tgindex
Steppe Observer|Күш білімде

Steppe Observer|Күш білімде

Статистика
@steppeobserverказахский

Politics History International Relations Analytics Strategic Studies

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
13 авг.
Постов за неделю
1
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
2 672
+59 за 3 дн.
Сутки
+30
+1,14%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
1 241
21 постов
Вовлечённость
46,4%
к подписчикам
Постов в день
0,1
всего 21
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
143
1/48двое суток
163
1/72трое суток
176

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • без подписи

  • 5 авг.990211

    Экспортқа арналған демократия немесе өзіміздің «нашар жігіт» 🎭💸 1939 жылы АҚШ президенті Франклин Рузвельт Никарагуа диктаторы туралы мына бір сөздерді айтқан: «Ол, мүмкін, оңбаған шығар, бірақ ол — біздің оңбаған». Демократиялық мемлекеттер бостандықтың, адам құқықтары мен әділдіктің символы ретінде қалыптасқан. Алайда, біз түсіну керек бір сабақ - демократиялар үшін басты миссия өзге елдерде демократия құру және либералды құндылықтарды тарату емес. Бұл елдердің өз мүдделері бар, жалпақ тілмен айтсақ олар өз пайдасын ойлайды. Сыртқы саясатта, өзге мемлекет сенің айтқаныңды істегенін қаласаң ол елдегі адамдардың көңілін толтыру керексің. Демократиялы елдерде бұл процесс өте қиын, өйткені қаншама халық саясатқа араласып, шешім шығару процессіне қатысады. Ал егер ел автократия болса, онда елдегі бір диктатордың және оның қасындағы элитаның адалдығын/лоялдығын сатып алу әлдеқайда оңай. Егер басқа елде билікке әділ сайланған, бірақ «демократиялық Батысқа» ұнамайтын саясат жүргізетін лидер келсе, бостандық туралы идеалдар лезде ұмытылады. Мәселен: 🔹 Конго (1960–1961) | Патрис Лумумба. Тәуелсіз Конгоның заңды түрде сайланған алғашқы премьер-министрі. Оның «кінәсі» — колониализмді қатты сынап, Бельгия әскерін елден шығару үшін КСРО-дан әскери көмек сұрағаны. Нәтижесі: АҚШ пен Бельгияның тікелей қатысуымен Лумумба сайлаудан кейін бар-жоғы жарты жыл өткенде тақтан тайдырылып, өтірілді. Оның орнына 32 жыл бойы елді тонап, бірақ АҚШ-тың талаптарын бұлжытпай қолдаған диктатор Мобуту Сесе Секо отырғызылды. 🔹 Гавайи (1893) | Лилиуокалани патшайымы ауыл шаруашылығы мен экспорттан түскен пайда Гавайида қалып, жергілікті халыққа қызмет еткенін қалайды. Бұл ірі америкалық және еуропалық корпорацияларға ұнамады. Нәтижесінде бизнес өкілдері АҚШ теңіз жаяу әскерінің қолдауымен заңды патшайымды тақтан тайдырып, аралдарды өздеріне бағындырып алды. 🔹 Доминикан Республикасы (1965) | Хуан Бош Демократиялық жолмен сайланған президент америкалық әскерилердің тікелей араласуымен орнынан алынды. Оның «қылмысы» Фидель Кастроға жылы шырай танытқанында еді. 🔹 Иран (1953) және Чили (1973) • Мохаммед Мосаддық Британияның бақылауында болған мұнай өнеркәсібін национализацияламақ болғаны үшін ЦРУ мен MI6 ұйымдастырған төңкеріске ұшырады. • Сальвадор Альенде халықпен ресми түрде сайланғанына қарамастан, оның социалистік бағыты АҚШ-қа жақпай, Пиночеттің әскери төңкерісі орын алды Түйін: Ішкі демократия сыртқы әлемге әділдік әкелуге кепілдік бермейді. Демократиялық, бірақ ынтымақтастыққа ыңғайсыз көрші мен қатыгез, бірақ тілалғыш автократтың арасында таңдау түскенде, «идеалистер» әрқашан екіншісін таңдайды.

  • 31 июл.1 15428

    «Қазір ал, кейін төле»: Мемлекеттік қарыздар (borrowing) қалай жұмыс істейді және неге саясаткерлер оны жақсы көреді? Оқыс жағдайда қарапайым адам кредит алса, ол өзіне жеке қаржылық міндеттеме алады. Ал акшаны мемлекет қарызға алса (borrowing / мемлекеттік заемдар), ойын ережесі түбегейлі өзгереді. Бұл механизмнің қалай жұмыс істейтінін және неліктен оның әлемдік саясаттағы басты «көзірге» айналғанын талдап көрейік. 🔹 Borrowing деген не (қарапайым сөзбен)? Мемлекеттің жинаған салықтары шығындарына (жолдар, әскер, әлеуметтік төлемдер) жетпей қалғанда, бюджет дефициті пайда болады. Оны жабу үшін Қаржы министрлігі облигациялар - мемлекеттік қарыз қолхаттарын шығарады. Схемасы қарапайым: инвесторлар ақшаны қазір береді, ал мемлекет оны N жылдан кейін үстіндегі пайызымен қайтарады. Осындай төленбеген қолхаттардың жиынтығы мемлекеттік қарызды құрайды. 🏛Саясатта borrowing - популизмнің идеалды схемасы. Кез келген үкіметте жобаларды қаржыландырудың үш жолы бар: Салықты көбейту → халықтың наразылығы өсіп, саясаткерлердің рейтингі түседі Шығындарды қысқарту → шерулер, ереуілдер және әлеуметтік саланың наразылығы. Қарыз алу → жаңа жобаларды іске қосу, субсидияларды қазір таратып «жақсы» болып көріну, ал қарызды кейінгі үкіметтер мен болашақ ұрпаққа қалдыру. 🇺🇸 АҚШ: Вашингтон шынымен кімге қарыз? АҚШ қарызы $35 трлн-нан асады, бірақ , Америка «бір ғана әлемдік несие берушіге» қарыз емес: ~50% қарыз АҚШ азаматтарына, американдық банктерге және зейнетақы қорларына тиесілі. ~20% мемлекет өзіне-өзі қарыз (мысалы, бір мемлекеттік фонд екіншісінің облигацияларын сатып алады). ~30% шетелдік мемлекеттердің еншісінде (ең ірі ұстаушылар — Жапония, Ұлыбритания, Қытай). Оларға өз резервтері үшін сенімді активтер қажет. 👑 Неліктен автократиялар мен диктатуралар қарызға өмір сүргенді жақсы көреді? Демократиялық емес режимдерде сыртқы және ішкі қарыз билікті ұстап тұру құралы: Лоялдылықты сатып алу: Диктаторларға өз тіректерін - күштік құрылымдарды, шенеуніктерді және олигархтарды үнемі «қоректендіріп» отыру керек. Кедейленіп жатқан халықтан жаңа салық жинағанша, қарыз алған әлдеқайда оңай. Бақылаудың жоқтығы: Демократияда әр тиынды парламент пен баспасөз тексереді. Автократияда ақшаны зәулім құрылыстарға немесе игеруге жіберуге болады, ал қарызды жылдар өте халықтың өзіне төлетеді. 🇰🇿 Қазақстандағы қарыз жағдайы қалай? Қағаз жүзінде біздегі жағдай өте тұрақты көрінеді, бірақ маңызды нюанстар бар: ✅ Тікелей мемлекеттік қарыз төмен — ЖҰӨ-нің (ВВП) шамамен 23–25%-ы ғана (салыстыру үшін: АҚШ-та — >120%, Жапонияда — >250%). Бұған қоса, елде қауіпсіздік қоры болып табылатын Ұлттық қор бар. ⚠️ Бірақ тілге тиек етер мәселелр жоқ емес: Бюджеттің Ұлттық қорға тәуелділігі: Жыл сайынғы бюджет дефицитін жабу үшін мемлекет «кубышкаға» жиі қол сұғып, стратегиялық резервтерді ағымдағы шығындарға жұмсайды. Квазимемлекеттік сектордың көлеңкелі қарыздары: Мемлекеттік холдингтердің (Самұрық-Қазына, Бәйтерек т.б.) үлкен несиелері ресми түрде мемлекеттік қарыз болып саналмайды. Бірақ проблема туындаса, оларды бюджеттен құтқаруға тура келеді. БЖЗҚ (ЕНПФ) ақшасын пайдалану: Қаржы министрлігі өзінің ішкі облигацияларын зейнетақы қорына белсенді сатады. Шындығында, мемлекет азаматтардың зейнетақы жинақтарын өз бюджетінің тесігін жабуға қарызға алып жатыр. 💡 Түйін: Мемлекеттік қарыз - қуатты қаржылық тетік. Тиімді институттардың қолында ол экономиканы дамытады, ал популистер мен автократтардың қолында бүгінгі әл-ауқаттың салмағын болашақ ұрпақтың мойнына артады.

  • 24 июл.1 19116

    1956 жылы Чилиде «Chile Project» деп аталатын бағдарлама басталады. АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Форд қоры Чилиден келген бір топ жас студентті Чикаго университетіне қабылдайды. Олар Милтон Фридман мен Арнольд Харбергерден білім алып, экономикадағы неолиберализм идеологиясын сіңіріп елге оралады. 1973 жылға қарай сол жастар «El Ladrillo» («Кірпіш») атты құжат жазады. Бұл билік ауысқан жағдайда іске қосылатын дайын экономикалық жоспар еді. 1970 жылдың қыркүйегінен Чилидегі билік социалисттік көзқарастарды ұстанатын Сальвадор Алиенденің қолында болған. Ол банктер мен мыс секторын ұлттық меншікке айналдыруды көздейді. АҚШ-тың құпия барлау қызметінің кейін жария болған құжаттарына сүйенсек, Ричард Никсон ЦРУ директоры Ричард Хелмске, Чилидің экономикасын тұншықтыруды, оппозицияны қаржыландыруды және ішкі тұрақсыздықтар мен ереуілдерді қолдауды тапсырады. Нәтижесінде, экономика шынымен құлдырап, халықтың социализмге деген наразылығы өрши түседі де 1973 жылы билікке Пиночет бастаған әскери хунта келеді. Сөз басында атап өткен “Кірпіш” жобасы осы кезеңде жүзеге асырылады. Альенде кезінде тоқтатылған ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің несиелері экономикаға құйылады. Мемлекеттік шығындар қысқартылып, инфляцияны қысқарту үшін «шок терапиясы» басталады. Басқаша айтсақ, авторитарлық режим нағыз нарықтық реформаларды қолға алады. Диктатураның алғашқы жылдары нарықтық экономикаға бағытталған өзгерістерге қарсы кәсіподақ лидерлері, партия кадрлары, ауыл комитеттерінің ұйымдастырушылары қуғындалып, жазаланады. Шындығында, Пиночет те оның әскери хунтасы да экономисттер немесе монетаризм мен неолиберализмді түсінетін топ болмаған. Олардың басты мақсаты тек биліккке келу мен оны ұстап тұру еді және жоғарыдағы аталған экономикадағы барлық либералды өзгерістер тек бүркеме сияқты қызмет атқарады. Ішкі оппозияцины күшпен басқан Пиончет, сыртқы легитімділікке АҚШ, ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің қолдауы арқылы жетеді. Сондықтан, интернет кездесетін “диктатураларда экономикалық өсім мүмкін, себебі мықты қол бар”, - дейтін анализ тым үстірт. Өсімнің өзі ештеңе түсіндірмейді. Мәселе ненің қанша өскенінде емес, «кімнің есебінен өскенінде».

  • 18 июл.1 27819

    "Legacy of Ashes" ("Күл мұрасы") — Эйзенхауэрдің CIA директорына айтқан сөздерінен алынған: ол өз мұрасын дәл осылай сипаттаған. Tim Weiner-дың АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (CIA) туралы жазған бұл кітабы - 70 жылдан астам тарихты қамтитын терең зерттеу. Кітапты оқып шыққаннан кейін мен астын сызған ең маңызды үш сабақ: 1️⃣ Ақпаратсыз әрекет - апатқа апарар жол. CIA көбіне «білгеннен» гөрі «істеуге» шебер болды - төңкерістер, жасырын операциялар, үгіт-насихат. Бірақ нақты, тексерілген ақпарат жоқ жерде жасалған әрекеттердің арты (Bay of Pigs, Вьетнам, Ирактағы «жаппай қырып-жоятын қару» оқиғасы) бірнеше рет апатқа ұласты. 2️⃣ Басшыға ұнайтынды айту - ештеңе айтпағаннан да қауіпті. Онжылдықтар бойы CIA басшылары Ак үйге ыңғайлы, бірақ шындыққа сай келмейтін бағалаулар беріп отырды. Кітаптың негізгі идеясы - барлау қызметінің құндылығы оның ыңғайсыз шындықты айта алу қабілетінде жатқаны. 3️⃣ Билік пен күш жоғалмайды тек ауысып отырады. Конгресстің бақылауы әлсіреген сайын - корпорациялар, әскери мердігерлер аналитика мен барлау әлемінің көшбасына келді. Азаматтық бақылау азайған сайын әскерилер басымдыққа ие боп бастады. Биліктің тұрақты болуы оның жауапкершілік пен есеп беруге негізделген жүйеге құрылғанында. 💭 Кез-келген институт жүйеге құрылуы керек. Жүйе жауапкершілік пен ашық есеп беруге негізделуі керек. Алайда басшылықтың өзі саясатта белгілі бір бағытты дұрыс деп тауып, ашық диалогты шектесе, жемқорлық өршіп, приницптер құрбандыққа кетсе, ең мықты деген институттың өзінен тек күл мен әлсіз шоқ қалады....

  • 13 июл.1 2735

    без подписи

  • 13 июл.1 317273

    Біреуге ор қазба өзің түсесің немесе Барлау қызметінің тарихындағы маңызды оқиға 1981 жылы Франция президенті Миттеран Оттавадағы саммитте Рейганға құпия сыйлық табыстайды. Нәтижесінде, КГБ-дан қашқан полковник Владимир Ветровтың (кодтық аты "Farewell") 4000-нан астам құжаты АҚШ-тың ЦРУ-ның қолына түседі. Бұл құжаттар КСРО-ның Line X бөлімін толық әшкерелейді. Line X - Кеңес Одағындағы технологиялық тыңшылыққа маманданған арнайы бөлім. Басты міндеті Батыстан, әсіресе АҚШ-тан, әскери және өнеркәсіптік технологияларды ұрлау. Құпия әшкереленген соң, АҚШ Line X-ті бірден жалпап жоюға әрекет етпейді, керсінше ұралаған үстіне ұрлай түссе екен дейді. Өйткені ендігі Американың көздегені КСРО-ға бүлінген технологиялар,ақаулы бағдарламалар, дұрыс жұмыс істемейтін мұнай бұрғылау жабдықтары, жасырын кемшіліктері бар турбиналар мен чиптерді табыстау еді. Ең әйгілі жағдай - Сібірден Еуропаға тартылатын газ құбыры. Дәл осы құбырды КГБ АҚШ-тан ұрлайды, нәтижесінде дұрыс емес құрылған бағдарлама жарылыс тудырады да Кеңес Одағына орасан зор шығын әкеледі. Оқиға қарапайым "құпия барлау қызметінің тарихы" емес. Мұнда үш терең сабақ бар: 1️⃣ Күшті тұсың лезде әлсіз тұсыңа айналуы мүмкін - Line X-тің басты күші - жүйелі түрде ұрлау қабілеті - ақырында бөлімнің түбіне жетті. Стратегияда жауыңда бар үздіксіз паттерннің өзін қаруға айналдыруға болады. 2️⃣ Бұл - заманауи кибершабуылдардың арғы атасы. Бүгінгі "supply chain attack" (жеткізу тізбегіне шабуыл) деп аталатын әдіс - дәл осы логика: жауға "сенімді" көрінетін жаңартуды немесе құралды беріп, ішіне уыт салу. SolarWinds, Stuxnet сияқты заманауи оқиғалардың концептуалды атасы - 1982 жылғы осы құбыр жарылысы. 3️⃣ Барлау соғысында ең қауіпті нәрсе - сенім. Ветровтың сатқындығы, Сібірдегі құбыр, "жеңіл олжа" - бәрі сенімге құрылған. Ал стратегиялық деңгейде сенім әрдайым тексеруді қажет етеді, әсіресе ол тым оңай келсе. Мемлекеттер бір-бірімен тек қарудың күшімен емес, ақпарат пен алдаумен де соғысатынының нақты дәлелі. Ал мұндай тарихты білу - бүгінгі геосаясатты, кибер қауіпсіздікті және "ақпараттық соғыс" деген ұғымды тереңірек түсінуге көмектеседі.

  • 3 июл.1 395231

    Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, АҚШ тарапынан Claude-тың “Fable 5” моделіне салынған шектеулер алынып тасталды. Fable 5 — бұл Anthropic компаниясы жасаған жаңа буын жасанды интеллект моделі. Оның аналитикалық деңгейі өте жоғары - көлемді ақпараттарды талдап, күрделі сұрақтарға жауап бере алады. Бұндай мықты ЖИ құралдар мемлекеттерге jailbreaking төңірегінде маңызды сұрақтар тудырады. Jailbreaking — бұл жасанды интелектті алдап, оның ішкі қауіпсіздік шектеулерін айналып өту. Қарапайым тілмен айтқанда, арнайы жазылған сұрақтар арқылы модельді “ережелерін ұмытып”, әдетте жауап бермейтін нәрселерді айтуға мәжбүрлеу (атомдық қару, терроризм және т.б sensitive topics) Fable 5 9 - маусым күні жарыққа шығып, АҚШ үкіметі екі күннен соң оған шектеулер салды. Басты аргумент модельдің “jailbreak” - тің алдындағы әлсіздігі. Anthropic бұл мәселені шектеулі техникалық проблема ретінде бағалады. Алайда, АҚШ билігі бұған әлдеқайда байыпты қарады. Себебі жасанды интеллекттің бұндай әлсіздігін шетелдік акторлардың пайдалану қаупі жоғары. Мәселен, олар модельді “jailbreak” жасап, оны кибершабуылдарды жоспарлау, инфрақұрылымдағы әлсіз тұстарды талдау немесе жалған ақпарат тарату үшін қолдануы мүмкін. Сондықтан бастапқыда Fable 5 моделіне қатысты экспорттық шектеулер енгізілді. Алайда кейінірек, қауіптер қайта бағаланып, әлсіздік түзетілгеннен кейін бұл шектеулер алынып тасталды. Бұл оқиға нені көрсетеді? Жасанды интеллект дамыған сайын, тіпті кішігірім техникалық осалдықтардың өзі геосаяси деңгейдегі мәселеге айналуы мүмкін. AI енді тек технология емес — ол қауіпсіздік, саясат және халықаралық бәсекенің бір бөлігі.

  • 27 июн.1 36213

    🇵🇱🇱🇹 Польша мен Литва ұлттық қауіпсіздік мақсатында өз теміржолдары мен порттары арқылы Беларусь тауарларын өткізуге тыйым салған. Қазіргі таңда АҚШ Беларусьқа салынған санцияларды алып тастағысы келеді. Себеп - Калий 🌻 АҚШ үшін ауылшаруашылығында калийдің маңызы зор. Ол топырақты құнарлы етіп, өсімдіктердің тез өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, калий дәріханалармен зауыттарда кеңінен қолданылады. 🇨🇦 Ұзақ уақыт бойы АҚШ 90% калийді Канададан импорттап келген. Алайда Канада өнімнің бағасын өсіріп жібергендіктен, Беларусь калий нарығына ең арзан өндіруші ретінде шықты. Екі елді мұхит бөліп жатса да, сол мұхиттың ар жағынан келген калий теміржолмен көршілес елден келген калийден әлдеқайда тиімді болып отыр. 🇪🇺📝 Беларусь теңізге шыға алмайтын мемлекет болғандықтан, өнімді Литваның Клайпеда портынан тасымалдауға мәжбүр. Бірақ бұған ЕО-ның санкциялары кедергі. 🧐 Ал енді Дональд Трамптың келесі әрекеті қандай болмақ? Пікірге жаза кетсеңіздер

  • 26 июн.1 29521

    Кім жеңді? Иран ба АҚШ па? Иранның ядролық бағдарласын тоқтату, режимді құлату, аймақтық күштердің балансын (balance of power) өзгерту - батыл тізім. Алайда, бұлардың біріне де АҚШ қол жеткізбеді және бір апта бұрын МOM ceasefire - ға (әскери әрекеттердің тоқтауы) қол қойылып, соғыс тоқтады. 28 ақпаннан бері жалғасқан осы әскери қақтығыстан қандай сабақтар аламыз, талдайық: - Тактика мен операциялық деңгей мықты болса да, НАҚТЫ стратегиясыз ешбір соғыс нәтижелі аяқталмайды. Әскери жеңіс ешқашан саяси жеңіспен тең болған емес. Жоғарыда атап көрсеткен мақсаттар нақты емес, АҚШ-тың жүйелі жоспарсыз соқыр әрекет етті. - Тарихқа көз салсақ, АҚШ-тың Вьетнам, Ирак, Ауғаныстандағы операцияларын сәтсіз аяқтауына әсер еткен ортақ себепті табамыз. Ол жауыңды түсінбеу немесе оны төмен бағалау. Иран АҚШ елестеткендей, әлсіз және варвалардың елі емес, керсінше жоғары технологияларға ие, әскери, экономикалық тұрғыдан мықты мемлекет. Ол АҚШ-пен тізе тіресіп тең тұрмаса да, ассиметриялық соғыстқа қауқары жететінін АҚШ ескермеді. - Сырттан келген жау ішкі бірлікті нығайтады. АҚШ режимді әлсіретуді көздеген күннің өзінде, жанама түрде режимді керсінше күшейтіп жіберді. Бастапқыда режимге қарсы көтерілген халық кейін, мемлекеттің жағына шықты. Яғни, тіпті билікке қарсы тараптың өзі ұлттық мүддені жоғары қояды. - Әлемдік экономика аймақтық конфликттердің әсерінен кез-келген уақытта құлауы мүмкін. Бір ғана түбектің өзінен әлемдегі әрбір бесінші баррель мұнай өтеді. Бұл экономиканың соғыстан маңызды екенін көрсетеді. АҚШ үшін дәл қазір бұл соғысты жалғастыру әлемдік экономиканың күлін көкке ұшыруға тең. Қорытынды: АҚШ соғыста жеңілмеді, бірақ жеңген де жоқ. Алайда стратегияда бұндай позиция мойындалмайды - стратегтер үшін АҚШ соғыста жеңілді.

  • 19 июн.1 389251

    📌SpaceX немесе "сенің ғылымды сілкіндіретін идеяларың жүйені де сілкіндіру керек" 2000-жылдардың басында NASA Cost-Plus деген модельмен жұмыс істеді. Бұл жүйеде мемлекет компанияның барлық шығынын төлеп, үстінен пайда қосып беретін. Мысалы, сен үй саласың делік: саған “қанша ақша жұмсасаң да, бәрін төлейміз, егер құрылыс кезінде артық шығын боп кетсе оны да көтереміз” десе, сен үнемдеуге тырыспайсың. Шығын бар ма, жоқ па, бастысы сенің қалтаңа ақша түссе болды. Сондықтан бұл жүйе тек ірі Boeing пен Lockheed сияқты ойыншыларға тиімді жұмыс істеді. Ал жаңа әрі жас компаниялар үшін нарықтың есігі жабық күйінде қалған. Илон Маск осы жүйеге кіре алмаған соң, оны өзгертуді қолға алады. Ол NASA-ны сотқа беріп, Конгресспен жұмыс істейді және қазіргі модельдің тиімсіз екенін дәлелдеуге тырысады. Бірақ ең маңыздысы — ол жай сынмен шектелмей, балама ұсынды. Сол балама кейін COTS атауын алды. Бұл модель бойынша мемлекет алдын ала нақты баға қояды, ал компаниялар сол бағаға жұмыс істеп, нәтижені дәлелдеуі керек. Яғни енді артық шығынды мемлекет емес, компанияның өзі көтереді. Осылайша алғаш рет SpaceX сияқты жаңа ойыншыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік ашылады. Алайда бұл өзгеріс бірден нәтиже берген жоқ. 2008 жылы SpaceX үш рет қатарынан сәтсіздікке ұшырап, компания банкрот болуға шақ қалған еді. Соңғы ақшаға жасалған төртінші ұшырылым ғана сәтті өтіп NASA SpaceX-пен 1.6 миллиард долларлық келісімшарт жасайды. Бұл оқиғадан шығатын сабақ анық: Маск алдымен ойынның ережесін өзгертті, содан кейін сол жаңа ереже арқылы ойнап, жеңе алатынын дәлелдеді. Осыдан кейін АҚШ-тағы ғарыш саласы түбегейлі өзгерістен өтті. Мемлекет жеке компаниялармен тиімді келісімшарттар арқылы жұмыс істей бастады. Жаңа ойыншылар пайда болып, ұшыру құны төмендеді, ал ғарыш бұрынғы ірі корпорациялардың құрсауынан босап, монополия ыдырады. Пост қызықты болса, тіркеліп, лайк баса кетіңіздер 💥

  • 7 июн.1 48614

    💥 Операция “Аякс” немесе Мохаммад Мосаддык деген кім? 1953 жылы Иранның премьер-министрі Мохаммад Мосаддык батыл қадам жасап, елдің мұнайын ұлттық меншікке алады. Национализация Британияға да АҚШ-қа да ұнамайды. Нәтижесінде Моссадыкты орнынан алу мақсатымен Операция “Аякс” ұйымдастырылады. Бұл — ЦРУ мен британдық барлау қызметінің (MI6) ұйымдастырған құпия төңкерісі. Аталмыш төңкеріс танктермен емес, ақша мен ақпарат арқылы жасалды: 💰 Саясаткерлер мен әскерилер сатып алынды 📰 Газеттерге жалған ақпарат таратылды 🧠 Мосаддык медиада “коммунист” боп бейнеленді 👥 Адамдарға ақша беріліп, көшеде тәртіпсіздіктер ұйымдастырылды Соған қарамастан алғашқы әрекет — СӘТСІЗ боп, Шах елден қашады 😭 🔥 Бірақ ЦРУ-дың екінші талпынысында хаос күшейіп, әскердің бір бөлігі беріледі. Нәтижесінде Мосаддык құлап, елге Шах оралады да авторитарлы режим орнайды. Осы операциядан кейін Иран халқының Батысқа деген сенімі жоғалады және елдегі ахуал біртіндеп 1979 жылғы революцияға қарай сырғиды. ЦРУ-дың көп операцияларындағыдай бұл жақта да қысқа мерзімді “жеңіс” ұзақ мерзімді үлкен проблемаға айналады. Қазір мен Tim Weiner-дің ЦРУ туралы немесе CIA туралы Legacy of Ashes атты еңбегін оқып жатырмын. Ақпарат соннан алынған. Кітапты жүктеуге сілтеме: https://www.yumpu.com/en/document/view/68996342/pdf-free-legacy-of-ashes-the-history-of-the-cia-by-tim-weiner

  • 9 мая1 62014

    9-мамыр Жеңіс күнінен бас тарта аламыз ба? Бұл сұрақ провокация сияқты көрінеді. Алайда ресми деректерге сүйенсек, бұл күн жай символдық дата емес, мемлекеттік деңгейдегі приоритет екенін байқаймыз. 2021–2024 жылдар аралығында: — мерекелік іс-шараларға жұмсалатын шығындар ~300–500 млн теңгеден ~600–800 млн теңгеге дейін өсті — ардагерлерге әлеуметтік төлемдер ~7–9 млрд теңгеден ~14–15 млрд теңгеге дейін артты, ал 2025 жылы шамамен 17 млрд теңгені құрады. Осылайша, бірнеше жыл ішінде жалпы шығын көлемі шамамен екі есеге өскен. Бұл 9 мамыр тек тарихи дата емес, институционалданған жады, яғни мемлекет қолдап, қаржыландырып отырған еске алу саясаты екенін көрсетеді. Осыдан келесі сұрақ туындайды: егер мемлекет бұл күнге қаржы бөлуді тоқтатса, соғыс туралы жадының өзі әлсірей ме? әлде тек оның ресми формасы - парадтар, концерттер, символика ғана жойыла ма? Қазақстан үшін бұл мәселе күрделі. Бір жағынан, Жеңіс күні нақты адамдардың және олардың тағдырлардың тарихы. Екінші жағынан, бұл мейрам кеңестік кезеңнен қалған мұра, ал оның тәуелсіз Қазақстандағы орны әлі толық анықталған жоқ. Сондықтан, бәлкім, сұрақты басқаша қою керек шығар: 9 мамырды тойлау керек пе — дегеннен гөрі, тәуелсіз Қазақстан соғысты қалай және қандай форматта еске алуы керек? — деген әлдеқайда орынды. Шындығында, форматтан бас тартуға болады. Бірақ естеліктен емес. Түптің түбінде, тарих өзгермегенімен, тарихтың интерпретациясын өзгерту адамдардың қолында 🕯️ 9-мамыр туралы ойларыңызбен пікірде бөлісе кетіңіздер, ардақтылар ✊🏻

  • 8 мая1 367

    без подписи

  • 8 мая1 249

    без подписи

  • 8 мая1 245163

    Creative destruction - жаңаның ескіні ығыстыруы 🕯️💡 Қазір Why Nations Fail деген кітапты оқып отырып, осы ұғымға кездестім. Сіздермен бөлісіп, бірге талдап өтейін. Алғаш бұл түсінікті Joseph Schumpeter енгізген. Оның айтуынша, экономикалық даму жай ғана өсу емес, ескінің жойылып, орнын жаңаның басуы. Мысалы, бірнеше жыл бұрын киноны DVD арқылы көрсек, бүгінде оны Netflix секілді streaming services алмастырды. Одан қалса, Қытайлық электрокарлар нарықтан немістің машиналарын ығыстырып жатқаны туралы жаңалықтарды естіген шығарсыздар (айтпақшы, электрокар мінер ме едіңіздер?) 🧐Бірақ кітаптағы ең қызық ой процесстің өзі емес, осы процесстің әлемде біркелкі таралмауында. Авторлардың басты агументі: • адамдарда еркіндік болса • жаңа идеяларды іске асыруға мүмкіндік болса • жасаған затыңды иеленіп, қорғай алсаң (Property rights) • билік бір топтың ғана қолында шоғырланбаса 👉 Creative destruction орын алады Мысал ретінде Industrial Revolution қарастырылады және авторлар революцияның неге Ұлыбританияда орын алғанын түсіндіруге тырысады. Олардың атайтын себептері: саяси биліктің шектелуі, жеке меншіктің қорғалуы, жаңашылдықтарға мүмкіндіктердің болуы. Сондықтан жаңа технологиялар (машиналар, фабрикалар) пайда болғанда, олар ескі жүйелерді ығыстыра алды. 🌍 Ал неге басқа жерлерде революция басталмады? Кейбір аймақтарда дәл сол кезеңде билік элитаның қолында болды. Элита өзгерістерден қорқып, жаңа технолгиялар мен мүмкіндіктер ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ жояды деп сенді, нәтижесінде басқа аймақтарда creative destruction орын алмады. 📩Қорытынды Creative destruction қоғамның қаншалықты ашық және еркін екенін көрсететін индикатор десек болар, себебі елде жаңа идеялар ескіні ығыстыра алса, ел дамиды. Ал ескі жүйе өзгеріске жол бермесе ел тек артта қалады. 😒Айтпақшы, кітапқа сыни пікірлерім өте көп, оны енді оқып біткен соң бөлек пост қылып салайын. Реакция тастайық, Ертең 9 майға орай Пост шығарамыз

  • 6 мая1 067152

    Жетістікке жетем десең жалкий копировка болма немесе Дэн Сяопиннің реформаларынан кейінгі Қытайдың экономикасы “ғажайып” емес, жүйелі өзгерістердің нәтижесі 📌Бүгінгі постта, реформалар әкелген негізі 3 өзгерісті талдайық 1. Жер реформасы — мықты ынталандыру тактикасы Шаруалар коллектив үшін емес, өздері үшін жұмыс істей бастады. Мемлекет жерді жекешелендірмеді, яғни шаруалар жерді сата алмады я болмаса иелене алмады, бірақ пайдалану құқығын алды. 👉 жер сатылмайды → өңделеді табыс тек еңбек арқылы келеді → өнімділік артады Алатын сабағымыз: капитализм бе социализм бе маңызды емес, бастысы елдегі адамдар өз игіліктері үшін еңбек етіп жатқанын түсіну керек. Сонда өнімділік те, экономика да өседі. Мысықтың түсі маңызды емес бастысы, тышқан ұстаса болды (Дэн Сяопин) 2. Арнайы экономикалық зоналар — “капитализм ішіндегі аралдар” Шэньчжэнь сияқты арнайы экономикалық аймақтарда: салық төмендетіліп, ережелер жеңілдеді. 👉 Бұл Қытайға тек ақша емес, технология мен ноу-хау әкелді Алатын сабағымыз: реформаны бірден бүкіл жүйеге енгізу емес, алдымен сынау → үйрену → кейін масштабтау маңызды. Арнайы экономикалық зоналар моделі сәтті екеніне көзі жеткен Қытайлықтар кейін мемлекеттік деңгейде іске асыра бастады. 3. Баяу либерализация Қытай реформаларды бірден жасамады. Бағалар кезең-кезеңімен босатылды, жоспарлы және нарықтық жүйе қатар өмір сүрді. 👉 Экономика күйремеді, керісінше бейімделді Алатын сабағымыз: үлкен өзгерістер біртіндеп, жоспарлы, бақылаумен жасалғанда ғана тұрақты болады. Посттың соңын статискамен қорытындылайық: 1979 жылы Deng Xiaoping реформаларын бастағанда, Қытайда ЖІӨ жан басына шаққанда небәрі $200 болған. Бүгінде — $8000. 📊 1979–2007: жылдық өсім ~10% 📉 Кедейлік: 2013 жылы 2%-дан төмен. Маңызды: бүгінгі басшы Си Цзиньпиннің моделі Дэннің моделінен әлдеқайда бөлек, ол туралы келесі жолы тағы пост жазармыз. Егер Азия елдері туралы қайдан үйренем деп жүрсеңіздер, Андрей Ланьковтің видеоларын көріңіздер ✊🏻📚

  • 29 апр.1 275143

    Конституция елдің саяси архитектурасының негізі. Бүгінгі постта 2026 жылғы жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерді талдаймыз 👇🏻 7-бап – діннің мемлекеттен бөлінуі тікелей норма ретінде күшейтілді. Басқаша айтсақ діннің саясаттағы ықпалы шеткелді. Бұл өзгеріс саясаттағы бейтараптылықты күшейтеді. 15-бап бойынша, Мемлекеттің халық алдындағы тікелей жауаркершілігі күшейтілді - мемлекеттік орган немесе шенеунік қателік жіберіп, азаматтарға материалдық немесе моральдық зиян келтірсе, оны мемлекет толық өтеуге міндетті.   18-бап – Жеке тұлғаларды ұстау кезінде құқық қорғау органдары не үшін ұсталғанын және қандай құқықтары бар екенін бірден түсіндіруге тиіс. Бұл ереже заңсыз қудаланудан қорғайды.   Цифрлық құқықтарды қорғау – Енді азаматтардың жеке деректері, хат алмасулары мен қоңыраулары қатаң бақылауда. Бір жағынан цифрлық әлемдегі қауіпсіздікті кепілдендіргенімен, бұл өзгеріс мемлекеттік бақылаудың кеңеюі мен жеке өмірге құл сұғу қаупін арттырады.   35-бап – Жемқорлық үшін сотталған адамдарға өмір бойы сайлауға қатысуға тыйым салынады. Бұл саяси жүйені тазартуға бағытталған қатаң норма. (Қазақстанда шынымен жұмыс істейді ме, бұл енді келесң сұрақ) 23-бап – “шығармашылық” ұғымы тарылып, сөз бостандығын жанама шектеу қаупі пайда болды.“Шығармашылық” енді тек ғылыми, техникалық, көркемөнер деп шектелді. Соның сыртындағы нәрселер толық қорғалмауы мүмкін. 27-бап – ереуілге шығу құқығы толық алынып тасталды. Енді азаматтар “заңмен белгіленген тәсілдер шеңберінде әрекет ете алады. Бұл тұлғалардың өз құқықтарын қорғау және саясатқа қатысу мүмкітерін шектейді. 34-бап – митинг, пикет сияқты нақты формалардың орнына “бейбіт жиын” деген бұлыңғыр ұғым енгізіліп, қосымша шектеу мүмкіндіктері артты.   30-бап (3-тармақ) – “тегін” білім мен медицина “ақы төленбейтінге” ауысып, әсіресе жоғары білім кепілдігі әлсіреді. Яғни, мемлекеттік гранттар болашақта азаюы немесе алынып тастау мүмкіндігі бар.   Парламенттік жүйеде: Жаңа модельде Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын Құрылтай енгізіледі. Сенат жойылып, бірпалаталы жүйе қалыптасады — бұл құрылымды жеңілдеткенімен, бірмандатты округтер жоқ, яғни тәуелсіз кандидаттардың (партиясыз Құрылтайға сайлану мүмкін емес) өту мүмкіндігі шектеледі. Енді парламенттік жиындағы спикерді президент ұсынады және Сенімсіздік Вотумын бастаудың шегі төмендеді, бұл Құрылтайдың дербестігін әлсіретуі мүмкін. Президенттік институтта: кандидаттарға 5 жыл мемлекеттік қызмет талабы сақталып, жүйеден тыс тұлғаларға тосқауыл қойылды. Ал президенттің (және экс-президенттің) кеңейтілген иммунитеті саяси жауапкершілік мәселесі туралы сұрақтарды көбейтеді.   Қысқасы: Конституцияға тек бірұшты көзқараспен (жаман-жақсы) деп қарауға келмейді. Өзіміз көргендей өзгерістердің алатыны да беретіні деп көп. Өз ойларыңызды пікірге жаза кетіңіздер ✊🏻

  • 27 апр.1 290142

    🇨🇳🌀Қытайдың стратегиясы мен геосаясатын түсіндіретін 3 факт: 1️⃣Қытай әлемге Конфуциандық иерархия және Орталық Империя (Срединное государство) көзімен қарайды. Ежелгі Империялар заманынан Қытай өзін әлемнің ортасы ал басқалар периферияда деп қабылдап келген. Бүгінгі күні де Қытай осы түсінікте өмір сүреді. Ол өзін ешқашан батыстық Вестфаль жүйесінің (1648) бөлшегі ретінде көрмеген, көрмейді де. 2️⃣19 ғасырда реформатор Вэй Юань Ресей мен Британия бір-біріне қарсы қойып, Қытайды екеуінің де ықпалына түсірмеуге тырысқан. Ол өз стратегиясын “варваларды варварларға қарсы қою” деп атаған. Бүгінде Қытай тікелей қарсыласу арқылы емес, ассиметриялық стратегия арқылы әрекет етуді жалғастыруда. Негізгі ойыншылар (мысалы, Ресей мен Үндістан, АҚШ) арасындағы келіспеушіліктерді пайдалана отырып және BRI сияқты экономикалық құралдар арқасында ол тікелей соғысқа бармай-ақ қарсыластарын әлсіретеді. 3️⃣Сун Цзы - Қытайдың соғыс стратегі. Оның идеяларына сүйенсек, қарсыласты психологиялық соғыс, қоршау мен қысым, ұзақ мерзімді позиция арқылы жеңу керек. Батыстық стратегия соғысқа “шахмат” ретінде қарап, үнемі “мат”қоюға, яғни шешуші ұрыстағы жеңіске ұмтылса, Қытай үшін керсінше, “вэйци” ойынындағыдай тепе-теңдік пен соғыс процессінің өзі маңызды. Қазір бұл Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі саясатында айқын көрініс табады: Қытай ешкіммен тікелей соғыспайды, бірақ аймақтағы позициясын күннен күнге бекітуде, псизологиялық тұрғыдан өзін тұрақты актер екенін көрсетіп, balance of power-ді өзіне қарай ыңғайлап жатыр. Аталмыш фактілер Генри Киссинджердің “On China/О Китае” кітабынан https://vk.com/wall-51258417_2402

  • 17 мар.1 4155

    без подписи