- Последний пост
- 14 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 23
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
Аллаға тәуекел ет, уайымдама. Өйткені уайым шындықты өзгертпейді, керісінше бүгінгі күніңнің тыныштығын ұрлап, ертеңгі күш-қуатыңды әлсіретеді. Белгісізден қорыққаныңнан гөрі, Аллаға деген сенімің әлдеқайда мықты болсын. Кеше саған ризық берген Раббың ертең де сені ұмытпайды. Есіңде болсын, кім Аллаға тәуекел етсе, Ол оған жеткілікті. Алла Тағала: «Кім Аллаға тәуекел етсе, Ол оған жеткілікті», – деген (Талақ сүресі, 3-аят). Сондықтан жүрегіңді тыныштандыр, Раббың туралы жақсы ойда бол, әрі қажетті себептерді жаса. Барлық жақсылық – бір Алланың қолында.
Бір күні… Балаларды ынталандыру үшін тәтті сатып алуды ұмытыппын. Түскі уақыт жақындап келеді. Әйелдерге сабақ беріп жатып, іштей ойланыпта қоямын. Қай уақытта шығып, алып келсем екен деп) Үлкендерге дәрісімді аяқтап жатқанда бір шәкіртім бір қорапша тәттіні шәй ішіңіз деп берді, қуанып кеттім. Балаларды оқытып, ойнатып болғансоң тәттіні бөлісіп жедік. Бір қызығы бәрімізге түгелдей жетті, 15 дана) артық емес, кем емес. Алла неткен ұлық)
Дауыстап Муалим санидің сөздерін оқып жүрмін, балалар кітапқа қарамай жәй артымша отырып қайталауда, оқыту керек болып, ежелеп тұрып қалдым) Ұстаз оқиалмай қалды, қайсы сөзді оқи алмай жатыр деп кітаптарына қарай бастады) Сізде әріп танымайды екенсізғой деп, бір шәкірт өзіме келіп, үйретіп кетті)
Үй жұмысын орындап келсеңіздер , мен сіздерге шоколад беремін, орындамай келсеңіздер керсінше болады. Сабаққа үш шәкірт кешігіп келді. Қолдарында шоколад)
Уа, Алла! Бізді Құран әһлінен ет. Олар – Сенің ерекше құлдарың әрі таңдаулыларың. Уа, Ұлылық пен Жомарттық Иесі! Уа, Алла! Бізді Құран оқып, дәрежесі жоғарылайтындардың қатарынан ет. Құран оқып жүріп қор болып, бақытсыздыққа ұшырайтындардың қатарынан ете көрме. Уа, Алла! Бізді сөзге құлақ асып, оның ең көркеміне еретін құлдарыңнан ет. Міне, соларды Алла тура жолға салған, әрі солар – ақыл иелері.
Сенен адамдар: "Сұлулықты қайдан іздеп табамыз? " - деп сұраса, сен оларға: "Алладан қорқушы адамның жүзінен табасың", - деп жауап бер. 🎙Мәулана Руми
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
Абдулла ибн Мубарак р.а: "Құранды толық бір ракағатта бітірген төрт кісі бар: 1) Усман ибн Аффан 2) Тәмим әд-Дәрий 3) Сағид ибн Жабир 4) Әбу Ханифа" - деген. 📕 Мәнақиб имам /Зәһәби 1/22
Сүннеттің екі түрі Сүннет - Алла елшісінің үнемі істеп тәрк етуі сирек болған нәрселеріне айтылады. Егер бұл нәрсе ғибадатқа байланысты болса бұл - һудә сүннеті - деп аталады. Мысалы: азан айту, қамат түсіру т.б. Егер бұл нәрсе әдетке байланысты болса бұл - зәуәид сүннеті - деп аталады. Мысалы: оң қолмен тамақ жеу, кіргенде оң аяқпен кіру т.б. Егер һудә сүннетті тәрк ететін болса мәкруһ үкімі беріледі. Егер зәуәид сүннетті тәрк ететін болса бұл үкім берілмейді. 📖 Шарһ ал-Уиқоя
Түзде мінезі көркем,адамдармен жұмсақ мәміле жасап үйіне келген кезде отбасымен теріс мәміле жасауы шайтанның азғыруынан.Түзде адамдармен мәміле жасаған кезде адам көптеген дүниелік қажеттіліктер үшін жұмсақтық танытып,көркем мінезін көрсетеді. Ал үйіне келген сәтте бұл дүниелік себептер болмайды.Тек Алла разылығы үшін ғана көркем мәміле жасауы керек болады.Сол себепті Пайғамбарымыз с.а.с: "Сендердің ең жақсыларың отбасыларыңа жақсы болғандарың" - деген. 🎙 Шейх Рамадан Бути р.а
Білім сен үшін ауыр жүк болып, жүрегіңе уайым салуы мүмкін, себебі оны әлі толық түсінбегенсің. Ал оны түсінген кезде, оның тәттілігін сезініп, одан ләззат пен рахат табасың. Білім жолының ұзақтығына қарамастан, оны оқуда шаршау мен ауырлық сезбей қаласың. Керісінше, шаршау мен ауырлықты білім іздемеген кезде табасың. Біліммен ғана адам боласың! (с) Шейх Әбу Муса
"Құран муғжизасы" түсінігін осы заманда басқа қырынан ашып үлкен еңбек жасаған үш ғалым: 1. Абдулла Дараз (Набаул-азым) 2. Саид Қутуб (Фи зиләл әл-Құран) 3. Мустафа Рафиғи (Тарих әдәб әл-араб)