- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 3
- Всего постов
- 29
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Образование
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 871
- 1/48двое суток
- 998
- 1/72трое суток
- 1 076
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
без подписи
⚜️SDU студенттері — әскери инженерия алаңында🔥 SDU University-дің Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебінің 10 студентінен құралған SQQ x SDU University командасы Қазақстандағы алғашқы әскери инженерлік техника чемпионаты — «SHAIQAS 2026» финалдық кезеңіне қатысуда. Defence Tech Center чемпионаты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өтуде. Команда мүшелері «Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқиды және чемпионатта киберқауіпсіздік бағыты бойынша бақ сынайды. Чемпионат төрт негізгі бағытты қамтиды: әуе жүйелері, жерүсті жүйелері, киберқауіпсіздік және тактика. «SHAIQAS 2026» — әскери және азаматтық қатысушыларды біріктіретін, инженерлік әзірлемелерді нақты жағдайларға барынша жақын ортада сынауға мүмкіндік беретін практикалық чемпионат. Финалдық кезең мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 15 тамызда өтеді. SDU командасына сәттілік тілейміз! 🚀
⚜️SDU УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ SDU University баспасөз қызметі жаңа басшы - Арман Жұмажановтың ректорлық қызметке тағайындалғанын хабарлайды. Жоғары білім беру саласында 15 жылдан астам басқарушылық тәжірибесі бар Арман Жұмажанов бұған дейін Nazarbayev University-де басшылық лауазымдарды, соның ішінде Президент кеңсесінің басшысы (Chief of Staff) қызметін атқарған. Сондай-ақ ол «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Indiana University Bloomington (АҚШ) университетінде Жоғары білім беруді басқару (Higher Education Administration) бағыты бойынша докторантура бағдарламасында оқыған. SDU University ұжымы университеттің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бұрынғы ректор Әлімжан Игенбаевқа алғыс білдіреді және алдағы қызметіне табыс тілейді. Сондай-ақ Арман Жұмажановқа ректор қызметінде сәттілік тілеп, оның басшылығымен университеттің жаңа белестерді бағындыратынына сенім білдіреді. *** ⚜️SDU UNIVERSITY APPOINTS A NEW RECTOR SDU University is pleased to announce the appointment of Arman Zhumazhanov as the new Rector of the University. With over 15 years of leadership experience in higher education, Mr. Zhumazhanov previously served in senior leadership roles at Nazarbayev University, including Chief of Staff to the President. He pursued a Doctor of Education in Higher Education Administration from Indiana University Bloomington (USA) through the prestigious Bolashak International Scholarship. The SDU University community expresses its sincere gratitude to the University's former Rector, Alimzhan Igenbayev, for his valuable contribution to the University's development and wishes him every success in his future endeavors. The community also wishes Mr. Zhumazhanov every success in his new role as Rector and looks forward to the continued growth and achievements of SDU University under his leadership.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
📌 Алматыда құқық, технология және жасанды интеллект саласындағы ең ірі алаңдардың бірі – V жыл сайынғы IT Law Forum өтті. 16 маусым күні Almaty Hub алаңында SDU University ұйымдастыруымен өткен форумға құқық, IT және мемлекеттік сектордың жетекші сарапшылары қатысты. Форумда: 🔹 жасанды интеллектті құқықтық реттеу; 🔹 киберқауіпсіздік және деректерді қорғау; 🔹 цифрлық бизнесті құқықтық сүйемелдеу; 🔹 LegalTech және заң практикасын автоматтандыру мәселелері талқыланды. Іс-шара аясында LegalTech Expo көрмесі ұйымдастырылып, заң саласындағы инновациялық технологиялық шешімдер таныстырылды. Форумның маңызды оқиғаларының бірі – Kazakhstan’s Legal AI Benchmark зерттеуінің тұсаукесері болды. Зерттеу Қазақстан заңнамасымен жұмыс істеудегі жасанды интеллект модельдерінің тиімділігін алғаш рет кешенді түрде салыстырды. IT Law Forum V құқық пен технология саласындағы кәсіби диалогты дамытуға және Қазақстандағы цифрлық құқық экожүйесін нығайтуға маңызды үлес қосты.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
🔐 Cybersecurity Day 2026 24 сәуір күні SDU University-де Fortinet және Cloud24.kz қолдауымен киберқауіпсіздікке арналған Cybersecurity Day 2026 конференциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Қырғызстаннан 400+ студент қатысты. 🎯 Қатысушылар заманауи киберқауіптер, AI және SecOps бағыттары бойынша сарапшылардың баяндамаларын тыңдап, практикалық тапсырмалар орындады. 🤝 Сонымен қатар, SDU University мен Cloud24.kz арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Cybersecurity Day 2026 — студенттер, сарапшылар және индустрия өкілдерін біріктірген тиімді алаңға айналды.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
🚀 Technopark SDU Legal Tech бағытын қарқынды дамытып келеді Technopark SDU құқық пен технология тоғысындағы Legal Tech бағытын жүйелі түрде ілгерілетуде. Бастаманың негізгі мақсаты — заң саласындағы цифрлық трансформацияны қолдап, инновациялық шешімдерді дамыту. Бүгінде Technopark SDU Legal Tech саласында жұмыс істейтін ұйымдармен және стартап жобаларын дамытушы жас кәсіпкерлермен ынтымақтастыққа ашық. Әсіресе, келесі бағыттарға басымдық беріледі: ⚖️ құқықтық процестерді автоматтандыру 📊 деректерді талдау 💻 цифрлық құқықтық қызметтер 🤖 жасанды интеллект негізіндегі шешімдер 🤝 Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі — GRATA International компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою. Бұл серіктестік экожүйе қатысушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, кәсіби ортада тәжірибе алмасуға жол ашады.
без подписи