tgindex
NU Yurt Times
@nuyurttimesказахский

Сіздің сүйікті Назарбаев Университетінің қазақ тіліндегі жаңалықтары.

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
16 авг.
Постов за неделю
1
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
542
+6 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
623
21 постов
Вовлечённость
114,9%
к подписчикам
Постов в день
0,1
всего 21
Упоминаний
1
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
185
1/48двое суток
212
1/72трое суток
228

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • WLL және History ортақ бағдарламаға бірігеді Қазіргі кезде департамент екі оқу бағдарламасын біріктіретін жаңа joint major бағдарламасын құрастыруда. Бұрын Languages, Linguistics and Literature департаменті History, Philosophy and Religious Studies департаментімен біріккенімен, департамент ішінде жеке бағдарламалар болып қала берген. Қазір департамент әдебиет, лингвистика, тарих, философия және дінтану бағыттарын қосатын жаңа бағдарлама әзірлеуде. Өз мамандығын таңдап қойған студенттер оқуға түскен кезінде қолданыста болған handbook талаптары бойынша оқуды жалғастыра береді және университетті өздерінің қазіргі мамандығымен бітіре алады. Ал жаңа студенттер үшін әзірге ештеңе нақты анықталмаған. Бөлек айта кететін жайт, бірігу студенттердің жетіспеушілігінен болған жоқ деп болжауға болады. Мысалы, WLL бағдарламасы үшін студент саны мүлдем проблема емес. Департамент меңгерушісі бұл бағдарлама мектептегі студент саны бойынша ең ірілердің бірі болғанын және университеттің көптеген басқа бағдарламаларына (соның ішінде кейбір STEM бағыттарына) қарағанда көбірек абитуриенттер жинағанын жазып өткен. Университеттің өз деректері бойынша, бағдарлама түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері де жақсы болған, тіпті кейбір техникалық бағдарламаларға қарағанда жоғары. Мәселе қазіргі білім саласындағы гуманитарлық ғылымдар күйреу үстінде деп жиі қабылданатын тенденцияға байланысты болу керек деп сенеміз. Екі департамент бұрыннан тығыз байланысты болған, сондықтан егер бірігу сөзсіз болса, дәл осы екі бағытты біріктіру орынды көрінеді. Жақын арада тарих, философия және дінтану департаментінің меңгерушісі Daniel Beben студенттерге арналған Townhall Meeting өткізеді, онда қалаушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын айта алады.

  • Биология және медицина студенттері үшін Шортанды көлінде міндетті практика енгізілуі мүмкін Жақында НУ-дың тұрақты даму жөніндегі директоры Қанат Байғарин өзінің LinkedIn парақшасында биылдан бастап Шортанды көліндегі практика биология және медицина студенттері үшін оқу бағдарламасының міндетті бөлігіне айналуы мүмкін екенін атап өтті. Шортанды көлі бұрыннан бері университет тарапынан ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, атап айтқанда климаттың өзгеруі Орталық Азия көл экожүйелеріне әсерін зерттеу бағыттары бойынша пайдаланылып келеді. Тұрақты даму кеңсесі болса, бұған дейін де осы мамандықтардың студенттері үшін Бурабайда далалық практикалар ұйымдастырып келген. Қанат Байғарин өз жазбасында далалық базаға жақында болған сапары барысында студенттердің оқудың мұндай форматына үлкен қызығушылық танытқанын атап өтті.

  • НУ түлектері мен профессоры ҚР Құрылтайының депутаттығына кандидаттар тізімінде Қазақстанда жаңа Конституцияның күшке ие болуына байланысты екі палаталы Парламенттің орнына бір заң шығарушы орган - Құрылтай құрылады. Осыған байланысты 23 - тамызда бес жылға сайланатын 145 депутатты анықтайтын сайлау өтеді. Кандидаттар тізімінде Назарбаев Университетіне қатысты тұлғаларды да байқадық. «Әділет» саяси партиясы: Айжан Темербаева – META University ректоры, НУ-да MSc in Educational Leadership және PhD in Education дәрежелерін алған. Тілектес Адамбеков – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, НУ-да Master of Public Administration дәрежесін алған. Әлібек Сайланбаев – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дағы ЖИ жетекшісі, НУ-да BSc in Mathematics дәрежесін алған. «Respublica» партиясы: Лаура Вайгорова – SmarTestPrep білім беру онлайн-платформасының CEO-сы және тең құрылтайшысы, НУ-да BA in World Languages, Literature, and Linguistics және Master of Public Policy дәрежелерін алған. Сұраған Дөрбетхан – ҚР Президенті жанындағы Ғылым академиясының мүшесі, НУ-дың профессоры.

  • 10 июл.269323из sg_mmc

    Dear Students, Student Government welcomes the clarification from university that the reported information about the mandatory student fee of 110,000 KZT was not confirmed. 👍 Here is the official response we received from the Press Office: Касательно информации о введении студенческого сервисного платежа Nazarbayev University в ответ на Ваш запрос относительно распространяемой в социальных сетях информации о введении обязательного ежегодного студенческого взноса сообщает, что данная информация не соответствует действительности. На сегодняшний день Университет не принимал решений о введении каких-либо дополнительных обязательных платежей или взносов для студентов. From the beginning, SG stated that the information circulating publicly had not been formally confirmed by the university. Because the hypothetical fee could have created a significant financial burden and academic consequences, and because SG had not been formally informed or consulted, we considered it our responsibility to establish a strong student position and seek urgent clarification. Thank you to the students who supported the petition. The petition demonstrated that students expect transparency and meaningful representation in such decisions. SG will close the current petition. We will continue working with the administration and advancing student representation on all matters. 😘 We are glad that the concern has been resolved and will share any further verified information with students. Warmest regards, Student Government 💙

  • 9 июл.259245из sg_mmc

    Dear Students, Student Government is aware of public reports regarding the possible introduction of a mandatory one-time student fee of 110,000 KZT and its potential connection to course registration. At no point has Student Government been formally consulted on this matter. We have also been never formally informed. We understand that a financial requirement of this scale, introduced on such short notice, would directly affect students and their families. We are especially concerned by reports that nonpayment could restrict course registration, which may create serious academic consequences under current registration requirements. Student Government believes that no major mandatory student fee should be introduced without reasonable notice, transparent justification, payment flexibility, and meaningful student representation in the decision-making process. We are urgently seeking clarification from university leadership on: 1. Whether the fee has been approved. 2. Which students would be required to pay and in what amount. 3. Whether registration access would be restricted for nonpayment. 4. What legal basis supports the fee. 5. How the amount was calculated. 6. What exemptions, appeals, or payment options would exist. 7. How the collected funds would be used. In conversations, Student Government will call on university leadership to suspend any implementation of this fee for the upcoming academic year and to ensure that students are not blocked from registration while these questions remain unresolved. To demonstrate the collective stance of the Student Body, we have prepared the official petition. https://docs.google.com/document/d/1193H3C52HgcdnQaM_a_7nQBfpDclwLlijg1CcGlRCQ0/edit?usp=sharing Please familiarize yourself with the text and sign it if you support our position. Your signature is essential to ensure our voice is heard by the university administration. https://forms.gle/Wuw6UtfjMLaiHwW3A We will continue to update you based on verified information we receive. Sincerely, Student Government

  • 9 июл.7616717

    Жылына 110 мың теңге: НУ-да келесі семестрден бастап міндетті студенттік ақы енгізу жоспарлануда *Төменде көрсетілген ақпарат анонимді дереккөзден алынды және қазіргі уақытта университет әкімшілігі тарапынан ресми түрде расталмаған. Дереккөздің мәліметінше, 2026 жылдың тамызынан бастап студенттердің көпшілігі жаңа міндетті ақы төлеуі керек. Енді оқуды жалғастыру үшін жыл сайын 110 000 теңге көлемінде студенттік жарна төлеу қажет болады.  Бұл жарна міндетті болады, ал төленбеген жағдайда курсқа тіркелу бұғатталады. Бұл шешім университет әкімшілігімен мақұлданған. Қазір қолда бар ақпарат бойынша, төлемақы мөлшері: - барлық студенттер үшін жылына 110 000 теңге; - EMBA және MPA бағдарламаларының студенттері үшін 70 000 теңге; - SVC студенттері төлемнен босатылады. Жаңа төлем құрамына Multipass және Student Fund кіреді, сонымен қатар бұл қаражат университет инфрақұрылымын белгілі дәрежеде ұстауға жұмсалады. Дегенмен, қазіргі уақытта қаражаттың қандай бөлігі қай бағытқа және қалай бөлінетіні, сонымен қатар жаңа міндетті жарна енгізілгеннен кейін студенттік қызметтерде қандай өзгерістер болатыны туралы нақты ақпарат белгісіз. Көптеген студенттер үшін бұл тағы бір жылдық міндетті шығынның пайда болуын білдіреді. 110 мың теңгені төлемеген жағдайда, келесі оқу жылында оқуды жалғастыру мүмкін болмайды.

  • 9 июл.626121

    Қамқоршылық кеңес академиялық құрылымдағы ауқымды өзгерістерді бекітті. 2026 жылдың тамызынан бастап НУ-да қамқоршылық кеңес бекіткен ұйымдастырушылық өзгерістер іске қосылады. Бұған дейінгі хабарландырулармен бірге қосымша мынандай жаңалықтар белгілі болды: - SCAI және Graduate School of Business департаменттік емес үлгіге көшеді. Енді мектептер ішінде бөлек департаменттер болмайды. Атап айтқанда, қазіргі Chairs of the Departments of Mathematics, Robotics, және Computer Science оқытушылық қызметке ауысады. - SMG жеке мектеп ретінде жойылып, SOE құрамында жеке департамент ретінде қалады. - Academic Success Center (бұрынғы Writing Center орнына ашылатын орталық) SSH департмантінің астында қалатыны белгілі болды және академиялық тұрғыдан Associate Provost for Teaching and Student Success-ке бағынатын болады. - Academic Advising Unit-тің Academic Success Center құрамына кіруінің мүмкіндігі бар, бірақ өзінің дербес бөлім мәртебесін сақтайды. Ол Office of the Registrar-дан шығып, Associate Provost for Teaching and Student Success-ке бағынатын болады. - Office of Graduate Studies екі жеке құрылымға бөлінеді. Бұрын хабарланған Doctoral Institute-тан басқа, Office of Master’s Programs пайда болады деген жоспарлар бар. Осыған байланысты Associate Provost for Doctoral Studies деген жаңа лауазым құрылды және бұл орынға ие болған — Prof. Shazim Ali Memon. Ол бұрынғы Associate Provost for Graduate Studies Dr. Luis Rojas-Solórzano-ның орнына келмекші. Реформаларды жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс топтары құрылады. Академиялық және әкімшілік Task Forces қайта құрылған мектептердегі өтпелі кезеңге, оның ішінде оқу бағдарламалары, кадрлар, қаржы, IT жүйелер және басқа да ұйымдық өзгерістерге жауапты болмақшы.

  • без подписи

  • без подписи

  • 🎓 GraNUation 2026 Бүгін НУ-да диплом табыстау рәсімі өтіп жатыр және біз оның негізгі сәттерін сіздерге таныстырып отырмыз: Рәсім барысында университет жұмысын аяқтап жатқан екі қызметкермен қоштасты. Олар 2022 жылдан бері Associate Provost for Graduate Studies қызметін атқарған Luis Rojas-Solórzano және 2018 жылдан бері General Director of the Center of Preparatory Studies болған Robert Dobler. Қонақ ретінде Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйледі. Жыл сайынғы дәстүр бойынша бітіру салтанатында NU Choir өнер көрсетті, ал кейін хэдлайнер ретінде сахнаға Alem шықты. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек рәсімге жеке өзі қатыса алмады, бірақ түлектерге құттықтау мен ақыл-кеңесін білдіретін бейнеүндеу жазды. Graduation рәсімінде алғаш рет Назарбаев Университетінің жаңа әнұраны шырқалды. Class of 2026-ны осындай есте қалатын сәтпен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа биіктерді бағындыруларыңызға тілектеспіз! 🎉

  • без подписи

  • без подписи

  • НУ-дың спорттық командалары Students Sport League жарысында университеттің атағын лайықты дәрежеде қорғады 🏆 Биыл университеттің намысын әйелдер волейбол командасы, шахмат командасы, ерлер мен әйелдердің баскетбол құрамалары, сондай-ақ әйелдер футзал командасы қорғады. Әйелдер футзал командасы бүкіл Қазақстан бойынша 11 команданың ішінде екінші орынға ие болды, сонымен қатар әйелдер баскетбол құрамасы да артта қалмай, университетке күміс жүлде әкелді. Chess Club та айтарлықтай табыстарға жетті. Спортшылар лига финалына шығып, төрт жеке медаль жеңіп алды: 🥇 1 алтын, 🥈 1 күміс, 🥉 2 қола. Қатысушылар мен жаттықтырушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз және еліміз бен одан тыс жерлердегі спорт алаңдарында жаңа жеңістер тілейміз ⚡️

  • Назарбаев Университетінің түлегі жоғары мемлекеттік лауазымға тағайындалды Әділ Құсманов — Назарбаев Университетінің 2017 жылғы математика мамандығы және экономика бойынша майнор бағдарламасының түлегі — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы аясында Оксфорд университетінде магистр дәрежесін алған. Бұған дейін Әділ Құсманов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Халықаралық бағдарламалар орталығын басқарған. Айта кетейік, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі және 2024 жылғы жағдай бойынша Назарбаев Университеті Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады.

  • NU жанындағы жазғы лагерь тәлімгерлеріне қандай жағдайлар ұсынылады? DSS конкурстық іріктеуден өткен студенттерге NU Summer Camp 2026 лагерінде тәлімгер болып жұмыс істеу шарттары жазылған хаттар жіберді. Сипаттамаға қарағанда, жұмыс ерте тұруды, кешке дейінгі белсенділіктерді және бір тәлімгерге шамамен 10 баладан келетін жауапкершілікті, яғни лагерь өміріне толықтай дерлік енуді көздейді. Шарттардың ең бастысы: • Төлемақы - екі аптаға созылатын бір кезең (поток) үшін 100 000 теңге. • Барлығы 4 кезең қарастырылған: 1 маусым мен 25 шілде аралығында. • Шарттарда тәлімгерлер жетіспеген жағдайда, кейбіреулерінен қатарынан бірнеше кезеңде немесе тіпті лагерьдің барлық уақытында жұмыс істеуді сұрауы мүмкін екендігі бөлек көрсетілген. Бұл ретте демалыс күндері немесе ауысымдардың нақты кестесі хатта жоқ. Tentative agenda-ға сүйенсек, лагерь қатысушыларының күні 7:30 AM-де таңғы аспен басталады, ал белсенділіктер 9:00 PM-ге дейін жалғасады - кестеде академиялық сабақтар, спорттық және шығармашылық шаралар, квиздер, ойындар және музыкалық кештер көрсетілген. Тәлімгерлердің міндетіне тек балаларды қадағалау ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырушылық мәселелер де кіреді: Even organization and coordination, Sport or dance activities, IT support, Board games and quizzes, Guiding tours and excursions, Musical activities / playing musical instruments. Іс жүзінде тәлімгерлерге балалардың бос уақытының едәуір бөлігін өздері ойлап тауып, өткізу ұсынылады. Артықшылықтарына келсек - тәлімгерлерге лагерь кезеңінде жатақханада тегін тұру және тамақтану, сондай-ақ бір кезеңге 100 мың теңге беріледі. Жатақханаға 17 мамырдан бастап кіруге болады.

  • 15 мая761251

    НУ-дың корпоративтік аккаунттары Google Фото қосымшасына қолжетімділігінен айырылады Бүгін университеттің барлық студенттері мен қызметкерлері екі апта ішінде (15-29 мамыр аралығында) пайдаланушылар барлық материалдарды басқа сервиске (мысалы, Google Drive) көшірулері қажет екені туралы хабарландыру алды. Жеке файлдарды жеке Google-аккаунтқа ауыстыру ұсынылады. Google Фото сервисін NU Image фотографтары ұзақ уақыт бойы іс-шаралардан түскен суреттерді орналастыру үшін пайдаланып келетін. Клуб өкілдері басқа балама іздестіріп, барлық жүктелген материалдардың резервтік көшірмесін жасауға тырысатындарын мәлімдеді. Клубтың қызметі тоқтатылмайды, ал келесі хабарландырулар телеграм-арнада жарияланады: https://t.me/nu_img.

  • НУ аумағында кофехана бизнесін жүргізу қаншаға түседі? sdelka.kz сайтында төменгі атриум аймағында орналасқан кофехана түріндегі бизнесті сату туралы хабарландыру жарияланды. Хабарландыруда көрсетілген сандарға сүйене отырып, НУ-да кофехана ұстау қанша тұратынын түсінуге болады. Бизнестің өзі 15 000 000₸ тұраса, жалдау құны айына 700 000₸. Ал өзін-өзі ақтауына қатысты: – Түсім: айына 6 000 000₸, – Таза пайда: айына 1 000 000₸, – Өзін-өзі ақтау мерзімі: 15 ай Яғни, тұрақты клиенттер легі (студенттер мен қызметкерлер) болған жағдайда маржиналдылық шамамен 20%-ды құрайды. Сатушының мәлімдеуінше, ешқандай қосымша салымдар қажет емес және «алғашқы күннен-ақ» іске кірісіп, табыс табуға болады. Сандарға қарап, бизнестің кем дегенде шығынды емес екенін аңғаруға болады.

  • НУ School of Engineering-ге жаңа декан іздеуде Халықаралық рекрутингтік Odgers Berndtson агенттігінің сайтында School of Engineering (SoE) деканы лауазымына бос орын жарияланды. Бұл хабарландырудың өзі бірнеше себепке байланысты назар аударады: Біріншіден, Odgers Executive Search әдетте провост, вице-провост, вице-президент сияқты жоғары деңгейдегі басшылық қызметтерге іріктеу жүргізеді. Осы тұрғыдан алғанда, неге SCAI деканы бұл платформа арқылы ізделмейді деген сұрақ туындайды, өйткені екі лауазымның деңгейі шамалас. Екіншіден, жаңа декан іс жүзінде екі бағытты біріктіреді — ол қазіргі SEDS және SMG декандарын алмастырады. Үшіншіден, бос орын сипаттамасында бұл ұзақ мерзімді тағайындау екені көрсетілген. Бұл тек бір жылға жоспарланған SSH деканын тағайындау тәжірибесімен салыстырғанда өзгеше. Сонымен қатар, NU параллель түрде 30 full professor тартуға бағытталған жаһандық науқан жүргізіп жатыр. Хабарландыруда олардың бір бөлігі SoE-мен байланысты болатыны айтылған. Сондай-ақ университеттегі жоғары академиялық лауазымдарда әйелдердің үлесі аз екені атап өтіліп, әйел үміткерлерге басымдық берілетіні көрсетілген. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Іріктеу кезеңдерін ескерсек, жаңа деканның қызметіне күзде — шамамен қазан–қараша айларында кірісуі мүмкін.

  • Writing Center-ді жабуға қарсы екінші хат Академиялық кеңеске жіберілді Екінші хат Профессор-оқытушылар құрамы кеңесімен (Faculty Senate) мақұлданып, Академиялық кеңестің (Academic Council) қарауына жіберілді. Оның алдындағы бірінші хатты да Студенттік үкімет (SG) арқылы Академиялық кеңеске жіберу жоспарлануда. Академиялық кеңес — университеттің күнделікті академиялық өміріндегі маңыздылығы бойынша екінші алқалы орган. Онда академиялық бағдарламаларға және олардың өзгеруіне байланысты шешімдер қабылданады. Академиялық кеңес хатты Басқарушы кеңестің (Managing Council) қарауына бере алады. Ал, Басқарушы кеңестің құрамына президент, вице-президенттер және провост кіреді. Сіз әлі де екінші хатпен танысып, оған біздің алдыңғы жарияланымдағы сілтемелер бойынша қол қоя аласыз (https://t.me/nuyurttimes/9).

  • Writing Center веб-парақшасы өз жұмысын тоқтатты Writing Center, оның қызметтері, курстары және нұсқаушылары туралы ақпарат жинақталған сайт енді қолжетімсіз. Басты бетке (https://nuwritingcenter.nu.edu.kz/) кіруге әрекет жасағанда Tilda-ның «402 Please renew…