tgindex
Қуыскеуде

Қуыскеуде

Статистика
@quyskeudeказахский

Біз жүретін жолдың соңы жоқ...

Последний пост
13 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
1
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
15 авг.
Подписчики
139
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
271
21 постов
Вовлечённость
195,0%
к подписчикам
Постов в день
0,1
всего 21
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
14
1/48двое суток
16
1/72трое суток
17

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Сен ойлап жүрген нәрсені біреу жүзеге асырып қойды. Біл бұл өмірде сенен екі қадам әрі ойлайтын адамдар бар…

  • Біл. Сен де және сені қоршаған ортаң да бірінші рет өмір сүріп жатыр. Сенің өміріңде нені қалай жасау керектігін сенен артық ешкім білмейді.

  • Өмір үнемі бір сарында жетістікке жетумен ғана өтпейтінін, яғни кейде құлау кейде тұру керек екенін түсінгенде жеңілдейді.

  • Расында, адам баласы сәтсіз жаратылыс емес пе екен?

  • Асықпа. Сен қалап жүрген бақыт дәл қазір сенде бар. Сенің қолыңда дәл қазір өзіңе қажет әрі нәсіп болған нәрселер бар. Дәл қазіргі уақытпен өмір сүр…

  • Арғымақ бірде жалды, Бірде жалсыз, Ер жігіт бірде малды, Бірде малсыз. Осы мақалды естігенімде Нұржан Смағұл ұстаздың жігіттер дәурен өтеді де кетеді деген әңгімесі ойыма топ ете қалды. Ұстаздың сол айтқанына өзімше толықтай келістім. Сәттер болады ойланбай ішіп-жейтін, Сәттер де болады ойланып-істейтін. Өзім үшін түйгенім осы жалпы. Бұл жай ғана қысқа периодтар қайта ойланып, ес жиып, әрі қарай не істеу керектігін жоспарлайтын. Кейде Бизнесмен деген кім деп ойлансам, ойыма кез келген мықты Бизнесменнің бәрі бірден плюсқа шықпауы мүмкін екендігі келеді. Бизнесмен тәуекел жасай алатын, жаңағы айтқандай бірде малды бір де малсыз адам. Үнемі бір деңгейді ұстап жүруде мүмкін еместей. Егер осыған саятын болсақ, жоғарыда айтқанымыз жай ғана өтпелі период.

  • Кейде біздің ырқымызсыз айтылған сөздер мен істелген әрекеттер, біз үшін қымбат нәрсені бізден айыруы мүмкін...

  • Отыр. Ойлан. Тек өзің қалып ойлан. Адамдардың қазіргі проблемасы - үнемі бір нәрсемен айналысу. Бір сәтке барлық гаджеттерді таста да жүріп қайт. Құр жүру емес, бастысы ойлану. Іштен шығып жатқан сұрақтарға толықтай жауап таппайынша ойлан.

  • Біз бұл жерге келсекте келмесек те бұл жерге лайықты, Алла нәсіп еткен жандар үнемі осында. Бірақ қызығы сол біздің бұл жерден көп табыла бермейтінімізде.

  • Бұл жазбаны досым Дарханға арнағым келеді. Дарханмен біз 2022 жылдан бері таныспыз. Қызығы біз бір сыныпта, бір мектепте оқымадық. Біздің достымызға мешіт себепкер болды. Дархан менен 1 жас үлкен жігіт. Алайда оның маған родной деген сөзі мен үшін өте ыстық. Себебі, мен оның орнында болсам өзімнен 1 жас кіші жігітке родной деп айтпас едім. Осыдан ақ менің оған деген құрметім бөлек. Дәкеңмен сіз десіп араласамыз. Жалпы менің досым деп араласатын 2 адам болса, соның екеуіне де барынша сіз деп сөйлеуге тырысамын және бұл мен үшін қиын нәрсе емес. Дәкеңмен мешіттегі Бекзатхан деген ұстазымыз арқылы таныстық. Әдеттегідей басында ара-тұра араласу болса, әрі қарай қызығушылығымыз бір екенін байқадым. Бекзатхан Ұстаз, Дәкең және Мен бірге Нұр-Мубарак университетіне түсеміз деп ойладық. Бірақ осы жерде біздің жолдар бөлінді. Дәкеңдер Алланың қалауымен Нұр-Мубаракқа оқуға Алматыға кетсе, мен Астанаға кеттім. Мен таңдауыма еш өкінбеймін. Бірақ Дәкеңдермен араласпай қалуды қаламас едім. Дарханмен Құптаннан соң Ұстаздың үйіне соғып, одан шыққан соң, аяқ асты мешітке кіріп талай Қажет намаздар оқыған сәттер әлі есімде. Магазиннің алдында сағаттап әңгімелескен кездеріміз де естен кетпестей. Дәке оқып отырған болсаң, Алла іліміңді арттырсын досым! Саған барша жақсылықты тілеймін.🙌

  • Кейде жай ғана күту жеткілікті. Мен үшін ең үлкен сабақ болған, кез келген жерде, салада бастапқыда сен күтпеген қиындықтар орын алады. Ол жұмыс болсын, оқу болсын немесе кездейсоқ орта болсын бастапқыда белгілі бір деңгейде ауыртпашылықтар болады екен. Адаптация деген осв болса керек. Бірақ дәл осв сәтте сынып, жоқ мен бұған лайықты емеспін деу үлкен қателік. Себебі, сен дәл осв сәтке дейін белгілі бір деңгейде үлкен жол жүріп өттің. Бұл периодттан өтіп кету үшін кейде жай ғана күту керек…

  • Ойланбадым… Жақында түсінгенім жақсы ойлар, жасағың келетін істер мен идеялар жалғыздықта, өз-өзіңмен қалғанда келеді. Жай ғана біз ойланудан қалдық. Бір шаруаны тындыру үшін бірнәрсені қосып қойып жасағымыз келеді. Бұл сәтте жай ғана барлығынан ажырап, сен және сенің ойың екеуің қалған жөн. Осылай жалғасқаннан бастап сенде ойлану процессі, өзіңе сұрақ қою процессі жүреді. Бір нәрсені ойланып қазбалай берсең, түбінде ойға жақсы идеялар өзі-ақ кеп түседі. Жай ғана ойлан!

  • 14 февр.31773из darkhanpakuadin

    Ешкімге жоспарыңды айтпа. Нәтижең сөйлесін. Тыныш жасалған жұмыс - ең қауіпті.

  • Біз бұл жолды таңдағанда, жақындарымызды аңсай беруді қою керектігін түсіндік. Біз нәтижемен ораламыз не болмаса келген жағымызға қайта ораламыз. Бірақ біз әліде сенімдіміз, бізде қайта оралу сезімі шыққан бойда сөніп қалған.

  • Айтарыңнан көп болсын тыңдарың.

  • Біл, сен дым жасамай, құр өткізген күндерде де сен ештеңе жоғалтпадың...

  • 🏟Astana Arena 🇰🇿Kairat - Brugge🇧🇪

  • Менің ең жақын араласатын достарыммен бірге түскен сурет жоқ. Неге деп ойланып көрсем, мен олармен үнемі жеке кездесіп қана әңгіме айтатынымызды байқадым. Мен олармен жолыққанда жанымызда 3-адам тұрғанын ұнатпаймын. Суреттің жоқтығы осыдан екен.

  • Біз байқамаймыз, қазіргі сәт, бір кездері біз қалаған өмір еді...

  • 22 дек.3965из darkhanpakuadin

    "إِنَّ ٱلْحَسَنَٰتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَاتِ" «Расында, жақсылықтар жамандықтарды жояды» Қай кезде күнә жасап қойсаң, өзіңе былай де: «Мен бір шайқаста жеңілдім, бірақ барлық соғыста ұтылып қалған жоқпын». Үмітіңді үзбе. Дәрет алып, екі рәкағат намаз оқып, өзіңді қайта қалпына келтір. Күнә жасаған саусақтарыңмен истиғфар айт, харамға қараған көзіңмен Құран оқы. Тәубе еткендердің жүрек үні Алла алдында бойсұнғандардың сыбырлы дұғасындай. Алла Өзін «Ғафур» деп атады, өйткені Ол сенің қайтадан Оған оралуыңды қалайды.