tgindex
student
@paraqshaaказахский
Последний пост
13 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
2
Всего постов
23
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
476
+3 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
573
23 постов
Вовлечённость
120,4%
к подписчикам
Постов в день
0,3
всего 23
Упоминаний
2
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
144
1/48двое суток
165
1/72трое суток
177

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Құранды жаттауда мақсатқа тез жету емес, осы қасиетті жолда тұрақты әрі табанды болу маңызды. Өйткені Құранмен өткізген әрбір күнің — өз алдына бір нығмет, әрбір қайталаған аятың — сауап. Жолың ұзақ болып, жаттауың баяу жүрсе де, тоқтап қалма. Береке — тұрақтылықта. Ал Құранды көркем әрі мығым меңгеру — ол үлкен дәрежеге жеткізетін жол. Есіңде болсын: басталған сәттен мақсатқа жеткенге дейінгі әрбір қадамың босқа кетпейді. Әрбір жаттаған аятың, әрбір қайталаған сүрең — Алланың қалауымен сен үшін сауап әрі ақыретке жиналып жатқан байлық. Сондықтан асықпа. Аз болса да — тұрақты жатта. Қиын болса да — тоқтама. Қайталаудан жалықпа. Құран жолынан ажырама. Өйткені Құранда ең маңыздысы — мәреге бірінші жету емес, сол жолда берік қалу.

  • Әулиелердің имамы болған Әбдул Қодир Жилани адамдарға уағыз айтқанда жүректен орын алып барлығын жылататын. Оның кейбір шәкірттері ұстазының сөзін дәлме-дәл жаттап алып басқа адамдарға айтып беретін. Алайда ескіге әсер етпейтін. Демек мәселе айтылып жатқан әңгімеде де емес. Мәселе айтып жатқан адамға байланысты. Кімнің жүрегі нұрланған, жүрегінде Раббысына болған тақуалық көбірек болса, ол адам не айтса да нұры басқа жүрекке өтеді. Нұры жоқ адам не айтса да өтпейді. Алла тағала былай дейді: «Кезінде өлі болып, алайда оның жүрегін тірілтіп оған Нұр нәсіп еттік. Ол сол нұрмен адамдардың ішінде жүретін болады». Оның нұры адамдардың жүрегінен орын алады. #ізгілер

  • 2 авг.280207

    Бала тәрбиесі қашан басталады? Салихалы жар таңдаудан. (с) Шейх Ясир (Алла ол кісіні сақтасын)

  • 2 авг.245163из oz_oyim

    Отбасылық өмірде құндылықтардың, көзқарастың әртүрлі болуы адамды қажытады. Әсіресе әйел адам білімге құштар болып, ер адам одан алыс болса, ол әйелге өте ауыр болады. Себебі әйел еріне бағынышты, әйелге жағдай жасап беретін ері. Білімге қызықпайтын, қадірін білмейтін ер адам әйелінің білім алуына бейсаналы түрде әртүрлі кедергілер жасауы мүмкін. Ал ол түбінде білімнен ажырап қалуға алып барады.

  • Пайғамбарымызға ﷺ салауат айтпай жүрген бір кісі түсінде Алланың елшісін көреді. Бірақ Пайғамбарымыз ﷺ оған мүлдем қарамай қояды. Ол кісі Пайғамбарымызға ﷺ жалбарынып: - уа Алланың елшісі ﷺ маған наразысың ба ? - дейді. Пайғамбарымыз - жоқ деп жауап береді. - онда сен неге маған қарамай жатырсың ? - Өйткені мен сені танымаймын. - Мені қалай танымайсың ? Мен сенің үмбетіңненмін ғой. Пайғамбарымыз ﷺ үмбетін ата-ана баласын танығаннан да жақсырақ таниды деп ғалымдар айтты ғой. - турасын айтыпты. Бірақ сен маған салауат айтпайсың. Менің үмбетімді тануым маған айтқан салауаттарына қарай болады. Содан бастап әлгі кісі күніне 100 мәртеден салауат айтуда тұрақты болды. Бірнеше күннен кейін түсінде Пайғамбарымызды ﷺ көреді. Пайғамбарымыз ﷺ оған: Енді сені танып тұрмын және саған шапағат етемін деп сүйіншілейді. #кітаптан

  • Саған бір мәрте айтылған адамның есімі есіңде қалама?! Есіңде қалу үшін есімі көп мәрте құлағыңа естілу керек. Сенің салауатың оған періште арқылы жеткізіледі. Тіпті жұма күні еш періштесіз тікелей сенің және әкеңнің есімі айтылады. Ол сені танысын! Ертең сені танымаса неткен бос өмір. Сен үшін әр түні аяғын ауыртты. Сен шын жүрекпен аузыңды салауат айтып құрғат! #ұстаздан

  • Ұстаздарымыз айтатын: Аллаға Алла елшісі ﷺ арқылы жетесіңдер. Оған ер, оны жақсы көр. Оған көп салауат айт, сол кезде ол сені таниды. Бір-екі мәрте айтып қана қойсаң ол сені танымайды ертең! ﷺ #ұстаздан

  • Рабиғ ибн Хусаймның түнде көп жылап, құлшылығын арттырып, түнгі намазды ұзақ оқитынын көрген анасы оған: — Балам, сен біреуді өлтіріп қойдың ба? — деп сұрайды. Сонда ол: — Иә, өз нәпсімді күнәларыммен өлтірдім, — деп жауап береді. https://t.me/nurbol_zakirov

  • Каналдағы жазылушылардың бір бөлігі шығып кетсе оған көңіліңізді түсіріп, қайғырмаңыз.) Жазылса – Аллаһқа шүкір. Жазылымнан шықса – еш оқасы жоқ. Бұған бола көңіл түсірудің қажеті жоқ. Себебі сандар ешнәрсені шешпейді. Егер Алла сен арқылы бір ғана адамға пайда жеткізсе, сол да жеткілікті. Өйткені Алланың алдында амалдың құндылығы оның кең таралуында емес, ықыласында. Сондықтан ниетіңді түзет. Адамдардың санына емес, Алланың разылығына ұмтыл. Дүниелік көрсеткіштерге емес, ақыреттік сауапқа көңіл бөл💚

  • “Аллаһ”-тың алдында дәрежемді көтерер нәрсе болса ол - Құран. (с) Ағмаш (رحمه الله)

  • 6 июл.5893410

    ӘУЛИЕЛЕРДІҢ ӘДЕТІ Мен бастапқыда тігіншілікпен айналысып, табыс табатын едім. Әр күні жатар алдын күндіз айтқан сөздерімді санап, өз-өзіме есеп беретінмін. Сөйтіп, санап көргенімде өте аз сөйлейтінімді аңғардым. Егер күндіз жақсы сөз айтқан болсам, Аллаға мақтау айтып, шүкір ететінмін. Егер күндіз өзіме де, өзгеге де пайдасы жоқ сөз сөйлесем, Алладан кешірім сұрап, тәубе қылатынмын. Әулиелік деңгейге жеткенге дейін осы әдетімді жалғастырдым. Шейх Мәкиниддин әл-Әсмар (رحمه الله)

  • 30 июн.3 8195129

    Әттеген-ай! Құранмен ғана уақыт өткізумен разы болғанымда еді.. (с) Суфиян әс-Сәури (رحمه الله)

  • 28 июн.5403016

    Ғибадатқа, құлшылыққа зауқың болмаса, денең әлсіреп, шаршап жүрген болсаң әлеуметтік желіден алыстап, тәспіңді қолыңа алып Алланы көп зікір ет. Алланы зікір ету ғапылдықтан арылтады. Әрі жүрекке сергектік сыйлайды.

  • 28 июн.4932410

    Егер күн сайын әлеуметтік желілерден бос әңгіме, ойын-күлкі, харам көріністер, дүниеге құмарлықты арттыратын нәрселерді көріп жүрсе, жүрегі біртіндеп қарайып, Алланы еске алу ауырлай бастайды. Ал Құран, пайдалы ілім, ізгі адамдардың насихаты мен жақсы орта жүректі тірілтіп, иманды күшейтеді. Ғапылдықтан шығудың бірден бір жолы – ортаны өзгерту. Ізгі адамдармен бірге болу, Құранмен дос болу, әлеуметтік желідегі зиянды парақшаларды тастап, пайдалы арналарға жазылу. Өйткені адам кіммен араласса, соған ұқсайды, ал жүрек немен қоректенсе, соған бейімделетіні ақиқат.

  • Адамның ғафылетте болуының бірінші себебі оның жаман ортасы. Оның ортасы жаман дегені қоршаған ортасы жаман, құлшылықты ұмыттырады, Алланы ұмыттырады. Ол жердегі орта деген тек адам емес, оның қолданып жатырған инстаграмы, тик тогы, ютубы да оның ортасы. Сол жерден көріп, сусынданып отыр. Оның барлығы оған Алланы ұмыттырып отыр. #подкасттан

  • Егер күнәдан пәк пенделердің қатарынан болмасаң өзіңе келер сынақтар мен жазаларға дайын бол, әрі ол басыңа түскен кезде оны жек көріп, налыма. Себебі сен одан да үлкен жазаға лайықтысың. Ал, Алланың кешірімі бәленің үлкенін сенен алыстатты. Имам әл-һарис Мухасиби (رحمه الله)

  • 21 июн.491191из oz_oyim

    Кез келген ғалым қателесуі мүмкін, тіпті сахабалар да қателесуі мүмкін. Бәрі адам. Қателеспейтін тек ибн Таймия мен уахабилердің заманауи шейхтары)).

  • 21 июн.467101из oz_oyim

    Енді сен сияқты ойлайтындарға да сұрақ: - Құран мен сүннетті түсінуде кімге тақлид жасайсың? Алла Тағала мен Пайғамбардың (صلى الله عليه وسلم) сөзін түсіндіріп берген, Данияр арқа сүйеген ұлы ғалымдардың түсінігіне ме әлде өзіңнің жеке түсінігіңе ма? Қалай ойлайсың, хадис пен Құранды сен жақсы түсінесің ба әлде ғалымдар ма? Пысы: мынандай әдемі көрінген сөздерге алдана бермеңдер

  • Егер оның рахымы мен кеңшілігі сенен үзілмей, тоқтаусыз ризығына бөлеп жатса.. Сенің оған ғафылдық көрсетуіңе хақың жоқ. (с) Шейх Махмуд Дурроһ

  • 11 июн.433234из nurbol_zakirov

    Жазаның ең ауыры — адамның жолдан тайғанын аңғармай, шайтанның оған өзін әлі де тура жолда жүргендей сезіндіруі. Алла Тағала былай дейді: «Олар өздерін тура жолда жүрміз деп ойлайды?!». «Олар өздерін игі іс жасап жүрміз деп есептейді?!». ©️Ибн әл-Жәузи (рахимаһулла)

student — tgindex