәтте ойландым: құдай тағала «Мені еске ал» деп есіме түсірді». Мешітте телефоннан кішкене Құран оқып, артынша уатсап қарап кетіппін. Бір бауыр жаныма келіп, жымиып отырып «дүниені сыртта, құлшылықты іште» жасау керектігін айтты. Құдайдан келген ескерту екенін түсіндім. Ашуланған сәтте ұзақ өмір сүретіндей сезімде тұрамын. Қуанғанда қысқа өмір сүретініміз есіме түседі.
ЕҢБЕКАҚЫСЫ ЖОҚ ЖҰМЫС Күні бойы жұмыс істейсің. Шаршайсың. Барынша жақсы жасауға тырысасың. Кешке алатын еңбекақыңды ойлап, өзіңді тыныштандырасың. Шыдайсың. Ал кешке...еңбекақы жоқ. Сондағы түрің қандай болады? Көңіл-күйің қандай болады? Ашуың қандай болады? Ең өкініштісі – осыны күн сайын жасап жүрміз. Эхххх...өкінішті. Осылай жасап жүргенін білмейтіндердің жағдайы ше? Олардыкі не болады екен? Бұл не жағдай деп ойлап тұрған шығарсыз? Ықылассыз жасалған амал сондай екен... Маңдай терің судай ағып жұмыс істеп, ақша табасың. Соның бір бөлігін садақа етіп бергенде ішіңнен «жұрт көрсе екен...менің көп садақа беретінімді білсе екен... жақсы адам екен деп ойласа екен... менің мықты екенімді білсе екен, садақаға ақшасын қия алатын мұсылман екенімді білсе екен...» деген ойлар туса біттің ғой. Түк сауап жоқ. Садақаны кімге бердің, содан аласың. Құдайға берсең, Соның алдынан табасың. Халықтың көзі үшін берсең, көзден бал-бұл ұшады.
Жүректі қысатын және босататын не нәрсе? ("Терең ой" кітабынан алынған үзінді) Өткенде түнде такси шақырдым. Мен белгілеген жерден алысқа тоқтады. Қол бұлғап шақырсам келмейді. Ұйықтап жатқан қызымды көтеріп тұрғанмын. Ашуланып кеттім. Зілденіп қасына бардым. Отыра сала қатқылдау сөйледім. Ол да ақталып әлек. Аңқылдап қалған кісі екен. Ашуым тарқап, приложениеден төмен баға қойып, рейтингін түсіріп тастаймын деген ойым жоқ боп кетті. Бұл не? Тағы бірде көлікке отырдым. Шопыр үндеген жоқ. Сәлемдесіп қоя салдым. Жол бойы бір-бірімізге тіс жармадық. Бір ауырлық сезіндім. Өзіммен-өзім боп телефон шұқылайын десем де болмады. Жететін жеріме жеткен соң түсіп қалғанда ғана ауырлық бұлты сейілді. Бұл не? Анаң бауырына басып, сүйген адамың асылып құшақтап, бауырың кеуде қағыстырып амандасқанда жеңілдеп қаласың. Бұған дейін санаңды тұмшалап тұрған кірбің ойлар сейліп кетеді. Бұл не? Heartmath деген зерттеу институты бар. Тек жүректі зерттеумен айналысады. Жүректің біз әлі естімеген қырлары мен сырлары көп екен. Мысалы, жүректің өзі ми ретінде қызмет атқарады. Бастағы мидан жүрекке келетін сигналдан гөрі, жүректен миға баратын сигнал көбірек. Ми-жүректің 40 000-нан аса жүйке жасушасы бар. Жүректің эмоциялық күйіне байланысты бастағы миға сигнал барады. Яғни, адам ашулы кезінде, стресске түскенде, қатты қуанғанда миға соған лайық сигнал барады. Нәтижесінде бастағы ми функциясын толық атқара алмайды. Стресске түскен адамның дұрыс шешім қабылдай алмай жататыны содан. Одан да қызығы, жүрек ырғақпен айналасына электрмагниттік энергия жіберіп, адамның айналасында 1 метр қашықтықта электрмагниттік өріс пайда қылады. Жүректің бұл магниттік өрісінің қуаты мидікіне қарағанда 100 есе көп. Енді ойлап көріңіз, әр адам әртүрлі өріспен жүр айналамызда. Ашуланып тұрған адам мен жаны жай тауып тұрған адамның өрісі екі түрлі. Бір-біріне қабыспайды. Жоғарыда келтірілген оқиғалардан енді ұққан боларсыз. Екі шопырдың қасында отырып, екі түрлі сезімді сездім. Ал адаммен құшақтасқанда жүректің байланысы өзгереді. Біртүрлі тыныштық табасың. Яғни, ашуланып отырған адам басылады. Қуанып отырған адамның қуанышы екіншісіне өтеді. Қайғырып отырған адамның жүгі жеңілдейді. Бұл бір жұқпалы ауру тәрізді. Жарыста жеңген адамды көрген шығарсыз? Ол қатты қуанғаннан өзіне ең жақын тұрған адамды жүгіріп барып бас салады. Ол да секіріп, келесі адамды кеудесіне қысады. Сөйтіп 5-6 адам бәрі бірдей секіріп, қуанып тұрады. Тура сол сияқты, туысы қайтқан қаралы адам ағайынмен көріскенде қайғысы жеңілдейді. Таудай боп үйілген мұңның әрбір тасын келушілерге үлестіріп бергендей. «Қуанышты бөліссең көбейеді, қайғыны бөліссең азаяды» деген осы. Мұның бәрі – жүректің ісі. «Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма?» деп сұраған Абайға тағы бір жауап. Бүкіл ғаламның жаратылысы мен адамның жаратылысында қатты ұқсастық бар. Оны Ғазалидің еңбегінен оқығанмын. Соны келесі жолы айтармын. PS: одан сайын қызықтыра түсейін бе? Жүректің әр соғысының жиілігі (ЖСЖ) әртүрлі. Бірдей болмайды. Қатар соққан үш дүрсілдің ұзақтығы: 70 жсж, 76 жсж, 83 жсж. Сіз ұйықтап жатсаңыз да, жүрек әртүрлі ұзақтықта соғуын жалғастырады: 0,859 секунд, 0,793 секунд, 0,726 секунд. PSS: осындай таңғажайып жүрекке ие бола тұра, қалайша өзіңізді қадірсіз сезінесіз??? ("Терең ой" кітабынан алынған үзінді)
Бір нәрсені беріп, оның қайтарымын күту - жомарттық емес. Алла үшін деп беру, ақыретте сауабын да күтпеу - ең жоғарғы шың.
Күнәні кетіретін екі от бар. Бірі - тозақтың оты, екіншісі - өкініш оты. Біріншісі ақыретте болса, екіншісі бұл дүниеде болады. Өкініш оты - адамның шын өкініп, тәубе етуі. Ол жүректен шығады. Өтірік көз жасы емес, шынайы жүректі жалмайтын от. Ақыреттегі отқа кетіп қалмас үшін осы дүниеде күнәнің татын кетіріп алу керек. Тәубе ету - Алланың нәсіп етуімен болады. "Ендеше Алла нәсіп еткен күні тәубе етем" деп сандалып жүруге болмайды. Өзің тәубе етем деп, дайындалып, дәретіңді жайлап, қолыңды жайып, мәжбүрлеп жылатып, әрекет етсең, Алла да бұлақтың көзін ашып жібереді. Себебі Ол - жүрген адамға қарай жүгіреді.
Күнәнің кесірін адам түсіне алмайды. Себебі ешкім бірден жазаланбайды. Ақыреттегі оның зиянын елестете алмайды. Ал егер дәрігер біреуге "Алма жеме, әйтпесе өлесің" десе, ол алмадан бас тартады. Себебі дәрігер не айтып отырғанын біледі. Алмаға қанша аңсары ауса да, өлімді ойлап, оған жақындамайды. Ал күнәға келгенде біз оның кесірін болжап, сезіне алмаймыз. Сондықтан оны шімірікпей оңай жасап қоямыз. Ал енді бір күнәға ойың кетіп тұрса, онда жыланның шаққанын, қасқырдың тістегенін, еттің шірігенін, беттің көгергенін, аттың тепкенін, шоқтың күйдіргенін, т.б. ойлау керек. Бұлардан дененің ауырсынуы, азабы қандай ақиқат болса, күнәнің де зиянының міндетті түрде болары дәл сондай ақиқат. Әрине, күнәнің зардабы жоғарыда айтылғаннан әлдеқайда артық болса керек.
Мейірімді Құдай неге азап жібереді дейді... 1) «Кеше түнде жер сілкінгенде бірде-бір атеист қалмаған шығар?» деген жазба жүр екен. Оның астындағы пікірлерді оқып, біздің қоғамда құдайға сенбейтіндер өте көп екенін байқадым. Әрине, жазбаның өзі дұрыс емес, кім атеист, кім құдайшыл, жүректегі сырды тексеруші біз емес. Алайда өзінің атеист екенін жасқанбай жазған адамдарға қарап ойланып қалдым. 2) Жер сілкінген сәтте, ұшақ құлаған сәтте, таудай толқын басқан сәтте кімнің жүрегінде қандай сезім болғанын біз, адамдар біле алмаймыз. Зерттеп те қажеті жоқ, оның онсыз да солай болатынын Құранда соқырға таяқ ұстатқандай жазып қойған. Тек жағаға шығып, жаны аман қалған адам қайтадан мойындамайды. 3) Атеист қайдан шығады? Ол Құдайға сенбейтін емес, құдайға ренжулі секілді. Себебі жазбада былай жазады: «Мейірімді Құдай азап ретінде жер сілкінісін жіберді. Енді соған жауап ретінде оған табыну керек». «Құдай бар болса, неге бәле орын алады? Қаншама сәбилер өліп жатыр...», т.б. 4) Адам – танымаған нәрсесінің жауы. Құдай туралы білімі аз болғандықтан, жалған ақпарат көздерінен оқығандықтан, таяз ойлағандықтан, білуге ұмтылмағандықтан, тылсымның хикметіне ой жүгіртпегендіктен – олар ренжулі. 5) Жер неге сілкінді асылында? Физикалық себебі түсінікті, жер қабаттары қозғалды. Ал рухани сыры неде? Адамның қолы қозғалуы үшін бұлшық ет керіліп, созылады. Оған көрінбейтін импульс жіберген – жүйке талшықтары. Жүйке талшықтары миға, ми жүрекке бағынады. Ал жүректі бірнәрсе қозғады. Біздің жағдайда жерді қозғаған себептер көп. Олар: атеистің көбеюі, солардың көбеюіне селт етпеген, жүрегі ауырмаған мұсылманның көбеюі; жақсылықтың жайылмауы мен жамандықтың алдын тұсамау; шүкіршіл адамның азаюы; өсімнің, ысыраптың көбеюі; т.б. 6) Басқаша айтқанда, ескерту. Ескертуден сабақ алмағандар өзіне ренжісін. Сабақ алғандар өзін жақсы жаққа өзгертуге ұмтылсын. Отбасын түгендесін (қай баласы қайда, кіммен бірге, не оқып жүр). Жақсылыққа шақырсын, жамандықтан тыйсын. Өнер, білім үйреніп, оны халықтың пайдасына құдай үшін жаратсын. 7) Апат, бәлелерден Құдайды қанішер қылуды қою керек. Тани алмаған нәрсенің бәрін залым қыла берсең, өзің залым боп шықпайсың ба соңында? Махаббатпен жаратқан пендесін Құдай қалай қинасын? Оның жүз рақымының бір бөлігінен анасы баласын жақсы көріп отыр емес пе? Түйін: жақсылық көрсем – Алладан, жамандық көрсем – өзімнен. Ескертуден сабақ алайық.
Адамның ең жақсысы - бір білімді үйреніп, оны өзгеге үйретуі.
Мағынасы таусылмайтын сөз Ең көп ойландыратын сөз - "Амалдар ниетке байланысты. Әрбір адам ниет еткеніне қол жеткізеді". Осының тереңіне әлі жете алмай келемін. Өте кең сөз. Өте кең. Тоймайсың. Түсініп келе жатып, әлі түсінбегенің 99 екенін ұғасың. "Ондайы да бар ма еді?" деп басыңды қасыған күйі қаласың. Сонысымен қызық емес пе? Тез бітіп қалса, несі қызық?
Бір кеудеге екі жүрек сыймайды Намаздың сыртында ықылассыз жүрген адам намаздың кезінде де ықылассыз болады. Былайғы тірлігін ала-құла істейтін адам құлшылықты да шала-шарпы істейді. Бір істі қалай істесең, барлық істі солай істейсің. Барлық істі қалай істесең, бір істі де солай істейсің. "Жоқ, мен үйде салақ болғанмен, жұмыста жүргенде өте ұқыптымын" десең, онда ол - екіжүзділік шығар. Мәулананың керемет сөзі бар еді: "Қандай болсаң, солай көрін. Қалай көрінсең, сондай бол".
Айқайлауға мәжбүр етпе мені! Коридорда бір апа немересіне айқайлап жатыр: «Не заставляй меня кричать на тебя!», «Упадешь!», «Не стой там!», «Не беги!», «Осторожно!». Осының бәрі бір балаға аз уақытта айтылған сөздер. Бала деген 4-5 жастағы бүлдіршін. Ойбай-ау, мына кісі баланың аяғын мүлде тұсап қойды ғой тіптен. Балаға еркіндік деген жоқ, жүрсе де, жүгірсе де, тұрса да, жатса да, секірсе де, шектей береді, шектей береді. Бала деген жасы жетіге жеткенше жерден таяқ жеп өспей ме! Құласын, сүрінсін, бетін жара қылсын, қолын ауыртып алсын, сөйтіп қайта тұруды үйренбей ме! Қайраттанбай ма! Аулаға шықсам, апа да шықты. Немересін өзінен екі метр алыстатқан жоқ. Енді келіп көрші кемпірге қазақша сөйлеп тұр. Немересін шымыр болудан ғана емес, ұлттық тілінен де шектеп жүр екен ғой. Эххх...
Баланы аямау керек! Турникке тартылып тұрғанмын. Бір әйел коляскада баласын серуендетіп жүр. Оған қоса, екі баласы, бір қызы бар қасында ары-бері шауып жүрген. Баланың бірі турникке келіп, асыла бастап еді, екіншісі анасына жүгіріп барып: «Мама, пәленше мұздай темірді ұстап жатыр» деп сүйінші сұрады. Анасы телефонда сөйлесіп тұрғандықтан мән бермеп еді, түртіп, назарын бұрғызып, қолымен меңзеп көрсетті. «Әй, ұстама!» деп жекірді анасы сосын. Бала амалсыз турникті тастап, басы салбырап солардың соңынан ерді. Сонда мұздай екен деп турникке тартылуға болмай ма? Мұздай ұстамаса, турникке тартылмаса, онда денсаулық қайдан келсін??? Оның жасында темір балтамен ауылда отын бұтаушы едік.
Неге такси алысқа тоқтайды? Кейде түнде ұйқың дұрыс болмай, дөңбекшіп, таңда шаршап оянатын кез болады. Жұмысқа зауқың соқпай, қуатың жоқтай, сылбыр қимылдайсың. Сондайда не көмектеседі? Өткенге салауат, оны арқалама. Ары қарай жақсы болуға ниет ет. Яғни, құдай маған тағы бір күн сыйлады. Жақсылап өткізейін, жұртқа пайдамды тигізіп қалайын. Сондай күндері энергияң болмаса да, ұрысуға күшің жетіп тұрады. Бірдеңе дұрыс болмаса, ашуыңды содан алғың кеп тұрады. Мысалы, шақырған таксиің 50 метр алыс тоқтайды. Ұрсып тастағың кеп тұрады да, ішіңнен «Кім үшін ашуланып жатырмын? Өзім үшін бе, құдай үшін бе? Құдай үшін болмаса, онда қажет емес» деп ойласаң, ашудың ізі де қалмайды. Бірнәрсе дұрыс болмаса, оның қайыры бар. Біріншіден, жамандық тек өзіңнің кесіріңнен. Жақсылық тек құдайдан. Ешнәрсе кездейсоқ болмайды. Такси 50 метр алысқа тоқтау арқылы құдай сені тәрбиелеп жатыр ғой асылы. «Пендем-ау, ішіңде пайдасыз ашу жатыр. Оның бұрыс екенін Мен көрсетпесем, өзің ойланып білмейсің. Мә, тағы бір белгі берейін. Өзіңді тәрбиелеші, түзеші, айналайын» деп анадан артық жақсы көріп тұр.
"Алтын басым аман қалса, алты-ақ күнде тірілем" дейді екен жылан. #Астарлысөз
Хикая Иса пайғамбар бір күні бақ суғарып жүрген бір жігітке жолығады. Ол Исаға (а.с.): – Жаратқан Иеңнен сұрашы, маған да сүйіспеншілігінен біраз нәсіп қылсын, – деп сұранады. Иса (а.с.) оған: – Сен оның кішкентай сүйіспеншілігіне де шыдамайсың, – деп жауап береді. – Олай болса кішкентайдың жарымын сұра, – дейді әлгі. Сонымен арадан біршама уақыт өтеді. Бір мәрте Иса (а.с.) тағы сол жерден кетіп бара жатып баяғы жігіт туралы сұрастырады. Ол жердегілер: – Ол ақыл-есін жоғалтып тауға шығып кеткен, – дейді. Иса (а.с.) Алла Тағалаға дұға қылып, жігітті өзіне көрсетуін сұранады. Нәтижеде оны таудың арасында бір тастың үстінде көкке алақан жайып отырған жерінен тапты. Иса (а.с.) оған сәлем берді, бірақ жауап болған жоқ. Иса (а.с.): «Мен – Исамын», – деп өзін естіртуге әрекет жасады. Сонда Алла Тағаладан: «Жүрегінде Маған болған сүюдің кішкентайының жарымындайы бар пенде сенің сөзіңді қайтіп естиді? Өз ұлылығыма ант етейін, егер оны арамен аралап тастасаң да сезбейді», – деген уахи келді. “Жүрек сырлары” кітабынан
Санасыз әдеттерің өміріңді басқарып кетпесін Ойлап көрші, әр адам күніне орташа есеппен 35000 шешім қабылдайды. Жай ғана тамақтың өзіне 226 шешім қабылдайды екенбіз. Бұл мәліметті Корнелл университетінің ғалымдары беріп отыр. Соның бәрін саналы түрде қабылдап жатырмыз ба? Жоқ, оның көбі әдетке айналған. Шөлдесең, шай қайнатасың. Шайға қант, сүт қосасың. Оған шай қасық пайдаланасың. Нанға май жағасың. Лағманға шанышқы қолданасың. 2006 жылы Дьюк университетінің зерттеуінде адамның бір күнде қабылдайтын шешімінің 40%-ы саналы шешімдер емес, әдеттің нәтижесі екенін анықталған. Ал, әдеттеріңіздің қайсысы саналы, қайсысы бейсаналы түрде боп жатқанын бақылап көрдіңіз бе? Мысалы, телефонды бейсаналы түрде іздейсіз. Қалтаңызда томпайып тұрмаса немесе қолыңызда сезілмесе, бірден дабыл қағасыз.
Адам не ойласа, алдынан сол шығады. Адам не ойласа, алдынан сол шығады. Адам не ойласа, алдынан сол шығады. Адам не ойласа, алдынан сол шығады. Адам не ойласа, алдынан сол шығады. Адам не ойласа, алдынан сол шығады. Адам не ойласа, алдынан сол шығады.
Жүгірген кезде қалай демалу керек? Өткенде автобусқа мінгем, "Нағыз жігіт" кітабының алғашқы нұсқасын алуға баспаханаға қарай шыққанмын. Бір жігіт Kitapal Podcast-тан көрдім деп амандасып, ары қарай таныстық. Жасы 25-27-лердегі жігіт. Әңгіме барысында бірнеше баласы бар екенін айтты. Ерте үйленген бе деп туған жылын сұрадым. Сөйтсем 81-жылғы екен. Жасы 42-де. - Жас көрінесіз, - десем, - Бала кезден жүгірумен айналысамын, - дейді. Жүгірудің пайдасы ұшан-теңіз. Жарақат алу ықтималдығы жоққа тән. Ал жүгіру кезінде қалай демалуды білесіз бе? Біреуі мұрнымен, біреуі азуымен демалып жатады. Қайсысы дұрыс? Демалған кезде ауа өкпеге толады. Диафрагма (көкет) төмен түседі. Бос орын пайда болғаннан жүректің көлемі өседі. Көлем үлкейген соң жүрек ішіндегі қанның айналымы баяулайды. Оны байқаған жүректегі нейрондар миға ақпарат жібереді. Ми жүректің соғысын жылдамдатады. Демді шығарған кезде диафрагма жоғары көтеріледі. Орын тарылады. Жүректің көлемі кішірейеді. Қан айналым жылдамдайды. Нейрондар миға қайта ақпарат жөнелтеді. Ми жүректің соғысын баяулатады. Ал енді маңызды кеңес: 1) Жүгірген кезде мұрынмен демалған дұрыс. Мұрында қаншама рецепторлар бар, түктер бар, шырышты қабат бар. Ауаны сүзгіден өткізіп, жылытып, ішке дайын күйде жібереді. 2) Жүгірген кезде мұрынмен қатарынан екі рет ішке дем алу керек. Сосын барып демді шығарамыз. Неге екі рет? Бірінші демнен өкпе толса, екінші демнен өкпе көпіршіктері толады. Каденс деген бар, әр қадамның басылуы. Оң аяғың жерге тигенде - бірінші дем, сол аяғың тигенде - екінші дем, оң аяғың жерге тигенде - дем шығару. Осылай демалсаң шатаспайсың. Ақпарат пайдалы болса, бөлісіп жібер.
ПРЕДЗАКАЗ! «Нағыз жігіт» кітабына алдын-ала тапсырыс беріп, сыйлыққа «Жылдам оқу» курсын ал! Кітап не туралы? Нағыз жігіттің 40 қасиеті жазылған. Әр қасиетті ашатын оқиғалар, мысалдар, бабалар өсиеті берілген. Кітап жігіттің рухын шыңдап, нағыз ер болуға бағыттайды. Елін сүйетін, еңбексүйгіш, отбасын асырайтын, қызды қорғайтын, білімді азамат қалыптастырады. Кітап кімдерге арналған? - Жігіттерге (оқушыдан ақсақалға дейін) - Қыздарға (нағыз жігіттің қандай болатынын біліп шығады; өмірлік жар таңдауда қателеспейді) Кітап шығады: 4-желтоқсан Автор: Мирас Кесебаев @MirasKesebaev Бет саны: 184 Мұқабасы: қатты ПРЕДЗАКАЗ артықшылығы: 1. Автордың қолтаңбасы мен тілегі кітапқа жазылады. 2. «Жылдам оқу» онлайн курсы сыйлыққа бірден беріледі. Бағасы: 4000 тг Дәл қазір тапсырыс беріңіз. Сілтеме: https://clck.ru/36ck6D уатсап: 8-707-422-24-60 Перизат
без подписи