tgindex
Qostanai TV // Жаңалықтар // Новости // Костанай

Qostanai TV // Жаңалықтар // Новости // Костанай

Статистика

“Qostanai” арнасының ресми парақшасы.

Последний пост
10 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
33
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Новости и СМИ
В каталоге с
12 авг.
Подписчики
121
+2 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
11
33 постов
Вовлечённость
9,1%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 33
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
8
1/48двое суток
9
1/72трое суток
9

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • ⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады   Мемлекет басшысы Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қатарынан айрықша орын алатынын атап өтті. «Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Ақын жұртшылықты толғандыратын көкейкесті мәселелерді бүкпесіз айтып, халқымызды бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Хакімнің «Толық адам» идеясы – әрбір азаматты рухани кемелденуге үндейтін және ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мазмұны терең тұжырым»,-делінген құттықтауда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы ойшылдың мол мұрасы алдағы уақытта да өскелең ұрпақты шынайы отаншылдық пен туған елге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу ісінде рухани азық болатынына сенім білдірді.

  • 10 авг.11из qazaqstantv

    ⚜️Бүгін - Абай күні 10 тамызда елімізде Абай күні аталып өтеді. Атаулы күн 2020 жылы Үкімет қаулысымен ресми түрде бекітілген. Биыл ұлы ақын, ойшыл, ағартушы әрі композитор Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толып отыр. Мерекеге орай республика бойынша 350-ден астам мәдени, ғылыми-танымдық, білім беру және спорттық іс-шара ұйымдастырылады. Абайдың асыл мұрасы кейінгі ұрпаққа рухани қазына болып қала береді.

  • В Костанайской области пройдет XXI республиканский Слет юных инспекторов дорожного движения С 12 по 21 августа в Костанайской области пройдет XXI республиканский Слет юных инспекторов дорожного движения. В мероприятии примут участие 26 команд — 20 из регионов Казахстана и 6 команд из стран СНГ. Всего в область прибудут 240 участников, в том числе 182 ребенка в возрасте от 11 до 14 лет. Основные соревнования и конкурсы пройдут в детском оздоровительном центре «Орленок» в Алтынсаринском районе. Для участников подготовлены спортивные и интеллектуальные конкурсы, культурно-развлекательная программа, экскурсии, а также научно-практическая конференция и семинары для сотрудников полиции и педагогов. Слет направлен на повышение культуры безопасного поведения детей на дорогах и развитие движения юных инспекторов дорожного движения.

  • без подписи

  • 29 июл.31из onlinemarathon2026

    IV кезең: Әлеуметтік желі арқылы жолданған көрермен сауалы «Ауыл» партиясына қойылды Сауал агроөнеркәсіп саласындағы ветеринар, зоотехник секілді мамандардың беделі мен табысын арттыруға қатысты болды. Партия өкілі Серік Егізбаев 2030 жылға дейінгі мал шаруашылығын дамыту бағдарламасында ауыл мамандарының мәртебесі мен еңбекақысын көтеру мәселесі қарастырылғанын айтты. Сондай-ақ Құрылтайға өткен жағдайда осы бағытта салалық мамандармен бірлесіп, заңнамалық бастамалар әзірлеуге дайын екенін жеткізді. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.21из onlinemarathon2026

    Теледебат алаңында Respublica партиясының өкілі Екатерина Смолякова жұмысшы мамандық иелерінің мәртебесін көтеру жайында сұраққа жауап берді. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.13из onlinemarathon2026

    «Байтақ» партиясының өкілі «Ауыл» партиясына ауыл мәселесіне қатысты сауал қойды Ол халықтың басым бөлігі қалада тұратынын, көптеген ауылдың жойылып жатқанын айтып, қалада жүріп, ауыл мәселесін қалай шешетіндерін сұрады. Өз кезегінде «Ауыл» партиясының бірінші төраға орынбасары Серік Егізбаев партия құрамындағы үміткерлердің басым бөлігі ауылдан шыққанын және ауылдың тыныс-тіршілігін жақсы білетінін айтты. Дәл қазір Алматыдағы «Qazaqstan» телеарнасының жаңа медиакешенінде ұлттық теледебат өтіп жатыр. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.12из onlinemarathon2026

    Арнайы байланыс орталығындағы жұмыс процесі Теледебат барысында көрермендердің сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін қабылдау үшін Арнайы байланыс орталығы жұмыс істеп жатыр. Көрермендер WhatsApp, Telegram, Youtube, Instagram әлеуметтік желілері арқылы сауалдарын жолдай алады. Сұрақтар 5 бағыт бойынша сараланады. Қазіргі ахуал бойынша экономика - 19,27%, саясат - 13,76%, әлеумет - 40,37%, мәдениет - 16,51%, экология - 10,09% көрсеткіште сұрақтар келіп түсті. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.10из onlinemarathon2026

    Орталық сайлау комиссиясында аккредиттеуден өткен «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша онлайн сауалнама жүргізуде. Экранның төменгі жағында көрсетілген QR-код арқылы сауалнамаға өтіп, ұстанымы мен бағдарламасы ұнаған партияны таңдай аласыз. Сонымен қатар сауалдарыңызды әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызға жолдай аласыздар. Көрермендердің сауалдары мен пікірлерін қабылдайтын арнайы байланыс орталығы жұмыс істеп жатыр. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.9из onlinemarathon2026

    ІІ КЕЗЕҢ: Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындайды. Осыған байланысты елімізде дарынды әрі кәсіби мамандардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасап, шетелден жоғары білікті адами капиталды тартатын өңірлік хабқа айналу үшін қандай заңнамалық тетіктерді іске қосу қажет деп санайсыз? Respublica партиясы атынан Екатерина Смолякова сұраққа жауап берді. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.8из onlinemarathon2026

    Дарынды кәсіби мамандардың еңбек етуіне қаншалықты жағдай жасалған? Бұл сұраққа Қазақстан Халық партиясының өкілі Сұңқар Ислам жауап берді. «Түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналаспау мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдадым. Жоғары оқу орнын тәмамдаған азамат өз мамандығы бойынша еңбек етуі керек. Себебі мемлекет оның тегін білім алуына жағдай жасады», - деді ол. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.8из onlinemarathon2026

    «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Олжас Елтайұлы Нұралдинов «Ұлттық теледебат – 2026» саяси пікірсайысында сөз сөйледі «Ақ жол» демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Елтайұлы Нұралдинов партияның ұстанымын таныстырды. Олжас Елтайұлы Қазақстанның басты байлығы табиғи ресурстар емес, адам капиталы екенін атап өтті. Сондай-ақ шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарын ұлттық мүддеге сай қайта қарау, шағын және орта бизнесті қолдау, отандық өндірісті, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру қажеттігін айтты. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.9из onlinemarathon2026

    «Байтақ» партиясы атынан Нұргүл Жұмахметқызы Қадырбаева «Ұлттық теледебат – 2026» саяси пікірсайысында сөз сөйледі «Байтақ» партиясы атынан саяси кеңес мүшесі Нұргүл Жұмахметқызы Қадырбаева партияның ұстанымын таныстырды. Нұргүл Жұмахметқызы экология мәселесіне ерекше тоқталып, Арал өңірінің тағдырына алаңдайтынын айтты. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаумен қатар, адам капиталы, рухани құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесінің маңызын атап өтті. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.9из onlinemarathon2026

    Теледебаттың І кезеңі басталды. Бұл бөлімде әр партияға өз бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, Құрылтай сайлауына қатысудағы мақсаты мен сайлаушыларға ұсынатын бастамаларын баяндауға мүмкіндік беріледі. Жеребе қорытындысы бойынша таныстыру кезеңін бірінші болып «Ауыл» партиясы бастады. «Біз ұстанымымызды нақты істермен дәлелдедік. Құрылтайға жан-жақты есептелген нақты бағдарламамен келіп отырмыз. Ауыл көркейсе, ел де өркендейді. Күшті мемлекет мықты өңірлерден, ең алдымен ауылдан басталады», – деді «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаев. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.9из onlinemarathon2026

    Партиялардың сөз сөйлеу кезегі жеребе арқылы анықталды Құрылтай сайлауына қатысатын партиялар пікірсайысы – Ұлттық теледебат басталды. Бірінші кезеңдегі сөйлеу кезегі жеребе арқылы анықталды. Ол үшін арнайы цифрлық «рандомайзер» жүйесі қолданылды. Партиялардың сөз сөйлеу реттілігі төмендегідей: 1. «Ауыл» партиясы 2. «Байтақ» партиясы 3. ӘDILET партиясы 4. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 5. «Ақ жол» демократиялық партиясы 6. Respublica партиясы 7. Қазақстан Халық партиясы #ұлттықдебат

  • 29 июл.8из onlinemarathon2026

    Ұлттық теледебат қатысушылары таныстырылды Дәл қазір «Qazaqstan» телеарнасын қосып, саяси пікірсайысты тікелей эфирден көріңіз. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026

  • 29 июл.7из onlinemarathon2026

    Ұлттық теледебатқа Қазақстан Халық партиясының өкілі келді Партия атынан сөз сөйлейтін Жастар қанатының жетекшісі Сұңқар Ислам Еркінұлы теледебат алаңына отбасымен келді. Дәл қазір «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар арасындағы ұлттық теледебат өтіп жатыр. Теледебатты «Qazaqstan» телеарнасынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыздан көре аласыздар.

  • 29 июл.8из onlinemarathon2026

    Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Ұлттық теледебатқа келді Партия делегациясын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілі Талғат Омаров бастап келді. Партия жақтастарының қатарында Ардагер Уайдин, Адилжан Шомбалов және Ғабиден Әділбекұлы бар. Дәл қазір «Qazaqstan» телеарнасын қосып, саяси пікірсайыстың куәсі болыңыз.

  • Дәл қазір 7 партия өкілі жеке автобустармен «Qazaqstan» телеарнасының Алматыдағы жаңа медиакешеніне келіп жатыр   Алғаш болып ӘDILET партиясының өкілдері келді. Партияның жақтастары қатарында Құрылтай депутаттығына кандидат Ренат Бектұров, кәсіпкер Әділ Тасболатов, әнші, тележүргізуші Луиза Обухова, кәсіпкер Маржан Өтеген, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты, Құрылтай депутаттығына кандидат Айдос Сарым бар.   Онлайн трансляцияны «Qazaqstan» телеарнасынан немесе әлеуметтік желідегі ресми парақшалардан тамашалай аласыз.

  • «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат басталды Алматы медиа орталығының Sky студиясында сарапшылар партиялардың сайлауалды платформаларын талқылайды. Sky студияның қонақтары – Бақытжан Бұқарбай мен Жеңісбек Төлен. Ұлттық теледебатты «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. #ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026