tgindex
қыр баласы

қыр баласы

Статистика
@qyrbalasyyРелигияказахский

Қыр баласы тауға қарап өспейді, Қыр баласы қол созады аспанға.

Последний пост
30 июл.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
14 авг.
Подписчики
658
0 за 1 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
466
20 постов
Вовлечённость
70,8%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
156
1/48двое суток
178
1/72трое суток
192

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Сендер өткенді сағынасыңдар ма? Артта қалған уақытты, сәттерді, естеліктерді ұмыта алмайды екем. Керісінше, ойламаймын деген сайын байлана берем, бірақ баяғыдай ауырлық жоқ, күліп, қуанып, жеңіл еске алам. Шерхан Мұртаза өзінің “Ай мен Айшасында” Париж барғанын, Мысырда болғанын, Нью-Йоркті көргенін, алайда осының біреуі де түсіне кірмей, ұйықтаса тек балалық шағы, анасы Айша көз алдына келетінін жазады емес пе. Мен әлі әлем аралағам жоқ, жасым 24-те ғана, бірақ көп жұмыс ауыстырдым, араласпаған адамым қалмады, қаншама қызыққа куә боп үлгердім, қазір Астанада әбден орнығып қалдым. Енді осының ешқайсы да Қарағандыда жүрген кезімдегідей жайлылық, еркіндік, жылулық пен бақытты сездіре алмады. Тіпті “алаңсыз” деп сипаттайтын балалық шағымның өзі студенттік өмірімдегідей бейқам болмады-ау… Ондағы достарым, ортам, бірге оқығандар, бірге жүргендер, ақылын алғандар, қамқорлығын көргендер, арысы жай ғана таныс болғандардың өзі ерекше ыстық. Елордада ондай адамдарды аз кезіктірдім, ешкім ешкімнің орнын баса алмады. Қайта қастығы, өтірігі, теріс пиғылы көп. Өзімнің де өзгеге шуақ шашып, елегізіп жүргенім шамалы... Бұлай жазуға осы арна мен ондағы оқырмандар түрткі болды. Баяғы көне көз жақындарды, өзімдей көретін жанға айналғандарды, алыстан қолдауын, жанашырлығын, ақ пейілін сезетін адамдарды байқап қалдым. Тең жартысы - сол Қарағандыда жолыққандар. Сол үшін бұл қала маған мәңгі жақын, мәңгі ыстық. Үнемі асығып, ынтығып тұрам. Ұмыта алмаймын. Ойлап жүрем. Ойлаған сайын бақытқа кенелем. Әлі күнге арнаның оқырманы боп қалған әрқайсыңа рақмет! Мені "қыр баласы" деп танитындарыңа алғыс! Аман болыңдаршы!

  • Сол арманның асқарына жете алам ба? Сол арманның айдынынан өте алам ба? Айырылмас қос аққудай қатар жүзіп, Мәңгі бірге бақыт іздеп кете алам ба?

  • Мүмкіндік тағы берілсе Өзіңнен қайта туар ем МАМА🤍

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • - "О" әрпінен басталатын күшті сөз айтшы - Орда...

  • Мына әнді де сақтап алыңдар. ЖИ орындаған нұсқасын тыңдап жауыр болған шығарсыңдар. Нұржан Керменбаев одан артық айтып тастапты🙂‍↕️

  • без подписи

  • ЛРТ да ашылды✨

  • Тағдырың таспа Жазылған тасқа. Қиын сәттерді Сүруден қашпа! Үш жыл бұрын шықса да енді тыңдап, енді ұнатып жүрмін✨

  • Қалдарың қалай? Жақсы болса ерінбей “жақсы” деп жаза салыңдаршы, біле жүрейін🫂

  • Біз туралы жазылады кітаптар Дәлелдейтін ғасырлар…

  • "ЖАҢА ҚАЗАҚТАР немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат" Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім, Алшысынан тұрды бүгін асығың. Саған қарап ойландым да, жасыдым. Айырмаған азғыны мен асылын Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың. Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр, Жүрегінде сезім емес, қорғасын, Шетке қақты тұлпары мен жорғасын. Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға һәм сатуға мүмкіндігі болғасын. Сенде қазір думан дәурен, масат күн, Өзіңді-өзің бар жауаптан босаттың, Рухани байлыққа да тас аттың. Аудандағы жалғыз кітап дүкенін Сатып алып, сырахана жасаттың. Тез ашылып саудагерлік дарының, Таудан, тастан қайтпастай өр арының, Саудаладың Алматының жарымын. Ұлағатты ұлы қазақ елінде Сатылмайтын байлықтар да бар, інім. Жалғыз саған борыштыдай бар халық, Топ ішінде ісіп-кеуіп, нарланып, Кейкиесің қол беруге арланып. Дегенмен біз сені туған ұлттың Сатылмайтын қасиеттерін қорғадық. Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар, Бәйтеректі мазақтаса құмай тал, Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар. Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден Кем сүйесің деп, қанекей, кім айтар? Асау даусы әр қиырдан естілген Ағаң бізбіз, ерте есейіп, кеш күлген. Аман қалған талай қарлы көшкіннен. Уақыт артқан абырой мен беделі Сұрап, сатып алынбаған ешкімнен. Желтоқсанда құрық түсіп арманға, Жас буынның өзегін өрт шалғанда, Үнсіздігі айналып зор қорғанға, Дәл бүгінгі батырлардың көбісі Столына жасырынып қалғанда, Найзағайлар жарқ-жұрқ ойнап аспанда, Ұлтымызға ызғарлы үрей шашқанда, Қыздарымыз қайсар мінез ашқанда, Кей еркектер, құдай қара басқанда, Ұқсағанда піштірілген қошқарға, Қонаевтың жақсылығын көргендер Қонаевты жалғыз тастап қашқанда... Сахаровқа іні болып табысып, Горбачевпен, Крючковпен қағысып, Талай залым алпауытпен алысып, Біз тіккенбіз басымызды бәйгеге Бар қазақтың ар-намысын ап ұшып. Ұлтымыздың әр мұңының басында, Салт пен сана, тіл мен дәстүр қасында, Арал зары шапқан кезде насырға, Қорғаушы боп тағы да біз жүргенбіз Мейірім қосып мейірімсіздеу ғасырға. Тамырсыз жан жұрт мұңына саңырау Деген пікір рас па еді, тәңір-ау? Неге болдық рухсызға қоңырау? Қандай қорлық, ағыл-тегіл дәулеттен Дәулеттінің жан байлығын танымау. Дәстүріміз тұрса екен деп күшінде, Егемен ел болуды аңсап түсінде, Ұлы арманы запыран боп ішінде, Сан ғасырлық ұлтымыздың шайқасы Сендейлерді тайраңдату үшін бе? Мұндай бақты көрдің бе екен түсіңде, Бүгін жұртты менсінбеген пішінде Шыға келдің айналып тас мүсінге. Біздің қилы күресіміз кешегі Сені атқа отырғызу үшін бе? Біздің дәуір нарықтан кеп табылды, Бірақ, нарық жүрмей жатып жаңылды. Нақ сол тұста сынап қалдың бағыңды: Қоғам мүлкін заңдастыра жымқырып, Іс бастап ең, байлық сел боп ағылды. Рухынан артық қойған қарынды Шын безбүйрек болып шықтың алымды. Нәтижеде жұрт қалтасы қағылды. Ал, әйтпесе мына үйлер, зауыттар Қайдан тапқан дәулетіңе алынды? "Бөлінсе де сана төртке, ми үшке, Нарық заңы солай, жөнсіз тиіспе!" – Дейді біреу шығып алып мүйіске. Сонда қалай, кедейленіп бар халық, Жүз-ақ адам бай болуға тиіс пе? Жүз бай шырқап, миллион кедей аһ ұрған, Пайда тым аз жүз бай еккен дақылдан. Кім бар жұртты тең баюға шақырған? Қайыршысы жоқ ел,"- депті ақылман. Сорласа жұрт рухсыздан сорлайды. Қырандардан биік қойсақ торғайды, Отанды кім торғайлардан қорғайды? Рухсыздың, қайырсыздың баюы, Бәлкім, ертең ұлтымызға зор қайғы. Жинасаң да әлемнің бар алтынын, Адамдығың көрсетпесе жарқылын, Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн. Ешкім рух байлығынан бөлініп, Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным! Мұхтар Шаханов

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Абзал Утешовтың тыңдарманы боп кеттім🙂‍↕️

  • Осы сурет өзіме ұнады, мында да қала берсін🙂‍↕️