- Последний пост
- 11 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 237
- 1/48двое суток
- 271
- 1/72трое суток
- 292
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
“Өзгеге қолдау көрсеткенге, бүкіл әлем қолдау болады”. Осы сөз жаныма қатты жақты🥰.
Жұмысыңыз өнімді болсын десеңіз, осы үш затты жаттап, әркез ойда ұстаңыз: “1 уақытта, 1 жұпыс. Алдымен маңызды жұмыс. Қазір бастаймын.”
Мақсаттарыңызға жету үшін сіз қандай адам болуыңыз керек? Ондай адамның қандай әдеттері болуы керек? Таңдаған мақсатыңызға жетуге "лайықты" адам болмасаңыз, қалай жетесіз?
Әдеттерімізді басқармасақ, ол бізді басқарады. Аяғында: "тағдырым сондай болған екен" дейміз.
Адамның ғұмыры кішкентай ғана күндерден тұрады. Демек, осы кішкентай күндерді қалай өткізсек, ғұмырымызды да солай өткізген боламыз.
Бүгін істелмеген бір қадам, ертең істеу керек екі қадамға әкеледі.
Кітаптан мынадайды оқыдым, не ойлайсыздар? 🤔 “Қазіргі заманда үлкен балық кішірек балықты жемейді. Жылдам балық баяу балықты жейді.”
Ұзақ уақыт бойы ұйқымның сапасы нашар болды: түнде ұйықтап кету қиын, жиі оянамын, таңертең шаршап тұрамын. Мәселенің шешімін іздесем, әркім әртүрлі кеңес береді: кофе ішпе, магний іш, бөлмені салқындат, жатарда телефон қарама. Барлығын жеке-жеке қолданып көрдім, бірақ айтарлықтай нәтиже болмады. Кейін түсіндім: олардың әрқайсысы жеке ұйқымды небәрі 1–2%-ға ғана жақсартады, мәселені толық шешпейді. Ал бәрін бірге қолдансам, пайыздар қосылып, ұйқы сапасы 20-30% жақсаруы мүмкін. Ал бұл, расымен, сезілді! Кейде үлкен мәселені бір үлкен өзгеріс емес, бірнеше кішкентай әрекеттің қосындысы шешеді.
Біз көбіне үлкен мәселенің ҮЛКЕН шешімін іздейміз. Бірақ кейде мәселе бір әрекетпен емес, бірнеше кішкентай әрекеттің жиналуымен шешіледі. Әрқайсысы небәрі 1–2% ғана әсер етуі мүмкін, бірақ қосылғанда нәтиже мүлде басқа болады. Кішкентай жақсартулардың күшін елемей қалмаңыз. Ертең өмірімнен мысал келтіремін.
Алғашқы қадам тек бастау үшін емес, ДҰРЫС бастау үшін маңызды. Өйткені адам көбіне өзі үйренген нәрсесін қайталай береді. Басында қалай істесеңіз, уақыт өте келе сол сіздің қалыпты тәсіліңізге айналады. Сол себепті АЛҒАШ рет жасалған әрекетке салғырт қарамаңыз. Жалпы, қайбір әрекетіңізге мән беріп жүрсеңізші😂
Қандай кішкентай әрекет болмасын, оны бар зейініңізді қойып орындаңыз. Бір абзац оқысаңыз да, оны түсініп оқыңыз; бес минут жаттықсаңыз да, әр қимылды мұқият жасаңыз. Нәтиже үшін әрекеттердің сапалы орындалғаны маңызды. Қанша істегеніңізден бөлек, қалай істегеніңіз де өте маңызды.
Бүгін: - аптаның бірінші күні; - айдың бірінші күні; - жаздың бірінші күні. Нені кейінге қалдырып жүрсеңіз де, бүгін бастауға идеал күн! Сылтау жоқ. “Жаңа жылдан бастаймын” деп жүргендеріңіз болса, чаттан шығып кете салыңыздарш😂
Уақыт — өмірдегі қайта оралмайтын жалғыз ресурс. Ақшаны жоғалтсаң қайта табуға болады, ал босқа өткен бір минутты ешкім қайтара алмайды. Үлкен жетістіктер бір күнде емес, уақытты дұрыс пайдаланған күндердің жиынтығынан құралады. Сондықтан әр күніңізді мақсатыңызға жақындататын әрекетпен толықтыруға тырысыңыз.
Кез келген үлкен мақсатқа бірден емес, оны кішкентай мақсаттарға бөлу арқылы жетуге болады. Психологияда бұл «декомпозициялық ойлау» деп аталады: үлкен істі минимақсаттарға, ал оларды одан да кіші микромақсаттарға бөлу. Ең кішкентай мақсаттың өзі 5–10 минутта немесе бір сағатта орындалатындай болуы керек. Бұл мотивацияны жоғалтпай, әрекетті жеңіл бастауға көмектеседі. Ағаш секілді: үлкен мақсат — діңгек болса, күнделікті кішкентай әрекеттер — жапырақтар. Уақыт өте келе сол жапырақтар бірігіп, үлкен нәтижеге айналады.
Түбінде нәтижеге жететініңізге сенсеңіз, мотивацияңыз өседі. “Аз-аздан, үздіксіз” әрекет етсеңіз, жетесіз!
Планнерімді күтіп жүргендер болса, сатылым тағы ашық, алып үлгеріңіздер🥰. Менің дисциплина видеосабақтарымды алғандарға сыйға беріледі. Алу үшін вацапқа жазуыңызды сұраймын. Әйгерім жауап береді: +7 702 277 4650
Егер бір іске қатысты «енді істеуге тым кеш» деп ойласаңыз, біле жүріңіз, бұл — істі бастап кетуіге, шынында, ең қолайлы сәт!
Көп жағдайда біз істі алғаш қалай бастасақ, кейін де солай жалғастыра береміз. Адам миы алғашқы әрекетті «сәтті тәжірибе» ретінде қабылдап, кейін энергия үнемдеу үшін сол үлгіні қайталай береді. Сондықтан әдет қалыптастырғанда ең маңыздысы — алғашқы орындалуы. Егер басынан бастап әрекетті дұрыс ұйымдастырсақ, жақсы әдет қалыптасады; ал мән бермесек, қате әрекет те әдетке айналып кетуі мүмкін. Сол үшін мен әдет қалыптастырудың алғашқы қадамын «анықтау» деп атаймын.
Қазір ұйықтасаңыз, түс көресіз. Түсіңізге армандарыңыз кірер. Қазір тұрып қозғалсаңыз, армандарыңыз шындыққа айналады.
Өмірдегі ең қымбат құндылық — уақыт. Ол ең әділ ресурс та, өйткені әр адамға тәулігіне бірдей 24 сағат беріледі. Адамды өзгеден ерекшелендіретін, оның жетістікке жетуі мен бақытты болуы — дәл осы уақытты қалай пайдаланатынына байланысты. Ендеше, неге біз сол қымбат уақытымызды босқа кетіретін жаман әдеттерге оңай беріліп кетеміз?