Silleno LLP
СтатистикаПолиэтилен өндіру зауытының құрылыс жобасы Проект строительства завода по производству полиэтилена Polyethylene plant construction project
- Последний пост
- 30 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Стройка
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 512
- 1/48двое суток
- 586
- 1/72трое суток
- 632
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
MAIRE Jaryq академиясының алғашқы легі оқуын аяқтады Атырауда Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласы үшін болашақ инженерлер мен техникалық мамандарды даярлауға бағытталған халықаралық білім беру бағдарламасы – MAIRE Jaryq академиясының алғашқы түлектерінің…
без подписи
без подписи
без подписи
MAIRE Jaryq академиясының алғашқы легі оқуын аяқтады Атырауда Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласы үшін болашақ инженерлер мен техникалық мамандарды даярлауға бағытталған халықаралық білім беру бағдарламасы – MAIRE Jaryq академиясының алғашқы түлектерінің оқуды аяқтауына арналған іс-шара өтті. Алғашқы 19 қатысушы – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері MAIRE (Tecnimont) халықаралық инжинирингтік компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірлесіп жүзеге асырған алты айлық бағдарламаны сәтті аяқтады. Компания – Атырау облысындағы ірі мұнай-газ химиясы жобаларын, соның ішінде полиэтилен зауыты мен Газ сепарациялау кешенінің құрылысын іске асырудағы стратегиялық серіктес. Студенттер үшін оқу екі кезеңнен тұрды. Алты ай бойы олар Атыраудағы Tecnimont кеңсесінің базасында теориялық білім алып, Силлено полиэтилен өндіру зауытының құрылыс алаңында мұнай-газ химиясы жобаларын іске асырудың практикалық қырларымен танысты. Қазіргі уақытта бағдарламаның екінші легі оқуға кірісті. Оның құрамына Назарбаев Университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 20 түлегі енді. Оқу үш кезеңнен тұрады. Теориялық дайындық Атырауда өтті. Одан кейін қатысушылар Миландағы MAIRE (Tecnimont) базасында оқуын жалғастырып, заманауи инженерлік шешімдерді зерделеді және Еуропаның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Politecnico di Milano-да дайындықтан өтті. Қорытынды кезең компанияның Мумбайдағы (Үндістан) инженерлік орталығында өтеді. Онда студенттер MAIRE компаниясының ірі инженерлік хабтарының бірінде тәжірибесі жинайды. Оқудың үшінші легі қыркүйек айында басталады деп жоспарланған. Бағдарламаның алғашқы жылында 60 жас маман қамтылады, ал төрт жыл ішінде оған шамамен 240 студент қатысады. Оқу қорытындысы бойынша түлектер Қазақстандағы полиэтилен зауыты пен Газ сепарациялау кешенінің құрылысын қоса алғанда, ірі жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
На стройплощадку Силлено доставлена крупнейшая колонна проекта 🏗️На строительную площадку будущего завода по производству полиэтилена доставлена фракционная колонна – крупнейшее вертикальное оборудование проекта. Это первая единица крупногабаритной техники, прибывшая непосредственно на монтажную площадку комплекса. Колонна изготовлена на мощностях завода «АтырауНефтеМаш». Технические параметры колонны: ▪️высота – 101,8 метра (это выше 30-этажного жилого дома); ▪️диаметр – 7,5 метра; ▪️масса – около 1 500 тонн. ⚡️Оборудование является сердцем установки пиролиза: именно в этой колонне будет происходить разделение этилена – ключевого сырья для производства полиэтилена. 📍Маршрут пролегал от предприятия-изготовителя в Атырау до строительной площадки в специальной экономической зоне «Национальный индустриальный нефтехимический технопарк». Для транспортировки использовался самоходный модульный транспортер – он распределяет нагрузку так, что давление на ось не превышает 10 тонн. Это исключает повреждение дорожного покрытия. Перевозка выполнялась в светлое время суток со скоростью, обеспечивающей безопасность движения (ориентировочно от 2 до 4 км/ч). 🔵Отметим, что доставка крупногабаритного оборудования – это не просто логистический этап, а создание технической базы для начала активных монтажных работ. 🔵В целом, изготовление оборудования такого масштаба и технической сложности на казахстанском предприятии – значимый шаг в укреплении локализации. Этот проект подтверждает растущие компетенции отечественных производителей, создаёт новые возможности для индустрии и расширяет участие казахстанских компаний в реализации крупнейших нефтегазохимических инициатив страны. 📱 ҚазМұнайГаз
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
Силлено құрылыс алаңына жобадағы ең ірі бағана жеткізілді 🏗️Болашақ полиэтилен зауытының құрылыс алаңына жобадағы ең ірі вертикальды жабдық – фракциялау бағанасы жеткізілді. Бұл – кешеннің монтаж алаңына жеткізілген алғашқы ірі габаритті техника. Бағана «АтырауНефтеМаш» зауытында жасалды. Бағананың техникалық сипаттамалары: ▪️биіктігі – 101,8 метр (30 қабатты тұрғын үйден де биік); ▪️диаметрі – 7,5 метр; ▪️салмағы – шамамен 1 500 тонна. ⚡️Бұл жабдық – пиролиз қондырғысының негізгі элементі. Дәл осы жабдықта полиэтилен өндіруге қажетті негізгі шикізат – этиленді бөлу процесі жүреді. 📍Жүк Атырау қаласындағы өндіруші кәсіпорыннан «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан құрылыс алаңына дейін жол жүрді. Тасымалдау үшін өздігінен жүретін модульдік транспортер пайдаланылды. Ол жүктемені біркелкі бөліп, бір өске түсетін салмақтың 10 тоннадан аспауын қамтамасыз етеді. Бұл жол жабынының бүлінуіне жол бермейді. Тасымалдау қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күндізгі уақытта сағатына шамамен 2-4 шақырым жылдамдықпен жүзеге асырылды. 🔵Ірі габаритті жабдықты жеткізу – бұл тек логистикалық кезең ғана емес, сонымен қатар белсенді монтаж жұмыстарының басталуына қажетті техникалық базаны қалыптастырудағы маңызды қадам. 🔵Жалпы, осындай ауқымды әрі техникалық тұрғыдан күрделі жабдықтың қазақстандық кәсіпорында дайындалуы – жергілікті қамтуды дамытудағы маңызды қадам. Бұл жоба отандық өндірушілердің инженерлік және өндірістік әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетіп, өнеркәсіптің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобаларды іске асыруға қазақстандық компаниялардың қатысу үлесін арттырады. 📱 ҚазМұнайГаз
Силлено EPC-мердігерлерімен және KazService-пен бірлесіп Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың өндірістік алаңдарына барды Силлено жергілікті қамтуды дамыту және полиэтилен зауытының құрылысы жобасын іске асыруға отандық компаниялардың қатысуын кеңейту мақсатында…
Силлено EPC-мердігерлерімен және KazService-пен бірлесіп Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың өндірістік алаңдарына барды Силлено жергілікті қамтуды дамыту және полиэтилен зауытының құрылысы жобасын іске асыруға отандық компаниялардың қатысуын кеңейту мақсатында қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік алаңдарын аралауды жалғастыруда. Атырау облысындағы кәсіпорындардан кейін Силлено, EPC-мердігерлері Tecnicas Reunidas және Tecnimont, сондай-ақ Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы KazService өкілдері Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың өндірістік және сервистік мүмкіндіктерімен танысты. Бағдарламаға келесі кәсіпорындар кірді: • OEG Kazakhstan — мамандандырылған жүк контейнерлерін, техника мен жабдықтарды жеткізу және жалға беру; • KCOI — мұнай-газ машина жасау және құрылыс кәсіпорны; • Recon-Aktau — логистикалық терминал; • ExDel — логистикалық компания; • Sewon Vertex — резервуарлар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар және жылу алмастырғыштар өндіретін кәсіпорын; • ATV Kazakhstan — шарлы, ысырмалы, кері және ине тәрізді клапандар өндірушісі; • Basechem — арнайы мұнай кәсібіне арналған химиялық өнімдер өндірушісі; • Gas Energy GMBH — газ-поршеньді электр станцияларын өндіретін кәсіпорын; • Альянс LTD, Оңдасын Строй және Гандикап — құрылыс компаниялары. Сапар барысында қатысушылар кәсіпорындардың өндірістік қуаты, шығаратын өнім түрлері және көрсетілетін қызметтерімен танысып, қазақстандық компаниялардың жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Отандық кәсіпорындармен танысу алдағы уақытта да жалғасады.
Силлено EPC-мердігерлерімен және KazService-пен бірлесіп Атырау облысындағы кәсіпорындардың өндірістік алаңдарына барды Полиэтилен зауытының құрылысы жобасын іске асыру аясында жергілікті қамтуды дамыту және отандық өндірушілердің қатысуын кеңейту мақсатында…
Силлено EPC-мердігерлерімен және KazService-пен бірлесіп Атырау облысындағы кәсіпорындардың өндірістік алаңдарына барды Полиэтилен зауытының құрылысы жобасын іске асыру аясында жергілікті қамтуды дамыту және отандық өндірушілердің қатысуын кеңейту мақсатында Силлено компаниясы Атырау облысындағы кәсіпорындардың өндірістік алаңдарын аралады. Іс-шараға Силлено компаниясының, EPC-мердігерлер Tecnicas Reunidas, Tecnimont және Karl Schmidt Spedition компанияларының, сондай-ақ Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағы KazService өкілдері қатысты. Сапар барысында қатысушылар мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және құрылыс салалары үшін өнім шығаратын әрі қызмет көрсететін қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Компания өкілдері өндірістің жергіліктендіру деңгейін, қолданылатын технологияларды, сапаны бақылау жүйесін бағалап, алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бағдарламаға келесі кәсіпорындар кірді: TST Group — жеке қорғаныс құралдарын өндіруші; Expert Partner Build — шыны талшықтан жасалған резервуарлар өндірушісі; Sigma Solutions — электр техникалық өнімдер мен жарылыстан қорғайтын жабдық өндірушісі; Studbolt Manufacturing — бұрандалы қосылыстар мен бекіту материалдарын өндіруші; Newtech Systems Group — өнеркәсіптік оқшаулау материалдарын, коррозияға және өртке қарсы қорғаныс жүйелерін, жылыту, желдету және ауа баптау (HVAC) жүйелерін, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын өндіруші; Borkit Safety компаниясы Honeywell компаниясымен бірлесіп — газ талдағыштар өндірушісі; KIOS — сорғы жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектер өндірушісі; «Тёплый Дом Атырау» ЖШС — жылу оқшаулағыш материалдар өндірушісі; CHI — электрмонтаж және құрылыс жұмыстарын орындауға, сырлау және өртке қарсы жабындарды жағуға, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикаға қызмет көрсетуге маманданған компания; Centech — металл және электр техникалық бұйымдар өндірушісі. Айта кету керек, бағдарламаға енген бірқатар кәсіпорынмен металл конструкцияларын дайындау, құммен өңдеу және сырлау, өртке қарсы қорғаныс жұмыстарын орындау, сондай-ақ кабельдік науаларды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған. Бұл жобаға қатысушыларға қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуетімен жан-жақты танысуға мүмкіндік берсе, отандық өндірушілерге өз өнімдерін, құзыреттерін және еліміздегі ең ірі мұнай-газ химиясы жобаларының бірін іске асыруға қатысу әлеуетін көрсетуге жол ашады.
ҚМГ серіктестерімен болашақ қазақстандық инженерлерді даярлауды жалғастыруда 🗣Силлено полиэтилен өндіру зауытының құрылыс жобасы аясында TRAiming the Future білім беру бағдарламасының екінші легі басталды. Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанның жетекші техникалық…
КМГ совместно с партнерами продолжает подготовку будущих казахстанских инженеров 🗣В рамках реализации проекта строительства завода по производству полиэтилена Силлено стартовал второй поток образовательной программы TRAiming the Future. С 1 июля текущего года 31 студент ведущих технических вузов Казахстана приступил к шестимесячной программе подготовки. Участники были отобраны по итогам многоэтапного конкурса, в котором приняли участие 140 кандидатов. 🧑🎓Среди участников – студенты Nazarbayev University, Казахстанско-Британского технического университета, Satbayev University, Атырауского университета нефти и газа имени Сафи Утебаева, Казахской головной архитектурно-строительной академии и Yessenov University. При этом 15 участников представляют Атырауский университет нефти и газа. 📚Программа состоит из двух этапов – теоретического и практического. В течение трех месяцев участники пройдут онлайн-обучение, после чего отправятся на стажировку в головной офис Tecnicas Reunidas в Мадриде. Будущие инженеры изучат принципы реализации международных EPC-проектов и пройдут обучение по ключевым инженерным направлениям под руководством специалистов компании. Программа полностью финансируется Tecnicas Reunidas. ▪️Первый поток программы уже продемонстрировал высокую эффективность: 31 студент успешно завершил обучение, а 22 выпускника получили предложения о работе в TR. Сегодня часть молодых специалистов работает на проекте строительства завода Силлено в Атырау, остальные – в головном офисе испанской компании в Мадриде. ▪️Программа разработана национальной компанией «КазМунайГаз» совместно с Tecnicas Reunidas (TR), одним из EPC-подрядчиков строительства полиэтиленового завода в Атырауской области. За четыре года планируется подготовить более 120 молодых казахстанских инженеров, которые получат практический опыт работы по международным стандартам и смогут внести вклад в развитие нефтегазохимической отрасли Казахстана. 📱 ҚазМұнайГаз
ҚМГ серіктестерімен болашақ қазақстандық инженерлерді даярлауды жалғастыруда 🗣Силлено полиэтилен өндіру зауытының құрылыс жобасы аясында TRAiming the Future білім беру бағдарламасының екінші легі басталды. Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының 31 студенті алты айлық даярлау бағдарламасына кірісті. Олар 140 үміткер қатысқан көпсатылы іріктеу қорытындысы бойынша таңдап алынды. 🧑🎓Бағдарламаға Nazarbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Satbayev University, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы және Yessenov University студенттері қатысуда. Оның ішінде 15 қатысушы – Атырау мұнай және газ университетінің студенттері. 📚Бағдарлама теориялық және практикалық екі кезеңнен тұрады. Алғашқы үш айда қатысушылар онлайн форматта білім алады, содан кейін Tecnicas Reunidas компаниясының Мадрид қаласындағы бас кеңсесінде тағылымдамадан өтеді. Болашақ инженерлер халықаралық EPC-жобаларды іске асыру қағидаттарын меңгеріп, компания мамандарының жетекшілігімен негізгі инженерлік бағыттар бойынша білім алады. Бағдарлама толықтай Tecnicas Reunidas компаниясының қаржыландыруымен жүзеге асырылады. ▪️Бағдарламаның алғашқы легі өз тиімділігін көрсетті: 31 студент оқуын сәтті аяқтап, олардың 22-сі TR компаниясынан жұмысқа шақыру алды. Бүгінде жас мамандардың бір бөлігі Атыраудағы Силлено зауытының құрылыс жобасында еңбек етсе, қалғандары испаниялық компанияның Мадрид қаласындағы бас кеңсесінде жұмыс істейді. ▪️Бағдарлама «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен зауыты құрылысының EPC-мердігерлерінің бірі – Tecnicas Reunidas (TR) компаниясының бірлескен бастамасымен әзірленген. Төрт жыл ішінде халықаралық стандарттар бойынша практикалық тәжірибе жинақтап, Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласының дамуына үлес қоса алатын 120-дан астам жас қазақстандық инженерді даярлау жоспарланып отыр. 📱 ҚазМұнайГаз
🔹 KazService совместно с Silleno организовали ознакомительный визит на производственную площадку TST GROUP KZ — казахстанского производителя и международного поставщика спецодежды, спецобуви и средств индивидуальной защиты (СИЗ) Сегодня TST GROUP KZ сотрудничает с более чем 300 корпоративными клиентами и является официальным партнером ведущих мировых производителей СИЗ, включая 3M, Honeywell, DuPont, Dräger, MSA, Uvex, Portwest и Helly Hansen. В ходе визита участники ознакомились с производственными процессами, современным оборудованием и ассортиментом продукции, а также обсудили вопросы качества, локализации производства и перспективы сотрудничества с предприятиями нефтегазовой отрасли. 🔹 KazService