𝑴𝒖𝒔𝒍𝒊𝒎𝒂𝒌𝒉 | اقرأ
СтатистикаАллаһ Құран Кәрімде: «Ескерт! Өйткені, ескерту мүміндерге пайда береді», - деп айтты. (әз-Зарият сүресі, 55 –аят) [Ахлу-Сунна валь-Джамаа] أهل السنة والجماعة
- Последний пост
- 1 февр. 2025 г.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
Адаб выхода женщины из дома. Ибн аль Джаузи (да одарит его Аллах Своей милостью) сказал: Женщине следует по возможности стараться не выходить из дома, ведь если даже она пребывает в безопасности,то посторонние мужчины не будут безопасности от неё. Если же она вынуждена выйти,то пусть выходит с разрешения своего мужа и скромно. Она должна идти по безлюдной дороге,а не по улицам и базарам, стараться, чтобы никто не слышал её голоса и пусть идёт по краю дороги,а не посередине. Ахкаму Ниса (стр. 104).
Шейх Ибн Усеймин сказал: "Каким образом женщина достигает праведности? Путём обучения! Не достигнет ни одна женщина праведности, кроме как с помощью знания. Я подразумеваю под этим шариатское знание, которое они получают либо из книг, если это возможно для них, либо с уст учёных, всё равно, являются ли эти учёные мужчинами или женщинами. В наше время всё больше облегчается то, чтобы женщина получала знания с уст учёных посредством аудиозаписей". ( "Роль женщины в исправлении общества")
Никогда не будет идеального времени и места для требования знаний. Это и есть испытание.. человек ждёт лучшего момента для знаний, Но он не понимает, что лучше не будет, а срок его все ближе и ближе...
Имам Ахмад ибн Ханбаль сказал: «я удивляюсь тем, кто удерживает себя от получения шариатских знаний. не делает так никто, кроме джахиля». зад аль-мусафир
без подписи
без подписи
без подписи
Әйелдің әдемі дұғасы.. Раббым, маған жақсы әйел болуға көмектес. Әлбетте, мен Сенің көмегіңсіз жақсы әйел бола алмаймын. Менен өзімшілдікті, сабырсыздықты және ашуды менен аулақ ұста көр. Керісінше, оларды сүйіспеншілік пен кішіпейілділікке айналдыра көр! Мені жаман әдеттерден және жаман халге түсуден, ауыр сөздерден айтудан сақтай көр! Маған мейірімділікті, жақсылық жасауды, адалдық танытуды, жұмсақтық сыйлауды жеңіл ете көр! Менің жүрегімді қатыгездіктен емде! Менімен күйеуім арасында болар араздықтың алдын ал! Жүректерімізді тазарт! Жүрегімізге сүйіспеншілік, тыныштық пен қуаныш, бақыт сыйла! Мен өзімнің бойымдағы әлсіздігім мен жаман мінездерімді өзім жеңе алмаймын, оған тек Сен жәрдем бере аласың! Маган жүрегімдегі күнәні көрсет! Күйеуіме лайықты махаббат сыйлай алмағаным үшін және оны құрметтемегенім үшін кешірім сұраймын! Оған ашуланғаным үшін, оны сынағаным және оған кекшіл болғаным үшін кешір! Біздің некемізді жандандыра көр! Күйеуім екеуміздің арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі жақсарта көр! бізді ажырасу апаратын әрбір нәрседен алыстат! Ажырасуға сүріндіретін табалдырықты алып таста! Маған күйеуімнің досы, сырласы және Сенің және ата-анасының разылығын алуда жәрдемші болуға көмектес! Біздің үйді қуанышпен толтыр! Үйімізді тыныштық мекені ете гөр! Оның көзінше мені тартымды қыл! Мені интеллектуалды, ақыл-ой және рухани жағынан толыққанды дамыған әйел болуга көмектес! Ол мені әйелі ретінде мақтана алатындай әйел болуға жәрдемдес! Бізді бір-біріміздің кемшіліктерімізге қарамастан, кемелдікке ұмтылған жанұядан ете көр! Бір-бірімізге әрдайым тірек бола білудің жолын көрсет! Біздің арамыздағы адалдығымызды арттыра көр! Күйеуім Сенің бұйрығыңды орындата алатын үйдің басшысы қыл! Мен оны қолдауға, кұрметтеуге және оның отағасы міндетін мүлтіксіз орындауға жәрдемдесе көр! Маған оның жүрегінің қалауын түсінуге көмектес! Раббым, мені оған лайықты әйел ет!
Алланы білген болсаң, басқаны білмесең де болады. Алла сені білген болса, басқалар сені білмесе де болады. ©Уайс әл-Қарни
Әнәс (радиаллаху анху) былай деп жеткізеді: “Алланың Елшісі (саллаллаху алейхи уә саллям): Алла жерді жаратқан соң жер сілкіне бастады. Осыдан кейін таулармен оны берік етті. Сосын жер қимылдамады. Періштелер таулардың қуаттылығына таңырқап: - Ей, Раббымыз! Таулардан да күшті бір зат жараттың ба? – деді. Алла: - Иә, темірді жараттым, - деді. Періштелер: - Темірден де күшті бір нәрсе жараттың ба? – деді. Алла Тағала: - Иә, отты жараттым, - деді. Періштелер: - Оттанда күшті бір нәрсе жараттың ба? – деп сұрады. Алла Тағала: - Иә, суды жараттым, - деді. Періштелер: - Судан да күшті нәрсе жараттың ба? – деп тағы сұрады. Алла Тағала: - Иә, желді жараттым, - деді. Періштелер: - Желденде күшті нәрсе жараттың ба? – деп сұрады. Алла Тағала: - Иә, адам баласын жараттым. Егер ол оң қолымен садақа беріп, оны сол қолы көрмейтіндей жасырса (ол одан да күшті)” - деді. [📖 Тирмизи, Тәфсир, Муауизәтайн 2; Ибраһим Жанан, Хадис ансиклопедиси Кутуб-и ситте. Акчаг баспасы. – Истанбул. 9 том. 3263 хадис]
Мен бірнеше жыл бұрын үш жасында Құран жаттаған кішкентай баланы кездестіріп, ата-анасынан оны қалай тәрбиелегендері жайында сұрадым. ⠀ Әкесі: «Анасы оны құрсағында көтеріп жүргенде күнде Құран оқитын. Ас әзірлеген кезде ас үстінде Құран оқитын. Сусын ішкен кезде Құран оқитын. Жай ғана отырғанда Құран тыңдайтын. Дұға еткенде Алладан баласының Құран иесі болуын тілейтін. Ол дүниеге келгенде анасы оны тамақтандырмас бұрын Құран оқитын. Ұйықтағанда Құран тыңдайтын. Онымен ойнағанда оған Құран оқитын. Оның үш жылдық өмірі тек Құранмен өткен еді, сондықтан Алла оған жаттауды жеңілдетті». ⠀ Құрметті ата-аналар, сіздің тақуалығыңыз балаңызға қалай әсер ететінін көріп тұрсыз ба? Сіздің өмір салтыңыз балаңызды қалай қалыптастыратынын көрдіңіз бе? Бала тәрбиесі сіз ата-ана болмай тұрып басталатынын көрдіңіз бе!? ⠀ Шейх Мухаммад Аслам (حفظه الله) #tarbiya
"Жүрегімдегі Алланың есімдері"
"Жүрегімдегі Құран кестесі"
Әнәс (р.а.): «Бірде біреу: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бізден бір адам бауырын немесе досын жолықтырғанда иіліп сәлем берсе бола ма?» – дегенде, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жоқ», – деді. Әлгі кісі: «Құшақтап, бетінен сүйсе ше?» – деп тағы сұрағанда, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жоқ», – деді. Сонда ол: «Қол алысып амандасса ше?» – дегенде, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Иә, қол алысса болады», – деп айтты», – деген. (Тирмизи, истизан 31) 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
📌Садақа бергенде оқылатын дұға✨ Оқылуы: “Раббанә тақаббәл миннә иннәкә әнтәссәмиғул алим” Мағынасы:”Раббымыз бізден қабыл ет!Күдіксіз сен естушісің және білушісің!”
без подписи
Medina🫀
без подписи
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алланың алдында әлсіз мүмінге қарағанда күшті мүмін әлдеқайда жақсы әрі ұнамды, десе де (иманды болғандықтан) екеуі де қайырлы. Әрдайым өзіңе пайдалы істің соңында бол. Алладан ғана медет тілеп, әлсіздікке бой алдырма. Басыңа күн туса, «Егер былай істесем, былай болар еді» - деме, керісінше, «Бұл – Алланың жазғаны, Соның қалағаны болады», - дегін, өйткені, «егер» деген сөз шайтанның азғыруына жол ашады», – деп айтты», - деген. (Муслим, қадар 34).