112 KZ
СтатистикаҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілері: https://youtube.com/@emergencygovkz?si=Z8JaRKV08UCUc6WD https://www.instagram.com/112kz_?igsh=dDluMXFuc3hnMW9j https://www.tiktok.com/@1
- Последний пост
- 04:01
- Последнее чтение
- 16:30
- Постов за неделю
- 128
- Всего постов
- 164
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Telegram
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 883
- 1/48двое суток
- 1 011
- 1/72трое суток
- 1 090
Медиана по постам, которые мы застали свежими и померили через сутки.
Посты
ТЖМ авиациясы жаңа туған сәбиді облыс орталығына жеткізді ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары Қарғалы ауданының Бадамша ауылынан жаңа туған нәрестені облыс орталығы Ақтөбе қаласындағы медициналық мекемеге жеткізу үшін санитариялық-авиациялық рейс орындады. Ұшу барысында кішкентай науқастың жағдайын санитариялық авиация дәрігерлері тұрақты бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Ұшу сәтті өтті. Санитариялық авиация рейстері төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін аса маңызды. ❗ТЖМ авиациясы адамдарды құтқару және шұғыл көмек көрсету міндеттерін тәулік бойы орындауға дайын. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube Авиация МЧС доставила новорожденного в областной центр Пилоты АО «Казавиаспас» МЧС РК выполнили санитарно-авиационный рейс для доставки новорожденного ребенка из села Бадамшы Каргалинского района в город Актобе в медицинское учреждение областного центра. Во время полета маленького пациента сопровождали врачи санитарной авиации, которые контролировали его состояние и оказывали необходимую медицинскую помощь. Полет прошел благополучно. Рейсы санитарной авиации позволяют оперативно оказывать помощь в экстренных ситуациях, что особенно важно для жителей отдаленных районов. ❗Авиация МЧС круглосуточно готова к выполнению задач по спасению людей и оказанию экстренной помощи. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Бүгінгі күнгі ауа райы: еліміздің солтүстігінде, кей жерлерде батысы мен оңтүстігінде найзағайлы жаңбыр жауады Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C. Алматыда бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 3-8, екпіні 11 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C. Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +34...+36°C. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube Прогноз погоды на сегодня: дожди с грозами ожидаются на севере, местами на западе и юге страны В Астане переменная облачность, без осадков, ветер 9-14, порывы до 15-20 м/с. Температура воздуха ночью +10...+12°C, днём +23...+25°C. В Алматы облачно, дождь, гроза, ветер 3-8, порывы до 11 м/с. Температура ночью +19...+21°C, днём +31...+33°C. В Шымкенте переменная облачность, без осадков, ветер 8-13 м/с. Температура воздуха ночью +19...+21°C, днём +34...+36°C. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
ТЖМ құтқарушылары Қарқаралы тауларында адасқан туристерді тапты Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тауға серуендеуге шыққан екі әйел мен бір баланы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Белгілі болғандай, олар Үлкен бассейнге қарай бет алған, алайда бағыттан жаңылып қалған. ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, берілген координаттар мен байланыс ақпаратының арқасында демалушыларды қысқа уақытта «Сосновый Бор» демалыс үйінен батысқа қарай 5 шақырым жерден тапты. Құтқарылған туристер демалыс аумағына жеткізілді, медициналық көмек қажет болған жоқ. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube Спасатели МЧС нашли туристов, заблудившихся в горах Каркаралы В Каркаралинском районе Карагандинской области, на территории Каркаралинского государственного национального природного парка, проводились поисково-спасательные работы по поиску двух женщин и ребёнка, отправившихся на прогулку в горы. Как выяснилось, они направлялись в сторону Большого бассейна, однако сбились с маршрута. Спасатели МЧС оперативно прибыли на место. Благодаря полученным координатам и поддержанию связи с туристами они в короткие сроки обнаружили их в 5 километрах к западу от зоны отдыха «Сосновый Бор». Туристов доставили в зону отдыха. В медицинской помощи они не нуждались. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Тұрғындар өртті сөндіруге көмектескен құтқарушыларға, әкімдік қызметкерлеріне және «Ауыл құтқарушылары» алғыстарын білдірді @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube Жители благодарят спасателей, сотрудников акимата и «Ауыл құтқарушыларына» за помощь в тушении пожара @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Абай облысының Көкпекті ауданында үш учаскедегі өртпен күрес жалғасуда Оқиға орнында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың шамамен 180 адамы және 26 техникасы жұмыс істеуде. Сондай-ақ су төгетін құрылғымен жабдықталған ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Әуе кемесімен жалпы көлемі 66 тонна болатын 22 рет су төгілді. Өртті сөндіру жұмыстарына қатты жел, жер бедерінің күрделілігі және құрғақ өсімдіктер кедергі келтіруде. Құтқарушылар мен жұмылдырылған күштер жекелеген өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіліп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу шаралары қабылдануда. Жағдай ТЖМ бақылауында. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube В Кокпектинском районе области Абай продолжается борьба с огнем на трех участках На месте работают порядка 180 человек и 26 единиц техники МЧС и местных исполнительных органов. Также задействован вертолет «Казавиаспас» МЧС с водосливным устройством. Авиацией произведено 22 сброса 66 тонн воды. Тушению пожара осложняют сильный ветер, сложный рельеф местности и сухая растительность. Спасатели и привлеченные силы продолжают работы по ликвидации отдельных очагов возгорания. Проводится постоянный мониторинг обстановки и принимаются меры по недопущению дальнейшего распространения огня. Ситуация находится под контролем МЧС. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Қарқаралы ауданында Жаңатоғaн ауылы маңындағы табиғи өрт оқшауланды Өрт таулы-далалы жерде орын алды. Оны сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар мен ерікті құрылымдардың 153 адамы және 51 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстары қатты екпінді жел мен таулы жер бедерінің күрделілігіне байланысты қиындады. Қазіргі уақытта жекелеген бықсыған ошақтарды сөндіру және аумақты қарауылдау жұмыстары жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай ТЖМ бақылауында. Өртті толық жойғанға дейін жұмыстар жалғасады. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube В Каркаралинском районе локализован природный пожар вблизи села Жанатоган Возгорание произошло в горно-степной местности. К тушению привлечены подразделения МЧС, местных исполнительных органов и добровольных формирований всего 153 человек и 51 единиц техники. Тушение пожара осложнялось сильными порывами ветра и сложным горным рельефом местности. В настоящее время продолжаются работы по ликвидации отдельных очагов тления и окарауливанию территории. Угрозы населенным пунктам нет. Ситуация находится на контроле МЧС. Работы продолжаются до полной ликвидации возгорания. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Қарқаралы ауданындағы Матақ ауылында өрт оқшауланды Қарағанды облысының Ұғар және Қоянды ауылдық округтері аумағындағы, Матақ және Жайма ауылдары маңындағы жетуі қиын жерлерде болған өрттерді сөндіруге ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» су төгетін құрылғымен жабдықталған тікұшағы жұмылдырылды. Өрт ошақтарына 4 рет су төгілді. Қазіргі уақытта Матақ ауылындағы өрт оқшауланды. Өртті сөндіру жұмыстарына жер бедерінің күрделілігі мен қатты екпінді жел кедергі келтіруде. Оқиға орнында ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің күштері мен құралдары жұмыс істеуде. Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube В Каркаралинском районе в селе Матак пожар локализован Для тушения пожаров в труднодоступной местности на территории Угарского и Кояндинского сельских округов Карагандинской области, в районах сел Матак и Жайма был задействован вертолет «Казавиаспас» МЧС, оборудованный водосливным устройством. Произведено 4 сброса воды на очаги возгорания. В настоящее время в селе Матак возгорание локализовано. Тушение осложняется труднодоступным рельефом местности и сильным порывистым ветром. На месте работают силы и средства МЧС, местных исполнительных органов и других взаимодействующих служб. Ситуация находится на постоянном контроле МЧС. Работы по тушению пожаров ведутся в круглосуточном режиме. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Күршім ауданында құтқарушылар туристке көлігін құмнан шығаруға көмектесті Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына туристка демалу мақсатында келген. Зайсан көлінде, Шекелмес мүйісі маңында оның көлігі құмға батып қалған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері келіп, қажетті көмек көрсетті және көлікті құмнан шығаруға көмектесті. Көрсетілген көмектен кейін туристка сапарын жалғастырды. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube В Курчумском районе спасатели помогли туристке вызволить автомобиль из песка В Курчумском районе Восточно-Казахстанской области туристка приехала на отдых. Во время пребывания на озере Зайсан, в районе мыса Шекелмес, её автомобиль застрял в песке. На место происшествия прибыли сотрудники МЧС. Спасатели оказали необходимую помощь и помогли вызволить автомобиль из песка. После оказанной помощи туристка продолжила свой путь. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Абай облысының Көкпекті ауданында үш учаскедегі өртпен күрес жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың шамамен 180 қызметкері мен 26 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Сондай-ақ су төгетін құрылғымен жабдықталған ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Әуе кемесімен 22 рет су төгіліп, барлығы 66 тонна су шашылды. Өртті сөндіруді қатты жел, жер бедерінің күрделілігі және құрғақ өсімдіктер қиындатып отыр. Құтқарушылар мен жұмылдырылған күштер жекелеген өрт ошақтарын жою жұмыстарын жалғастыруда. Жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіліп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда. Жағдай ТЖМ бақылауында. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube В Кокпектинском районе области Абай продолжается борьба с огнем на трех участках. На месте работают порядка 180 человек и 26 единиц техники МЧС и местных исполнительных органов. Также задействован вертолет «Казавиаспас» МЧС с водосливным устройством. Авиацией произведено 22 сброса 66 тонн воды. Тушению пожара осложняют сильный ветер, сложный рельеф местности и сухая растительность. Спасатели и привлеченные силы продолжают работы по ликвидации отдельных очагов возгорания. Проводится постоянный мониторинг обстановки и принимаются меры по недопущению дальнейшего распространения огня. Ситуация находится под контролем МЧС. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
ТЖМ құтқарушылары жарақат алған ер адамды таудан түсірді Бурабай ауданындағы Бөлектау тауында 1982 жылы туған ер адам аяғын жарақаттап, өздігінен төмен түсе алмаған. Туристке көмекке Ақмола облысының құтқарушылары мен ТЖМ-нің 55209 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамды 350 метр биіктіктен зембілмен төмен түсірді. Кейін оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Тауда жорыққа шыққанда өз күшіңізді дұрыс бағалаңыз, қауіпсіз бағытты таңдаңыз және жарақат алған жағдайда өз бетіңізше төмен түсуге тырыспаңыз. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube Спасатели МЧС спустили с горы травмированного мужчину На горе Болектау в Бурабайском районе мужчина 1982 года рождения получил травму ноги и не смог самостоятельно спуститься. На помощь туристу прибыли акмолинские спасатели и военнослужащие в/ч 55209 МЧС. Они оказали первую помощь и спустили пострадавшего на носилках с высоты 350 метров, после чего передали его бригаде скорой помощи. Отправляясь в горы, рассчитывайте свои силы, выбирайте безопасный маршрут и при травме не пытайтесь спускаться самостоятельно. В экстренной ситуации звоните 112. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Құтқарушылар 8 жеке тұрғын үй мен 6 шаруашылық құрылысты өрттен қорғады «112» пультіне Алматы қаласының Алатау ауданындағы Османов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген кезде жырадағы қураған шөптің жанғаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің 8 жеке тұрғын үй мен 6 шаруашылық құрылысқа таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube Спасатели защитили от огня 8 частных жилых домов и 6 хозяйственных построек На пульт «112» поступило сообщение о загорании в Алатауском районе Алматы на улице Османова. По прибытии было установлено, что произошло загорание сухостоя в логу. Оперативными действиями спасателей огонь не допустили к 8 частным жилым домам и 6 хозяйственным постройкам. Возгорание ликвидировано. Жертв и пострадавших нет. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Қарағанды облысында төтенше жағдайлар вице-министрі, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы және облыс әкімінің орынбасары табиғи өрт болған аумақты әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Әуеден барлау барысында, оның ішінде жетуі қиын учаскелердегі қазіргі жағдайға бағалау жүргізілді. Жекелеген учаскелерде оқшауланған өрт ошақтары сақталуда, оларды сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. Әуеден барлау қорытындысы бойынша күштер мен құралдар қайта топтастырылып, олар жетуі қиын учаскелерге шоғырландырылды. Өрт ошақтарын жою және аумақты бақылау бойынша одан әрі атқарылатын шаралар айқындалды. Жағдай ТЖМ бақылауында. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube В Карагандинской области вице-министр по чрезвычайным ситуациям, начальник Департамента по чрезвычайным ситуациям и заместитель акима области провели аэровизуальный облет территории природного пожара. В ходе воздушной разведки проведена оценка текущей обстановки, в том числе на труднодоступных участках. На отдельных участках сохраняются локальные очаги, ведутся работы по их ликвидации. Угрозы населенным пунктам нет. По итогам облета проведена перегруппировка сил и средств с их сосредоточением на труднодоступных участках, определены дальнейшие меры по ликвидации очагов и контролю территории. Ситуация находится на контроле МЧС. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Құтқарушылардың жаңадан келген катері адам өмірін сақтап қалуға көмектесті Бұқтырма су қоймасында, Алтай ауданында патрульдеу барысында құтқару катері адам өмірін сақтап қалуға көмектесті. Қатты желдің салдарынан демалушының қайығы аударылып, ер адам суға түсіп кеткен. ТЖД бастығы бастаған патрульдік экипаж суға батып бара жатқан адамды байқап, катермен оған жақындады. Құтқарушылар ер адамға судан шығуға көмектесіп, қайығын алып шығып, жағалауға дейін жеткізді. Құтқарушылардың жедел әрекеті мен заманауи техниканың арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды. ⚠️ ТЖМ ескертеді: су айдынына шыққанда міндетті түрде құтқару кеудешесін пайдаланыңыз және қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз! @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube Прибывший на вооружение катер спасателей помог спасти жизнь человека В ходе патрулирования на Бухтарминском водохранилище в районе Алтай спасательный катер помог спасти жизнь человека. Отдыхающий из-за ветра перевернулся на лодке. Патрульный экипаж во главе с начальником ДЧС обнаружили тонущего человека, подойдя на судне, помогли мужчине, достали лодку и сопроводили до берега. Оперативные действия спасателей и использование специальной техники позволили избежать трагедии. ⚠️ МЧС напоминает: выходя на воду, обязательно используйте спасательный жилет и соблюдайте правила безопасности. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Абай облысында дала өрттерін жою жұмыстары жүргізілуде Абай облысының Көкпекті және Ақсуат аудандарында дала өрттерін жою жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында ТЖМ, «Ауыл құтқарушылары», жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ-нің 68303 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмыс істеуде. Дала өртін сөндіруге ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жқмылдырылды. Қазіргі уақытқа дейін тікұшақ 16 рет су төгіп, жалпы көлемі 48 тонна су пайдаланылды. Өртті жою жұмыстары жалғасуда. Жағдай ТЖМ бақылауында. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube В области Абай ведутся работы по ликвидации степных загораний В области Абай проводятся работы по ликвидации степных загораний в Кокпектинском и Аксуатском районах. На месте работают силы и средства МЧС, «Ауыл құтқарушылары», местных исполнительных органов и воинской части 68303 МЧС. Для тушения степного загорания привлечен вертолет «Казавиаспас» МЧС. На данный час произведено 16 сбросов воды общим объемом 48 тонн. Работы по ликвидации загораний продолжаются. Ситуация находится на контроле МЧС. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
В Алматы проводятся превентивные работы по опорожнению моренных озер В целях недопущения возникновения селевых явлений в горной местности Алматы силами ГУ «Казселезащита» МЧС проводятся превентивные мероприятия по регулированию уровня воды в моренных озерах. В настоящее время работы проводятся на 6 моренных озерах в высокогорной зоне Алматы. Специалисты очищают и восстанавливают водоотводные каналы, обеспечивая отвод избыточной воды и поддержание безопасного уровня в озерах. К моренному озеру в бассейне реки Кіші Алматы произведена транспортировка полиэтиленовых сифонных труб для откачки и контролируемого отвода воды. Поскольку большинство моренных озер расположено в труднодоступных высокогорных районах, доставка труб, оборудования и необходимых материалов осуществляется с привлечением вертолетов «Казавиаспас» МЧС. Полиэтиленовые трубы будут использованы для понижения уровня воды в моренных озерах до безопасной отметки методом сифонирования. Подобные работы «Казселезащита» проводит ежегодно на плановой основе для предотвращения критического повышения уровня воды и недопущения возможного прорыва моренных озер. Гидрологическая и селевая обстановка в горной местности Алматы на контроле. Вместе с тем профилактические работы продолжаются в целях предотвращения возможных чрезвычайных ситуаций и обеспечения безопасности населения и объектов городской инфраструктуры. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube
Алматыда мұздақ көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде Алматының таулы аймағында сел жүруінің алдын алу мақсатында ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ күштерімен мұздақ көлдердегі су деңгейін реттеу бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Алматының биік таулы аймағындағы 6 мұздақ көлде жұмыстар жүргізілуде. Мамандар артық суды бұруды және көлдердегі қауіпсіз су деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз ете отырып, су бұру арналарының жағдайын жақсартып, оларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Кіші Алматы өзені бассейніндегі мұздақ көлге суды сорып шығару және бақылаулы түрде бұру үшін полиэтиленді сифондық құбырлар жеткізілді. Мұздақ көлдердің басым бөлігі жетуі қиын биік таулы аймақтарда орналасқандықтан, құбырларды, жабдықтар мен қажетті материалдарды жеткізу жұмыстары ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшақтарын жұмылдыра отырып жүзеге асырылады. Полиэтиленді құбырлар сифондау әдісімен мұздақ көлдердегі су деңгейін қауіпсіз белгіге дейін төмендету үшін пайдаланылады. «Қазселденқорғау» осындай жұмыстарды су деңгейінің сыни деңгейге дейін көтерілуінің алдын алу және мұздақ көлдердің ықтимал жарылуына жол бермеу мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізеді. Алматының таулы аймағындағы гидрологиялық және сел жағдайы бақылауда. Сонымен қатар ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және халық пен қалалық инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жалғасуда. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube