Samat Allambergenuly
Статистика– Иордания университеті – «Фиқһ және оның негіздері» бакалавры. – WISE университеті – «Ханафи фиқһы және оның негіздері» магистрі, PhD.
- Последний пост
- 11 дек.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
https://youtu.be/cUSbJhFpuCc
https://youtu.be/vo2XfgiPYBo?si=2RhCmkVGsUHlUIFf
Өзіңнен ілімі төменнен де, жоғары дәрежедегіден де үйрену керек. Сондай-ақ, ілімде кішіпейіл болғандар ғана үлкен дәрежеге жетеді. Теңізден таппағанды кейде кішкентай көлден табасың. Кейде күрделі мәселелерді іздеп үлкен кітаптарға қайтасың, бірақ дәл сол мәселені тілдік жағынан зерттеп, басқа бағытқа бұрып әкететін тұстары болады. Ал дәл сол қажет болған мәлімет кейде шағын кітаптың бір бұрышында анық, айқын түрде жазылады.
без подписи
https://youtu.be/bq5qUG7ahNE?si=tO3cnTftH92Hrmjx
Ілгеріде ғұламалар имам Мұхаммедтің кітаптарын оқып қана қоймай, жатқа білуші еді. Әсіресе «әл-Жәмиғ әс-Сағир», «әл-Жәмиғ әл-Кәбир», «әл-Мәбсут» сияқты еңбектерін. Төртінші ғасырларда Ханафи мазһабында ықшамдалған кітаптар көбейіп, дәріс өту мен жаттауда жоғарыда аталмыш кітаптармен иық тіресе бастады. Мысалға: Хаким Шәһидтің «әл-Кәфи» еңбегі, «Мұхтасар әт-Таһауи», «Мұхтасар әл-Кархи», «Мұхтасар Қудури» және тағы басқа еңбектер. Бұларға сан алуан шәрһтер мен хашиялар жазылды. Жетінші ғасырларда да «әл-Уиқоя», «әл-Кәнз», «әл-Мәжмағ», «әл-Мухтар» сынды ықшамдалған кітаптар жазылды. Садрушшариға (Мұхтасар әл-Уиқоя) еңбегінің кіріспесінде атасы әрі ұстазы саналатын Бурханушшариғаның оған (яғни, Садрушшариғаға) жаттауға оңай болатын бір фиқһ мәтіні ретінде «Уиқоятур-риуая фи мәсәилил-Хидая» атты еңбек жазып бергенін айтады. Сондай-ақ, бұл кітаптың теңдесі жоқ екенін де атап өтеді. Бірақ сол уақыттағы адамдардың (әсіресе шәкірттердің) кітап жаттауға немқұрайлы қарағанын көргендіктен, осы «әл-Уиқоя» кітабын қысқартып, (Нуқоя) мұхтасарды жазғанын баяндайды. Бұл заманда біздің кітап жаттау былай тұрсын, оқуға деген немқұрайдылығымызды айтпай-ақ қояйын…
https://youtu.be/eJABcTy2_f4?si=Whi4lZW2yma67te-
Кітаптың аты
وَأَمَّا بِنِعْمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثْ Аллаға шүкір! Жылдар бойғы ізденіс пен еңбектің нәтижесі — докторантурада қорғалған диссертация негізінде жазылған бұл еңбек, Алланың қалауымен, бүгінде баспа табалдырығын аттады. Бұл – мен үшін жаңа бір сапардың бастамасы. Жол бойында демеу болып, дұғасын аямай, сенімін білдірген жандарға шексіз алғыс!
Ғалым қателігінің зардаптары: 1. Қателіктің халық арасында жайылуы – жұрт ғалымның сөзін ақиқат деп қабылдап, соған ілеседі. 2. Ақиқатқа күмән ұялату – қарапайым халықтың жүрегінде шындық пен жалған араласып, ақиқат бұлдыр тартады. 3. Ғалымдардың беделіне көлеңке түсіру – іріткі салушылар осыны пайдаланып, дінге күмән тудырады. ⸻ Ғалым да – пенде. Ол да сүрінеді, қателеседі. Бірақ қарапайым адамның қатесі өзімен ғана шектелсе, ғалымның қатесі – бүтін бір қауымға әсер етуі мүмкін. Егер дер кезінде түзелмесе, бұл қателік талай ұрпақтың адасуына себеп болуы ықтимал. Тарихта белгілі болғандай, талай ағымдар мен бұрмаланған көзқарастардың таралуына көбіне ғалымдардың қателігі немесе олардың айтқан сөздерінің дұрыс түсіндірмеуі себеп болған.
🕌 Ғұлама мен философтың пікірталасы Бірде бір ғұлама Құдайға сенбейтін философпен пікірталасқа түседі. Сөз арасында ғалым жаратылыстың ғажайып сырларын айта бастайды: – Адамның бойындағы әрбір мүше өз орнымен орналасқан. Жүрек соғып, қан айналады, ас қорыту жүйесі тамақты өңдеп, денеге қуат береді. Қан қысымы мен дене қызуы бір қалыпта сақталып тұрады. Күн мен түн, уақыт пен мезгіл еш кешікпей, өз заңдылығымен жұмыс істейді. Мұның бәрі – ғаламның өздігінен емес, Хикмет Иесі Жаратушының шебер туындысы, – дейді. Алайда философ қасарысып: – Жоқ, мұның бәрі өзінен-өзі пайда болған. Ешқандай мақсаты жоқ, – деп мойындамайды. Сонда ғұлама философтың аяғындағы тәпішкесіне көзі түсіп, сұрайды: – Аяғыңыздағы тәпішкенің белгілі бір пайдасы бар ма? – Әрине, ол ыстық-суықтан қорғайды, – дейді философ. Сонда ғалым жымиып: – Қараңыз, кішкентай ғана тәпішкенің өзі мақсатсыз, жәйдан-жәй жасалмаған. Ендеше мынау алып ғалам – шексіз аспан мен жер, жұлдыздар мен планеталар қалайша еш мақсатсыз, өздігінен пайда болмақ? – деп қарсы сұрақ қояды. Бұл сөзге философ тосылып қалыпты. (Болған оқиға) ⸻ 👉 Бұл оқиға – ғаламның жаратылысы жай ғана кездейсоқтық емес, Ұлы Жаратушының шексіз даналығының айқын дәлелі екендігін ұғындырады. Алла Тағала «Әл-Имран» сүресінде былай дейді: «Асылында, көк пен жердің жаратылысында, түн мен күннің ауысуында ақыл иелері үшін сөзсіз белгілер бар» (Әли Имран, 190-аят). Яғни, мұнда айтылған «ақыл иелері» – ой жүгіртіп, терең толғанатын, ақиқатты іздегендер. Ақылы былғанбаған, неше түрлі жалған ақпараттар мен күмәндарға алданып, ақ пен қараның ара жігін ажырата алмай қалғандар емес. Бәлкім, ой елегінен өткізіп, ақиқатқа жетуге талпынғандар.
без подписи
Аллаға шүкір! Бүгін докторантуралық диссертациямды сәтті қорғап, «өте жақсы» деген бағаға ие болдым. Бұл еңбек арқылы ғылымға аз да болса үлес қоса алғаныма қуаныштымын. Осы жолда маған қолдау көрсеткен ғылыми жетекшіме, ұстаздарыма және барша тілектестеріме шынайы алғысымды білдіремін.
«Шайтан мына үш жағдайда шабуылдайды: 1. Бос уақытта. 2. Ашу үстінде. 3. Жетістікке жеткенде. Уақытыңды пайдалы іспен толтыр, ашуыңды тежеп, жетістігіңді Алланың нығметі деп біл.»
«Диссертация уақыты басталып кетті. Біз де дипломды қорғауға аз ғана күндер қалды, бұйыртса.»
«Мәзһаб – үмбеттің тура жолдағы қалқаны» Өткен жазбаларда, шариғи үкімдер ең негізгі екі қайнар көзден алынатыны жәйында жаздық. Дәлірек айтқанда, Құран және сүннеттен. Ал, мәзһаб ұстанбау – осы қайнар көздерден туындаған үкімдерге немқұрайлы қарауға алып келеді. Бұл – діни үкімдерге атүсті қараудың бір көрінісі. Мұхаммед Ибрахим Сақафи өзінің «әл-Ижтихад» атты еңбегінде Құраннан мына аятты мысалға келтіреді: {فَإِنْ تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللهِ وَالرَّسُولِ} «Егерде қандай да бір мәселе төңірегінде өзара келісе алмай, талассаңдар, оны Аллаға және Оның елшісіне жүгіндіріңдер». Тағы бір аятта былай делінеді: {وَلَوْ رَدُّوهُ إِلَى الرَّسُولِ وَإِلَى أُولِي الْأَمْرِ مِنْهُمْ لَعَلِمَهُ الَّذِينَ يَسْتَنْبِطُونَهُ مِنْهُمْ} «Егер олар оны Пайғамбарға немесе өздерінің іс басындағыларына ұсынғанда, олардың ішінен оның мән-мағынасын зерттеп, үкім шығара алатындар білер еді» Ал енді сұрақ: бір істің мән-жайын зерделеп, одан үкім шығарып пайымдай алатындар кімдер? – Кейбір хадистерді жаттағандар ма? – Әлде бірнеше аятты ғана білетіндер ме? – Сауда-саттықпен шұғылданып, әрдайым жұмыстан қолы тимейтіндер ме? – Яки, Құран мен хадисті арабшасынан толық түсіне алмай жүрген талапкерлер ме? – Әлде Алла Тағала ілім жолында адастырған, көзі ашық, көкірегі соқырлар ма?! Өкінішке қарай, қазіргі қоғамымызда шариғат ілімін оқымаған, зерттемеған, ізденбеген, тек нәпсісінің қалауына сай Құран мен сүннетті өз бетінше бұрмалап жүрген беймазһабтар бар. Бұл – түзу жолдан тайып, шектен шығудың, адасудың айқын көрінісі. Имам Кәусәри былай деген: «Кімде-кім бір мәзһабқа тұрақтамай, ешқандай қағида-ережесіз өз бетінше бір мәзһабтың үкімін екінші мәзһабқа басымдық берсе, ол – Ислам дінінде беймазһаб болып есептеледі. Сондай-ақ, бір мәзһабқа еруден бас тартқан адам ізгілердің жолын тәрк еткен болады. Ал егер осы жолды берік ұстанбай, өзін ижтихад иесі санап, Құран және сүннеттен тәуелсіз үкім шығарғысы келсе, ол – әһлу сунна уәл-жамағаттың жолынан ауытқыған болып саналады. Аллаға ант етейін! Тарих беттерінде де, қазіргі заманда да адасқан ағымдар өзге бір түсініктің жетегінде емес, дәл осы жолды ұстану арқылы адасты. Тіпті, сол адасқан топтардың кей көсемдері тура жолға қайтқан соң: «Расында, мәзһабқа еруден бас тарту – адасу мен күпірлікке апарады» деп мойындағанына куә болдық».
«Құран – толассыз нөсер жауын» Бұл жайлы Құран Кәрімде рағд сүресінде былай деді: أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءً فَسَالَتْ أَوْدِيَةٌۢ بِقَدَرِهَا «Алла көктен су түсірді, сонда сай-салалар (әрқайсысы) өз мөлшерімен селге толды…» Алла Тағала қасиетті Құранын толассыз жауған нөсер жауынға теңеді. Өйткені Құран – берекеге толы, шипасы мен нұры мол кітап. Әрбір пенде өз жүрегінің кеңдігі мен ыдысының көлеміне қарай одан үлесін алады. Ыдысың қаншалықты кең болса,соншалықты молынан сусындайсың. Ағынды арық та сондай: арнасы кеңейген сайын суы молынан ағады. Кімде-кім Құранға шын ықыласпен бет бұрса, еңбегіне қарай пайда мен берекеге кенеледі. Бұл – «Азиз» Құран. Ол тек кішіпейіл болып, иіліп ізденгенге ғана өзінің нұрын төгеді. Ал тәкаппар жан одан ешбір пайда таппайды. Себебі биік шыңның басына су көтерілмейтіні секілді, менменсінген жүрек те Құранның шуағына шомыла алмайды. Бұл жөнінде Ағраф сүресінде былай делінген: سَأَصْرِفُ عَنْ آيَاتِيَ الَّذِينَ يَتَكَبَّرُونَ «Дандайсығандарды аяттарымнан аулақтатамын». Яғни, кеудесін керген жан, биік қыраттай болып, Құран нәсібінен мақұрым қалады. Ал енді судың арық бойымен аққандағы әсерін ойлап көрейік: 1. Ол ең әуелі жерді жуып-шайып тазартады. Құран да осы секілді жүрек ауруларын емдеп, жан дүниені тазартады. 2. Ол жерді жандандырып, өсімдік өсіреді. – Құран да жүректі нұрға бөлеп, хикмет дәнін көктетеді.
без подписи
без подписи
Ғылымға сүйенген түсінік қана шынайы. Қазіргі таңда кейбір адамдар хадисті өз түсінігімен немесе өзі сүйенген бірнеше кісінің жорамалдарымен түсініп: «Бұл – бидғат, ал мынау – сүннетке сай» деп айтып жүргенін көреміз. Бұл – аса қауіпті іс. Өйткені мұндай үкім шығару ойлағандай оңай емес, ол ижтиһад дәрежесіне жеткен ірі ғұламалардың ғана қолынан келетін іс. Кез келген шариғаттан хабары бар немесе осы салада оқыған адамға мұндай жауапкершілік жүктелмейді. Бұл жол – өмірін ғылымға арнаған, заманының алыптары болған ғұламалардың ісі. Араб тілін терең меңгермеген, хадис, фиқһ т.б. ілімдерін толық қамтымаған және бұл ілімдердің қыр- сырын үйренбеген, білмеген, ұғынбаған адамның хадиске сүйеніп үкім шығаруы – үлкен қателік. Атақты ғалым Суфиян ибн Уйайна: «Хадис – фиқһ ғалымдарынан басқаны адастырушы», – деген. Яғни хадисті дұрыс түсіну және орынды қолдану – нағыз ғұламалардың ғана қолынан келетін іс. Алла Тағала Құран кәрімде: { لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا } «Алла ешбір жанға шамасы жетпейтін міндет жүктемейді» – деп баяндайды. Демек, ижтиһад жасап үкім шығару– әрбір адамның шамасы келетін нәрсе емес, ол ғалымдардың сипаты. Өйткені үкім беру дәрежесіне жету үшін өмірін ғылымға арнау қажет. Бұл болса жалпы адамдарға міндеттелмеген.