QURMAN
СтатистикаНұрсұлтан Құрманның отандық футбол және футзал жайлы ресми телеграм арнасы Instagram: https://www.instagram.com/nursultan_qurman YouTube: https://youtube.com/@nursultanqurmanchannel Facebook: https://www.facebook.com/nursultan.qurman
- Последний пост
- 24 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 22
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Спорт
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 462
- 1/48двое суток
- 529
- 1/72трое суток
- 571
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
🎙️ПОДКАСТ БАҚЫТЖАН ПАЗЫЛХАЙЫР - “ҚАЙСАР” ФК-ның басқарушы директоры https://youtu.be/I4KX3gHGMrY?si=k0JA5IlJCzjm0V11
🎙️ПОДКАСТ ҚОНАҒЫМЫЗ - "ОРДАБАСЫ" ФК-НЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ДАРХАН ҚЫЗАЙБАЕВ https://youtu.be/jlfukPybda4?si=joZqWlxEfgU3I1O_
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
ФУТЗАЛ ережелері мен бапкер нұсқаулығын қазақ тіліне аудардық! Былтыр қазақ тілінде ешқандай әдебиет жоқ екенін естіп таңғалдым. Демеуші тауып, мамандар аударып, бүгін таныстырдық. Футзал бапкерлері мен мамандарына тегін таратамыз.
👑 Чемпиондық тәж қайтадан «Қайратқа» бұйырды Финалдық серияның тағдырын шешкен бесінші кездесуде алматылық ұжым сырт алаңда «Семейді» 3:2 есебімен тізе бүктіріп, өз тарихындағы 22-ші чемпиондық атағын еншіледі. Жеңіс голдарын Эдсон, Жулио Занотто және Біржан Оразов соқты. 🏆 «Қайрат» – Қазақстанның 22 дүркін чемпионы #BizdinJigitter💛💙
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 😍🔥 Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалында «Семей» мен «Қайрат» арасындағы 5-ойын 😍 Бүгін ел чемпионын анықтайтын күн! 📆 30.06.26 | 🕗 20:00 🔵 «Семей» – «Қайрат» 🔴 🏟 «Абай арена», Семей 🎥 KFA Resmi YouTube-арнасы #KFFFutsal | #BizdinJigitter💛💙
Футзалдан Қазақстан құрамасының 2028 жылғы әлем чемпионаты іріктеуіндегі қарсыластары анықталды Жеребе тарту рәсімі УЕФА-ның Швейцарияның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде өтті. Іріктеудің негізгі кезеңінде 36 ұлттық құрама бақ сынайды. Командалар үш құрамадан 12 топқа бөлінді. Матчтар үйде және сырт алаңда өтеді. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6️⃣-топқа түсіп, Беларусь және Албания құрамаларымен кездеседі. Негізгі раунд матчтары 2026 жылғы 12–21 қазан, 2–11 қараша, 6–9 желтоқсан аралығында және 2027 жылғы 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді. Негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша барлық 12 топтың жеңімпазы мен екінші орын алған үздік төрт құрама элиталық раундқа тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иеленген қалған сегіз команда плей-офф кезеңінде әлем чемпионатының келесі сатысына шығу үшін күресін жалғастырады. #BizdinJigitter💛💙
Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2028 іріктеу кезеңінің жеребесінде бірінші себетке түсті Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңі негізгі раундының жеребесінде бірінші себетке енді. Негізгі раундтың жеребе тарту рәсімі 2026 жылғы 19 маусымда УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде өтеді. Негізгі кезеңде барлығы 36 құрама бақ сынайды. Олар үш командадан 12 топқа бөлінеді. Матчтар өз алаңында және қонақта ұйымдастырылады. УЕФА-ның футзалдан ерлер арасындағы ұлттық құрамалар рейтингіне сәйкес, Қазақстан Португалия, Испания, Украина, Франция, Хорватия, Италия, Армения, Словения, Чехия, Польша және Нидерланды елдерімен бірге бірінші себетке жайғасты. Екінші себетке Венгрия, Беларусь, Грузия, Бельгия, Словакия, Финляндия, Сербия, Румыния, Босния және Герцеговина, Молдова, Германия және Әзербайжан енді. Үшінші себетте алдын ала іріктеу кезеңінен өткен командалар ұсынылған: Латвия, Швеция, Солтүстік Македония, Косово, Андорра, Черногория, Норвегия, Литва, Дания, Албания, Эстония және Солтүстік Ирландия. Негізгі раундтың ойындары мынадай мерзімдерде жоспарланған: 2026 жылғы 12-21 қазан, 2-11 қараша, 6-9 желтоқсан және 2027 жылғы 22 ақпан - 3 наурыз аралығы. Негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша 12 топтың жеңімпазы мен екінші орын алған ең үздік төрт команда іріктеудің элиталық раундына жолдама алады. Екінші орын алған қалған сегіз құрама негізгі раундтың плей-офф кезеңінде күресті жалғастырады. #BizdinJigitter💛💙
ЭФИРДЕМІЗ😉 https://www.youtube.com/live/aOG29p6kQy0?si=hNCFnJcFk6ehlwbv
ДОСТАР, подкаст түсірмегеніме екі жарым айдай болды. Футзал маусымының аяқталуына бір ай қалды. Салама зияны тиіп кетпесінші деп түсірмей, тек акцентті футзалға қойып жүрдім. Артылған жұмысты мүлтіксіз орындап беру еді мақсат. Футзалға деген махаббатым басым болғаннан сол салаға кетті бар энергиям! Үндемеген сайын құтыра бастаған жандарды көріп отырмын. Келесі аптадағы ҚПЛ турынан кейін подкасттарымды қайта бастаймын. Федерациядағы ауыс-түйістер! Төрешілер арасындағы дау және олармен кімдер жұмыс істейді? Және сол былықтарды жасап отқандарды қорғаштап жұмыс істейтін “ақұлпа” болып жүрген журналистерді де айтамын ау) Сабыр танытып, таныстығымызға сыза түспесін деп келдім. Ойнапсыңдар! Футболдың дамуын тежеп, тек көздегені ақша жымқыру болып жүргендерді де көріп жүрмін! Футбол үшін деп арғы мақсаты басқада жүргендері де қаншама) Кейбір жайттарға басқаша көзқараспен қарайсыздар) Сізден тек қолдау болса болды!
Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Түркістанда Өзбекстанға қарсы екінші жолдастық кездесуде жеңіске жетті 🤩 Гол авторлары ⚽️ Тимофей Морозов (1:0) Ильдар Байқасинов (2:0) Заур Гайдаржи (3:1) #BizdinJigitter💛💙 | #U19
Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Түркістанда Өзбекстанға қарсы екі жолдастық кездесудің алғашқысында жеңіске жетті ✊🏾 Екінші ойын ертең 14:00-де дәл осы Олимпиада орталығында өтеді. #BizdinJigitter💛💙 | #U19
Футзалдан Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанға қарсы екі матч өткізеді 🇰🇿🇺🇿 Команда 1-11 мамыр күндері аралығында Түркістан қаласындағы Olympic Center орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Құрамаға 17 ойыншы шақырту алды. Жиын аясында Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланған: 📆 4.05 | 🕔 17:00 🇰🇿 Қазақстан U-19 – Өзбекстан U-19 🇺🇿 📆 5.05 | 🕑 14:00 🇰🇿 Қазақстан U-19 – Өзбекстан U-19 🇺🇿 🧤Қақпашылар: Сұңқар Мұхтаров («Семей»), Адис Ахметов («Қарағанды»), Әмір Рымжанов («Тұлпар»); ⚽️ Алаңдағы ойыншылар: Ильнар Байқасынов, Владимир Вольман (екеуі де – «Тұлпар»), Заур Гайдаржи, Асанәлі Мұнбаев, Владимир Тихоплав, Тимофей Морозов, Никита Ковылин (барлығы – «Аят»), Серікбол Төлеш («Бәйтерек»), Артур Ерошенков («Қайрат»), Расул Ерболұлы, Жанмұрат Амандосов, Олжас Мейрамұлы, Нияз Алпысбай (барлығы – «Атырау»), Әлібек Торғауыт («Сайран»). ▶️ Бапкерлер штабы: Василий Смолин – аға бапкер, Жақсылық Әлішбаев – аға бапкердің ассистенті, Сержан Шұманбаев – қақпашылар жаттықтырушысы, Михаил Мылисов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Ойбек Пулатов – массажист, Әлім Қайырлы – менеджер. #KFFFutsal | #U19
Жолдастық 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 😍🔥 Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжанмен екінші жолдастық кездесуді өткізеді 🤝🏾 ⏳ Матч Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ойынды QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 🌏 Жолдастық кездесу 🇰🇿 Қазақстан 🆚 Әзербайжан 🇦🇿 📆 15/04/2026 | 20:00 (АСТ) 📍 «BS Arena», Ақтау 🖥️ QazSport арнасы #KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙
Қазақстан құрамасы Ақтауда өткен жолдастық кездесуде Әзербайжанды ірі есеппен жеңді 🔥🤩 🇰🇿 Қазақстан 9:2 Әзербайжан 🇦🇿
Жолдастық 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 😍🔥 Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді 🤝🏾 ⏳ Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады. Ойынды QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 🌏 Жолдастық кездесу 🇰🇿 Қазақстан 🆚 Әзербайжан 🇦🇿 📆 13/04/2026 | 20:00 (АСТ) 📍 «BS Arena», Ақтау 🖥️ QazSport арнасы #KFFTeamFutsal | #BizdinJigitter💛💙
𝑺𝑶𝑳𝑫 𝑶𝑼𝑻 ❌ 🇰🇿 Қазақстан мен Әзербайжан 🇦🇿 құрамалары арасындағы екі жолдастық ойынның барлық билеті сатылып кетті. 🔥 Какау бастаған біздің жігіттер ОЖЖ аясында Әзербайжан құрамасымен 13 және 15 сәуір күні екі жолдастық матч өткізеді. 🏟️ Ойындар Ақтау қаласындағы BS Arena спорт кешенінде өтеді. Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! 👊🏽 #BizdinJigitter💛💙
Футзалда VAR қашан болады? Қостанай мен Рудный қалаларында футзал төрешілеріне арналған оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Жиынға FIFA нұсқаушысы Педро Галан Ньето арнайы шақырылып, келесі маусымда қолдану жоспарланған видео қолдау жүйесі бойынша оқыту жүргізіп жатыр. Бүгін Рудныйда бастау алатын U 19 жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының ойындарында тәжірибеден өткізу жоспарда бар. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен бұл жиынға 33 төреші мен 7 нұсқаушы қатысуда. P.s Футзалда бұл жүйені VS (video support) деп атайды.
видео или голосовое, без подписи